Четверг , 3 июля 2025

Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі 9 шарты

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Әділет­ті Қаза­қстан: заң мен тәр­тіп, эко­но­ми­ка­лық өсім, қоғам­дық опти­мизм» атты Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да халы­ққа пай­да­сы тию­ге тиіс біраз мем­ле­кет­тік мін­дет­ті атап өткен еді. Оның негізі­нен ел эко­но­ми­ка­сын әле­умет­тің әл-ауқа­тын арт­ты­руға ыңғай­лау сая­са­тын ұста­нып оты­рға­нын аңға­руға бола­ды. Енді соған тереңірек тоқта­ла кетсек…

Пре­зи­дент­тің айтуын­ша, халы­қтың әл-ауқа­тын жақ­сар­туға сеп­ті­гі тиетін көп­те­ген шара қолға алы­нған­мен, арқа­ны кең­ге салуға бол­май­ды. Үкі­мет тара­пы­нан әлі де атқа­ра­тын шаруа баршылық.

«Қаза­қстан халқы қазір мүл­де жаңа сая­си жағ­дай­да өмір сүру­де. Соңғы 5 жыл­да ауқым­ды рефор­ма­лар жасал­ды. Елі­міздің сая­си жүй­есі түбе­гей­лі өзгер­ді. Жұрт­тың сана-сезі­мін­де бет­бұрыс болып жатыр. Халы­қтың құқы­қтық мәде­ни­еті артып келеді. Аза­мат­тар­дың бой­ын­да жаңа әдет­тер, дағ­ды­лар қалып­та­сып, жаңа құн­ды­лы­қтар орны­ғу­да. Сая­си және қоғам­дық бол­мысы­мыз, мен­та­ли­теті­міз және мәде­ни коды­мыз өзге­ре бастады.

Бір сөз­бен айт­сақ, Әділет­ті Қаза­қстан құры­лып жатыр. Мұның бәрі алды­мен халы­қтың қала­у­ы­мен жаса­лу­да. Сон­ды­қтан біз алған беті­міз­ден қайт­пай­мыз, бағы­ты­мы­здан тай­май­мыз. Бүгін біз алға қой­ған жос­па­ры­мы­зды пысы­қтап, мақ­сат­та­ры­мы­зды айқын­дай­мыз», — деді мем­ле­кет басшысы.

Оның айтуын­ша, билік­тің қазір алға қой­ып оты­рған басты мақ­са­ты – аза­мат­тар­дың табысын арт­ты­ру. Эко­но­ми­ка­ның өсі­мі арқы­лы әле­умет­тік теңсіздік­ті азай­ып, орта тап­тың күшейе түсуіне мүм­кін­дік жаса­мақ. Әрбір шешім­нің алды­мен елге пай­да­лы болуын көз­деп отыр. Ал 30 жыл бойы қиын­ды­қтан көз ашпай кел­ген бұқа­ра бұл уәде­ге сене ме? Әділет­сіздік­тен әбден зәре­зап болған елді «әділет­ті Қаза­қстан­ды» орна­та баста­дық деген сөз елең еткі­зе алды ма? Әзір­ге ондай ештеңені бай­қа­ма­дық. Ал бай­қа­ту үшін билік қан­дай іс-шара­лар­ды қолға ала баста­ды? Енді солар­ды жік­теп көрейік.

Бірін­ші шарт: халы­қты салы­қ­пен қорқытпау

Аталған Жол­да­уда Қасым-Жомарт Тоқа­ев Ұлт­тық қор­дың қара­жа­тын алды­мен мем­ле­кет мүд­десі, яғни елі­міздің стра­те­ги­я­лық мақ­сат­та­рын іске асы­ру үшін пай­да­ла­ну қажет­ті­гін атап өтті. Ал оның «Ұлт­тық қор» деген аты­на заты сай бол­сын десек, шетел­дік қар­жы инсти­тут­та­ры­на қыз­мет етпе­уі керек. Өйт­кені ол – ұзақ мерзім­ге арналған мак­ро­эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ететін аса маңы­зды құрал. Сон­дай-ақ қазір салық мәсе­лесін де бір­жақты ететін кез келіп тұр.

