Пятница , 4 июля 2025

Инвестициялар арқылы экономиканы дамыту

Инве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тің кәсі­по­рын сала­сын­да ала­тын рөлі өте ерекше. Өйт­кені,  инве­сти­ция қыз­меті арқы­лы кәсі­по­рын өз ісін бастай ала­ды. Сол үшін де инве­сти­ция қыз­метін Қаза­қстан нары­ғы­на еңгіз­ген жөң.

Негіз­гі қорға қар­жы жұм­сау (өндірістің негіз­гі қоры) қосалқы қор­ларға,  резерв­тер­ге , сон­дай – ақ пай­да диви­денд және басқа да табыст­ар  табу мақ­са­ты­мен құн­ды қағаз­дар шыға­руға ұзақ мерзім­ді капи­тал бөлуді инве­сти­ция деп атай­ды.  Инве­сти­ци­я­ны материалдық–заттық және ақша­лай ныса­ны­на бөлу­ге бола­ды.  Мате­ри­ал­дық –заттық инве­сти­ция – ол салы­нуға тиісті өндірістік және өндірістік емес обьек­тілер,  жаб­ды­қтар,  маши­на­лар және т.б. Соны­мен қатар, ол – ауы­сты­руға неме­се тех­ни­ка­лық парк­тер­ді кеңей­ту­ге, мате­ри­ал­дық заттар­ды басқа инве­сти­ци­я­лық тау­ар­лар­ды арт­ты­руға бағыт­талған, ал инве­сти­ци­я­ның ақша­лай ныса­ны бол­са, ол ақша­лай капи­тал­дың материалдық––заттық инве­сти­ци­я­сын жаса­уға, инве­сти­ци­я­лық тау­ар­лар­ды қам­та­ма­сыз ету­ге жұмсалады.

  Өндірісте­гі жал­пы инве­сти­ци­я­ны өнім инве­сти­ци­я­сы деп атай­ды. Ол – негіз­гі капи­тал­дың (негіз­гі қор) артуын қол­да­уға бағыт­талған. Жал­пы инве­сти­ция бірік­тіру­шінің еке­уі­нен қосы­ла­ды. Оның ішін­де біре­уі – амор­ти­за­ция. Ол – негіз­гі өндіріс құрал­да­ры­ның ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнім­ге көші­ру процесі.

Екін­ші бірік­тір­шісі  таза инве­сти­ция – бұл капи­тал­дың қар­жы жұм­са­уы,  негіз­гі қор­лар­ды арт­ты­ру, өсі­ре беру, ғима­рат­тар салу, өнді­ру және қон­ды­ру, қосым­ша жаб­ды­қтар, қол­да бар өндіріс қуат­ты­лы­ғын жаңғыр­ту мақ­са­тын­да іске асы­ры­ла­ды. Мате­ри­ал­дық өндірістің сала­ла­рын­дағы инве­сти­ци­я­лар­мен қатар, олар­дың едәуір бөлі­гі әле­умет­тік– мәде­ни сала­ла­ры­на, яғни ғылым, білім, ден­са­улық, дене шыны­қты­ру, спорт, қор­шаған табиғи орта­ны қорғау, осы сала­лар­дағы жаңа­дан салы­на­тын обьек­тілер­ге, олар­дағы қол­да­ны­лып жүр­ген тех­ни­ка­мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды одан әрі жетіл­діру­ге жұмсалады.

Кәсі­по­рын­ның инве­сти­ци­я­лық қыз­меті – оның жал­пы шару­а­шы­лық қыз­метінің ажы­ра­тыл­май­тын бөлі­гі болып табы­ла­ды. Кәсі­по­рын­ның эко­но­ми­ка­сын­да  инве­сти­ци­я­ның маңы­зы орас­ан зор. Қазір­гі өндіріс үшін ұзақ мерзім­ді фак­тор­лар­дың маңы­зы­ның өсуі ерекше. Егер де кәсі­по­рын ойдағы­дай жұмыс істей­тін,  өнім­нің сапа­сын арт­ты­ра­тын,  шығын­дар­ды азай­та­тын,  өндіріс қуат­та­рын кеңей­тетін,  өзінің шығарған өнім­дерінің бәсе­ке­ге жарам­ды­лы­ғын арт­ты­ра­тын және нары­қта өзінің жай­ға­сы­мын нығай­та­тын бол­са,  онда капи­тал салу қажет және оны салу пай­да­лы. Сон­ды­қтан да инве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­ны мұқи­ят әзір­леп, жоға­ры­дағы  айты­лған мақ­сат­тарға жету үшін оны үне­мі жетіл­діріп оты­руы қажет.

Кәсі­по­рын­ның инве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­сы екі бірік­тіру­ден аны­қта­ла­ды:  көле­мі және ресур­стар сипа­ты, сол сияқты нары­ққа және бәсе­ке­ге жарам­ды­ғы. Бұл еке­уінің бірік­тілі­гін тал­дау кәсі­по­рын­ның стра­те­ги­я­сын қисы­нға кел­тіру­ге мүм­кін­дік береді.

