Пятница , 4 июля 2025

Қазақстандағы сот саласы ЖАБЫҚ корпорацияға айналды

Абзал ҚҰСПАН

– Билік­ке жақын интер­нет ресур­стар арқы­лы сіздің сот­тарға қаты­сты депу­тат­тық сау­а­лы­ңы­зға «шабуыл» басталған сияқты. Алды­мен газет оқыр­ма­ны­на сол сау­ал­дың мән-маз­мұ­нын айтып беріңізші?

– Шыны­мен де, депу­тат­тық сау­ал жари­я­ланған күн­нен бастап мұн­дай ақпа­рат­тық шабуыл­дың бірін емес, бір­не­ше­уін бастан өткер­дім. Ең алғаш осы депу­тат­тық сау­ал жари­я­ланған күні Tengrinews.kz бастаған бірқа­тар ақпа­рат сайт­та­ры «Депу­тат судья­лар­дың үсті­нен пре­мьер-мини­стр­ге шағым­дан­ды» деп, менің депу­тат­тық сау­а­лым­ның толық мәнін жари­я­ла­май, қазақ және орыс тілін­де қысқа-шолақ мақа­ла­лар жари­я­ла­ды. Иә, бұл депу­тат­тық сау­ал пре­мьер-мини­стр­ге бағыт­тал­ды. Қол­да­ны­стағы регла­мент бой­ын­ша, бірін­ші­ден, біз Жоғарғы сот төраға­сы мен Пре­зи­дент­тің әкім­шілі­гіне, Қауіп­сіздік кеңесіне депу­тат­тық сау­ал жол­дай алмай­мыз. Осы­лай деп регла­мент­пен шек­тел­се, басқа кім­ге жол­да­уым керек? 

Екін­ші­ден, дәл сол кез­де Үкі­мет­те осы судья­ларға қаты­сты заң жоба­сы қара­лып жат­ты. Заң жоба­сы біздің Мәжіліс­ке түс­кен жоқ. Осы­ған бай­ла­ны­сты «міне, сіз­дер заң жоба­сын қарас­ты­рып жатыр­сыздар, халы­ққа жақын­да­ты­ңы­здар, мынан­дай кон­цеп­ци­яда нор­ма­лар­ды көз­де­ген­деріңіз жөн» деп негіз­де­ген­мін. Бірақ соны сіз айтып оты­рған­дай, билік­ке жақын сайт­тар депу­тат­тық сау­ал­да анық-қанық жазы­лып тұрған сол сөз­дер­ді толы­ғы­мен көр­сет­пей, өздеріне ыңғай­лы теріс маз­мұн­да жари­я­лаған екен. 

– Сон­да бұл шабуыл­дың мақ­са­ты не болған деп ойлайсыз?

– Ол мақ­сат­ты ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дан сұрау керек. Ал маған қар­сы жари­я­ланған сол интер­нет желілерін­де­гі пост­тар­дың астын­да жари­я­ланған ком­мен­та­рий­лер­ден бұл шабуыл­дың шыны­мен-ақ ұйым­да­сты­ры­лға­нын айқын аңға­руға болады.

Ол аз десеңіз, пост­тар­дың астын­да нешетүр­лі кеке­ту-мұқа­ту­лар да толып тұр. «Бұл заң біл­мей­ді екен ғой! Пре­мьер-министр судья­ларға не істей ала­ды? Анаған жари­я­ла­май ма, мынаған жари­я­ла­май ма?» деген маз­мұн­да ақпа­рат­тық шабуыл­дың біраз толқы­ны сол кез­де өткен еді.

– Ал енді уақыт өте келе, осы­ған орай қан­дай сарап­та­ма­лық тұжы­рым жасадыңыз? 

– Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 3‑бабы, 1‑бөлігіне сәй­кес, билік­тің жалғыз қай­нар көзі – халық деп көр­сетіл­ген! «Судья­лар­дың тәу­ел­сізді­гі» деген ұғым олар халы­қтан жоға­ры тұра­ды деген­ді біл­дір­ме­се керек-ті! Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес, халық аты­нан билік­ті жүзе­ге асы­ру үш тар­мақтан тұра­тын билік орга­ны­на жүк­тел­ген, олар – Үкі­мет, Пар­ла­мент және сот билі­гі. Билік­тің алға­шқы екі тар­мағы­на қаты­сты халық, яғни елі­міздің аза­мат­та­ры сай­лау арқы­лы, жылы­на бір рет­тен кем емес есеп алу арқы­лы әсер ете ала­тын бол­са, үшін­ші – сот билі­гіне келер бол­сақ, судья­лар­ды қыз­мет­ке тағай­ын­дау, боса­ту, тәр­тіп­тік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту про­цесінің ешқай­сысы­на ел аза­мат­та­ры ара­лас­пай­ды. Бұрын­да­ры сот алқа және сот төраға­ла­ры дең­гей­ін­де аза­мат­тар­ды қабыл­дай­тын, қазір ол прак­ти­ка­ны да толық тоқтат­ты. Сал­да­ры­нан Қаза­қстан­дағы сот сала­сы бүгін­гі күні жабық кор­по­ра­ци­яға айналды.

Іс жүзін­де жер­гілік­ті жер­де­гі судья өзі­нен жоға­ры тұрған сот бас­шы­лы­ғы­мен жақ­сы бол­са – бол­ды, қан­дай жағ­дай орын алса да, оның басын­дағы бір тал шашы түспейді. 

