Воскресенье , 29 июня 2025

«Қазақфильмнен»«Еуразияға» дейін

Қаза­қстан­дағы кино­ин­ду­стри­я­ның жағ­дайы қан­дай? Сол баяғы жоға­ры­ға жағым­паз­да­ну­шы­лы­қтың асқы­нған фор­ма­сы – ләп­бай тақ­сыр­лық. Ең сұм­ды­ғы – күн­нен-күн­ге тамыр жай­ып, қау­лап өрши түс­кен бұл дауа­сыз дерт жап-жас шене­унік­тер­дің тір­шілік ету сал­ты­на айна­лып барады.

Мәсе­лен, қазір­гі «Қаза­қ­фильм» бас­шы­лы­ғы­на келіп-кетіп жатқан біліксіз бас­шы­лар­дың қолы­нан бар келетіні – кино сала­сы­нан түк хаба­ры жоқ, қазақ кино­сы­ның келе­шек тағ­ды­ры үшін бас қаты­рып еш алаң­да­май­тын, қай­та қыз­мет бабы мен лау­а­зым тетік­терін асы­ра пай­да­ла­ну арқы­лы сүй­е­гіне біт­кен жемқор­лы­қ­пен айна­лы­су­дан басқа мақ­сат-мұра­ты жоқ, Аста­на мен Алма­ты­ның алақол шене­унік­тері тара­пы­нан қан­дай да бір тап­сыр­ма беріл­се, тіп­ті ол «Қаза­қ­фильм» мен қазақ кино­сы­ның түбіне жетуді көз­дей­тін заң­сыз пәр­мен бол­са да, еш қар­сы кел­мей, сөз­сіз бас шұлғып орын­дай беру. Одан қал­са – әкім­шілік құры­лым­дар­дың заң­на­ма­лық және қар­жы­лық сек­тор­ла­рын­да істеп, қар­жы жымқы­ру мен оның құжат­та­рын «заң­ды» рәсім­деу «өнерін» асқан шебер­лік­пен мең­гер­ген әбжіл шене­унік­тер­ден «гра­би­тель­ная ком­па­ния» құрып алып («Қаза­қ­фильм­ді» бақы­лай­тын бір анти­кор өкілінің сту­дия бас­шы­сы­на бер­ген баға­сы), тона­уды жалға­сты­ру, кол­лек­тив­ке қырғи­дай тию, ұжым іші­нен «бұл қалай, оның не?» деген бас­кө­те­ре­рлер­дің соңы­нан шам алып түсу, бәрі­нен де сорақы­сы – онсыз да тұра­лап тұрған «Қаза­қ­фильм­нің» шта­тын қысқарту.

Өткен­де сон­дай бір басты­қ­сы­мақтан әзер құтыл­дық. Аузым­ды жиып үлгер­генім жоқ – осы жол­дар­ды жазып оты­рға­ным­да, «Қаза­қ­фильм­нің» Рысқұ­лов көше­сі, 101 мекен­жай­ын­да орна­ласқан «Кино­про­кат» ғима­ра­ты мен оған тиесілі жерін Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гі алып қоюға жұмыста­нып жатқан­ды­ғы тура­лы суық әрі суыт хабар келіп жет­ті. Маған түс­кен нақты ақпа­ратқа сүй­ен­сем, Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гі мен Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі ара­сын­да «Қаза­қ­фильм­нің» Рысқұ­лов көше­сі бой­ын­дағы жері мен ғима­ра­тын қала әкім­шілі­гінің балан­сы­на өткізіп беру тура­лы афе­ра­лық келісім­дер жүріп жатқанға ұқсай­ды. Мұны афе­ра­лық демес­ке ама­лы­мыз жоқ, себебі сонау 90-жыл­дар­дағы жап­пай тона­у­шы­лық талан-тара­жы­нан ғай­ып­тан тай­ып аман қалған, тіп­ті күні кеше ғана қаза­қтың өнері мен кино­сы­ның басы­на тарқа­ма­стай қара бұлт үйіріп кет­кен А.Мұхамедиұлының өзі сатып жібе­ру­ге қан­ша әре­кет­тен­се де, тісі бат­паған, дәлірек айтқан­да, ебін таба алмаған, сөй­тіп әупірім­деп аман қалған­ды­ғы­ның арқа­сын­да қазір­гі көк тиын­сыз қалған қиын-қыстау шақта «Қаза­қ­фильм­ге» ай сай­ын тұрақты кіріс кір­гізіп тұрған­ды­ғы себеп­ті кино­сту­дия үшін бір­ден-бір табыс көзі болып оты­рған осы­нау нысан­дар­ды қала­лық әкім­шілік­ке аяқ асты­нан алып беруді амал­дап жатқан қала әкі­мі Е. Доса­ев­ты не түлен түрт­ті екен? Біре­уді түлен түр­те­ді, ал қаза­қтың ынсап­сыз шене­уні­гін қашан да өзін­дей бір жемқор – түген түрт­пек. Мұның артын­да әлі күн­ге шей­ін тас­ба­уыр жетім қозы секіл­ді – отыз жыл бойы түр­тініп еміп жүріп, қаза­қтың дәу­летін сүлік­тей сорған 162 оли­гарх­тың пәлен-түген­дерінің бірі, яки бір тобы тұрған­ды­ғы анық.

