Пятница , 4 июля 2025

Нарықты қарық қылу – ел билігінің басты ұстанымы

Қасым-Жомарт Тоқа­ев ел тіз­гінін қолы­на алға­лы бері эко­но­ми­каға аса мән беріп, отан­дық өнім­нің өсі­мін арт­ты­руға күш салып келеді. Ішкі нары­қты толы­ққан­ды қам­та­ма­сыз ету үшін сырт­тан көп­теп инве­сти­ция тар­тып, Үкі­мет­ке экс­порт­ты есе­ле­уді мықтап тұрып тап­сыр­ды. Оның бәрін сөз жүзін­де қал­дыр­май, орын­да­луы бары­сын өзі қатаң қадаға­лап отыр. Енді осы­ған дәлел келтірейік…

Импорт­ты азай­та алсақ, экпор­тқа жол ашылады

Был­тыр елі­міз­де­гі өңдеу өнер­кәсібінің сыр­тқы сауда айна­лы­мы 12% артып, 74,2 млрд дол­лар болған еді. Ірі тап­сы­рыс беру­шілер мен қаза­қстан­дық өндіру­шілер ара­сын­да жал­пы құны 66 млрд тең­ге бола­тын ұзақ мерзім­ді 179 келісім­шарт жасалған. Соны­мен қатар, өз қажетін қанағат­тан­ды­ру үшін ірі ком­па­ни­я­лар («Қаза­қ­мыс», ERG, «Қаз­мы­рыш» және тағы басқа) шағын және орта биз­нес бел­де­уін құрып жатыр.

Импорт алма­сты­ру­ды ынта­лан­ды­ру үшін өзі­міздің өңде­ушілер­ді қол­жетім­ді баға­дағы шикі­затпен қам­та­ма­сыз ету меха­низ­мі іске қосы­лған. Бүгін­де метал­дың 3 негіз­гі түрі – алю­ми­ний, мыс, қорға­сын бой­ын­ша 25 келісім жаса­лып отыр. Бұл шешім өңде­уді терең­детіп, елі­міз­де өндірілетін тау­ар­лар­дың номен­кла­ту­ра­сын кеңей­ту­ге мүм­кін­дік бермек.

Енді биыл жал­пы құны 1,5 трлн тең­ге бола­тын 180 жоба­ны іске асыр­сақ деген жос­пар бар. Сөйт­кен жағ­дай­да 18 мың­нан аса жұмыс орны ашы­ла­ды екен.

Қабыл­данған бар­лық шара­ның арқа­сын­да өңдеу өнер­кәсібінің эко­но­ми­ка­дағы үлесі тау-кен өнер­кәсібінің үлесі­мен теңе­сті. Мыса­лы, лак және бояу мате­ри­ал­да­ры, арма­ту­ра, арнайы жұмыс киі­мі, меди­ци­на­лық жиһаз­дар, жылу сақтағыш мате­ри­ал­дар, лифт­тер және тағы басқа импор­тқа тәу­ел­ді тау­ар­лар өндірісі жолға қой­ы­лып отыр.

«Мем­ле­кет бас­шы­сы өзінің Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да АӨК өні­мінің үлесін 70%-ға дей­ін жет­кі­зе оты­рып, терең өңде­уді дамы­ту қажет­ті­гін атап өтті. Табысты отан­дық биз­нес – алды­мен сөре­де­гі қаза­қстан­дық өнім­дер және жұмыс орын­да­ры», — деді пре­мьер-министр Олжас Бектенов.

Сон­ды­қтан Үкі­мет инве­сти­ци­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­ту және кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту бой­ын­ша кешен­ді жұмысты жалға­сты­рып жатыр. «Биз­не­стің жол кар­та­сы» және «Қара­пай­ым заттар эко­но­ми­ка­сы» бағ­дар­ла­ма­ла­ры бірік­тіріліп, кәсіп­кер­лік­ті қол­да­удың жаңа тәсіл­дері әзір­лен­ген. Ол нәти­же­сіз де емес. Атап айтқан­да, қазір біз­бен экс­порт бой­ын­ша негіз­гі серік­тес елдер бар. Олар – Ита­лия (18,9%), Қытай (18,7%), Ресей (12,4%), Нидер­ланд (5,2%), Түр­кия (5%), Корея Рес­пуб­ли­ка­сы (4,8%).