Соны­мен,  жал­пы түрін­де инве­сти­ция ақша қара­жа­ты ретін­де, банк­тік салы­қтар,  акци­я­лар және басқа  да  құн­ды қағаз­дар,   тех­но­ло­гия,  маши­на­лар, жаб­ды­қтар, лицен­зи­я­лар, оның ішін­де тау­ар бел­гілеріне, неси­е­лер,  кез кел­ген басқа да мүлік­тер    неме­се мүлік­тер құқы­ғы,  зия­лы құн­дар­ды кәсіп­кер­лік қыз­мет обьек­тілеріне неме­се басқа да қыз­мет түр­леріне пай­да (табыс) және әле­умет­тік нәти­же­ге жету мақ­са­ты­на пайдаланады.

Инве­сти­ци­я­лық қар­жы жағы­нан аны­қта­ма­лы­ғы – бұл табыс табу мақ­са­тын­да шару­а­шы­лық қыз­метіне жұм­са­ла­тын актив­тер­дің (қар­жы) бар­лық түр­лері. Ал эко­но­ми­ка­лық жағы­нан эко­но­ми­ка­лық аны­қта­ма­лы­ғы – ол құруға, кеңей­ту­ге, қай­та құруға, негіз­гі капи­тал­ды тех­ни­ка­мен жарақтан­ды­руға,   сол сияқты айнал­ма­лы капи­талға осы­мен бай­ла­ны­сты емес өзгерістер­ге жұм­са­ла­тын шығы­стар қозға­лы­сын түсіндіреді.

Нары­қтық эко­но­ми­ка­да инве­сти­ция кез кел­ген фор­ма­да қар­жы жұм­сау про­цесі ретін­де табыс табуға неме­се қан­дай да бол­ма­сын басқа да нәти­же­ге жету­ге тығыз бай­ла­ны­сты.   Инве­сти­ция – бұл ресурс,   оны жұм­сай оты­рып, болжа­ланған нәти­же­ге жету­ге бола­ды. Соны­мен, инве­сти­ци­я­ның мәні инве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тің екі жағын өзіне ұшта­сты­ра­ды:   ресурс шығын­да­ры және нәти­желілік, яғни инве­сти­ци­я­лар өз нәти­же­лерін бер­ме­се, онда олар пай­да­сыз болғаны.

 Инве­сти­ци­я­лар қар­жы ресур­ста­рын  пай­да­ла­ну­да қысқа мерзім­ді неме­се ұзақ мерзім­ді  күр­делі қар­жы­лар фор­ма­сын­да жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Инве­сти­ци­я­лар­дың түр­лері бой­ын­ша тәу­е­кел­ділік (вен­чур­лік), тіке­лей порт­фель­дік және анну­и­тет­тік болып бөлінеді.

Вен­чур­лық капи­тал – үлкен тәу­е­кел­ге  бай­ла­ны­сты жаңа сала­дағы қыз­мет көр­се­ту­де­гі жаңа акци­я­лар  фор­ма­сын­да шыға­ры­ла­тын инве­сти­ци­я­лар болып табы­ла­ды. Вен­чур­лық капи­талға жұм­салған қар­жы­ның үлкен өтелім­ділі­гі есебін­де­гі өз өзі­нен бай­ла­ны­сты емес жоба­лар­ды инве­сти­ци­я­лай­ды. Ол өзіне түр­лі фор­ма­дағы капи­тал­ды ұшта­сты­ра­ды: неси­елік, акци­о­нер­лік кәсіпкерлік.

Тіке­лей инве­сти­ци­я­лау – шару­а­шы­лық субьек­тілер­дің табыст­ар түсіруіне және осы субьек­тіні басқа­руға қаты­су құқы­ғын алу мақ­са­тын­дағы жалға капи­тал­дың жұм­са­луы болып табылады.

Порт­фель­дік инве­сти­ци­я­лар – порт­фель­ді қалып­та­сты­руға бай­ла­ны­сты (түр­лі инве­сти­ци­я­лық құн­дар жиын­ты­ғы)  және құн­ды қағаз­дар­ды  сатып алу,  сол сияқты басқа  да  актив­тер болып есептелінеді .

Анну­и­тет­тік – тұрақты ара­лық уақыт арқы­лы салым­шы­ға еле­улі табыс әке­летін,  сақтан­ды­ру және зей­не­тақы қор­ла­ры­на жұм­са­ла­тын қар­жы­лар­ды көрсетеді.