«Бөл­шек салы­қтың енгізілуін мысал ретін­де айтуға бола­ды. Осы нор­маға сенім артқан кәсіп­кер­лер қыз­метін ашық жүр­гі­зе баста­ды, кәсіп­терін бөл­шек­те­уді азайт­ты. Алай­да бұл режим негізі­нен халы­қ­пен тіке­лей жұмыс істей­тін кәсіп­кер­лер­ге қаты­сты болуға тиіс. Тұты­ну­шы­ларға арналған қыз­мет­тер мен сауда-сат­ты­қтың мүм­кін­дік­тері толық пай­да­ла­ныл­са, эко­но­ми­ка­ны дамы­ту, салық түсім­дерін арт­ты­ру және халы­қты жұмыспен қам­ту шара­ла­ры тезірек нәти­же береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сон­дай-ақ ол Үкі­мет­тен фис­кал­ды рефор­ма табысты бол­сын десек, салы­қтық әкім­ші­лен­ді­ру ісін жап­пай цифр­лан­ды­ру керекті­гін талап етіп отыр. Айтуын­ша, сыбай­лас жемқор­лы­ққа қаты­сты сын-қатер­лер­ді барын­ша азай­тып, салық сала­сын­дағы үдерістер­дің ашық болуын қам­та­ма­сыз ету үшін оны тезірек элек­трон­ды фор­матқа көшір­ген дұрыс.

«Жеке табыс салы­ғы­ның мөл­шер­ле­месін аза­мат­тар­дың кірісіне қарай диф­фе­рен­ци­а­ци­я­лау қажет­ті­гі туын­дап отыр. Салы­қтық әкім­ші­лен­ді­ру ісін­де жаза­лау тәсілі­нен де бас тар­тқан абзал. Мәж­бүр­леу шара­ла­рын қол­дан­бай-ақ, хабар­ла­ма жібе­ру арқы­лы өндірілетін салық бере­ше­гінің жоғарғы шегін көте­ру­ге бола­ды деп ойлай­мын. Ал салық бере­ше­гі осы шек­тен асып кет­се, қарыз сома­сы аясын­да ғана шек­теу қой­ы­луға тиіс. Яғни, борыш­кер­дің банк­те­гі есеп­шо­ты толық бұғат­тал­май­ды. Бере­шек сома­сы тым көп болған жағ­дай­да кепіл­ге мүлік қою­ды талап етпей, қары­зды бөліп төле­у­ге мүм­кін­дік бер­ген жөн», — деді мем­ле­кет басшысы.

Бұл рет­те жос­парға сай тек­се­ру тәсілі­нен бір­жо­ла бас тар­ту керек. Ол үшін қатер­лер­дің алдын алу жүй­есін жетіл­дір­ген маңы­зды. Бұл мәсе­ле де пре­зи­дент­тің наза­ры­нан тыс қалмады.

«Мен 2022 жылғы Жол­да­уым­да бәрін басы­нан бастап рет­те­уді тап­сы­рған едім. Рефор­ма­ның бірін­ші кезеңінің өзін­де орын­сыз әрі қажет­сіз 10 мың­нан аса талап­тың күші жой­ыл­ды. Оның бәрі кезін­де кәсіп­кер­лер­ге кедер­гі кел­тір­ген еді. Бас про­ку­ра­ту­ра ірі инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды іске асы­руға қол­дау көр­се­те баста­ды. Инве­стор­ларға «жасыл дәліз» қағи­да­сы бой­ын­ша жеңіл­дік­тер беріл­ді. Эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­дың біра­зы қыл­мыс деп таныл­май­тын бол­ды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алай­да кәсіп­кер­лер­ден мем­ле­кет­тік орган­дар­дың шек­тен тыс қадаға­лап, бақы­лай­ты­ны тура­лы шағым­дар әлі де түсіп жатқа­нын оның өзі мой­ын­дап отыр.Сондықтан Үкі­мет­ке Бас про­ку­ра­ту­ра­мен бір­лесіп, инве­сти­ци­я­лық аху­алға әсерін тигі­зетін жағым­сыз үрдістер­ді жою­ды нықтап тапсырды.