Сон­дай-ақ тая­у­да Қаза­қстан деле­га­ци­я­сы­ның Ауған­станға ресми сапа­ры бары­сын­да қаза­қстан­дық 35 ком­па­ния Кабул­да өткен Қаза­қстан-Ауған­стан биз­нес-фору­мы мен көр­месін­де өз өнім­дері мен қыз­мет­терін ұсын­ды. Іс-шара­ның ашы­луын­да пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры Серік Жұманға­рин Ауған­стан деле­га­ци­я­сы­ның Қаза­қстанға сапа­ры қоры­тындыс­ы­на сәй­кес, алды­мы­зға екі­жақты тау­ар айна­лы­мын 3 млрд дол­ларға дей­ін арт­ты­ру мін­деті қой­ы­лға­нын еске салды.

«Қаза­қстан тара­пы Ауған­стан­да авто­көлік­тер­ге қыз­мет көр­се­тетін дилер­лік орта­лы­қтар­дың орна­ла­су орнын аны­қтай оты­рып, отан­дық өндірістің авто­мо­биль­дерін жет­кізу­ге мүд­делі», – деді ол.

Соны­мен қатар, ауған кәсіп­кер­лерінің ара­сын­да қаза­қстан­дық ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­деріне сұра­ныс әлі де жоға­ры. Бүгін­де олар біз­ден 12 млн дол­лар­дан аса сомаға күн­бағыс майы, дән­ді дақыл­дар мен ұн қабыл­дай­тын бол­ды. Ауған ком­па­ни­я­ла­ры мотор май­ы­на да үлкен қызы­ғу­шы­лық таны­тып, қаза­қстан­дық жет­кі­зу­шілер­мен алға­шқы келісім­шар­тқа қол қою­ды жос­пар­лап отыр.

Содан кей­ін­гі қол жет­кіз­ген бір жетістік – Моңғо­ли­яға асыл тұқым­ды қой­лар­ды экс­порт­тай­тын бол­дық. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы министрлігі

Вете­ри­на­ри­я­лық бақы­лау және қадаға­лау коми­теті төраға­сы­ның мін­детін атқа­ру­шы Самат Төле­ге­нов Моңғо­лия Вете­ри­на­рия бас басқар­ма­сы­ның өкіл­дері Бат­сух Баса­ан және Дэлг­эр­маа Баса­ан­мен кез­де­су бары­сын­да осын­дай уағ­да­ла­сты­ққа қол жеткізді.

Ұлт­тық өнім­дер­ді алыс-жақын шетел­дер­ге экс­порт­тау ісі бұны­мен шек­тел­мей­ді. Мыса­лы, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Айдар­бек Сапа­ров алдағы уақыт­та биенің құрғақ сүті Қытай­ға экс­порт­та­луы мүм­кін екенін алға тартты.

«Сон­дай-ақ биенің құрғақ сүтін БАӘ-ге жіберіп жатыр­мыз. Ол жақта бұл өнім­ді құлын­дарға тамақ ретін­де береді екен», — деді министр.

Оның айтуын­ша, өнім­ді реестр­ге енгі­зу жұмысы жүр­гізіліп жатыр. Реестр ашыл­са, жұмысты Қараған­ды облы­сы­нан баста­мақ. Сау­мал, қымы­зға сұра­ныс бол­са, арна­у­лы зауыт салуға ниет таны­тқан адам­дар аз емес екен. «Мыса­лы СҚО-да «Бар­лы­бай» шаруа қожа­лы­ғы бие сауып, қымыз сата­ды. Біраз аза­мат биенің сүтін өңдей­тін зауыт ашуға дай­ын. Биыл жылқы­ның басы 4 мил­ли­онға арт­ты», — дей­ді Айдар­бек Сапаров.

