Четверг , 3 июля 2025

«Тұран» ЖШС – отандық кәсіпкерлікті дамытуның үлгісі

«Тұран 001» ЖШС өз қыз­метін­де озық тех­но­ло­ги­я­лар­ды, қазір­гі заманға сай ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ны және тиім­ді жоба­лық шешім­ді беретін жоғарғы архи­тек­ту­ра­лық жоба­лар­ды  қол­да­на­ды, соны­мен қатар, сей­сми­ка­лы­ғы жоға­ры аймақтар­дағы ғима­рат­тар­дың эко­ло­ги­я­лық қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етеді.

Отан­дық кәсіп­кер ішкі нары­қты қорғау, бәсе­ке­ле­стік, мем­ле­кет­тік-жеке­мен­шік әріп­те­стік­ті жүзе­ге асы­ру, қаза­қстан­дық қам­ту үлесін арт­ты­руға бел­сен­ді ат салы­са­ды. Кәсі­по­рын Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес заң­ды тұлға болып табы­ла­ды, оның басты мақ­са­ты өзінің қыз­метінің бар­лық түрі­нен пай­да табу. Кәсі­по­рын­ның негіз­гі қыз­мет түрі: жол­дар­ды және ғима­рат­тар­ды салу сала­сын­да, жол­да қол­да­ны­ла­тын бетон шыға­ру, ірге­та­стар салу, құры­лыс жөн­деу жұмыста­ры, жоба­лық жұмыстар, мон­таж­дық, инте­рьер­лер­ді дизайн қыз­меті, құры­лыс мате­ри­ал­дар­ды өнді­ру және сату; дел­дал­дық қыз­мет; инно­ва­ци­я­лық қызмет.

«Тұран 001» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гі құры­лыс уақы­тын­да қол­да­ны­ла­тын бетон өндірісі­мен айна­лы­са­ды. Бетон, құй­ма­тас, жасан­ды тас мате­ри­ал, бай­ла­сты­рғыш заттар (цемент, гипс, але­бастр, әктас, т.б.), су (кей­де сусыз) және тол­ты­рғыш мате­ри­ал­дар (құм, мал­та­тас, қиыр­шы­қ­тас, т.б.), кей­де арнайы үсте­ме заттар қоспа­сы­ның қата­юы нәти­же­сін­де алы­на­ды; маңы­зды құры­лыс мате­ри­а­лы. Қос­па қалы­пқа құй­ы­лғанға дей­ін бетон қоспа­сы деп аталады.

Бетон құра­мын­дағы бай­ла­сты­рғыш түріне қарай: орга­ни­ка­лық емес бай­ла­сты­рғы­штар­мен алы­нған бетон (цемент­ті бетон, гип­сбе­тон, сили­кат­ты бетон, т.б. арнайы бетон­дар) және орга­ни­ка­лық бай­ла­сты­рғыш заттар­мен алы­нған бетон (асфальт­бе­тон, поли­мер­бе­тон) болып жік­те­леді. Орта­ша тығы­зды­ғы­на (көле­мі бой­ын­ша) бай­ла­ны­сты аса ауыр (2500 кг/­м3-ден жоға­ры), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/­м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Бетон­ның ең басты қаси­еті оның берік­тілі­гін­де. Берік­тілі­гі негізі­нен бай­ла­сты­рғыш мате­ри­ал­дар­дың түрі мен сапа­сы­на, бетон­ның орта­ша тығы­зды­ғы­на бай­ла­ны­сты. Сон­дай-ақ, ол бетон бұй­ым­да­ры­ның мар­ка­сы­мен (сығы­мға берік­тілік шегі­мен, ось­тік созы­луы­мен неме­се иілу кезін­де­гі созы­луы­мен) сипатталады.

«Тұран 001» ЖШС Қаза­қстан­ның батыс өңірін­де­гі  ірі құры­лыс ұйы­мы, құралған­нан бастап құры­лыс нары­ғын­да жұмыс істей­ді және орна­ласқан аймағын­да құры­лыс инду­стри­я­сы­ның көш­бас­шы­сы жоға­ры бедел­ге ие.

Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің өндір­ген өнім көле­мі 2022 жыл­мен салы­сты­рған­да 2023 жылы 2082,2м3–қа неме­се 6,75% пай­ы­зға, ал 2023 жыл­мен салы­сты­рған­да 2024 жылы 1621,3м3-қа неме­се 4,92 пай­ы­зға өскенін көру­ге бола­ды. Бұл өз кезе­гін­де кәсі­по­рын­ның соңғы үш жыл­да өндір­ген өнім көле­мінің өсуі­мен сипатталады.