Екін­ші шарт: кәсіп­кер табысын ел игілі­гіне жарату

Капи­тал­ды заң­да­сты­ру үшін мін­дет­ті түр­де ел эко­но­ми­ка­сы­на қар­жы салу­дың қажет бола­ты­ны түсінік­ті. Мем­ле­кет бас­шы­сы сол салы­нған қар­жы­ның ел игілі­гіне жара­уы керекті­гін де шеге­леп тұрып айт­ты. Енді бұл талап­ты нор­ма­тив­тік тұрғы­дан бекітіп алу қажет.

«Бірақ кәсіп­кер­лер де қар­жы­ны рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке ауда­ру мәсе­лесіне кел­ген­де Үкі­мет­пен және Бас про­ку­ра­ту­ра­мен тығыз бай­ла­ны­ста жұмыс істе­у­ге тиіс. Бұл – әр тең­ге үшін сауда­лас­пай, қажет­ті шара­ның бәрін өз еркі­мен жасау керек деген сөз. Олар осы елдің аза­ма­ты ретін­де мек­теп, ауру­ха­на, ста­ди­он, музей және басқа да әле­умет­тік-мәде­ни нысан­дар салуға қомақты қар­жы бөлу­ге мін­дет­ті. Мұн­дай кәсіп­кер­лер­дің есі­мі жомарт жан­дар­дың «алтын тізі­міне» жазы­ла­ды. Ал одан бас тар­тқан неме­се сөз­бұй­даға салған кәсіп­кер­лер­ге қаты­сты әңгі­ме басқа­ша бола­ды», — деп ескерт­ті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үшін­ші шарт: жер­ді иге­ре алма­саң, ием­дене де алмайсың

Елі­міз­де­гі жер телім­дерін қай­та­ру жөнін­де­гі арнайы комис­сия өңір әкім­дік­терінің ауыл шару­а­шы­лы­ғы алқап­та­рын кон­курс өткіз­бей-ақ беру тура­лы 2 мың­нан аса заң­сыз шешім қабыл­даға­нын аны­қтаған. Бұл дегені­міз – енді­гі рет­те заң­сыз алы­нып, пай­да­ла­ныл­май жатқан жер оңтай­лан­ды­ры­лған рәсім бой­ын­ша мем­ле­кет­ке қай­та­ры­лып оты­ра­ды деген сөз.

«Ал жер­ді пай­да­ла­ну­шы оған инве­сти­ция салып, адал еңбек етіп жат­са, жұмысқа бөгет жаса­мау керек. Сон­дай-ақ оның ауыл­ды көр­кей­тіп, тұрғын­дарға тұрақты жұмыс беріп оты­рға­нын да ескер­ген жөн.

Көп­те­ген мен­шік иесі өздері пай­да­сын көріп оты­рған жер­ден мың­даған шақы­рым алы­ста тұра­ды, ондағы ауыл тұрғын­да­ры­на қамқор­лық жасау ойы­на кіріп те шық­пай­ды. Біз­ге мұн­дай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкі­мет пен Бас про­ку­ра­ту­ра оларға қаты­сты мәсе­лені мықтап қолға алуға тиіс.

Аза­мат­тар, әсіре­се, ауыл тұрғын­да­ры заң­ды түр­де табысты жұмыс істеп, бола­шағы­ның қамын өзі ойла­уы керек. Олар­ды осы­ған ынта­лан­ды­ру – мем­ле­кет­тің басты мін­детінің бірі», — деген мем­ле­кет бас­шы­сы ол сөзіне был­тыр қолға алы­нған «Ауыл ама­на­ты» жоба­сын мысал етті.

Аталған жоба нәти­же­сіз де емес. Енді соның аясын­да кәсіп баста­уға ниет­ті тұрғын­дарға «тау­ар неси­есін» беру қарас­ты­ры­лып отыр. Ауыл тұрғын­да­ры­на өздерінің ет, сүт, жүн, тері, т.б. өнім­дерін өңде­у­ге және сатуға мүм­кін­дік беретін инфрақұры­лым­ның болға­ны маңызды.