Тіп­ті, сол көр­шілес елге түй­енің құрғақ сүті­нен жасалған Saubota өні­мінің бірін­ші пар­ти­я­сы жөнел­тіліп отыр. Олар алды­мен Лан­жоу про­вин­ци­я­сы­на, сосын Бей­жің қала­сы­на экс­порт­та­ла­ды. Бұл рет­те EURASIA INVEST LTD зауы­ты Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің қол­да­уы­мен ҚХР Бас кеден басқар­ма­сы­ның импорт­та­у­шы­лар тізілі­міне енгізіл­ген. Сон­дай-ақ қазір аталған ком­па­ни­я­ның жос­па­рын­да ҚХР-дың тағы 4 про­вин­ци­я­сы бар.

Еуро­па­лық нары­ққа жылқы етін экс­порт­тау мәсе­лесі де маңы­зды тақы­рып­тар­дың біріне айнал­ды. Еске сала кет­сек, қазан айы­ның басын­да Фран­ци­яда өткен Мал шару­а­шы­лы­ғы сам­ми­ті аясын­да фран­цуз еліне жылқы етін жет­кі­зуді ұйым­да­сты­ру бой­ын­ша ынты­мақ­та­стық тура­лы келісім­ге қол қой­ы­лған бола­тын. Бүгін­де шаруа және фер­мер­лік қожа­лы­қтар Фран­ци­яға жылқы етін экс­порт­та­уға қызы­ғу­шы­лық таны­тып отыр.

Инве­сти­ци­я­ның игілі­гін көру керек

Пре­зи­дент Үкі­мет өкіл­дерін Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на 50 млн дол­лар­дан аса қар­жы салуға дай­ын инве­стор­лар­ды қол­да­уға шақыр­ды. Осы тап­сыр­ма бой­ын­ша инве­сти­ци­я­лық шта­б­тың жұмысы қай­та қара­лып, күшей­тіліп отыр. Ірі инве­сти­ци­я­лық жоба­лар бөлек қара­лып, туын­дай­тын бар­лық мәсе­ле жеке-жеке шешілетін болды.

Жал­пы, бүгін­де эко­но­ми­ка­ның бар­лық сала­сы­на 32 трлн тең­ге­ге 1 мыңға жуық инве­сти­ци­я­лық жоба­ның жал­пы­ұлт­тық пулын іске асы­ру жалға­сып жатыр. 2023 жылы 1,8 трлн тең­ге­ге 298 жоба қол­да­ны­сқа енсе, 2024 жылы жал­пы көле­мі 3,8 трлн тең­ге­ге 326 жоба іске асырылмақ.

Алай­да мем­ле­кет бас­шы­сы инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды іске асы­руға қаты­сты кедер­гілер­дің аймақтар­да жиі болып тұра­ты­нын атап өтті.

«Әкім­дер инве­сти­ция тар­ту­дың орны­на, ескі әдет­ке салып, бюд­жет қара­жа­ты­на сеніп оты­ра­ды. Ал аймақтарға барып, жұмыс істе­гісі келетін инве­стор көп­те­ген тосқа­уы­лға тап бола­ды. Жер­гілік­ті билік көп жағ­дай­да ешқан­дай әре­кет жаса­май­ды неме­се инве­стор­ды әуре-сар­саңға сала­ды. Соның кесірі­нен кәсіп­кер жоба­сын кей­ін­ге шеге­реді неме­се бір­жо­ла тоқта­туға мәж­бүр бола­ды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуын­ша, аймаққа жеке инве­сти­ция тар­ту – әкім­дер­дің басты мін­деті. Жал­пы, бар­лық мем­ле­кет­тік орган ел эко­но­ми­ка­сы­на мей­лін­ше көбірек инве­сти­ция тар­туға баса мән беру­ге тиіс.