Тарқа­тып айтар бол­сақ, мәсе­ле мына­да: Рысқұ­лов көше­сін­де­гі ғима­рат­тар, олар­дың іші мен сыр­ты қазір­гі күн­де «Қаза­қ­фильм» тара­пы­нан жалға беріліп, одан ай сай­ын түсетін бір­не­ше мил­ли­он қар­жы­мен кино­сту­дия өз еңбек­кер­лерінің жалақы­сын толық бол­ма­са да, іші­на­ра өтеп отыр. Себебі мем­ле­кет­тік қар­жы­лан­ды­ру­дан 2019 жыл­дан бастап толық «ажы­ра­ты­лған» Шәкен Айма­нов атын­дағы «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сын­да соңғы жыл­да­ры кино өндірісі мүл­де дер­лік тоқтаған­ды­қтан, әзір­ге бос тұрған ғима­рат­та­рын жалға беру арқы­лы күнін көру­де. Тоқ етерін айтқан­да, осы Рысқұ­лов көше­сін­де­гі кино­сту­дия жерін­де орна­ласқан бұл ғима­рат­тар – ай сай­ын бір­не­ше мил­ли­он тең­ге табыс тауып, «Қаза­қ­фильм­ді» толық банк­рот болу­дан сақтап тұрған жалғыз күн­көріс көзі болып табы­ла­ды. Ал «Қаза­қ­фильм­нің» Әл-Фара­би – Гага­рин көше­лерінің қилы­сын­дағы нары­қтық баға­мен құны бір­не­ше жүз мил­ли­он дол­лар тұра­тын 17 гек­тар жеріне көз алар­тып жүр­ген жемқор топ­тың көз­деп оты­рға­ны – осы «мил­ли­ар­дер жер­ді» өңе­ш­тері­нен өткізіп алу. Алай­да Рысқұ­лов көше­сін­де­гі табыс­кер ғима­рат­та­ры тұрған­да, «Қаза­қ­фильм­ді» жай­дан-жай банк­рот қылу оңай­ға түс­пек емес. Осы­ны біл­ген «ескі қаза­қстан­дық» клан өкіл­дері Рысқұ­лов көше­сін­де­гі ғима­рат­тар­ды Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гінің балан­сы­на өткізіп алып, ары қарай ебін тауып жеке­ше­лен­діріп алу арқы­лы түп­кі мақ­сат­та­ры­на жет­пек­ші. Бұл афе­ра­ны біліп қалған Кино­гер­лер одағы өзі­міздің мини­стр­лік­ке осы мәсе­ле­ге түсінік беру­лерін талап етіп, хат жазған еді. Неге екені бел­гісіз, жау­ап кел­мей, кеше­уіл­деп жатыр. Деген­мен, кино­гер­лер мини­стр­лік­тің берер көз алдау жау­а­бын күн ілгері сезіп отыр. Менің­ше, келетін жау­ап­тың нобайы былай бол­мақ: «Рысқұ­лов көше­сін­де­гі «Қаза­қ­фильм» ғима­рат­та­ры қат­ты тозған­ды­қтан, апат­ты жағ­дай­да тұр. Апат­ты жағ­дай­да тұрған ғима­рат­тар­ды жөн­де­у­ге және оны ұстап тұруға не «Қаза­қ­фильм­де», не мини­стр­лік­те қар­жы жоқ, сон­ды­қтан бұл ғима­рат­тар­ды Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гінің қара­мағы­на өткізу­ге мәж­бүр­міз». Өз басым тура осын­дай маз­мұн­дағы хат­тың келетініне бек сенемін.