Был­тыр өзім сай­ланған округ әрі туған жерім БҚО, Жаңақа­ла ауы­лын­да аудан­дық судья­ның бой­жетіп қалған қызы аудан халқын әле­умет­тік желі арқы­лы қарғап-сілеп, тура мағы­на­сын­да боқтап-балағат­тай­ды. Судья кәме­лет­ке тол­маған бала­ның әкесі ретін­де аудан халқы­нан басын иіп, кешірім сұра­удың орны­на, керісін­ше, аудан халқы аты­нан әділ­дік іздеп, адво­кат жал­дап, сотқа барған 6 аза­мат­пен сот­та­сып, олар­дың әрқай­сысы­нан 100 мың тең­ге­ден 600 мың тең­ге ақша өндіріп алды. Ондай жағ­дай өз басым­нан да өткен. Одан кей­ін, адво­кат­тық тәжіри­бем­де бір жарым бет­тік қаулы­да 74 қате жібер­ген, сот про­цесін­де қай­та-қай­та қорыл­дап ұйы­қтап кет­кен, ман­са­бын пай­да­ла­нып, қай­тыс болған ірі биз­не­смен­нің аты­на өзінің қызын жаз­ды­рып, кей­ін биз­не­смен­нің отба­сы­мен мұра­гер­лік мүлік­ке таласқан судья­лар тура­лы кезін­де әле­умет­тік желі­де ашық жазған едім. Нәти­же­сін­де «судьяға құр­мет­сіздік көр­сет­кенім үшін» өзім­нің үстім­нен қыл­мыстық іс қозға­лып, сау басы­ма сақи­на тілеп алған­дай болғам. Ал ол судья­лар түк бол­маған­дай, күні бүгін­ге дей­ін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аты­нан сот төрелі­гін жүзе­ге асы­ру­да. Жал­пы бұн­дай деректер­ді тіз­бе­лер бол­сақ, көп­теп кездеседі.

– Енде­ше «неге олай?» деген сұраққа жау­ап іздеп көрелікші?..

– Бұл ара­дағы мәсе­ле кезін­де сот­тар өздеріне ыңғай­лап жазы­лған нор­ма­тив­тік актілер­де жатқа­нын көреміз.

Соның бірі 2001 жылғы пре­зи­дент Жар­лы­ғы­мен бекітіл­ген «Сот жюриі тура­лы» ере­же. Оған сәй­кес, судья­лар­дың тәр­тіп­тік жау­ап­кер­шілі­гін ЖСК (Жоғарғы сот кеңесі) жанын­дағы құра­мы 9 адам­нан тұра­тын комис­сия, яғни жюри шешеді, жюридің 6 ада­мы судья­лар­дың өздері бол­са, 1 ЖСК мүше­сі, 1 заң­гер, 1 адво­кат­тан тұра­ды. Бұн­дай жағ­дай­да қан­дай объ­ек­тив­тілік болуы мүм­кін? Мыса­лы, адво­ка­ту­ра сала­сын­да облы­стық және РАА жаны­нан тәр­тіп­тік кеңе­стер құры­лған, онда халы­қтың аты­нан депу­тат­тар қаты­са­ды, олар­дың қата­рын­да осы Мәжілі­стен де әріп­те­стерім бар.

Жал­пы, «ескі Қаза­қстан» кезін­де судья­ларға қой­ы­ла­тын білік­тілік талап­та­рын сақта­май, кім көрін­ген судья­лық лау­а­зы­мға қол жет­кізіп кет­кені жасы­рын емес. Ол тура­лы басқа емес, сол сот сала­сы­ның бас­шы­лы­ғын­да болған аза­мат­тар­дың өздері де уақы­тын­да ашық айт­ты, судья­лар­ды айып­тау орган­да­ры­ның шеші­мін заң­да­сты­рып беретін нота­ри­устарға да теңеді. Енді халық осын­дай судья­лар­дан тура мағы­на­сын­да зардап шегуде.

– Мұн­дай судья­лар­дан құты­лу­дың ама­лы жоқ па? 

– Бірін­ші­ден, судья­лар жабық құры­лы­мға айнал­ды. Ол ешқан­дай дәлел­ді қажет етпей­тін факт. Кез кел­ген аза­мат­тың, осы кез­ге дей­ін сотқа күні түс­кен адам­ның бәрінің басын­дағы жағ­дай. Жоғарғы сот­тың төраға­сы аза­мат­тар­ды қабыл­да­май­ды. Иә, «қабыл­дай­мыз» деп ақта­ла­ды. Бірақ шын мәнін­де оның қабыл­да­уы­на ешкім кіре алмай­ды. Ол – осы сала­дағы жұмысты үйле­стіру­ші бір­ден-бір тұлға. Сот сала­сын­дағы өте маңы­зды лау­а­зым­гер. Сон­дағы айта­ты­ны: «сот дей­тін – әрқай­сысы тәу­ел­сіз судья­лар» тыр­нақ­ша­ның ішін­де айтқан­да, өздерінің ойын­ша тәу­ел­сіз. Сон­ды­қтан «олар­дың бар­лы­ғын қабыл­да­сам да, ешқан­дай рөлім жоқ қой», дейді.