Ал Үкі­мет тара­пы­нан пре­зи­дент пәр­менін мүл­тіксіз орын­да­уға ептеп тыры­су­шы­лық бар. Атап айтқан­да, пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры Серік Жұманға­рин Қытай ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы Орта­лық коми­тетінің Біры­ңғай фронт жұмыс бөлі­мі мини­стрінің орын­ба­са­ры және Бүкілқы­тай­лық өнер­кәсіп және сауда феде­ра­ци­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Шэнь Инмен кез­де­сті. Сол сәт­те ол қытай іскер топ­та­ры­на Қаза­қстанға қант зауыт­та­рын салуға инве­сти­ция құю­ды ұсын­ды. Соны­мен қатар, асты­қты терең өңдеу кәсі­по­рын­да­ры­ның санын арт­ты­руға қызы­ғу­шы­лық бар екенін атап өтті. Өйт­кені Қытай Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на инве­сти­ция сала­тын топ‑5 елдің қата­ры­на кіреді. Был­тыр екі ел ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы 30% өсіп, рекорд­тық 41 млрд дол­ларға жет­кен бола­тын. Биыл бірін­ші жар­ты­жыл­ды­қтың қоры­тындысы бой­ын­ша, тау­ар айна­лы­мы шама­мен 20% өсіп отыр.

Еске сала кет­сек, 2005 жыл­дан бері Қытай­дан Қаза­қстанға тар­ты­лған жал­пы инве­сти­ция көле­мі 25 млрд дол­ларға жуы­қтаған. Ал был­тыр тіке­лей қытай­лық инве­сти­ци­я­лар көле­мі 15% өсіп, 1,6 млрд дол­лар­дан асты. Соның нәти­же­сін­де қазір елі­міз­де қытай капи­та­лы­ның қаты­суы­мен 30 мыңға жуық бір­лес­кен ком­па­ния табысты жұмыс істеп жатыр. Олар­дың шама­мен 4/1‑і соңғы жылы ғана қосылды.

Одан бөлек, елі­міз­де­гі инве­сти­ци­я­лық жоба­лар пулын­да жеңіл өнер­кәсіп­ке қаты­сты 60-қа жуық жоба бар. 2025 жылға дей­ін іске қосы­ла­тын ол жоба­лар бой­ын­ша 10 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Көлік мини­стр­лі­гі де елі­міз­де­гі көлік әле­уетін дамы­туға 500 млн еуро инве­сти­ция тар­туға келісім жаса­ды. Ол қара­жат­ты мини­стр­лік пен Еуро­па­лық инве­сти­ци­я­лық банк ара­сын­да қол қой­ы­лған мемо­ран­дум шең­берін­де тар­ту жос­пар­ла­нып отыр. Бұл рет­те министр Марат Қара­ба­ев Брюс­сель­де Еуро­па­лық инве­сти­ци­я­лық банк­тің вице-пре­зи­ден­ті Тере­за Чер­вин­ска­я­мен кез­де­сті. Тарап­тар Еуро­па мен Орта­лық Азия ара­сын­дағы көлік бай­ла­ны­ста­рын дамы­ту­дың негіз­гі аспек­тілері тура­лы келіс­сөз­дер жүргізді.

Әрине, бұл – «бар мін­дет­ті мини­стр­лер ғана мой­ны­на алып, әкім­дер­дің бәрі қол қусы­рып құр отыр» деген сөз емес. Мей­лін­ше тал­пы­ныс таны­тып жатқан өңір бас­шы­ла­ры да бар. Мыса­лы, Жам­был облы­сы­ның әкі­мі Ербол Қара­шө­ке­ев Тараз­да өткен KazАgroZhambyl-2024 халы­қа­ра­лық ауыл шару­а­шы­лы­ғы фору­мын­да бірқа­тар елдің іскер топ­та­ры­ның өкіл­дері­мен кез­де­сті. Сон­да олар­мен бір­ге инве­сти­ци­я­лық бай­ла­ны­стар­ды жолға қою, өза­ра тиім­ді ынты­мақ­та­сты­қты нығай­ту мәсе­ле­лерін талқы­ла­ды. Нәти­же­сін­де қазір Shouguang Agricultural Development Group Limited ком­па­ни­я­сы өңір­де 100 гек­тарға дей­ін­гі аумақты қам­ти­тын ірі жылы­жай кешенін салу­ды жос­пар­лап отыр. Оған қоса, өңір­дің жеміс-көкөніс сала­сын дамы­ту әле­уетіне Shandong Shouguang Vegetable Industry Group Co ком­па­ни­я­сы да қызы­ғу­шы­лық таны­тқан. Осы екі ірі жылы­жай кешенін іске қосу­дың өзі – Жам­был облы­сы үшін елі­міз­ге жеміс-көкөніс өнім­дерін ірі жет­кі­зу­шілер­дің бірі болуға мүм­кін­дік береді.