Содан кей­ін­гі сце­на­рий қалай өрбі­мек дей­сіз­дер ғой? Мұнан соң Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гі аталған ғима­рат­тар­дың жарам­ды­лы­ғын тек­се­ру үшін, «Қонды­гер­дің ауыр қолын­дай» арнайы комис­сия аттан­ды­ра­ды. Әлгі комис­сия, әрине, ғима­рат­тар­дың апат­ты жағ­дай­да тұрған­ды­ғы тура­лы жалған қоры­тын­ды шыға­ра­ды, содан кей­ін бұл ғима­рат­тар, дәлірек айтқан­да, құны жүз­де­ген мил­ли­он дол­лар тұра­тын жер телім­дері жеке­ше­лен­діру­ге жіберіліп, осы ала­яқтық жоба­ның басы-қасын­да жүр­ген­дер­ге саты­ла­ды. Осы­лай­ша «Қаза­қ­фильм­нен» ала­яқтық жол­мен алы­нған жер­дің орны­на жаңа зәулім үйлер, бәл­кім, сауда нысан­да­ры бой көтер­мек. Бір гек­тар­дай жер­ге қан­дай тәуір үйлер салуға бола­ты­нын көз алда­ры­ңы­зға еле­с­те­те беріңіздер.

Ал соңғы табыс көзі­нен айы­ры­лған «Қаза­қ­фильм­нің» жағ­дайы күрт мүш­кіл­ден­бек, яғни банк­рот болуға жақын­дай түс­пек. Осы­лай­ша тыным­сыз титы­қта­ту арқы­лы «ескі Қаза­қстан» клан­да­ры «Қаза­қ­фильм­ді» банк­рот қылып, 17 гек­тар жерін қол­да­ры­на түсіріп алмақ. Жал­пы айтқан­да, шама­мен осы бағыт­тағы сце­на­рий әзір­ле­ну­де. Мұның осы­лай бол­мағы бесе­не­ден бел­гілі. Өйт­кені осын­дай қитұрқы схе­ма­лар­мен соңғы отыз жыл ішін­де стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар қан­ша­ма мем­ле­кет­тік объ­ек­тілер қол­дан жасалған банк­ро­тқа ұшы­рап, ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кетті.

Әрине, кино­гер­лер қауы­мы болып жатқан осы­нау бас­сызды­қтарға бей-жай қарап, үнсіз төзіп оты­ра алмақ емес. «Қаза­қ­фильм­нің» қарыс сүй­ем жерін жемқор­ларға «жегіз­беу» үшін қар­сы­лы­қтың қан­дай түріне де баруға әзір. Өйт­кені Шәкен Айма­нов, Сұл­тан Қожы­қов, Абдол­ла Қар­сақ­ба­ев, Мәжит Бега­лин, Әмен Қай­да­ров, Ораз Әбі­шев сын­ды ұлы режис­сер­лер­дің, Елу­бай Өмір­за­қов, Нұр­мұқан Жан­төрин, Әну­ар Мол­дабе­ков, Қасым Жәкі­ба­ев, Әми­на Өмір­за­қо­ва тәрізді ұлт кино­сы саңлақта­ры­ның қолы­ның табы, таба­ны­ның ізі қалған киелі шаңы­рақ – «Қаза­қ­фильм­ді» арсызды­қ­пен талан-тара­жға салу­ды осы есім­дері аталған ұлы­лар­дың ару­ақта­рын қор­лау деп білеміз.