Елі­міздің инве­сти­ци­я­лық сая­са­ты ірі салым­дар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін жағ­дай­лар жаса­уға, тау­ар өнді­ру және қыз­мет етуді жоға­ры тиім­ділік­пен нарық қаты­на­ста­ры субьек­тілерінің сұра­ны­ста­ры­на сәй­кес ұлғай­туға бағыт­та­луы тиіс. Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын тұрақтан­ды­ру және дамы­ту­дың маңы­зды жол­да­ры­ның бірі – инве­сти­ци­я­лық қыз­мет­ті ұлғай­ту, ең алды­мен елі­міздің ішкі резерв­терін жұмыл­ды­ру және көбірек тиім­ді пай­да­ла­ну болып табы­ла­ды. Күр­делі қар­жы өндірісті дамы­ту­дағы инве­сти­ци­я­ның негізі ретін­де бұл жаңа­дан салы­на­тын құры­лы­сқа,  кеңей­ту­ге,  қай­та құруға, тех­ни­ка­мен қай­та жаб­ды­қтау және қол­да­ны­стағы өндірісті қол­да­уға, сол сияқты тауар–өндірістік қосалқы қор­лар жаса­уға,  қар­жы­ла­ры­ның өсуіне және мате­ри­ал­дық емес актив­тер­ге қар­жы жұмсау.

 Күр­делі қар­жы – капи­тал жаса­у­шы инве­сти­ци­я­ның құрам­ды бөлі­гі. Олар жаса­уға және негіз­гі қор­лар­ды ұдайы жаңғыр­туға бағыт­талған шығын­дар. Күр­делі қар­жы кәсі­по­рын­ның тір­шілік етуінің қажет­ті жағ­дайы болып табы­ла­ды. Оның құра­мы­на кіретін­дер: құрылыс–мантож жұмыста­ры­на кететін шығын­дар;  негіз­гі қор­лар­ды сатып алуға жұм­са­ла­тын шығын­дар; ғылы­ми-зерт­теу, жоба­лау-ізде­сті­ру жұмыста­ры­ның шығындары.

Күр­делі қар­жы­лар­ды пай­да­ла­ну­дың маңы­зды бағыт­та­ры: жаңа құры­лы­стар,   яғни жаңа­дан игерілетін алаң­да жаңа кәсі­по­рын­дар салу; қол­да­ны­стағы кәсі­по­рын­дар­ды екін­ші және кей­ін­гі кезең­дер­де салу арқы­лы олар­ды кеңей­ту; қосым­ша цех­тар мен өндірісті іске қосу; әлдеқа­шан жұмыс істеп тұрған негіз­гі және көмек­ші цех­тар­ды кеңей­ту; қай­та құру неме­се жаңғыр­ту, яғни кәсі­по­рын­ның қыз­мет про­цесін­де­гі жаңа құры­лы­сты салу­сыз неме­се қол­да­ны­стағы негіз­гі цех­тар­ды кеңей­тусіз жүзе­ге асы­ры­ла­тын іші­на­ра неме­се толық өндірісті қай­та жай­ла­сты­ру; қол­да­ны­стағы кәсі­по­рын­дар­ды тех­ни­ка­мен қай­та жаб­ды­қтау, яғни жаңа тех­ни­ка­ны, тех­но­ло­ги­я­ны иге­ру, меха­ни­за­ци­я­лау, авто­мат­тан­ды­ру, тозған жаб­ды­қтар­ды қай­та­дан жаңғыр­ту арқы­лы кей­бір өндіріс учас­ке­лерін және агре­гат­тар­дың тех­ни­ка­лық дең­гей­ін арттыру.

Қоры­та айтқан­да, күр­делі қар­жы­ны мем­ле­кет тара­пы­нан қар­жы­лан­ды­ру  келе­шек­те сөз­сіз азая бастай­ды, бірақ олар­дың көле­мінің  кемуі­нен  кәсі­по­рын­ның мен­шік­ті қар­жы есебі­нен толы­қты­руға бола­ды. Ол үшін кәсі­по­рын­дарға меме­ле­кет тара­пы­нан тиісті жағ­дай­лар жасау қажет. Соны­мен, күр­делі қар­жы кәсі­по­рын­да­рын­дағы инве­сти­ци­я­лық қыз­метін басқа­ру­дың басты  эко­но­ми­ка­лық  теті­гі  инве­сти­ци­я­лық сая­сат­ты аны­қта­удың негіз­гі құра­лы болып сана­ла­ды. Кәсі­по­рын­дарға бөлі­нетін күр­делі қар­жы, бірін­ші­ден, банк­тер тара­пы­нан несие беру арқы­лы, екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен, үшін­ші­ден, кәсі­по­рын­дар­дың өздерінің қара­жат­та­ры­нан құра­ла­ды. Басқа­ша айтқан­да, негіз­гі өндірістік қор­ларға жұм­салған күр­делі қар­жы есеп­ке алы­на­ды деген сөз, ал өндірістік емес мақ­сат­тағы негіз­гі қор­ларға жұм­салған күр­делі қар­жы­ның тиім­ділі­гі құры­лыс пен қор сақтау шығын­да­рын жеке қыз­мет көр­се­ту дәре­же­сі және осы обьек­тілер­де­гі басқа да нор­ма­ла­ры бой­ын­ша салы­сты­ру арқы­лы есеп­ке алу керек.  Сырым Дат

Республиканский еженедельник онлайн