Өзі­міздің инве­стор – Kazakh Industrial stroi ЖШС 7 мил­ли­он дол­ларға бетон өндіретін зауыт сал­мақ. Қазір серік­те­сте өндіріл­ген бетон төсе­мі суа­ру арна­ла­рын салу мен қай­та жаңғыр­ту­да сәт­ті қол­да­ны­лып жүр. Бұл – су арна­ла­ры­ның қыз­мет ету мерзі­мін ұзар­туға және судың жоға­луын едәуір азай­туға жақ­сы мүм­кін­дік. Там­шы­ла­тып суа­ру жүй­е­лерін шыға­ра­тын зауыт салу – ірі жоба­лар қата­рын­да. Жам­был облы­сы­ның «KAZ Кас­пий ГИДРО ауыл шару­а­шы­лы­ғы тех­но­ло­ги­я­сы» ком­па­ни­я­сы да бұл жобаға 6 мил­ли­он дол­лар көле­мін­де инве­сти­ция салуға ниетті.

Осы жетістік­тен өзге де өңір бас­шы­ла­ры үлгі алса игі.

Шетел­дік ком­па­ни­я­лар­мен ынты­мақ­та­стық артты

Инве­сти­ция тар­тқан соң шетел­дік маман­дар­дан тәжіри­бе алып, солар­мен бір­ге нәти­желі жұмыс істеу де маңы­зды. Осы орай­да, Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрі Қанат Шар­ла­па­ев Қытай және Оңтүстік Корея ком­па­ни­я­ла­ры­мен бір­лесіп, Қараған­ды облы­сы­ның Саран қала­сын­да тұр­мыстық тех­ни­ка шыға­ра­тын болға­ны­мы­зды мәлімдеді.

«Тұр­мыстық тех­ни­ка өндірісін қытай­лық HTC Corporation ком­па­ни­я­сы және Оңтүстік Коре­я­ның Samsung Electronics ком­па­ни­я­сы сияқты жаңа инве­стор­лар­ды тар­ту арқы­лы (12 млрд тең­ге инве­сти­ция, қуат­ты­лы­ғы 400 мың тех­ни­каға дей­ін) Саран қала­сын­дағы Silk Road Electronics ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсі­по­рын база­сын ұлғай­ту жұмысы жүр­гізіліп жатыр», — деді ол.

Ал Сыр­тқы істер мини­стрі Мұрат Нұр­тілеу Аустри­яда құры­лыс, логи­сти­ка және маши­на жасау сала­ла­рын­дағы жетек­ші ком­па­ни­я­лар­дың бас­шы­лы­ғы­мен кез­де­сті. Сон­да Lasselsberger Group ком­па­ни­я­сы­ның бас атқа­ру­шы дирек­то­ры Йозеф Лас­сел­с­бер­гер­мен сұх­бат бары­сын­да Аста­на­да кера­ми­ка­лық тақтай­ша­лар, құрғақ құры­лыс қос­па­ла­ры мен құры­лыс желім­дерін өнді­ру бой­ын­ша инве­сти­ци­я­лық жоба­ның іске асы­ры­луы талқы­лан­ды. Жоба импорт­ты алма­сты­руға бағыт­талған және 200-ден аса жұмыс орнын құру­ды көздейді.

Одан кей­ін Gebrüder Weiss ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры Воль­фрам Зен­гер-Вайс­спен кез­де­су бары­сын­да ком­па­ни­я­ның Қаза­қстан­да муль­ти­мо­даль­ды жүк тасы­мал­да­уын кеңей­ту, сон­дай-ақ А кла­сты қой­ма тер­ми­нал­да­ры­ның желісін ұлғай­ту жос­пар­ла­ры талқыланды.