«Қаза­қ­фильм­ге» жыл сай­ын осы­лай қара бұлт төніп, басы­нан дау кет­пе­уі – арда­гер кино­гер­лері­міз­ге де оңай тимей отыр. Мәсе­лен, аға буын клас­сик­тері­міз – Асанәлі Әші­мов, Нұр­жұ­ман Ықтым­ба­ев, Меру­ерт Өте­ке­шо­ва сын­ды кори­фей­лері­міз бен басқа да қазақ кино­сы­ның саңлақта­ры ғұмы­ры­ның мәніне балаған сүй­ік­ті кино­сту­ди­я­сы­ның жоға­ры­да оты­рған жемқор­лар тара­пы­нан көз­дерін­ше тала­у­ға ұшы­раға­ны­на, өздерінің бала­ла­ры­нан кіші, неме­ре­лері­мен жасты жемқор жас буы­нға көзі тірісін­де мазақ болға­ны­на күйінеді.

Осы­лай­ша күл­лі қазақ қоға­мы­ның көз алдын­да ұлт кино­сы­ның өткенін жой­ып, келе­ше­гіне бал­та шабу сая­са­ты жүр­гізіліп жатыр. Сон­ды­қтан тарих­та қара­бет болып қалғы­ла­ры­ңыз кел­ме­се, бұл афе­ра­ны «жүзе­ге асы­ра­мын» деушілер, аяқта­ры­ңы­зды осы жер­ден тар­ты­ңы­здар! Өйт­кені най­за­ның ұшы­нан қалам­ның ұшы – мәң­гілік. Най­за­мен бір шене­унік­ті жаза­ла­у­ға бол­са, қалам­ның ұшы­мен кез кел­ген шене­унік­тің өзі түгілі 7 ұрпағын тарих алдын­да қара­бет қылуға бола­ды. Сон­ды­қтан қара тақтаға мәң­гілік­ке жазы­лып қал­маңы­здар, ұлт кино­сы мен «Қаза­қ­фильм­нің» жеріне көз алар­ту­шы шенеуніктер!

Апы­рай дей­сің осын­дай­да шара­сызды­қтан күй­ініп – біз­ден басқа жұрт­тар ұлт­тық кино­сы­на мем­ле­кет­тік маңыз беріп, төл кино­сын әлем­ге таны­ту үшін жан­та­ла­сып жатқан­да, біздің шен­ділер қазақ кино­сын қол­дан тұн­шы­қты­рып өлті­ру әре­кет­терін жай­лап жүзе­ге асы­ру­да. Рысқұ­лов көше­сі, 101 мекен­жай­ын­дағы «Қаза­қ­фильм» жерін­де орын алып жатқан шетін жағ­дай­лар – осы­ның бір көрінісі.

Вьет­нам­ды­қтар­дың ән-күйі шалқы­ған осы­нау дүбір­лі патиін тама­ша­лап тұрып, шама­мен осын­дай ойлар кештім. Расын­да, мені «Еура­зия» фести­валінің қазір­гі бей­ша­ра күйі, оған соңғы рет 2022 жылы бөлін­ген 441 мил­ли­он тең­ге қар­жы­ның ұлт­тық киноға қаты­сы жоқ қай­дағы бір ала­яқтар­дың қолын­да кет­кені еріксіз қын­жы­лт­ты. Егер әлем­дік кино өнерінің ірі тұлға­ла­ры мен жарық жұл­ды­зда­ры шақы­ры­лған ауқым­ды фести­валь өткізілер бол­са, әрине, бұл қар­жы ауыз шаюға да кел­мей­ді, деген­мен өзбек, қырғыз, әзір­бай­жан­ды, жал­пы түр­кі мем­ле­кет­терінің кино­гер­лерін шақы­рып, шағын, бірақ маз­мұн­ды фести­валь өткізу­ге бола­тын еді. Бусан да басын­да өз жолын шағын­дап өткі­зу­ден бастаған ғой. Қазір Бусан қай­да, «Еура­зия» қай­да?! «Ех»… деп, ішің­нен тына­сың да қоя­сың. Қазір­гі күн­де Бусан­ның жал­пы бюд­жеті бір­не­ше мил­ли­он дол­лар­ды құрай­тын көрі­неді. Осы­ған дей­ін Бусан­ды Оңтүстік Корея үкі­меті мен оның әлем­ге таны­мал алпа­уыт ком­па­ни­я­ла­ры қар­жы­лан­ды­рып кел­се, биыл фран­цуз­дың әйгілі «Шанель» ком­па­ни­я­сы бас деме­уші болуға қуа­на келіс­кен деседі. Бұдан басқа ірілі-ұсақты жүз­де­ген ком­па­ния биы­лғы Бусан­ның биік дің 278 кино­сын жыл бой­ы­на жиып алып, еркін буса­нып жатыр.

Ал біз­де ше, сол бөлін­ген шама­лы қар­жы­ның өзін талан-тара­жға салып, қол­ды қыла­ды да, келесі­ге дей­ін аузын қу шөп­пен сүр­тіп оты­ра­ды. Кино­ны былай қой­ған­да, мені қаза­қтың бір ісін­де пер­спек­ти­ва жоқты­ғы қай­ран қал­ды­ра­ды әрі шошын­ды­ра­ды. Қаза­қтың ісінің үне­мі: «Басы таудай, аяғы қыл­дай болып» бітетіні несі екен? Жары­қтық Мұқаға­ли қалай айтқан: «Бір ісім бар басталған, баста­ла салып тасталған». «Еура­зия» осы­лай болып жатқан­да, көр­ші өзбек­тің Таш­кент фести­валін де құдай ұрғанға ұқсай­ды. Бусан­да жүріп естідік, қысқа­ша айтқан­да, мәсе­ле былай болып­ты: Таш­кент халы­қа­ра­лық фести­валінің ашы­луы­на екі күн қалған­да өзбек билі­гі келе жатқан қонақтарға: «Кел­мей-ақ қой­ы­ң­дар!» деген, ал Таш­кент­ке келіп алған­дарға «Қай­ты­ң­дар!» деп әмір бер­ген. Өстіп жол­дан қай­тқан­дар­дың айтуын­ша, мұн­дай құлақ естіп, көз көр­ме­ген қор­лық әлем­дік кино тарихын­да осы уақы­тқа шей­ін бол­маған. Болған сұм­ды­ққа әлем­дік киноқа­уым­да­стық нара­зы­лық біл­діру­де, бірақ сая­си мәде­ни­ет­тен жұр­дай өзбек билі­гі бұл бас­сызды­ғы үшін кешірім де сұра­маған. Сөй­тіп өзбек билі­гі­нен көңілі қалған әлем кино­гер­лері бұл елге аттап бас­пас­тай болыпты.

Әгәрәки, биыл «Еура­зи­я­ның» әзір­лі­гіне екі ай ғана уақыт беріл­генін есті­се, Қаза­қстан да әлем­дік киноқа­уым­да­стық алдын­да масқа­ра бол­мақ және осы­дан соң «Еура­зия» да Таш­кент фести­валінің кебін құшпақ. «Кебін құшу­ды» мен бекер айтып оты­рған жоқ­пын, қала­сақ та, қала­ма­сақ та, біздің «Еура­зи­я­ның» күні батуға таяу. Менің­ше, қаза­қтың «Еура­зи­я­сы­ның» түбіне оры­стың «Евра­зи­я­сы» жете­ді. Иә, иә, дәл солай! Өйт­кені биыл Мәс­кеу қала­сын­да I халы­қа­ра­лық «Евра­зия» фести­валі өткен. Ал оның төраға­сы кім дей­сіз­дер ғой? Естеріңіз­де ме, жеңіс парадын өткі­зу­ден бас тар­тқа­ны үшін қаты­ны Симо­ньян еке­уі қазақ билі­гіне доқ көр­сет­кен Тиг­ран Кео­са­ян деген итар­шы бар еді ғой. Ресей билі­гі осы Кео­са­ян­ды биыл алғаш өткен «Евра­зия» фести­валінің дирек­то­ры қылып тағай­ын­даған. Мақ­сат айқын – қаза­ққа деген жаулық пиғыл­дағы Кео­са­ян­ды айдап салу арқы­лы Қаза­қстан­дағы «Еура­зи­я­ның» түбіне жету. Осы­дан кей­ін кино­фе­сти­валь­ді, жал­пы кино­ны сая­сат демей көр. Қаза­қстан­ды сырт көз­ге де-юре бол­ма­са да, де-факто билеп-төстеп оты­рған­дай әсер қал­ды­ра­тын Ресей елі­міздің идео­ло­ги­я­лық кеңісті­гін, оның ішін­де кино мәсе­лесін де бақы­ла­уда ұстағы­сы келеді. Ресей үшін Қаза­қстан­ды әлем­дік қауым­да­сты­ққа жар­на­ма­лай­тын төл кино фести­валі бол­мауы керек. Осы себеп­ті Ресей Қаза­қстан­ның «Еура­зия» фести­валін көзі­мізді бақы­рай­тып қой­ып, тапа-тал түсте тар­тып алып отыр. Бұған біздікілер үнде­мей­ді. Үнде­мей қоя сал­са жақ­сы ғой, біздің кино­ның өкіл­дері «құт­ты бол­сы­нға» барып қай­тқан ғой. Барып қай­тқа­ны – беріп қай­тқа­ны ғой. «Еура­зи­я­ны» айтам. Ұят-ай! Өйт­кені «Бір той­да екі жар бол­май­ды» демек­ші, Ресей үшін екі «Евра­зия» фести­валі болуы мүм­кін емес. Сон­ды­қтан біздікілер «Еура­зи­я­ны» Ресей иелі­гіне өз еркі­мен беретін сияқты ғой. Соңғы ақпа­рат көз­дері осы­лай дей­ді. Олай бол­са – қош, «Еура­зия»!

Айтып айт­пай не керек, түп­теп кел­ген­де, Қаза­қстан мен Өзбек­стан халы­қа­ра­лық кино­фе­сти­валь­дер өткі­зе алмай­тын елдер­дің сана­ты­на кіру­де. Сөз жоқ, бұл ел ими­джіне нұқ­сан кел­тіретін кем­шілік. Жал­пы Орта­лық Азия мем­ле­кет­тері әлі күн­ге дей­ін бір­де-бір кино­фе­сти­валін халы­қа­ра­лық дең­гей­ге көте­ре алмай келеді. Тәп-тәуір басталған «Еура­зия» халы­қа­ра­лық фести­валі бұл күн­дері “галоч­ка” үшін өткізілетін жағ­дай­сыз, жұпы­ны кино­жиын болып қал­ды. Таш­кент фести­валінің түрі анау – жер-жаһанға масқа­ра болып отыр. Соңғы жыл­да­ры қырғы­здар тыры­сып көру­де. Бірақ Қырғыз­стан сияқты кедей мем­ле­кет­ке жоға­ры дең­гей­де халы­қа­ра­лық фести­валь өткі­зу қол емес. Қар­жы қол­бай­лау болып, ертең-ақ тығы­ры­ққа тірел­мек. Тәжік пен түр­кі­мен­ді тіп­ті сөз қылуға кел­мей­ді. Бағы ашыл­маған бұл екі елді жылы жауып қой­ған­нан басқа амал жоқ.

Осы­лай­ша біз 2010–2013 жыл­да­ры өз зама­ны­ның мене­джері Ермек Аман­ша­ев­тың басқа­руы­мен және сол кез­де­гі мәде­ни­ет мини­стрі Мұх­тар Құл-Мұха­мед­тің қол­да­уы­мен бағы жанып келе жатқан «Еура­зия» халы­қа­ра­лық фести­валінің түбіне жет­тік. Одан кей­ін мәде­ни­ет билі­гіне мене­джер­сы­мақ Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы кел­ді. Осы­дан соң-ақ ішін­де ұлт­тық кино да бар – әбден тұра­лаған мәде­ни­еті­міздің кете­уі кетіп сала бер­ді. Содан бері кете­уі күрт кетіп, бір­ден күй­реп түс­кен ұлт мәде­ни­еті мен өнерінің қазір­гі хал-жайы реани­ма­ция төсе­гіне таңы­лған үміт­сіз науқа­стың хәлі тәрізді. Оған жан беру­ге талап қылған Үкі­мет көрі­нер емес. Мәде­ни­ет­сіз тобы­рға ие болу мәде­ни­ет­ті халы­қты басқа­ру­дан әлдеқай­да оңай екенін олар Назар­ба­ев­тан артық біліп алғанға ұқсай ма, қалай? Әйт­пе­се «Еура­зия» фести­валін қар­жы­лық, басқа да ресур­стар­мен жет­кілік­ті қам­та­ма­сыз етіп, мей­лін­ше көр­кей­тіп, гүл­ден­дір­ген­де, ол бүгін­гі әлем кино­ин­ду­стри­я­сы­ның үздік фести­валь­дерінің бірі, өзінің құр­да­сы Бусан­нан әсте кем бол­мас па еді. Тілек­ті Құдай бер­меді деген осы да.

Қазір Үкі­мет азын-аулақ қар­жы бөліп, «Еура­зия» фести­валін тірілт­кісі келетін ниеті бар сияқты. Бірақ бұл еш бол­май­тын шаруа. Қалып­тасқан жүй­есі жоқ, қар­жы­сы кем­шін кедей фести­валь­ге ешкім кел­мей­ді. Кино­ин­ду­стри­я­ның бір қағи­да­сы – осы. Мәсе­лен, Гер­ма­ни­я­ның Бер­лин­нен кей­ін екін­ші сана­ла­тын халы­қа­ра­лық Мюн­хен кино­фе­сти­валінің басқа шығын­да­рын былай қой­ған­да, жүл­де қоры­ның өзі 150 мың евро екен! Кино­гер жұрт мұн­дай бәй­ге­ге қалай талас­па­сын?! Ал даңқы дүние жүзіне жай­ы­лған атақты Канн фести­валін бір дүр­кін өткі­зу бюд­жеті бұл күн­де 20 мил­ли­он еуро­дан асқан. Фран­ция үкі­меті бюд­жет қар­жы­сын хан­нан аяса да, Кан­нан аямайды.

Енді мына қызы­қты қараңыз, осын­ша көл-көсір ақша төк­кен 2017 жылғы өткен Канн фести­валі­нен қала бюд­жетіне 197 мил­ли­он еуро түс­кен, яғни кет­кен шығын­ды он есе жапқан! Сол сияқты Канн – әлем­де елінің пре­зи­ден­ті қаты­са­тын сана­у­лы фести­валь­дер­дің бірі. Мәсе­лен, биы­лғы Канн төрін­де Фран­ци­я­ның пре­зи­ден­ті Мак­рон­ның өзі отыр­ды. Жыл сай­ын солай. Ал Бусан­да қала мэрі, бей­не­леп айтқан­да, фести­валь қонақта­ры­ның қолы­на су құй­ып жүреді. Шір­кін-ай дей­сің осын­дай­да, біздің Доса­ев сияқты әкім­дер осы­лай Бусан сын­ды халы­қа­ра­лық фести­валь өткізіп, ішін­де мұр­ны­на су жет­пей өзі жүр­се, қан­дай жара­сым­ды және кім қой демек? Алай­да біздің әкім-қара­лар­дың ондай ауқым­ды дүни­е­лер­ді ойла­у­ға әрі жүзе­ге асы­руға мас­шта­бы жет­пей­ді, біздің шене­унік­тер­дікі тек жеп қалу, асап қалу. Әйт­пе­се Доса­ев­тың әкім­шілі­гі Рысқұ­лов көше­сін­де­гі «Қаза­қ­фильм» ғима­ра­тын алып қою «жоба­сы­на» білек сыба­на кірі­сер ме еді?!

Еліңді аудан­сыздар биле­се, қиын екен ғой. Не өзіңнің, не өнеріңнің, жал­пы мәде­ни­етің мен ғылы­мы­ң­ның көк тиын­дық құны бол­май­ды. Шір­кін-ай дей­сің, тағы да «Еура­зия» деп сиы­қ­сыз атал­са да («Ала­тау» неме­се «Хан Тәңірі» халы­қа­ра­лық фести­валі деп атал­са, қан­дай жақ­сы), қазақ үкі­меті осы фести­валь­ді халы­қа­ра­лық дең­гей­ге көте­руі керек еді. Оған қазақ билі­гінің қары­мы еркін жететін еді. Егер «Еура­зия» фести­валі «А» кла­сы дәре­же­сін иеленіп, халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі бедел­ді кино­фе­сти­валь­ге айналған­да, стра­те­ги­я­лық жағы­нан өте қолай­лы – Еуро­па мен Ази­я­ның қақ орта­сын­да орна­ласқан Қаза­қстан үшін бұл кино­ин­ду­стри­я­лық бағыт­та өте ұтым­ды жүзе­ге асқан халы­қа­ра­лық жоба болар еді. Мұны енді қолға ала­тын Үкі­мет жоқ, өйт­кені қазір­гі билік­те мұн­дай ауқым­ды жоба­лар­ды жүзе­ге асы­ра ала­тын мем­ле­кет­шіл тұлға­лар – білік­ті кадр­лар қалған жоқ. Жал­пы, біздің елде киноға деген қызы­ғу­шы­лық бәсеңсіп, тіп­ті жой­ы­лу үстін­де. Мыса­лы, Бусан­нан кел­гелі апта­дан асты, алай­да фести­валь жөнін­де сау­ал қой­ып, бір жур­на­лист хабар­ласқан жоқ.

