Четверг , 3 июля 2025

РЕЙДЕРЛІКПЕН ТАРТЫП АЛЫНҒАНжеке бизнестің активтері заңды иелеріне қайтуы керек

  • Жуы­қта ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи ҚР Пре­мьер-мини­стрі, Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі үкі­мет­тік комис­си­я­ның төраға­сы Олжас БЕКТЕНОВКЕ, ҚР Бас про­ку­ро­ры Берік АСЫЛОВҚА, ҚР Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі коми­тет­тің төраға­сы Нұр­дәу­лет СҮЙІНДІКОВКЕ жаз­ба­ша депу­тат­тық сау­ал жол­дап, «ескі Қаза­қстан» өкіл­дері қия­нат­ты қыса­сты­қ­пен жеке биз­не­стен тар­тып алы­нған мүлік­тер­ді заң­ды иелеріне қай­та­ру жөнін­де талап қой­ды. Біз жоға­ры құзыр­лы лау­а­зым­гер­лер­ге жол­данған сол сау­ал­ды қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Құр­мет­ті лау­а­зым­гер мыр­за­лар! Сіз­дер­дің атта­ры­ңы­зға жол­да­нып оты­рған бұл депу­тат­тық сау­ал ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің пле­нар­лық оты­ры­сын­да жари­я­ла­нуы тиіс еді. Бірақ жылы­стаған актив­тер­ді қай­та­ру мәсе­лесіне қаты­сты жүріп жатқан про­цес­ке қан­дай да бір нұқ­сан кел­тір­меу үшін, төмен­де қозға­ла­тын мәсе­лені ТВ арна­лар арқы­лы даб­ы­ра қыл­мауды қала­дым. Сон­ды­қтан Сіз­дер осы сау­ал­да аталған мәсе­ле­лер­ге жау­ап­кер­шілік­пен қарай­ды деген сенімдемін!

Бірін­ші­ден. Қаза­қстан Бас про­ку­ра­ту­ра­сы жанын­дағы Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі коми­тет­тің өткен айда жари­я­лаған мәлі­меті бой­ын­ша, екі жыл­дың ішін­де 1,5 трил­ли­он тең­генің активі елге қай­та­ры­лған екен. Оның 1 трлн-нан аста­мы екі Қай­рат­тан – Саты­бал­ды мен Боран­ба­ев­тан қай­тқан актив­тер. Елде бұл еке­уі­нен басқа әлдеқай­да бай адам­дар бар. Олар жөнін­де ләм-мим ақпа­рат жоқ.

Сон­да Саты­бал­ды мен Боран­ба­ев­ты қос­паған­да, қалған клеп­то­крат­тар мен ұры оли­гарх­тар­дан екі жыл­да қай­тқа­ны 500 млрд тең­ге ғана. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Әділет­ті Қаза­қстан­ды» қалып­та­сты­ру жөнін­де­гі баста­ма­сы­ның бүгін­гі орын­далған түрі осы ғана ма? Егер ашық ақпа­ратқа жүгі­нер бол­сақ, сыр­тқа жылы­стаған 200 млрд дол­лар­дың активін бұл «қарқы­н­мен» біз 200 жыл­да қай­та­рып болмаймыз!

Бұл екі ара­да Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың жылы­стаған актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік баста­ма­сы­нан үміт күт­кен жеке­ле­ген Қаза­қстан аза­мат­та­ры ұрланған неме­се рей­дер­лік жол­мен тар­тып алы­нған актив­терін қай­та­рып алу жолын­да шарқ ұрып, олар­дың алды АҚШ Әділет мини­стр­лі­гіне жүгіне баста­ды. Міне, менің аты­ма жазы­лған, түп­нұсқа­сы АҚШ мини­стріне жол­данған құжат­тан жол­ма-жол үзін­ді (толық нұсқа­сы аталған адре­сат­тарға жолданды):

  • «Ува­жа­е­мый гос­по­дин Bruce C. Swartz, нам ста­ло извест­но, Ваше феде­раль­ное ведом­ство ведет рас­сле­до­ва­ние пре­ступ­ле­ний, совер­шен­ных быв­шим пре­зи­ден­том Нұр­сул­та­ном Назар­ба­е­вым и чле­на­ми его семьи. Обра­ща­ем­ся к Вам, так как нам извест­но, что они в целях сокры­тия сво­их пре­ступ­ле­ний и отмы­ва­ния пре­ступ­ных дохо­дов исполь­зо­ва­ли валю­ту США, бан­ки и инве­сти­ци­он­ные фон­ды США, свя­зан­ные с США раз­лич­ны­ми инве­сти­ци­он­ны­ми про­ек­та­ми, поль­зо­ва­лись услу­га­ми аме­ри­кан­ских кон­суль­тан­тов… Мно­го­мил­ли­ард­ные акти­вы клеп­то­кра­тов являются резуль­та­том мас­штаб­ной кор­руп­ции и рэке­тир­ско­го захва­та успеш­ных биз­не­сов про­стых казах­ских пред­при­ни­ма­те­лей».