Шын­ды­ғын­да, қан­дай тәу­ел­сіз екен­ді­гін біз жақ­сы біле­міз. Облы­стық сот­та – облы­стық сот­тың төраға­сы, мыса­лы үшін, рес­пуб­ли­ка­лық мағы­на­сы бар қала­лар­да – қала­лық сот­тың төраға­сы, олар­дың алқа төраға­ла­ры: қыл­мыстық істер бой­ын­ша – қыл­мыстық істер жөнін­де­гі алқа төраға­сы, аза­мат­тық істер бой­ын­ша – аза­мат­тық істер жөнін­де­гі алқа төраға­сы және әкім­шілік істер бой­ын­ша – әкім­шілік істер жөнін­де­гі сот алқа төраға­ла­ры шын мәнін­де өз сала­сын­дағы істер­ге толы­ғы­мен жау­ап­ты. Оны бәрі­міз де білеміз.

Мысал ретін­де облы­сты алып көрей­ік­ші. Облыс көле­мін­де көп­те­ген судья­лар бар. Сол облы­стық сот­та бір­не­ше аудан­ды бірік­тіріп, кура­тор тағай­ын­далған. Ресми ондай қыз­мет жоқ, бірақ бір­не­ше ауданға облы­стық сот­та бір-бір кура­тор тағай­ын­далған. Әрбір аудан­дағы судья­лар үкім шыға­рар кез­де, шешім қабыл­дар кез­де: қыл­мыстық іс бой­ын­ша – үкім, аза­мат­тық іс бой­ын­ша – шешім, әкім­шілік іс бой­ын­ша – қау­лы қабыл­дай­ды. Енді әкім­шілік іс бой­ын­ша келісім алды деп айта алмай­мын, бірақ қыл­мыстық және аза­мат­тық істер бой­ын­ша өздерінің кура­тор­ла­ры­на келіп, солар қан­дай үкім шығар десе, соны тағай­ын­дай­ды. Ол бар­лы­ғы­мы­зға айқын. Мен осы­ны мең­зеп айтып отыр­мын: ақы­ры осын­дай жүй­е­ден құты­ла алмай отыр екен­сіз­дер, онда аза­мат­тар­ды қабыл­даңы­здар, өздеріңіз де істің мән-жай­ын түсініп, жете ұғы­ны­ңы­здар және жал­пы ұйым­да­сты­ру бағы­тын­да да ол шешім­дер қабыл­да­нуы керек дей­мін. Бірақ соған бой бер­мей­ді. «Біз­де судья­лар­дың бәрі шын мәнін­де тәу­ел­сіз, біз оны қабыл­да­уға тиісті емес­піз» дейді. 

Содан кей­ін тағы бір айта­рым: өздері шек­те­улі бір гра­фик қой­ып қой­ған. Алай­да Мәжілістің қоғам­дық қабыл­дау бөлі­міне күніне келіп жатқан жүз­де­ген аза­мат­тар­дың бар­лы­ғы­ның айтуы бой­ын­ша: «Біз ешқа­шан еш уақыт­та Жоғарғы сот төраға­сы­ның қабыл­да­уын­да болып көр­ген емес­піз», – дей­ді. Сон­ды­қтан бұлар «біз­де тәу­ел­сіз» деп, толы­ғы­мен өздерін тәу­ел­сіз санап, қыз­метін өздеріне өте қолай­лы қылып алды. Мұның қара­пай­ым ғана дәлелі – күні кеше ғана Батыс Қаза­қстан облы­сы, Орал қала­сын­да қала­лық сот­тың төраға­сы екі заң қорға­у­шы­мен бір­ге пара алған­ды­ғы үшін ұсталды.

Ал сон­да, егер олар тәу­ел­сіз бол­са, қала­лық сот­тың төраға­сы­на заң қорға­у­шы­лар неге пара апа­рып береді? Ол іс тіп­ті оның өзінің өндірісін­де бол­маған, басқа судья­ның өндірісін­де болған. Атын атап, түсін түсте­мей-ақ қояй­ын. Күні кеше ғана болған жағ­дай ретін­де айтып отыр­мын. Әйт­пе­се ол аза­мат­тар­дың бар­лы­ғын тани­мын. Жал­пы жағ­дай­ды іштей біле­мін. Сон­ды­қтан бұл бар болға­ны халы­ққа ашы­ғы­рақ болай­ы­қ­шы деген ұсы­ны­сым ғана еді. 

– Ал сіздің тұжы­рым топ­шы­ла­у­ы­ңыз бой­ын­ша, екін­ші себеп қандай?

– Халы­қты қабыл­да­мауы – бір себеп бол­са, ең негіз­гі екін­ші себебі – сол кез­де Жоғарғы сот­тың кас­са­ци­я­лық алқа­сы кас­са­ци­я­лық істер­ді қара­ма­ды. Яғни, бір судья аза­мат­тың кас­са­ци­я­лық шағы­мын қарау кезін­де кас­са­ци­я­лық сот өндірісін қозға­уға негіз жоқ деп, жар­ты парақ қағаз­бен қай­та­рып жібе­реді. Бұрын кас­са­ция мәні бой­ын­ша қарай­тын. Артын­ша екі жақтың тарап­та­ры мен заң қорға­у­шы­ла­ры келетін, про­ку­рор қаты­са­тын. Адам өзінің бар­лық ойын қағазға түсі­ре алмаған­ды­қтан, сот жазу сөзі бола­тын. Сол кез­де қағазға түсі­ре алмаған ойын ауыз­ша эмо­ци­я­мен жет­кі­зетін. Бұл сол кас­са­ци­я­лық саты­ны қал­пы­на кел­тіріңіз деген бағыт­та беріл­ген депу­тат­тық сау­ал бола­тын. Кей­ін кас­са­ци­я­лық сот­ты құр­ту – бұл өз алды­на бөлек бір әңгі­ме. Оны кей­інірек бір сұх­бат­та қам­ти кетермін. 