Содан, ешкім­ге кере­гі бол­ма­са да, кино­ның айна­ла­сын­да жүр­ген­дер­ге бір қажеті болар, бәл­кім, жоға­ры­да жүр­ген аза­мат­тар­дың бірін ойлан­ды­рар, енді бірін толған­ды­рар деген оймен Бусан­дағы көр­ген-біл­ген, түй­ген­дерім­ді ФБ парақ­ша­ма жазып отыр­мын. Әйт­пе­се мұн­дай фести­валь­ге барып кел­ген­дер «аш құлақтан – тиыш құлақ» дей ме – жұмған ауы­зда­рын ашпай­ды ғой. Дұрыс емес негізі. Көр­ген-біл­генін жаз­ба­са, ортаға ой таста­ма­са, қоғам­дық пікір қалай қалып­тас­пақ? Қоға­мға қарай ашық пікір айтыл­маған соң, ел ішіне қай­дан сәу­ле түс­пек? Мен осы ұста­ным тұрғы­сы­нан жаза­мын. Жарат­паған­дар мен жақтыр­маған­дарға – «Өз сөзім – өзім­дікі» (Абай).

Енді түй­ін­дей­ін. Осы­лай­ша Бусан­да ең алды­ңғы үштік­ке ілі­гіп, 278 жүй­рік­тің іші­нен мәре­ге еркін кел­ген «Әбіл» сол жер­де-ақ жан-жақтан жиы­лған халы­қа­ра­лық кино өкіл­дерінің «тала­пай­ы­на» түсті. Мәсе­лен, тап осы жер­ден «Әбіл» Гер­ма­ни­я­ның Мюн­хен халы­қа­ра­лық фести­валіне, одан кей­ін Шве­ци­я­ның бас фести­валі – Гете­борг халы­қа­ра­лық кино­фе­сти­валіне, тағы басқа бір­не­ше фести­валь­ге шақыр­ту алды. Сөй­тіп бір фести­валь­ге қаты­са­мыз деп, бір­не­ше кино бәй­ге­ге шақыр­ту алып, олжа­лы қайттық.

Ал «Әбіл» үшін бәй­ге жаңа бастал­ды және мұның жеңісті һәм жемісті бола­ры сөз­сіз. Соның алға­шқы ныша­нын­дай, «Әбіл» филь­мі дәл осы күн­дері Hong Kong Asian Film Festival-іне қаты­су­да. Гон­конг­та өтіп жатқан осы­нау фести­валь­дің «New Talant Award» кон­кур­стық бағ­дар­ла­ма­сын­да бақ сынай­тын ол қара­ша айы­ның 8, 9, 16 күн­дері дәл Бусан­дағы­дай тура үш дүр­кін көр­сетіл­мек. Қазір үйде оты­рып, жер­дің түбін­де­гіні білетін заман – билет­тер­дің үш көр­сетілім­ге де қарқын­ды саты­лып жатқа­нын онлайн бақы­лау арқы­лы көру­ге бола­ды. Міне, осы­лай ұлы мұхит жаға­сын­дағы Бусан шаһа­ры­нан шығып, бір шеті мен бір шеті алты айшы­лық – Тынық мұхи­тын көк­тей өтіп, Үнді мұхи­ты­ның Гон­конг ара­лы­на келіп жет­кен біздің «Әбіл» осын­да өтіп жатқан бәй­ге­ге түсу­ге бел бай­лап­ты. Одан кей­ін Атлант мұхи­ты жаға­ла­уы елдеріне қарай жел­кен кермек.

Жолың бол­сын, «Әбіл»! Жол­да­сың Қыдыр болғай!

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, әнші, өнер­та­ну­шы,

Шәкен Айма­нов атын­дағы «Қаза­қ­фильм» АҚ «Қаза­қа­ни­ма­ция» ШБ редакторы,

Республиканский еженедельник онлайн