Екін­ші­ден. Мұн­дағы «про­стые пред­при­ни­ма­те­ли» деп, рей­дер­лік жол­мен биз­не­стері­нен айы­ры­лған, АҚШ Әділет мини­стр­лі­гіне жүгі­ну­ге мәж­бүр болған қаза­қстан­дық аза­мат­тар – «ТПК АЗИЯ» ЖШС-нің заң­ды иелері Нұр­лан Бимур­зин мен Медғат Қалиев.

Бұл аза­мат­тар­дың қуда­ла­нуы­на себеп болған мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты жеке кез­де­суім­де мен Бас про­ку­рор­дың өзіне Әлия Нұр­сұл­танқы­зы Назар­ба­е­ва­ның рей­дер­лік әре­кет­теріне қаты­сты жағ­да­ят­ты баян­дай­тын құжат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­рған едім. Бұған қаты­сты Бас про­ку­ра­ту­ра­ның іс-әре­кеті ақыр соңын­да сиы­рқұй­мы­шақта­нып тынды.

Бұны­мен қоса, биз­не­сті тар­тып алу нәти­же­сін­де актив­тері­нен айы­ры­лған Бимур­зин мен Қали­ев мыр­за­лар осы рей­дер­лік қыл­мысқа қаты­сты іс қозғау жөнін­де Бас про­ку­ра­ту­раға өтініш жол­даған еді. Ол өтініш­ке де жал­тар­ма жау­ап қай­та­ры­лға­ны­нан хабардармын.

Енді естеріңіз­ге салай­ын, мыза­лар, қуда­ла­ну­шы аза­мат­тар жол­даған өтіні­ш­те (түп­нұсқа адре­сат­тарға жол­дан­ды) егжей-тег­жейі жазы­лған қыл­мыстық мәсе­ленің маз­мұ­ны жуық ара­да халы­қа­ра­лық паб­лик­тер­де жари­я­ла­на бастай­ды. Яғни, бұл мәсе­ле Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі ресми сапар­ла­ры кезін­де екін­ші тарап­тан Қаза­қстан­дағы кор­руп­ци­я­лық қыл­мыстар жалға­сып жатқа­ны ата­лып, мем­ле­кет бас­шы­сы­ның ими­джіне нұқ­сан келеді деген сөз.

Үшін­ші­ден. Менің депу­тат­тық құзіреті­ме жол­данған тағы бір өтіні­ш­те аза­мат­тық қоғам өкіл­дері Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де қоғам­дық коми­тет құры­лға­нын баян­дай­ды (түп­нұсқа қоса жол­да­нып отыр):

  • «Корень сокра­ще­ния рас­ход­ной части госу­дар­ствен­но­го бюд­же­та, в том чис­ле, выде­ля­е­мо­го на обо­ро­ну Рес­пуб­ли­ки Казах­стан, преж­де все­го свя­зан с недо­ста­точ­ной защи­той Госу­дар­ствен­ных инте­ре­сов отдель­ны­ми чинов­ни­ка­ми и преж­де все­го госу­дар­ствен­ны­ми органами.

В свя­зи с выше­из­ло­жен­ным, а так­же с воз­ник­шей потреб­но­стью Казах­стан­ско­го обще­ства, нами, т.е. дви­же­ни­ем «Жерт­вы Ста­ро­го Казах­ста­на» при­ня­то реше­ние о созда­нии Обще­ствен­но­го коми­те­та по возвра­ту акти­вов».

Міне, ұрланған-жыр­ланған қазы­на­ны қай­та­ру­дан күдер үзе бастаған аза­мат­тар Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі қоғам­дық коми­тет құру­да. Мұн­да құры­лған Қоғам­дық коми­тет­тің баста­ма­шы­сы Жарқын Күреңта­ев деген аза­мат жылы­стаған актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі депу­татқа жазған өтіні­шін­де «с недо­ста­точ­ной защи­той Госу­дар­ствен­ных инте­ре­сов отдель­ны­ми чинов­ни­ка­ми и преж­де все­го госу­дар­ствен­ны­ми орга­на­ми» деген пікіріне Алма­ты­дағы «Хил­тон» қонақ үйіне қаты­сты мысал келтіреді.

Яғни, Қай­рат Саты­бал­ды рей­дер­лік жол­мен тар­тып алған «Хил­тон» қонақ үйі (сурет­те) Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі комис­си­я­ның реест­ріне енгізіліп, ол мүлік 10 млрд тең­ге­ге баға­ла­нып, мем­ле­кет­ке қай­та­ры­лған-мыс. Бірақ сол актив­тің 4 млрд 200 мил­ли­он тең­гесін әлде біздің жемқор­лар мен парақор­лар жол-жөне­кей жұтып қой­ған, әлде Мем­ле­кет­тік мүлік­тер коми­теті мен Қай­рат Саты­бал­ды ара­сын­да қан­дай да бір жасы­рын және қитұрқы келісім жасалған сияқты. Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі қоғам­дық коми­тет мен­шік мүл­кі­нен айы­ры­лған аза­мат­тар­дың жоғын жоқтай жүріп, осы­лай­ша қай­та­ры­лған актив­тер­дің өзі екін­ші рет талан-тара­жға түсіп жатқа­нын баяндайды.