«Биз­не­стің және инве­стор­лар­дың заң­ды қыз­метіне кедер­гі жасау аса ауыр құқы­қбұ­зу­шы­лық деп сана­луға тиіс. Демек ондай әре­кет­ке жол бер­ген­дер тиісті жаза­сын ала­ды. Мен бұл тура­лы үне­мі айтып жүр­мін. Жал­пы, аймақтар­дың өсіп-өркен­де­уіне жол аша­тын жаңа өндіріс орын­да­рын барын­ша дамы­ту керек», — деді президент.

Төр­тін­ші шарт: көп­шілік­ті көмір жағып оты­ру­дан құтқару

Қазір билік жылы­на жал­пы көле­мі 1 млрд тек­ше метр газ өндіретін жаңа кен орын­да­рын иге­руді жос­пар­лап қой­ған. Бірақ ол жоба­лар толық іске қосы­лған жоқ. Сон­ды­қтан газ­ды ішкі нары­ққа тиім­ді бөлу қажет­ті­гін осы бастан ескер­тіп қой­ған­ның да арты­қты­ғы жоқ. Әрине, пре­зи­дент ол жағы­на да тоқталды.

«Жылу электр орта­лы­қта­рын және қара­пай­ым тұты­ну­шы­лар­ды көмір орны­на газ жағуға көші­ру жұмысын бай­ып­пен іске асы­рған жөн. Мем­ле­кет­тің ұзақ уақы­тқа арналған нақты тариф сая­са­ты, яғни тиісті жос­па­ры болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзім­ге инве­сти­ция тар­ту­дың» негіз­гі шар­ты. Алай­да тұты­ну­шы­ларға арналған тариф­тің орын­сыз өсуіне жол беру­ге болмайды.

Ком­му­нал­дық ресур­стар­ды үнем­деу мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру – өте өзек­ті мәсе­ле. Келесі жыл­дан бастап нақты ере­же­лер енгізілу­ге тиіс. «Көп тұтын­саң – көп төлей­сің» қағи­да­тын бас­шы­лы­ққа алу қажет. Алай­да тұты­ну­шы­лар жеке моно­по­ли­стер­дің шыр­мауын­да жалғыз қал­мауға тиіс», — деді ол Жолдауда.

Бесін­ші шарт: инфрақұры­лым­ның игілі­гін көру

Елі­міздің Еура­зия құр­лы­ғы­ның дәл орта­сын­да орна­ласқа­ны – елі­міз­ге әлем­дік бәсе­ке­де зор мүм­кін­дік беретін арты­қ­шы­лық. Сон­ды­қтан көлік инфрақұры­лы­мы­на салы­нған әр инве­сти­ция өзін-өзі ақта­уы керек.

«Біз кей­ін­гі ұрпаққа жоға­ры сапа­лы авто және темір­жол­дар­ды қал­ды­руы­мыз керек. Сон­дай-ақ тиім­ді жұмыс істей­тін әуе хаб­та­рын, темір­жол бекет­тері мен теңіз порт­та­рын салуы­мыз қажет. Бұл рет­те бірқа­тар кешен­ді мәсе­лені шеш­кен жөн. Авто­көлік жол­да­ры­ның жай-күйі – өзек­ті мәсе­ле. Мен бұл тура­лы осы­ған дей­ін де айт­тым. Биыл елі­міз­де 12 мың шақы­ры­мға жуық жол салы­нып, жөн­деліп жатыр. Қаза­қстан­да мұн­дай ауқым­ды жұмыс бұрын-соң­ды бол­маған», — деді президент.

Сон­дай-ақ ол бағ­дар­ла­ма­ның ауқы­мын кеңей­тіп, оған кемін­де 10 мың шақы­рым жол­ды қам­ту­ды алға мін­дет етіп қой­ды. Бірақ бұл жолы да сан­нан гөрі сапа­ның маңы­зды­рақ екенін еске­ру керек. Ал ол үшін инно­ва­ци­я­лық зама­на­уи әдіс-тәсіл­дер­ді кеңі­нен қол­да­нып, жұмыстың дұрыс жүр­гізілуіне қоғам­дық бақы­ла­уды күшейт­пе­се болмайды.