Соны­мен қатар, Plasser & Theurer ком­па­ни­я­сы­ның бас атқа­ру­шы дирек­то­ры Йохан­нес Макс-Той­ре­рмен кез­де­су өтті. Тарап­тар елі­міздің темір­жол­да­рын цифр­лан­ды­ру бой­ын­ша пилот­тық жоба­ны іске асы­ру бары­сын қарас­тыр­ды. Жоба жос­пар­лы-сақтан­дыр­ма­лық жөн­деу жұмыста­рын оңтай­лан­ды­ру­ды, темір­жол құрам­да­ры­ның қозға­лыс жыл­дам­ды­ғы мен қауіп­сізді­гін арт­ты­ру­ды көздейді.

Бұл рет­те Lasselsberger ком­па­ни­я­лар тобы – шикі­зат, құры­лыс мате­ри­ал­да­ры мен кера­ми­ка­лық жабын­дар­дың жетек­ші өндіру­шілерінің бірі. Оның құра­мы­на әлем­нің 27 елін­де жұмыс істей­тін 13 мың­нан астам қыз­мет­кері бар 67 өндірістік кәсі­по­рын кіреді. Ал Gebrüder Weiss ком­па­ни­я­сы­ның тарихы XV ғасыр­дан баста­ла­ды. Ком­па­ния көлік­тік-логи­сти­ка­лық қыз­мет­тер­дің толық спек­трін ұсы­на­ды. Оның халы­қа­ра­лық желісі 34 елде­гі 180 фили­ал­ды және 8 400 қыз­мет­кер­ді қам­ти­ды. Ком­па­ни­я­ның айна­лы­мы 3 млрд еуро­дан аса­ды. Plasser & Theurer ком­па­ни­я­сы бол­са, 70 жыл­дық тарихы бар және темір­жол­дар­ды күту, жөн­деу мен салу үшін жол­дық маши­на­лар­ды өндіру­де және шешім­дер табу­да әлем­дік көш­бас­шы. Ком­па­ни­я­ның жол­дық маши­на­ла­ры 110 елде жұмыс істейді.

Бұлар­дан тыс, Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стр­лі­гі өзі­міздің және шетел­дік инве­стор­лар Қаза­қстан­да авто­бөл­шек­тер өндірісін дамы­туға 410 млрд тең­ге бөл­гелі оты­рған­да­рын хабар­ла­ды. Бұл рет­те Коре­я­дан тран­зит­тік тасы­мал­дар­ды іске асы­ру тура­лы уағ­да­ла­сты­ққа қол жет­кізіл­ген. Сеул­де өткен жұмыс кез­де­суін­де темір­жол көлі­гі­мен тасы­мал­дау үдерісін оңтай­лан­ды­ру мәсе­ле­лері талқы­ла­нып, Қытай­дан тран­зит­тік тасы­мал­дар­ды дамы­ту­дың негіз­гі бағы­ты айқын­далған. Осы­лай­ша, Қаза­қстан үшін Коре­я­дан Орта­лық Азия елдеріне авто­көлік­тің қосалқы бөл­шек­терін тран­зит­тік тасы­мал­да­уды іске асы­ру тура­лы маңы­зды уағ­да­ла­сты­қтарға қол жет­кізіл­ді. Енді KTZ Express АҚ CRCT және Hyundai, General Motors авто­көлік кон­церн­дері­мен бір­лесіп, бөл­шек­тер­ді жақын ара­да жет­кі­зе баста­уды жос­пар­лап отыр.

Ал Ұлт­тық эко­но­ми­ка вице-мини­стрі Бауы­р­жан Құдай­бер­ге­нов қан­ша шетел­дік ком­па­ни­я­ның өз өндірістік база­сын Қаза­қстанға көшіруді жос­пар­лап оты­рға­нын айтты.

«Біздің тізім­де 30-дан аса елден 400-ге жуық ком­па­ни­я­ның нақты нәти­же­лері бар. Бүгін­де құны 1,5 мил­ли­ард дол­лар­дан аса­тын inDrive, TikTok сияқты 41 ком­па­ния бар. Тағы 37 ком­па­ния бой­ын­ша жұмыс жүр­гізіліп жатыр», — деді вице-министр.