Негіз­гі қор – өнім өндіру­ге толы­ғы­мен және бір­не­ше рет қаты­са­тын өндірістік капи­тал­дың бір бөлі­гі өз құны­ның мате­ри­ал­дық-заттай фор­ма­сын өзгерт­пей бір­не­ше кезең ішін­де өнім­ге ауыстырады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Салық кодексіне сәй­кес негіз­гі қор эле­мент­тері бір жыл­дан аса қыз­мет ете­ді және олар­ды алған сәт­те­гі құны рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы заң­мен бел­гі­лен­ген тиісті қар­жы жылы­на елу­ден аса айлық есеп­тік көр­сет­кі­шті құрай­ды. Негіз­гі қорға үй, құры­лыс, ғима­рат, өткі­зу құры­лғы­ла­рын салуға, маши­на, жаб­дық, көлік құрал­да­рын, құрал­дар сатып алуға жұм­салған аван­сталған капи­тал­дың бір бөлі­гі жата­ды. Кәсі­по­рын­ның негіз­гі қор­ла­ры­ның құры­лы­мы ғима­рат­тар, құры­лы­стар, маши­на­лар, жаб­ды­қтар, транс­порт, басқа да негіз­гі қор­лар­дан тұрады.

2022 жыл­дан 2023 жыл ара­лы­ғын­да негіз­гі өндірістік қор­лар 1,12 млрд. тең­ге­ден 1,03 млн. тең­ге­ге төмен­де­ген. Соңғы үш жыл­да маши­на мен құрал-жаб­ды­қтар және транс­порт­тық құрал­дар құны­ның едәуір өскенін көру­ге бола­ды. Жал­пы 2022 жыл­дан 2023 жыл ара­лы­ғын­да  негіз­гі өндірістік қор­лар­дың транс­порт­тық құрал­дар тобы­ның үлес сал­мағы 1 пай­ы­здан 1,2 пай­ы­зға өскен. 

Өндірістік-шару­а­шы­лық сай­ман­дар жал­пы негіз­гі өндірістік қор­лар орта­ша құны 1086,71 мың тең­гені неме­се 0,1 пай­ы­зды құрай­ды. Басқа да негіз­гі қор­лар  құны 2022 жылы 3353,15 мың тең­гені құра­са, 2022 жылы бұл көр­сет­кіш 4129,44 мың тең­гені құра­ды, бұл өз кезе­гін­де негіз­гі өндірістік қор­лар­дың 0,4 пай­ыз үлесін алады. 

Жал­пы негіз­гі өндірістік қор­лар­дың актив бөлі­гі 2022 жыл­дан 2024 жыл ара­лы­ғын­да  66,1 пай­ы­здан 66,3 пай­ы­зға дей­ін өскенін көру­ге бола­ды. Ал негіз­гі өндірістік қор­лар­дың пас­сив бөлі­гінің үлесі керісін­ше 33,9 пай­ы­здан 33,7 пай­ы­зға дей­ін қысқарған.

Кәсі­по­рын­да өндірістің эко­но­ми­ка­лық тиім­ділі­гіне, оның негіз­гіқор­лар­мен қам­ты­лу дәре­же­сі­де әсер ете­ді. Еңбек­тің қор­мен қару­ла­нуы еңбек өнім­ділі­гінің арт­ты­ры­луы­на себеп бола­ды. Негіз­гі қор­дың қол­да­ны­луы­ның нәти­же­сі ол азық шығуы, өндірілуі. Сон­ды­қтан өндірістік қор­дың қай­та­ры­луы неме­се таза кірістің құны­мен қаты­на­сы арқы­лы жүзе­ге аса­ды. Қор сиым­ды­лы­ғы   — бұл жыл­дық негіз­гі қор құны­ның жал­пы өнім құны­на қатынасы.

Кәсі­по­рын пер­со­нал саны­ның соңғы үш жыл­да өсуі, өндіріс көле­мінің  өсуі­мен сипатта­ла­ды. 2022 жыл­мен салы­сты­рған­да соңғы екі жыл­да кәсі­по­рын пер­со­нал саны сәй­кесін­ше 5 ада­мға неме­се 12,8 пай­ы­зға және 7 ада­мға неме­се 17,9 пай­ы­зға өскен. Өндіріс көле­мінің арту есебі­нен бар­лық өндірістік пер­со­нал санын­да жұмыс­шы­лар үлесі артқан. 2022 жыл­мен салы­сты­рған­да соңғы екі жылы жұмыс­шы­лар саны 2 ада­мға неме­се 7,4 пай­ы­зға және 3 ада­мға неме­се 11,1 пай­ы­зға өскен.

Жұмыс күшінің ағы­мы кәсі­по­рын қыз­метін­де маңы­зды болып келеді. Кәсі­по­рын­да ұзақ жұмыс істей­тін тұрақты кадр­лер өздерінің ква­ли­фи­ка­ци­я­сын жоға­ры­ла­та­ды, басқа да маман­ды­қтар­ды үйре­неді, кез кел­ген жағ­дай­ға тез үйреніп ала­ды, ұжым­да қызет­тік атмо­сфе­ра қалып­та­сты­ра­ды, және де еңбек өнім­ділі­гіне жақ­сы әсер ете­ді. Кадр ағы­мы­ның  қозға­лы­сы­ның себебін аны­қтау үшін, сапа­лы қыз­мет­кер­лер­дің ара­сын­да болып жатқан өзгерістер­ді зерт­теу мақ­са­тын­да кәсі­по­рын­да жиі әле­умет­тік зерт­те­улер мен бақы­ла­у­лар жүр­гізіп оты­ру қажет.

Жұм­салған еңбек сапа­сы­на және саны­на бай­ла­ны­сты  еңбе­кақы елі­міздің ұлт­тық табысы­ның бір бөлі­гі болып табы­ла­ды. Еңбе­кақы мөл­шері­нен табыс дең­гейі және жұмыс­кер­лер­дің мате­ри­ал­ды жағ­дайы бай­ла­ны­сты болып келеді.

Кәсі­по­рын өз еркі­мен жал­пы еңбе­кақы төлеу қорын айлар және квар­тал­дар  бой­ын­ша аны­қтай­ды, еңбе­кақы төлеу ныса­нын  бекі­те­ді, тариф­тік  мөл­шер­ле­мені және оклад­тар­ды, қосым­ша ақы, сый­ақы мөл­шерін қол­да­ны­стағы заңға  және шару­а­шы­лық қыз­мет­тің нәти­же­сіне бай­ла­ны­сты  анықтайды.

Кәсі­по­рын­ның жал­пы табысы­на ақша­лай түсім тау­ар­лар­ды сату және қыз­мет көр­се­ту­ден түсетін ақша­лай түсім, атқа­ры­лған қыз­мет­тен, мүлік­тік баға­лы­лы­қты сату­дан, несие беріл­ген­де­гі алы­на­тын тиісті үсте­месін және басқа да ақша­лай және мате­ри­ал­дық түсім­дер жата­ды. Жиі қол­да­ны­ла­тын «таза табыс» ұғы­мы жал­пы табыс  және мате­ри­ал­дық ресур­стар­дың  шығын­да­ры ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лы­ғы болып  саналады.

ЖШС қыз­метінің қар­жы­лық нәти­же­сі алы­нған пай­да сома­сы­мен және рен­та­бель­ділік дең­гей­і­мен сипатта­ла­ды. Кәсі­по­рын пай­да­ны ең басты өнім өткі­зу­ден ала­ды. Пай­да дегені­міз – тау­ар өткі­зу­ден және қыз­мет көр­се­ту­ден алы­нған ақша­лай кіріс  пен  оны өндіру­ге және сатуға жұм­салған шығын­дар­дың айыр­ма­сы. Былай­ша айтқан­да, пай­да – бұл өндірістің айна­лы­мы­ның қар­жы­лық қоры­тындыс­ын біл­діретін кәсі­по­рын қыз­метінің нәти­желі эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ші. Рен­та­бель­ділік пай­да сома­сы­ның өзін­дік құнға неме­се негіз­гі неме­се айна­лым қор­ла­ры­ның  орта­ша жыл­дық құны­на қаты­на­сы­ның пай­ы­здық қаты­на­сын көр­се­те­ді. Рен­та­бель­ділік­тің өсуіне ықпал ету­ші фак­тор­лар – саты­лған өнім­нің ассор­ти­мен­ті, оның көле­мі мен құры­лы­мы, баға­сы мен өзін­дік құны.

2023 жыл­мен салы­сты­рған­да 2024 жылы негіз­гі қыз­мет­тен түс­кен түсім 33,15,63 млн. тең­ге­ге неме­се 9,22 пай­ы­зға артқан, ал сол жыл­дар­дағы өзін­дік құн­ның 21,47 млн. тең­ге­ге неме­се 7,52 пай­ы­зға өсуі есебі­нен, рен­та­бель­ділік дең­гейі 1,99 пай­ы­здық пункт­ке ғана өскен. 2014 жыл­мен салы­сты­рған­да 2024 жылы негіз­гі қыз­мет­тен түс­кен түсім 39,37 млн. тең­ге­ге неме­се 10,03 пай­ы­зға өскен, ал соның нәти­же­сін­де рен­та­бель­ділік дең­гейі 4,98 пай­ы­здық пункт­ке өсті. Соңғы үш жыл­дың көр­сет­кі­ш­терін салы­сты­ра­тын бол­сақ, кәсі­по­рын­ның тиім­ді қыз­мет етуі 2023 жылы байқалған.

Кәсі­по­рын­да  жоға­ры нәти­желілік­ке жету үшін еңбек реср­ста­рын мате­ри­ал­ды және мате­ри­ал­ды емес ынта­лан­да­ру жүй­есін қалып­та­сты­ру қажет. Адам іс-әре­кетінің уәж­дері жай­лы жал­пы мағлұ­мат беру. Менедж­мент жүй­есін­де ынта­лан­ды­ру­дың мәні мен қажет­тілі­гін орна­ту жетік талқы­ла­на­ды. Өте­мақы жүй­есінің мақ­сат­та­ры мен ерекше жетістік­тер­ге жет­кен­де қол­да­ны­ла­тын мара­пат­та­удың бір түрі-сый­ақы төлеу болып табы­ла­ды. Жұмыс­кер­ге өз жұмыс орнын­да оның қыз­мет­тік мін­дет­те­ме­лерін атқарға­ны үшін, кәсі­по­рын мақ­сат­та­рын орын­да­уда қосқан үлесі үшін төле­нетін қосым­ша ақы мәсе­лесі қарас­ты­ры­лған. Осын­дай әдіспен беріл­ген еңбек моти­ва­ци­я­сы­ның жүй­есі жұмыс­шы­лар­дың еңбе­кақы­сын жұмысқа  қаты­суы және қоғам­ның қар­жы­лық-шару­а­шы­лық қыз­меті­мен  бай­ла­ны­сты­ра  оты­рып  есептейді.

«Тұран 001» ЖШС-нің  тиім­ді даму жолын әзір­леу болып келесі бағыт­тар­ды бел­гіле­ген дұрыс болып табылады:

1. Менедж­мент тиім­ділі­гін жоға­ры­ла­ту кәсі­по­рын­да  жоға­ры нәти­желілік­ке жету үшін еңбек реср­ста­рын мате­ри­ал­ды және мате­ри­ал­ды емес ынта­лан­да­ру жүй­есін қалып­та­сты­ру қажет.

2. ЖШС-нің жал­пы қыз­мет көр­се­ту сала­сын жоғар­ла­ту мақ­са­тын­да келесі ірі және өте тиім­ді кешен­ді усы­ну. Желі арма­ту­ра­ны дай­ын­да­удан бастап, шпал­ды сына­у­мен және шта­бе­лир­ле­умен аяқта­ла­тын бар­лық тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­да­уды қам­та­ма­сыз ететін, жаб­дық кешені болып табы­ла­ды және С1, Ш3, АРС, Ш5 тип­ті алдын ала кер­не­улі темір­бе­тон шпал­да­рын, сон­дай-ақ ОСТу32 бой­ын­ша БС-9А және БС-11А тип­ті бағыт­та­ма­лық бұр­ма­лар­дың бру­ста­рын өндіру­ге арналған 134–99 атты кор­пу­сты еңгі­зу. Бұл кешен жол­дағы рель­стер­ді орна­ту, бекіту, жөн­деп жаңа­дан салуға арналған. 

3. Тех­но­ло­ги­я­лық құралғы­ның эко­но­ми­ка­лық пай­да­лы­лы­ғы келесілер: пай­да­ла­ну­дың жөн­де­уа­ра­лық кезеңін екі есе ұлғай­ту; бекіту тора­бы­ның металл сый­ым­ды­лы­ғы 30% — ға кеміді, бұл 1 км жолға 15 тон­на металл; бекіту­лер­ді ағым­дағы ұста­уға жұм­са­ла­тын шығын­дар­ды бір­не­ше рет төмен­де­уі. Қоры­тын­ды­лай оты­рып еңгізілетін тех­но­ло­ги­я­лық кешен­нің келесі тиім­ділік көр­сет­кі­ш­тері мына­дай: тусетін пай­да көле­мі нөл­ден жоға­ры 82490,5 тен­гені құра­ды; күр­делі салым­дар­дың өте­лу мерзі­мі тез ара­да ақта­ла­ды 0,4 жыл; капи­тал­дың пай­да­лы­ғы өте жоға­ры 2,5 ды құрады.

Қоры­ты­нға кел­сек, «Тұран 001» ЖШС-нің жұмысы­нан үлгі алып, басқа да жас, биз­не­сті жаңа бастаған кәсіп­кер­лер­ге жоға­ры­да көр­сетіл­ген тәжіри­бені қол­да­нуға бола­ды. Аталған Серік­те­стік жас маман­дар үшін нары­ққа жол ашып, Отан­дық кәсіп­кер­лік­ті дамы­туға, ішкі нары­қты қорға­уға зор үлес еңгі­зеді. Сырым Дат

Республиканский еженедельник онлайн