«Ол үшін біры­ңғай цифр­лық плат­фор­ма­ны іске қосқан жөн. Онда бар­лық жол­ды, соның ішін­де қала аумағын­дағы жол­дар­ды салуға және жөн­де­у­ге қаты­сты ақпа­рат болуы керек», — деді мем­ле­кет басшысы.

Алтын­шы шарт: елдің біліксіздік­тен зардап шекпеуі

Биыл көк­тем­де болған ала­пат су тасқы­ны­нан ел еңсесінің түсіп кет­кені мәлім. Сол кез­де топан­ның топа­лаңы емес, қыр­дағы қарғын суды ауы­зды­қтай алмаған біраз әкім­дік ұятқа қалған еді. Ал тасқын сал­да­ры­нан зардап шек­кен­дер­ге елі­міздің түк­пір-түк­пірін­де­гі ерік­тілер мен сырт­тағы достас мем­ле­кет­тер гума­ни­тар­лық көмек қолын созды.

«Менің елдік істен шет қал­мау тура­лы үнде­уі­ме ірі биз­нес өкіл­дері де қол­дау біл­дір­ді. Мем­ле­кет­тің батыл әре­кеті мен халы­қтың өза­ра тілек­тес болуы­ның арқа­сын­да аса қиын жағ­дай­дан аман-есен өттік. Деген­мен орта­лық және жер­гілік­ті билік өкіл­дері осы оқиға­дан сабақ алуы керек. Қазір­гі заман­да біз кез кел­ген қатер­ге дай­ын болуы­мыз қажет. Сон­ды­қтан қарғын суды жинап, диқан­дар­дың қажетіне жара­ту үшін оны дұрыс сақтай біл­ген жөн. Гид­ро­ло­гия бекет­терін жөн­деп, жаңғыр­ту қажет. Суды барын­ша үнем­деу жұмысын ұйым­да­сты­ру керек», — деді содан кей­ін президент.

Әрине, ол мәсе­ле­ге тек жер­гілік­ті шене­унік­тер ғана кінәлі емес. Арна­у­лы кадр, білік­ті маман­ның тап­шы­лы­ғы өзек­ті мәсе­ле болып тұр. Ол дегені­міз – тұтас мем­ле­кет­ті­гі­міз­ге сын. Осы орай­дағы нақты жұмыстар қолға енді алы­на бастағанға ұқсайды.

«Мен 2025 жыл­ды «Жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылы» деп жари­я­лай­мын. Осы уақыт ішін­де тех­ни­ка­лық және кәсі­би білім беру жүй­есін рефор­ма­лау қажет. Сон­дай-ақ біз жұмыс­шы маман­ды­қта­рын дәріп­теу арқы­лы қоғам­да еңбекқор және нағыз маман болу иде­я­сын наси­хат­тай­мыз. Адал әрі табан­ды еңбе­гі­мен табысқа жет­кен адам­дар қашан­да құр­мет­ті, сый­лы болуы керек. Бұл біз ұсы­нып оты­рған «Адал аза­мат – Адал еңбек – Адал табыс» қағи­да­ты­на толық сай келеді. Өз кәсібін жетік мең­гер­ген маман­дар ұлт сапа­сын арт­ты­ра­ды. Сон­ды­қтан біз еңбек ада­мы­ның мәр­те­бесін көтеріп жатыр­мыз. Бұл бағыт­тағы жұмыс тоқта­май­ды, жалға­са береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көңіл қуан­тар бір жайт, ол озық ел бола­мыз десек, алды­мен адал еңбек­ті баға­лау керекті­гін еске салды.