Төр­тін­ші­ден. Бір қызы­ғы – Бас про­ку­ра­ту­ра осы «Хил­тон» қонақ үйіне қаты­сты істі қай­та қарау жөнін­де шешім шығарған. Бірақ бұл шешім­ге Алма­ты қала­лық про­ку­ра­ту­ра­сы пысқы­рып қара­май, Алма­лы аудан­дық про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Р.Р. Сухан­бер­дин істі қай­та­дан жауып тастаған.

Құр­мет­ті Бас про­ку­рор мыр­за!

Сон­да елде­гі заң­ды­лы­қтар­дың орын­да­луын бақы­ла­у­шы ең басты орган – Бас про­ку­ра­ту­ра­ның шеші­мін төмен­гі орган орын­да­май­тын бол­са, бұл не қылған құқы­қтық былық болға­ны?! Біз қай құзыр­лы орган­ның шеші­міне мой­ын­сұ­нуы­мыз керек?

Менің аты­ма кел­ген бұл өтіні­штің түп­нұсқа­сын Сіз­ге жол­дай оты­рып, аталған жағ­да­ят­тың егжей-тег­жей­ін және Бас про­ку­ра­ту­ра­ның шеші­мін Алма­ты қала­лық про­ку­ра­ту­ра­сы неге әдірам қал­ды­рға­нын тек­се­руді сұраймын.

Мем­ле­кет­тік мүлік­тер ведом­ст­во­сы­на жақын инсай­дер­лік ақпа­рат көзі­нен маған жет­кен хабарға қараған­да, бостан­ды­ққа шыққан Қай­рат Саты­бал­ды енді­гі жер­де сол «Хил­тон» қонақ үйін аук­ци­он арқы­лы, құны 10 млрд тең­ге­ге бел­гі­лен­ген мүлік­ті 5 млрд тең­ге­ге кері қай­та­рып алуға қам жаса­уда. Егер кей­ін­нен бұл ақпа­ратқа қаты­сты аук­ци­он­дық сауда-сат­тық Саты­бал­ды­ға қаты­сты ком­па­ни­я­ның пай­да­сы­на шешіліп, экс-пре­зи­дент­тің неме­ре інісі қитұрқы схе­ма­мен «Хил­тон» қонақ үйін ием­деніп кетер бол­са, айт­па­ды демеңіз, Бас про­ку­рор мыр­за, мен Пар­ла­мент­тің пле­нар­лық оты­ры­сын­да бүкіл елге мәлім­де­ме жасай­тын бола­мын. Бұны сая­си тұрғы­дағы шан­таж деп қабыл­да­маңыз, менің бұл сау­а­лым­да айты­лған жәйт­тер Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың актив­тер­ді қай­та­ру арқы­лы «Әділет­ті Қаза­қстан» қалып­та­сты­ру баста­ма­сы­на сабо­таж жасау деп баға­ла­нуы тиіс. Керек десеңіз, бұны мем­ле­кет бас­шы­сы­ның әле­умет­тік тұрғы­дағы иде­я­ла­ры­на қар­сы жасалған қастан­дық деп қабыл­дау керек.

Құр­мет­ті Олжас Абайұлы!

Заң­ды мүл­кін қай­та­рып алу жолын­да әділет ізде­уші мен­шік иесі Шол­пан Қара­не­е­ва­ның (бильярд­тан әлем­нің үш дүр­кін чем­пи­о­ны Әли­хан Қара­не­ев­тің ана­сы) өтіні­шін үкі­мет­тік комис­си­яда қай­та­дан қарап, «Хил­тон» қонақ үйін заң­ды иелеріне қай­та­рып беру­ге жәр­дем жасай­ық! Бұл Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «Әділет­ті Қаза­қстан» қалып­та­сты­ру баста­ма­ла­ры­на сәй­кес әділет­ті шешім болар еді!

Бұл рет­те Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі үкі­мет­тік комис­сия «Хил­тон» қонақ үйін реестр­ден қай­та­рып алу жөнін­де шешім шыға­руы тиіс деп есептеймін.

Құр­мет­ті мырзалар!

Пар­ла­мент өткен жылы мау­сым айын­да қабыл­даған «Жылы­стаған актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі» заң­ның және Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «Әділет­ті Қаза­қстан» иде­я­сы­ның орын­да­лу бары­сын депу­тат­тар­дың талқы­лай­тын уақы­ты жет­ті деп есеп­тей­мін. Сон­ды­қтан Пар­ла­мент Мәжілісін­де Үкі­мет­тік комис­сия мен Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі коми­тет­тің есебін беру ретін қарас­ты­ру­ды сұраймын.

Бұл жөнін­де мен Пар­ла­мент­тің пле­нар­лық оты­ры­сын­да мәсе­ле көте­ру­ге баста­ма­шы­лық жасай­тын боламын.

Ермұрат БАПИ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн