Четверг , 8 мая 2025

Зағип жандарға жанашырлық қайда?

Жана­ры­нан айы­ры­лып, көз­дері көр­мей­тін және нашар көретін бес жүз­ге жуық мүге­дек­тер Аста­на қала­лық зағип­тар қоға­мы­ның мүше­сі болып тір­кел­ген. Олар­дың қата­рын­да ғылым кан­ди­дат­та­ры, кезін­де таны­мал болған әнші-күй­шілер, спорт шебер­лері, мұғалім­дер мен дәрі­гер­лер, жүр­гі­зу­шілер, құры­лыс­шы­лар және басқа да маман­дық иелері бар.

Бір ерекше құп­тар­лық жаңа­лық – ұйым­да көз жана­ры­нан айы­ры­лған аза­мат­тар үшін Брайль әдісі­мен оқи­тын (бедер­лі нүк­телі әріп­тер арқы­лы) арнайы кіта­п­ха­на ашы­лған. Деген­мен қазақ тілін­де­гі бедер­лі қаріп­те­гі оқулық кітап­тар жоқтың қасы. Сон­дай-ақ қоғам­да мүм­кін­ді­гі шек­те­улі аза­мат­тарға арналған өндірістік кәсі­по­рын, тігін цех­та­ры, әртүр­лі маман­ды­ққа дай­ын­дап үйре­тетін үйір­ме­лер жұмыс істей­ді. Әсіре­се көр­ке­мө­нер­паз­дар үйір­месінің игі істерін атап өткен жөн. Көп­те­ген бай­қа­у­ларға қаты­сып, жүл­делі орын­дар­ды жеңіп алған бір­не­ше дауы­сты үлкен хор ұжы­мы «Халық хоры» деген құр­мет­ті атаққа ие болды. 

Алай­да қоғам мүше­лерінің пікіріне қараған­да, Қала­лық зағип­тар қоға­мы олар­дың сұра­ны­ста­рын қанағат­тан­ды­ра алмай отыр. 

– Бұрын­да­ры таным­дық мәде­ни шара­лар жиі өтетін. Наурыз, басқа да мере­ке­лер­де жина­лып, бір-бірі­мізді құт­ты­қтап, кон­церт көріп, қуа­нып қала­тын­быз. Әріп­те­стері­міздің 50−60−70 жасқа толған туған күн­дері де еле­усіз қал­май­тын. Ал соңғы жыл­да­ры Наурыз түгілі қазан-қара­ша айла­рын­дағы қарт­тар мен мүге­дек­тер күні де ата­у­сыз қал­ды, –дей­ді топ жетек­шісі болған Бақыт Телжанова. 

– Мен 2003 жыл­дан осы қоғам мүше­сі­мін. Жыл сай­ын мүшелік жар­на­сын төлей­мін. Әр жылы оның да құны өседі. Бірақ қоғам жұмысын­да ешқан­дай оң өзгерістер бай­қал­май­ды. Жина­лып дай­ын­да­ла­тын, репе­ти­ция өткі­зетін орын жоқ. Кезін­де қоғам­ның жеке ғима­ра­ты, жина­лыс, кон­церт өткі­зетін залы да болған. Бір қызы­ғы, был­тыр­дан бері қоғам мүше­лерін жаңа­дан қай­та есеп­ке ала­мыз, ол үшін 1200 тең­ге­ден төлеңіз­дер. Егер төле­ме­сеңіз­дер, қоғам мүше­сі етіп тір­ке­мей­міз деген­ді шығар­ды, – деп тағы бір қоғам мүше­сі рені­шін білдірді.

– Менің аты-жөнім­ді ата­май-ақ қой­ы­ңыз. Деме­ушілер­дің ұйы­мға бер­ген азық-түлік пакет­тері дұрыс тара­тыл­май­ды. Сақтай­тын қой­ма жоқ, бүлініп кете­ді деген сыл­та­у­мен бір бөлі­гін қоғам қыз­мет­кер­лері өздері бөлісіп ала­ды. Басқа да ерік­ті деме­ушілер­ден түс­кен қара­жат топ жетек­шілері мен мей­рам­ха­на­лар­да өткізіл­ген әртүр­лі мәде­ни шара­ларға неме­се экс­кур­сия, ісса­пар­ларға жұм­са­ла­тын көрі­неді, – деп, әңгі­ме­ге тағы бір мүге­дек зей­нет­кер араласты. 

Біз осы айты­лған мәсе­ле­лер төңіре­гін­де Аста­на қала­лық зағип­тар қоға­мы­ның төраға­сы Ерға­ли Бұқа­ро­вқа бір­не­ше сұрақ қойдық. 

– Қоғам мүше­лерін қай­та тір­кеу тура­лы шешім­ді мен емес, пре­зи­ди­ум қабыл­да­ды. Ал мұқтаж жан­дарға мате­ри­ал­дық көмек беру, азық-түлік­пен жәр­дем­де­су неме­се олар­дың туған күн­дерін­де сый­лық тар­ту біздің мін­дет емес, – деді төраға. 

Қоғам­ның бұры­нғы мүше­лерін қай­та тір­кеу кезін­де ақша талап ету неме­се төле­уден бас тар­тқан жағ­дай­да олар­ды мүшелік­ке есеп­ке алмау себеп­тері тура­лы түсінік бермеді. 

 Ерға­ли Бұқа­ро­втан сау­а­лы­мы­зға толық жау­ап алмаған­нан кей­ін, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Зағип­тар қоға­мы­на бардық. 

– Иә, бар­лық облы­стық Зағип­тар қоға­мы­ның мүше­лерін жаңа­дан қай­та тір­ке­уден өткізіп жатыр­мыз. Ол үшін әрқай­сысы 1200 тең­ге­ден төле­уі тиіс. Бұл жыл­дық жар­на­дан (взнос) бөлек ақы. Үкі­мет біздің қоғам­ды қар­жы­лан­дыр­май­ды. Ал бар­лық зағип жан­дар­ды қол­дап, оларға мате­ри­ал­дық көмек көр­се­ту­ге жәр­дем­де­су біздің құзы­ры­мы­зға кір­мей­ді, – деп Рес­пуб­ли­ка­лық зағип­тар қоға­мы­ның төраға­сы Алмат Науры­з­ба­ев мыр­за сөзін қысқа қайырды. 

Сөз жоқ, осы тұста «Қарға қарға­ның көзін шұқы­май­ды» деген ежел­гі мәтел еріксіз еске түседі. Деген­мен қалай айт­сақ та, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның № 39 «Мүге­дек­тер­ді әле­умет­тік қорғау тура­лы» заңын­дағы «мүге­дек­тер­дің әле­умет­тік оңа­луы­на, олар­дың қоғам өміріне бел­сен­ді ара­ла­су мақ­са­тын­да қоғам­дық ұйым­дарға мүше болу­ла­ры­на құқы бар…» сын­ды қағи­да­лар кім­дер үшін қабыл­дан­ды деген заң­ды сұрақ туады. 

Жаз­мы­штың жазуы­мен жарық дүниені жана­ры­мен көру қабілеті­нен шек­тел­ген мүге­дек­тер­дің руха­ни сұра­ны­ста­рын қам­та­ма­сыз ету, олар­дың өмір­ге деген құштар­лы­ғы мен талап-тілек­терін қол­дау – бүкіл қоға­мы­м­ы­здың абы­ройы әрі маңы­зды мін­деті. Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың халы­ққа кезек­ті Жол­да­уын­да әле­умет­тік салаға ерекше көңіл бөлін­ген. Бүгін­де мем­ле­кет тара­пы­нан және деме­ушілер мен ерік­тілер ұйым­да­ры­ның тұр­мысы төмен адам­дарға жап­пай көмек­те­суі жақ­сы үрдіс­ке айнал­ды Тек бұл игі істі ашық әрі дұрыс ұйым­да­сты­ра біл­ген абзал.

Негізі қазір­гі тех­но­ло­гия дамы­ған заман­да мүм­кін­ді­гі шек­те­улі аза­мат­тарға арналған орг­тех­ни­ка, дыбысты кітап, сағат, бағыт-бел­гі беретін қол­та­яқ, аз да бол­са күн сәу­лесінің шуағын сезді­ре білетін аппа­рат­тар және басқа да жаңа шыққан құрал­дар мүге­дек­тер үшін қол­жетім­ді болуы керек. 

Жал­пы, зағип­тар­дың, әсіре­се көз­дері суқа­раңғы көр­мей­тін адам­дар­дың өмір сүруі, тыныс-тір­шілі­гі ерекше, олар­дың басқан әр қада­мы – күр­делі құбы­лыс. Оны толық түсін­діріп жет­кі­зудің өзі қиын. Сон­ды­қтан осын­дай әлсіз жан­дар­дың эмо­ци­я­сын уақы­тын­да бай­қау, жақ­сы қарым-қаты­нас жасау, көңіл­деріне кір­бің түсір­ме­у­ге тыры­су – бұл Зағип­тар қоға­мы қыз­мет­кер­лерінің кәсі­би мис­си­я­сы және басты мін­деті емес пе?! Зағип жан­дарға жана­шыр­лық қайда?

Бимен­де ҚАЗАНҒАП, қарт жур­на­лист, Аста­на қаласы

Республиканский еженедельник онлайн