Яғни, бірін­ші себеп – Жоғарғы сот төраға­сы­нан бастап, алқа төраға­лар аза­мат­тар­ды қабыл­да­уға ашық бол­са деген, қазір бұл сын­нан кей­ін, алқа төраға­лар аза­мат­тар­ды аздап қабыл­дай баста­ды деп естідім.

Екін­шісі – кас­са­ци­я­лық сот алқа­сын қал­пы­на кел­ті­ру керек, бұры­нғы­ша мәніне қара­сын. Оны да іші­на­ра өзгер­ту­ге қол жет­кі­зу депу­тат­тық сау­ал арқы­лы жүзе­ге асады.

– Жал­пы, Жоғарғы сот әкім­шілі­гі деген кім? Ол немен айна­лы­са­ды деген сұраққа жау­ап бере кетіңізші…

– Ол былай­ша айтқан­да, судья­лар­ды жұмысқа алып, іс жүзін­де тағай­ын­да­та­тын орган. Қан­дай да бір құқық бұзу­шы­лық жасаған судья­лар бол­са, соларға қаты­сты тәр­тіп­тік шара­лар­ды қол­да­на­тын осы Жоғарғы сот әкім­шілі­гі. Жал­пы, бір сөз­бен айтқан­да, олар судья­лар­дың қыз­метін үйле­стіру­мен айна­лы­са­ды. Енді түсінік­ті болу үшін айт­сам, «Бұны Пре­зи­дент тағай­ын­дай­ды», «Пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен тағай­ын­да­ла­ды», «Сот бас­шы­лы­ғы­ның оған қаты­сы жоқ» деп біре­улер айтып жата­ды. Әрине, тіке­лей қаты­сы бар. Қалған­да­ры бос сөз. Мыса­лы, Маңғы­стау облы­сы Бей­неу аудан­дық соты­ның судья­сын Пре­зи­дент қай­дан тануы мүм­кін, оны қай­дан біледі? Оның үстіне қыз­мет­ке тағай­ын­дау тура­лы бір жар­лық қалып­ты деген кез­де. Онда ондаған, жүз­де­ген адам­ның тізі­мін бір­ден алып келеді. Сол себеп­ті Пре­зи­дент­тің атын пай­да­ла­ну Назар­ба­ев­тың кезін­де енген жүйе.

Бір жағы­нан, судья­лар­дың беделін көте­ру үшін ол дұрыс шешім болған шығар. Бірақ негізі осы сот сала­сы­ның кадр­лық сая­са­ты­на бір­ден-бір жау­ап­ты – Жоғарғы сот әкім­шілі­гі. Тәр­тіп­тік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған кез­де қарас­ты­ра­тын оның өз комис­си­я­сы бар. Ол кілең судья­лар­дан тұра­ды, адво­ка­ту­ра­дан бір ғана өкіл, заң­гер­лер­ден бір ғана өкіл, қалған­да­ры, былай­ша айтқан­да, іс жүзін­де­гі судья­лар. Қоға­мға неге ашық емес­сіз­дер деп осы­ны айтып, даб­ыл қағып отырмын.

Мыса­лы үшін, қазір­гі таң­да қоғам­да қан­дай абсурд­тық жағ­дай қалып­та­сты? Бұрын Кеңес жүй­есі кезін­де судья­лар халы­қтың алдын­да әлдеқай­да ашық бол­ды. Халы­ққа әлдеқай­да жақын бол­ды деп есеп­тей­мін. Мысалға алар бол­сақ, аудан­дық дең­гей­де іс қараған кез­де судья­ның қасын­да екі халық сот алқа билері бол­ды. Олар­дың еке­уі де ауыл­дың қара­пай­ым тұрғын­да­ры. Олар ауыл­дағы елдің, халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гі­мен, жағ­дай­ы­мен жете таныс. Ал қазір судья бір өзі шешім қабыл­дай­ды. Жаңа айтқан­дай, жоға­ры­дағы бас­шы­ла­ры­ның, кура­тор­ла­ры­ның бер­ген нұсқа­уы­мен үкім шыға­ра­ды. Ол ауыл­дағы анау адам­ның жағ­дай­ын біліп, тіп­ті түсініп оты­рған жағ­дай­дың өзін­де де, оны еске­ре алмайды.

Былай­ша айтқан­да, мате­ма­тиктер сияқты, жай ғана қада­лып жазы­лған фор­му­лаға салып, ресми түр­де сот үкім­дерін шыға­ра­ды. Судья – оты­рған бір тап-таза, кір­шіксіз бейне. Бұл жер­де түсінік­ті болу үшін айтай­ын: мыса­лы, бір ауыл­да бір бап­пен екі адам­ның ісі бөлек-бөлек қарас­ты­ры­ла­ды, еке­уі де ұрлық жаса­ды. Бұрын халық сот алқа билері алды­на келіп, «бұның үйін­де­гі тәр­би­есі дұрыс, бірін­ші рет осын­дай жағ­дай жасап отыр. Сон­ды­қтан бір жолға кешірім­мен қара­уға бола­ды» деп айтып, сот үкі­міне өздерінің тара­пы­нан әсер ете ала­тын. Ол ада­мға дәл сон­дай жағ­дай­да екін­ші рет сот­та іс қарал­са, сол кез­де алқа билер: «Бұның отба­сы осын­дай, бұл жігіт­тің үсті­нен бұрын­нан әңгі­ме жүр. Бұл жігіт­ті кіш­кене ана жаққа жіберіп алма­са бол­май­ды» деген сияқты ақыл-кеңе­стерін береді және оны судья бас­шы­лы­ққа ала­тын еді. Ал қазір іс жүзін­де судья­да ондай ерік-жігер жоқ деп айт­сақ бола­ды. Өйт­кені мәсе­ленің бәрін сол зал­да болып жатқан істі «тірі­дей» көр­мей­тін, эмо­ци­я­ның бар­лы­ғын сезін­бей­тін кура­тор­лар шешіп оты­ра­ды. Онда тек қана санк­ция бой­ын­ша 5 жыл ма – 5 жылға сот­тау керек; бар­лық жер­де сот­тап жатыр ма – бұл жер­де де сот­тап жібе­ру керек бола­ды. Қазір­гі сот жүй­есі адам­ның бір жеке мән-жай­ын еске­ру­ге қауқар­сыз. Мен осы­ны айтып отыр­мын. Міне, осын­дай тұстар­дың бар­лы­ғын үйле­стіретін – негізін­де Жоғарғы сот әкім­шілі­гі. Олар қазір бәрін ада­ми қарым-қаты­на­ста емес, әбден меха­ни­ка­лан­ды­ры­лған деп айт­сам да қателеспеймін.

Мен судья­ларға, өзім­нің әріп­те­стерім мен жол­даста­ры­ма осы­ның бар­лы­ғын айтып жүре­мін. Олар қара­пай­ым судья­лар, өзім­мен бір­ге оқы­ған топ­тас жігіт­тер, доста­рым бар, қыз­мет бабы бой­ын­ша ара­лас-құра­лас болып жүр­ген әртүр­лі судья­лар бар, олар­дың бар­лы­ғы бір ауы­здан: «Біз­ге ешқан­дай мүм­кін­дік қал­ды­рған жоқ. Мына жер­де шын­дық мына­дай деп, өзін­ше бір шешім қабыл­дай­мын деген ниет­пен бір дағ­ды­лы қалып­тан сәл шықтың ба, әп-сәт­те тарс еткізіп, ісің Жоғарғы сот әкім­шілі­гі арқы­лы тәр­тіп­тік істе қара­ла­ды, тәр­тіп­тік сын жаса­ла­ды. «Бір-екі рет «қиқаң­да­саң», үшін­шісін­де сені­мен қош айты­са­ды» дей­ді. «Сон­ды­қтан біз­де амал жоқ, анау жақтан кел­ген нұсқа­уды орын­да­уға мәж­бүр­міз», – дей­ді. Мен осы жүй­ені бұзы­ң­дар деп отыр­мын. Судья­ларға шын мәнін­де тәу­ел­сіздік­ті берің­дер деп отырмын. 

– Сіздің депу­тат­тық сау­а­лы­ңы­зды негіз­сіз кекетіп, мұқа­ту­ды ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың мақ­сат аста­рын­да қан­дай мүд­де болуы мүм­кін? 

– Сұрақты кекетіп-мұқа­ту деп өте дұрыс қой­ып отыр­сыз. Әңгі­ме басын­да бірін­ші сұрақта да мұны іші­на­ра қам­тып кет­тім. Шын мәнін­де Үкі­мет тара­пы­нан да осын­дай бір әре­кет­тер жаса­ла­ды. Өздеріңіз білесіз­дер, Қаза­қстан­да үш билік тар­мағы бар. Бұлар шешім қабыл­дай­ды, ал олар­дың қабыл­даған шешім­дері адам­дар­дың тағ­ды­ры­на тіке­лей әсер ете­ді. Атқа­ру­шы орган­ның қолын­да үлкен қара­жат көзі бар. Жоғарғы сот­тың қолын­да шын мәнін­де нақты билік бар. Әрбір шешім­ді қабыл­дап, біре­удің тағ­ды­рын я оң, я сол бағыт­та шешіп жібе­ретін­дей мүм­кін­ді­гі бар. Сол себеп­ті көп­те­ген ақпа­рат құрал­да­ры бұларға кіріп­тар. Бол­ма­са мүд­де­лес десек те бола­ды. Міне, осы өз мүд­де­лері. Біз бұл жер­де халы­қтық мүд­де тұрғы­сын айтып отырмыз.

Мыса­лы, депу­тат­тар кез кел­ген мәсе­лені көте­ре ала­ды. Біз­де үлкен мін­бер бар. Ол үлкен мін­бер­ді пай­да­ла­нып, біз шын мәнін­де де заң шыға­ру бағы­тын­да шешім қабыл­дай ала­мыз. Бірақ біздің шығарған заңы­мы­здан ұйым­дар, меке­ме­лер­дің сол мезет­тік шару­а­ла­ры шешіліп кете бер­мей­ді. Түсінік­ті болу үшін айтып оты­рға­ным – судья­лар мен атқа­ру­шы билік орган­да­ры мыса­лын­да. Атқа­ру­шы билік орган­да­ры нақты сол ақпа­рат құра­лы­на қар­жы мәсе­лесін табан астын­да шешіп бере ала­ды, мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс береді, я басқа­ша істей ала­ды. Сот сол мезет­те оның пай­да­сы­на қарай нақты шешім шыға­рып бере ала­ды. Ал біз­де ондай мүм­кін­дік жоқ. Бол­са да, өзі­міздің қолы­мы­здағы мем­ле­кет бер­ген, оның арғы жағын­да халық бер­ген ондай сенім­ді біз жеке басы­мы­здың мүд­десіне пай­да­лан­баған болар едік деп ойлаймын.

Ал бұлар қолын­дағы билік­ті өздерінің жеке басы­ның мүд­десіне пай­да­ла­нып отыр деп ойлай­мын. Халы­қтың алды­на шығып, ашық айтыс ұйым­да­сты­рай­ық деп, сол кез­де бір жур­на­ли­стер­ге айтып едім, осы жер­де де еске­ре кет­кім келеді. Жоғарғы мот­тың кез кел­ген судья­сы шығып, мені­мен ашық айты­сқа түс­сін­ші. Жастар­дың тілін­де айтқан­да – «батл». Жоқ, дұрыс мәні бой­ын­ша қарас­ты­ру­дың орны­на, бар­ды «бар» деп, жоқты «жоқ» деп айту­дың орны­на олар таса­да тұрып алып, тас ата­ды. Егер мені­мен ашық айтыс ұйым­да­сты­ра­тын бол­са, Жоғарғы сот­тың төраға­сы бола ма, Жоғарғы сот әкім­шілі­гінің бас­шы­сы бола ма, алқа төраға­ла­ры бола ма, мен кез кел­ген аза­мат­пен шығып, сот сала­сын­дағы көп­те­ген күр­меліп, шешіл­мей жатқан мәсе­ле­лер­ді «батл» түрін­де айтып, дәлел­деп бере ала­мын. Қазір бұлар­дың дәлел­де­гісі келетіні – сот­та бәрі кере­мет! «Баг­дад­та бәрі тыныш» деген ойды таратқы­сы келеді. Соны сынап, мен жеке басым­ның мүд­десі тұрғы­сын­да емес, керісін­ше, қара­пай­ым судья­лар­дың мүд­десі тұрғы­сын­да жоға­ры­да аталған мәсе­ле­лер шешіл­сін деген ниет­пен қара­пай­ым судья­лар­дың тәу­ел­сіз емес екенін көп­шілік­ке айтып отыр­мын. Бұл сөзім жақ­паған­нан, олар осын­дай жол­дар­ды пайдалануда.

– Жал­пы, «сот дер­бес­ті­гі» деген тір­кест­ің тала­бы өте дұрыс, бірақ «сот ісіне ешкім­нің қол сұғуға құқы жоқ» деген прин­ципті берік қамал етіп алған сот­тарға деген халы­қтық нара­зы­лы­қтың өршіп бара жатқа­нын түсін­діріп берер себеп-сал­дар қан­дай деп ойлайсыз? 

– Дұрыс айта­сыз. Халы­қтың тара­пы­нан нара­зы­лық өте жоға­ры. Мен 2022 жылы 1 ай емес, 2 ай емес, тура 1 жыл бойы – 2022 жыл­дың қаңта­ры­нан бастап, жел­тоқ­сан айы­ның 25-не дей­ін «Ама­нат комис­си­я­сы» деген ұйым құрып, Қаңтар оқиға­сы­мен айна­лы­стым. Сол кез­де менің анық түсін­ген нәр­сем – жастар­дың алаңға шығуы­ның бір­ден-бір себебі, дәлірек айт­сақ, Тал­ды­қорған­да 14–15 жасар аза­мат­тар қамауда отыр­ды, солар­ды шығар­дық. Қыл­мыс­кер емес, қамау изо­ля­то­рын­да жатқан жастарға: «Неге алаңға шықты­ң­дар? Сен­дер­ге не жет­пей жатыр? Қан­дай нара­зы­лы­қта­рың бар?» дегені­міз­де, бар­лы­ғы­ның жау­а­бы бір – ӘДІЛЕТСІЗДІК бол­ды. Сен­дер қан­дай әділет­сіздік­ке тап бол­ды­ң­дар десем, бір бала айта­ды: «Менің аға­ма ауыл­дағы бір учас­келік поли­ция инспек­то­ры «сенің түбіңе жетем деген еді, сөй­тіп түбіне жет­ті» деді. Сөйт­се, оның аяғы­нан шалып, орыс­ша айтқан­да, «под­ста­вить» етіп, оны 15 күн­ге қамап­ты. «Бұлар ойы­на кел­генін істей­ді» деп, жап-жас бала билік­ке деген өкпе-нара­зы­лы­ғын айтты.

Осын­дай оқиға­лар­ды естіп, мен сол кез­де Ақор­даға хат жол­да­дым. Халы­қтың жап­пай көше­ге шығып кетуінің басты себеп­терінің бірі – әділет­сіздік. Әділ­дік­ті біз­де кім орна­та­ды? Оны әділет­ті сот орна­та­ды. Адам сотқа әділ­дік іздеп барып, оны сот­тан табуы керек.

– Аза­мат­та­ры­мыз сол әділ­дік­ті сот­тан тауып жатыр ма?

– Жоқ! Міне­кей, қара­пай­ым адам осын­дай кри­ти­ка­ны көте­ре алмай, менің өзі­ме әртүр­лі жол­дар­мен ақпа­рат­тық шабуыл­дар ұйым­да­сты­рып жатыр. Бұл жер­де сол жағ­дай­ды түзе­тей­ік деп отыр­мыз ғой. Жоғарғы сот төраға­сы­ның қыз­метіне тала­сып оты­рған мен жоқ­пын. Я бол­ма­са, менің шару­ам шешіл­мей қалып, соны елдің алды­на шыға­рып, талқы­лап жатқан басқа есеп жоқ қой. Ел-жұрт­тан келіп жатқан қан­ша­ма арыз, шағым, талап­тар­дан алы­нған тек жалғыз ғана мысал – сол Қаңтар­да болған оқиға­дан. Ойлап қара­сам, бір жыл­дың ішін­де қан­ша­ма адам­ның тағ­ды­ры­мен бет­пе-бет кел­дім. Шама­мен 1600-дің үстін­де аза­мат қамауда жат­ты, соның 1000-нан аста­мын шығар­дық. Әуелі тер­геу изо­ля­то­ры­нан шығар­дық, біраз бөлі­гінің ісін қысқар­тқы­здық. Соған тіке­лей атса­лы­сқан комис­си­я­ның төраға­сы ретін­де, оған дей­ін де адво­кат­тық қыз­мет­те талай нәр­сені көріп жүр­міз ғой, бірақ осы Қаңтар оқиға­сы маған әсіре­се қат­ты әсер етті. Егер біз қоғам­да, елде бола­шақта осын­дай бір үлкен сал­дарға әкеліп соға­тын оқиға­лар орын алма­сын десек, онда сот сала­сын қазір­ден бастап түзе­туі­міз қажет. Басқа жол жоқ.

– Пар­ла­мент­те «Қоғам­дық қабыл­дау бөл­месі» бар, оның айқа­ра ашық есі­гіне күніне ондаған адам келіп, қалаған депу­та­ты­на мұң-зарын айтып кете­ді. Ал Жоғарғы сот пен Бас про­ку­ра­ту­ра­да қуда­ла­нып жүр­ген халы­қты қабыл­дау тәр­тібі неге жоқ?

– Өте орын­ды сұрақ. Сөз басын­да шет жаға­сын біраз қам­тып кет­тім деп ойлай­мын. Шын­ды­ғын­да да, Жоғарғы сот­тың төраға­сы қай күні қан­ша адам­ды қабыл­дай­ды деген сияқты ақпа­рат анық-қанық болуы керек деп ойлай­мын. Қан­ша деген­мен сот қыз­метін үйле­стіру­ге бай­ла­ны­сты, Жоғарғы сот төраға­сы­нан бөлек, Жоғарғы сот әкім­шілі­гінің де бас­шы­лы­ғы аза­мат­тар­ды жиі-жиі қабыл­дап тұруы керек. Бұл мем­ле­кет болып қалып­тасқан­нан бері тәжіри­бе­де бар дүние. Оны қабыл­да­удан құты­лу­дың жалғыз жолы – судья­лар­дың дер­бес­ті­гін қам­та­ма­сыз ету, бірін­ші саты­дағы судья­лар­ды тәу­ел­сіз қылу.

Әзір­ге, жоға­ры­да мен айтқан­дай, жүйе жұмыс істеп тұрған кез­де әрбір облы­ста және рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­да алқа төраға­ла­ры өздерінің сол облы­стық неме­се қала судья­ла­ры арқы­лы бар­лық аудан­дар кура­тор­ла­ры­нан бас тарт­па­уы тиіс, егер сол кура­тор­лық инсти­ту­ты­нан бас тар­тқа­нын біз шыны­мен білетін бол­сақ, онда, мүм­кін, қабыл­да­удың қажеті де бол­май­тын шығар. Өйт­кені әрбір судья өзі заң­ды түр­де қабыл­дай­ды, біз мына жаққа кел­ген­де, заң­ды­лы­ғын тек­се­ре­міз деп оты­рар. Әзір­ге кура­тор­лар инсти­ту­ты жұмыс жасап тұрған кез­де, әрбір судья­ның заң­сыз қабыл­даған шеші­мі үшін Жоғарғы сот­тың төраға­сы жеке өзі жау­ап­ты бола­ды деп есеп­тей­мін. Сон­ды­қтан қабыл­дау қажет. Қабыл­дау іс жүзін­де жоқ. Сот­тың табал­ды­ры­ғын тозды­рып жүр­ген аза­мат­тар­дың біра­зы қазір топ құрып алып жүр. Заң­сыз сот­талған офи­цер­лер­дің, заң­сыз сот­талған кәсіп­кер­лер­дің топ­та­ры бар. Олар бәрін, яғни қабыл­да­май­ты­нын, қабыл­да­уға кіре алмай­ты­нын өздері дәлел­деп береді.

– Кезін­де еркін жүр­ген адво­кат-заң­гер едіңіз, Пар­ла­мент­ке келіп, «бай­ла­нып қал­дым» деп ойла­май­сыз ба?

– Иә, әрине, бұрын еркін болға­ным рас. Бірақ жүріп өткен өмір жолы­ма қара­сам, көңілім тола­тын бір жағ­дай бар. Орал­дағы дарын­ды бала­ларға арналған мек­теп-интер­на­тын бітір­ген соң, Алма­ты­да Шай­ке­нов аға­мыз негізін қалаған Қазақ мем­ле­кет­тік заң ака­де­ми­я­сы­ның про­ку­рор­лық сот факуль­тетін үздік диплом­мен тәмам­да­дым. Одан кей­ін про­ку­ра­ту­ра сала­сын­да қыз­мет етіп, адво­кат бол­дым. Ал бұл сол жұмысым­ның қазір­гі заң­ды жалға­сы іспет­ті. Тәжіри­бе­де көр­ген-біл­генім мен жиған-тер­генім­ді заң шыға­ру ісін­де пай­да­ла­нып отырмын. 

Әрине, атқа­ру­шы билік пен сот билі­гі сияқты табан астын­да шешім шыға­рып, бір адам­ның өміріне дереу әсерім­ді тигі­зе алмай­мын. Бірақ сапа­лы заң­дар шыға­ру арқы­лы елі­міздің әле­умет­тік, руха­ни, құқы­қтық мәсе­лесіне, бола­шақта елі­мізді жақ­сы бағыт­та өркен­де­ту­ге үлесім­ді қосып жүр­мін деп ойлай­мын. Бір өкіні­штісі сол – бұның әсерін жыл­дам сезіне алмай­мыз. Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алға­лы қабыл­дан­баған бірқа­тар заң­дар­ды өз қолы­ма алдым. Осы заң­дар алдағы уақыт­та қаза­қстан­ды­қтар­дың құқы­ғын қорға­уда мұрын­дық бола­ры сөз­сіз. Сон­ды­қтан бұл маған мораль­дік тұрғы­да көңілі­ме қуа­ныш ұялатады. 

Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на келер жылғы сай­ла­у­лар үшін деп, бюд­жет­тен 20 млрд тең­ге бөлініп­ті. Уақыт­сыз өтетін бұл қан­дай сай­ла­у­лар болуы мүм­кін? 

– Біз­де бұрын Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы ғана жұмыс жаса­ды да, ал өңір­де­гі жер­гілік­ті сай­лау комис­си­я­сы сай­лау болған кез­де ғана жина­ла­тын еді. Был­тыр­дан бастап, олар тұрақты түр­де жұмыс жасап отыр. Ең маңы­зды назар ауда­ра­тын жайт – 2025 жыл­дан бастап бар­лық аудан мен қала­лар­дың әкім­дері сай­ла­на­ды. Негіз­гі шығын осы­ған бағыт­та­ла­тын болады.

Жал­пы сөзім­ді қоры­тын­ды­лай келе, сот сала­сын­да Батыс елдерін үлгі тұта­мыз, иә?! Мыса­лы, Аме­ри­ка­ның бар­лық дер­лік штат­та­рын­да судья­лық қыз­мет­ке сай­лау арқы­лы келеді. Судья тұр­мақ, округ­тік про­ку­рор­лар­дың өзі де халы­қтың дауыс беруі арқы­лы тағай­ын­да­ла­ды. Олар сол үшін, халы­қтың мүд­десін қорғау үшін жұмыс жасай­ды. Ал біз­де ол ақы­лға қоным­сыз болып көрінеді. 

Қаза­қта «Ел бола­мын десең, бесі­гіңді түзе!» деген ата­лы сөз бар. Ал мен «Ел бола­мын десең, соты­ң­ды түзе!» дер едім.

Сот­тың шаруа­сы Жоғарғы сот төраға­сы­ның жеке-дара мәсе­лесі емес. Ол бүкіл қоғам болып атса­лы­са­тын шаруа. Осы­ны түсін­бе­ген­дік­тен, «Сот сала­сын сына­ды» деп, қорға­ны­сқа көшіп, тіп­ті қар­сы шабуыл жаса­ды. Бірақ қай сала­ны алып қара­саңыз да, ондай сын-пікір­ді қабыл­дап үйрен­бе­ген. Бас про­ку­ра­ту­ра, не бол­ма­са Ішкі істер мини­стр­лі­гін алып қара­саңыз, олар сіз­ге дереу қарым­та жау­ап қай­та­руға тыры­са­ды. Ал түп­теп кел­ген­де, бұлар­дың бар­лы­ғы – халы­қтың қазы­на­сы есебі­нен күн көріп оты­рған қоғам­дық институттар.

Біз біре­удің жеке биз­несіне неме­се отба­сы­ның ішкі шаруа­сы­на ара­ла­сып, қол сұғып оты­рған жоқ­пыз. Сон­ды­қтан бұлар мұн­дай сынға үйре­нетін уақыт кел­ді. Көп­те­ген қоғам бел­сен­ділерінің осын­дай сынын бұлар қабыл­дағы­сы жоқ. Бұл қате пози­ция. Мен мұны атым мен атағым­ды шыға­ру үшін айтып оты­рған жоқ­пын. Десек те, билік өкіл­дері­мен ашық талқы­лау ұйым­да­сты­руы­мыз керек. Әзір­ге мұн­дай алаң­ды көріп оты­рған жоқ­пын. Сол уәжі­мізді айтуға мүм­кін­дік беріп оты­рған сіз­дер­дің ұжым­да­ры­ңы­зға – «Дат» газетіне алғыс айтқым келеді! 

– Елде­гі сот ісіне қаты­сты ашық және батыл пікір біл­дір­геніңіз үшін көп рахмет!

Дина ӘДІЛ,

«DAT»-тың Пар­ла­мент­тік тілшісі 

Республиканский еженедельник онлайн