Оның айтуын­ша, бұл жұмыстар­ды жыл соңы­на дей­ін аяқтау жос­пар­ланған. Сол «көшуді» жос­пар­лап оты­рған алпа­уыт­тар­дың дені өңде­уші өнер­кәсіп­пен, IT-ком­па­ни­я­лар­мен, соны­мен қатар тау-кен өнер­кәсібі­мен айналысады.

Сон­дай-ақ пре­мьер-мини­стр­дің бірін­ші орын­ба­са­ры Роман Скляр Hyundai Motor Group ком­па­ни­я­сы­ның атқа­ру­шы вице-пре­зи­ден­ті Ким Донг Вук­пен кез­де­сті. Оның аясын­да Қаза­қстан­да авто­көлік өнер­кәсібін дамы­ту­дың негіз­гі мәсе­ле­лері қарал­ды. Айта кет­сек, бұл ком­па­ния Қоста­най­да авто­көлік шыға­ра­тын зауыт құры­лы­сын был­тыр жыл соңын­да бастаған бола­тын. Оған 200 млн дол­лар инве­сти­ция тар­ты­лып отыр. Сон­ды­қтан жылы­на 70 мың авто­көлік шыға­ра­тын зауыт Оңтүстік Коре­я­дан тысқа­ры елде­гі алға­шқы ірі өндіріс орны бол­мақ. Зауыт 1,5 мың адам­ды, ал бір-бірі­мен бай­ла­ны­сты сала­лар­ды есеп­ке алған­да, 2 мыңға жуық адам­ды жұмыспен қам­ти­ды деп жоспарланған.

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың өзі Қаза­қстанға ресми сапар­мен кел­ген ҚХР Мем­ле­кет­тік кеңесі пре­мьерінің орын­ба­са­ры Лю Гочжун­ды қабылдады.

«Был­ты­рғы жыл қоры­тындысы бой­ын­ша, екі ел ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы 40 мил­ли­ард дол­ларға жет­ті. Бұл – рекорд­тық көр­сет­кіш. Біз мұны 100 мил­ли­ард дол­ларға дей­ін жет­кі­зуді көз­деп отыр­мыз. Осы мақ­сатқа қол жет­кізу­ге бола­ды», – деді сон­да Қасым-Жомарт Тоқаев.

Енді Қаза­қстан 2029 жылға қарай экс­порт көле­мін 45 млрд дол­ларға жет­кізіп, Қытай­мен ара­дағы сауда-сат­ты­қты күшей­туді жос­пар­лап отыр. Бұл тура­лы Сауда және инте­гра­ция мини­стрі Арман Шаққа­ли­ев мәлім­деді. Оның айтуын­ша, қазір Таяу Шығыс елдеріне сұра­ны­сы жоға­ры тоңа­зы­ты­лған қой еті, құс еті және субөнім­дер сияқты жоға­ры маржа­лық тау­ар­лар­ды жет­кі­зуді ұлғай­ту пысы­қта­лып жатыр.

Пре­мьер-министр Олжас Бек­те­нов те өз кезе­гін­де Rhenus Group ком­па­ни­я­лар тобы­ның басқар­ма төраға­сы Тоби­ас Бартц­пен көлік-логи­сти­ка сала­сын­дағы ынты­мақ­та­стық мәсе­ле­лері бой­ын­ша кез­де­су өткізді. Айта кет­сек, Rhenus Group әлем­де­гі ең ірі 25 логи­сти­ка­лық ком­па­ни­я­ның қата­ры­на кіреді және Еуро­па­да 70 тер­ми­нал желісіне иелік ете­ді, соны­мен қатар кон­тей­нер түрін­де 22 тер­ми­на­лы бар. Сон­ды­қтан Тоби­ас Бартц Қаза­қстан­ның жаһан­дық логи­сти­ка­дағы нығай­ып келе жатқан рөлін атап өтті және тер­ми­нал­дық қуат­тар­ды ұлғай­ту үшін қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­ды тар­та оты­рып, жаңа аумақтар құруға қызы­ғу­шы­лық танытты.

Сон­дай-ақ «Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғын­да пре­мьер-мини­стр­дің бірін­ші орын­ба­са­ры Роман Скляр­дың, Гер­ма­ния эко­но­ми­ка­сы Шығыс коми­теті басқар­ма­сы­ның төраға­сы Катри­на Кла­ас-Мюль­хой­зер­дің қаты­суы­мен Бер­лин Еура­зи­я­лық клу­бы­ның 40-мерей­той­лық оты­ры­сы өтті. Оған мем­ле­кет­тік және жеке сек­тор өкіл­дері, Гер­ма­ни­я­ның CLAAS, CT AGRO GmbH, Knauf International GmbH, Atlas International GmbH секіл­ді жетек­ші ком­па­ни­я­ла­ры­ның бас­шы­ла­ры қатысты.

«Рес­пуб­ли­ка­мы­здағы инве­сти­ци­я­лар қауіп­сізді­гі мен жоға­ры сая­си тұрақты­лы­қты мой­ын­да­удың маңы­зды бел­гісі – Гер­ма­ния Феде­рал­ды Үкі­метінің Қаза­қстан­ды ынты­мақ­та­стық орна­ту үшін инве­сти­ци­я­лық кепіл­дік­тер берудің жеңіл­дік­ті тәр­тібі қол­да­ны­ла­тын 34 мем­ле­кет­тің тізі­міне қосуы бол­ды», – деді сон­да Роман Скляр.

Өз кезе­гін­де Катри­на Кла­ас-Мюль­хой­зер Қаза­қстан Гер­ма­ни­я­ның Орта­лық Ази­ядағы ең маңы­зды серік­тесі екенін баса айтты.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрінің орын­ба­са­ры Ермек Кен­же­ханұ­лы бол­са, түр­ки­я­лық Saraylım Tarım ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы Ылы­д­жа Муста­фа­мен кез­де­су өткізді. Кез­де­су бары­сын­да екі тарап инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды іске асы­ру­дағы ынты­мақ­та­стық мүм­кін­дік­терін талқылады.

Saraylım Tarım – Түр­кия Рес­пуб­ли­ка­сын­да жеміс пен көкөніс сақтау сала­сын­да жетек­ші ком­па­ния. Қой­ма­ла­ры­ның сый­ым­ды­лы­ғы – жылы­на 14 мың тон­на жеміс-жидек, ал өңдеу қуа­ты – жылы­на 35 мың тон­на. Saraylım Tarım өнім­дері әлем­нің 18 еліне экс­порт­та­ла­ды. Енді ком­па­ния біздің елде қуа­ты 5 мың тон­на көкөніс қой­ма­сын салуға мүд­делі. Сон­дай-ақ сір­ке суы мен көкөніс кон­сервісін өндіруді жолға қою ниеті бар. Жобаға салы­нған инве­сти­ция сома­сы – 15 млн доллар.

Келесі жетістік – биыл Қаза­қстан мен Фран­ция ара­сын­дағы АӨК өні­мінің тау­ар айна­лы­мы 67 млн дол­лар­ды қам­ты­ды. Бұл тура­лы Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Айдар­бек Сапа­ров пен Фран­ци­я­ның Қаза­қстан­дағы елшісі Силь­ван Гио­генің кез­де­суін­де айтыл­ды. Сон­дай-ақ олар Danonе ком­па­ни­я­сы­ның қуа­тын арт­ты­ру және Limagrain ком­па­ни­я­сы­ның тұқым өндірісін Қаза­қстан аумағын­да оқша­у­лау жөнін­де­гі жоба­ны іске асы­ру мәсе­лесін талқылады.

Мыса­лы, жылы­на Danone зауы­тын­да жал­пы көле­мі 18 мың тон­на жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ашы­ты­лған сүт өнім­дерінің 50-ден аса ата­уы өндіріледі. Оның 40%-ы Орта­лық Азия, Кав­каз және Моңғо­лия елдеріне экс­пор­тқа жіберіледі. Кәсі­по­рын йогурт өнді­ру үшін тек қаза­қстан­дық фер­мер­лер­дің сүтін пайдаланады.

Еркеға­ли БЕЙСЕНОВ

Республиканский еженедельник онлайн