Жетін­ші шарт: әле­умет­тік мәсе­лені шешу

Биыл ден­са­улық сақтау сала­сы­на бюд­жет­тен 3,3 трил­ли­он тең­ге бөлін­ген. Ал оның нәти­же­сі әлі көрініп жатқан жоқ. Керісін­ше, әлі күн­ге дей­ін науқастар мем­ле­кет кепіл­дік бер­ген қыз­мет­тер­ді ақы төлеп алып отыр. Бір­не­ше ай бойы кезек күту мәсе­лесі де шешіл­ме­ген. Өзі әле­умет­тік жағы­нан осал топ­тарға «жығы­лған үстіне жұды­рық болу­дың» бас­шы-қос­шы­ларға не қажеті бар? Керек десеңіз, мем­ле­кет бас­шы­сы бұл мәсе­ле­ден де хабардар.

«Қазір бюд­жет­тің жар­ты­сы­нан көбі әле­умет­тік салаға жұмсалады.

Бала­лы отба­сы­лар­ды қол­дау үшін сәби күті­міне өте­мақы төлеу мерзі­мі 1 жыл­дан 1,5 жылға дей­ін ұза­рды. Зиян­ды еңбек жағ­дай­ын­да жұмыс істей­тін аза­мат­тарға биыл­дан бастап арнайы төлем­дер беріліп жатыр. Деген­мен қазір мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау көр­сетіл­ген кез­де аза­мат­тар­дың нақты табысы ескеріл­мей жатқа­нын мой­ын­дау қажет. Басқа­ша айт­сақ, әле­умет­тік қол­да­уға мүл­де мұқтаж емес ауқат­ты отба­сы­лар да мем­ле­кет­тен көмек ала­ды. Мұн­дай жайт­тар аз емес. Осы­ны еске­ре оты­рып, халы­қты қол­дау тәсіл­дерін жетіл­ді­ре түсу қажет. Сон­ды­қтан Үкі­мет­ке алдағы жыл­дың басы­нан бастап «Әле­умет­тік әми­ян» жоба­сын іске асы­ру­ды тап­сы­ра­мын. Мем­ле­кет­тік қол­дау шын мәнін­де мұқтаж адам­дарға көр­сетілуі қажет. Кез кел­ген әле­умет­тік көмек әділ, ашық және тиім­ді болуға тиіс», — деді ол.

Сегізін­ші шарт: тұрғын­дар­дың әкім­ді сайлауы

Ауыл-аймақ әкі­мінің қоғам­дық, руха­ни мәсе­ле­лер­ді әрдай­ым наза­рда ұстап оты­руы керек. Ол үшін каби­нетін­де қама­лып отыр­май, елмен етене жұмыс істеп, тұрғын­дар­мен сенім­ді бай­ла­ныс орна­туға мін­дет­ті. Қазір кең­се­ден шық­пай, қағаз­ба­сты­лы­қ­пен оты­ру шене­унік­ке түк те абы­рой емес. Жол­да­уға қол­дау көр­сетіп оты­рға­ны­мы­здың бір себебі, онда осы жайт та ескерілген.

«Аза­мат­та­ры­мы­здың соңғы жыл­дар­дағы тағы бір тала­бы – әкім­дер­ді тіке­лей сай­лау жүй­есін енгі­зу. Бұл талап та орын­дал­ды. Ауыл әкім­дерін тіке­лей сай­лау жүй­есі 2021 жылы енгізіл­ді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сай­лан­ды. Бұл – бар­ша ауыл әкім­дерінің 90 пай­ы­зға жуы­ғы деген сөз. Қалған­да­ры әкім­нің өкілет­тік мерзі­мі аяқталған кез­де өз реті­мен сай­ла­на береді. Жаңа әкім­дер­дің 60 пай­ы­зы бұрын мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұмыс істе­ме­ген. Олар­дың ара­сын­да әртүр­лі кәсіп иелері, түр­лі пар­тия өкіл­дері бар. Орта­ша жасы – 46 жас. Бір сөз­бен айт­сақ, халы­қтың өзі таң­даған әкім­дер­дің құра­мы едәуір жаңғыр­ды», — деді президент.

Сон­дай-ақ был­тыр күз­де алғаш рет халық тара­пы­нан аудан және облы­стық маңы­зы бар қала әкім­дері сай­ланған бола­тын. Бар­лық облы­ста 45 әкім осы бір жаңа тәсіл­мен сай­лан­ды. Бұл да – сая­си жүй­ені рефор­ма­лау ісін­де­гі кезек­ті маңы­зды қадам.

Тоғы­зын­шы шарт: қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету

Елі­міз­де аза­мат­тар­дың қар­жы­лық сау­а­тын арт­ты­руға арналған «Қарыз­сыз қоғам» жоба­сы­на был­тыр 65 мың адам қаты­сқан. Ал биыл «көзі ашық, көкіре­гі ояу» болғы­сы келетін­дер одан да көбе­ю­ге тиіс деп күтіліп отыр.

«Мек­теп­тер­ге, жоға­ры оқу орын­да­ры­на қар­жы­лық және цифр­лық сау­ат­ты­лық негіз­дерін үйре­тетін білім бағ­дар­ла­ма­сын енгі­зу қажет. Бұл жұмысты Үкі­мет қар­жы сала­сын рет­теу орган­да­ры­мен бір­ге атқа­руы керек. Мұның бәрі аза­мат­та­ры­мы­здың әртүр­лі ала­яқтар­дың құры­ғы­на түсіп қал­мауы­на мүм­кін­дік береді. Құзыр­лы орган­дар­дың бәрі заңға бағы­на­тын жұр­тқа зардаб­ын тигізіп жатқан ала­яқты­ққа және сол сияқты басқа да заң­сыз әре­кет­тер­ге қар­сы батыл шара­лар қабыл­да­уға тиіс», — деді президент.

Осы­лай­ша жеке адам­нан бастап, тұтас қоғам­ның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге басым­дық беру – құп­тар­лық ұста­ным. Тек бұры­нғы­дай құр қызыл сөз болып қал­ма­са екен дейсің.

«Менің басты мін­детім­нің бірі – Қаза­қстан­ды қауіп­сіз әрі жай­лы елге айнал­ды­ру. Құқы­қтық мем­ле­кет­те қыл­мыс әле­міне орын жоқ, қарақ­шы­лы­қты түп-тамы­ры­мен жою қажет. Түр­лі экс­тре­ми­стер­дің, оның ішін­де әсіредін­шіл­дер­дің де елге іріт­кі сала­тын әре­кет­теріне қаты­сты ұста­ным дәл осын­дай болуға тиіс», — деді мем­ле­кет басшысы.

Әсіре­се әскер­ге шабыт­пен барып, табыт­пен ора­лып жатқан жастар мәсе­лесіне баса мән бер­ген маңы­зды­рақ. Өйт­кені әбір ата-ана әскер­ге кет­кен бала­сын мем­ле­кет­ке сеніп тап­сы­ра­ды. Сон­ды­қтан олар­дың қауіп­сізді­гіне алды­мен армия бас­шы­лы­ғы және құқық қорғау меке­ме­лерінің бас­шы­ла­ры жау­ап­ты. Оның да пре­зи­дент наза­рын­да екеніне ел куә.

P.S. «Әр ада­мға және бар­шаға бір­дей мүм­кін­дік беретін мем­ле­кет­ті, яғни Әділет­ті Қаза­қстан­ды бола­шақ ұрпаққа ама­нат ету – бар­ша­мы­зға ортақ мін­дет. Мен мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де осы мін­дет­ті орын­да­уға бар күш-жігерім­ді сала­мын. Сіз­дер де ортақ мақ­сатқа жету үшін табан­ды еңбек етесіз­дер деп сене­мін», — деп түй­ін­деді Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын. Иә, «жалғы­здың үні, жая­у­дың шаңы шық­пас» деген­дей, жоға­ры­да аталған 9 шар­тты орын­дау – бар­шаға ортақ мін­дет. Сон­ды­қтан шен-шек­пен­ділер жалғыз пер­зи­дент­тің аузы­на қарап оты­ру­ды, ол пәр­мен бер­ме­се, түк тын­дыр­мауды, тын­ды­рған азын-аулық ісі үшін «сіздің тап­сыр­маңыз бой­ын­ша» деп есеп беруді «ескі Қаза­қ­стын­ның» еншісіне қал­дыр­са, құба-құп.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн