Четверг , 3 июля 2025

Сот жүйесін реформалағаннан не өзгереді?

Тая­у­да ғана Сенат депу­тат­та­ры Мәжілісте­гі әріп­те­стерінің қара­уы­нан өтіп кел­ген сот жүй­есін рефор­ма­лау тура­лы заң­ды қай­та қарап шығып, ақы­рын­да біра­уы­здан мақұл­дап, пре­зи­дент­тің қол қоюы­на жібер­ді. Енді ол заң қабыл­дан­са, елде­гі сот жүй­есіне бірқа­тар тың өзгеріс енгізіл­гелі тұр.

Пре­зи­дент пәрмені

Әрине, қос Пала­та­ның біра­уы­зды шеші­мін­де мін бол­ма­са, пре­зи­дент оны қабыл­дап, заң шыға­ру­шы орган «жеті рет өлшеп, бір рет кес­кен» құжатқа қол қоюға тиіс. Өйт­кені оның өзі «Әділет­ті мем­ле­кет. Бір­тұ­тас ұлт. Бере­келі қоғам» атты Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да қоғам­да заң үстем­ді­гі берік орны­ғып, сот төрелі­гінің әділ атқа­ры­луы қажет­ті­гін баса айтқан бола­тын. Осы­ған орай, алда қазы­лар қауы­мын шұғыл түр­де қай­та ірік­теп, жаңар­та жасақтау мін­деті тұр­ды. Қазы­лар жоға­ры білік­ті, адал, сон­дай-ақ жемқор­лы­қтан таза болуы қажет екені ескер­тіл­ді. Ол үшін алды­мен бар­лық судья­ның мәр­те­бесін теңе­стір­ген жөн. Олар өзі­нен жоға­ры тұрған әріп­те­стеріне тәу­ел­ді бол­мауы керек.

Сон­ды­қтан енді көп­те­ген сот төраға­сы лау­а­зы­мы судья лау­а­зы­мы болып өзге­реді. Бұл рет­те пре­зи­дент сот­тың және сот алқа­сы­ның төраға­сы лау­а­зы­мы­на үміт­кер­ді судья­лар өздері сай­лай­тын тәсіл енгі­зуді ұсы­нған еді.

«Жоғарғы сот судья­ла­рын да сай­лау арқы­лы таң­дау тәсілін енгіз­ген жөн. Ол үшін пре­зи­дент үміт­кер­лер­ді бала­ма­лы негіз­де Сенатқа ұсы­нуы керек. Аталған салаға мықты заң­гер­лер­ді тар­ту үшін мате­ри­ал­дық жағ­дай жасау қажет. Судья­лар­дың дер­бес­ті­гін арт­ты­ру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәр­те­бесін нығай­тқан дұрыс. Судья болуға үміт­кер­лер­ді дай­ын­дау, білік­тілі­гін көте­ру жұмысы Кеңе­стің құзы­ретіне беріледі. Сон­дай-ақ олар­дың шек­ті жасын ұзар­ту, өкілет­ті­гін тоқта­ту мәсе­лесі­мен де осы меке­ме айна­лы­са­ды. Бұл мем­ле­кет­тік орган нақты кадр­лық функ­ци­я­ла­ры бар, толы­ққан­ды инсти­тутқа айна­луы керек. Кадр­лар­ды ірік­те­уден бастап, бар­лық дең­гей­де­гі сот­тар­ды тағай­ын­да­уға ұсы­ным беру­ге дей­ін­гі бүкіл мін­дет соларға жүк­те­леді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орай­да ол күштік құры­лым­дар­дың сотқа ықпал етпе­у­ге тиісті­гін ескертті.

«Бұл – өте маңы­зды. Судья­ларға әкім­шілік қысым көр­се­тетін амал-тәсіл­дің бәрі жой­ы­луы керек. Судья­лар­дың қыз­метіне ара­ла­су­ды шек­тей оты­рып, олар­дың заң бұзға­ны үшін жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­мыз. Судья­ның өрес­кел қателік жібер­ген және күшін жой­ған әрбір сот актісін Қазы­лар алқа­сы тек­се­ру­ге тиіс. «Сот төрелі­гін атқа­ру сапа­сы» бой­ын­ша судья­лар­ды баға­лау және жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту инсти­ту­тын түбе­гей­лі қай­та қараған жөн.

Апел­ля­ция инсти­ту­тын рефор­ма­лау қажет. Істер бірін­ші саты­дағы сотқа қай­та­рыл­май, нақты мән-маңы­зы бой­ын­ша шешім шыға­ры­луы керек», — деді мем­ле­кет басшысы.

Сон­дай-ақ аудан­дық және облы­стық сот­тар дең­гей­ін­де­гі сот төрелі­гінің қол­жетім­ді болу мәсе­лесін пысы­қтау керекті­гі тіл­ге тиек етіл­ді. Мыса­лы, биз­нес өкіл­дері сот алым­да­ры­ның тым жоға­ры болуы өздерінің мүд­десінің қорға­луы­на айтар­лы­қтай кедер­гі кел­тіреді деп есеп­тей­ді. Бұл – орын­ды пікір. Сон­ды­қтан қазір­гі­дей талап-ары­зда көр­сетіл­ген сома­дан алы­на­тын пай­ыз мөл­шерінің орны­на мүлік дау­ла­ры бой­ын­ша ойға қоным­ды алым мөл­шерін бел­гілеу қажет.

Кас­са­ци­я­лық шағым қаралады

Жал­пы, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне сот жүй­есін рефор­ма­лау және про­це­стік заң­на­ма­ны жетіл­ді­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң Сенат­тағы екі оқы­лым­да қаралған бола­тын. Еске сала кет­сек, биыл мау­сым­да қабыл­данған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір кон­сти­ту­ци­я­лық заң­да­ры­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заң дер­бес кас­са­ци­я­лық сот­тар құру­ды және олар­дың сот актілерін қарау жөнін­де­гі өкілет­тік­терін қарас­ты­ра­ды. Осы­ған орай, Сенат оты­ры­сын­да қаралған заң арқы­лы Қыл­мыстық-про­це­стік кодек­с­ке, Аза­мат­тық про­це­стік кодек­с­ке, Әкім­шілік рәсім­дік-про­це­стік кодек­с­ке және басқа да бірқа­тар заңға тиісті түзе­ту­лер енгі­зу көзделген-ді.

Соны­мен, енді Жоғарғы сот­тың заң­ды күшіне енген сот актілерін кас­са­ци­я­лық саты­да қараған­нан кей­ін олар­ды қай­та қарау тәр­тібі енгізіледі. Мәсе­лен, Жоғарғы сот­та істер­ді қай­та қарау Жоғарғы сот судья­сы­ның ұсы­нуы неме­се Бас про­ку­рор­дың нара­зы­лы­ғы бой­ын­ша айры­қ­ша жағ­дай­лар­да ғана іске аса­ды. Ал әкім­шілік істер бой­ын­ша сот актілері апел­ля­ци­я­лық шағым жасалған­нан кей­ін заң­ды күшіне енеді.

Бұл жер­де заң нор­ма­ла­ры­на сәй­кес, аза­мат­тық және қыл­мыстық істер бой­ын­ша кас­са­ци­я­лық саты­да істер­ді алдын ала қарау алы­нып тастал­ды. Кас­са­ци­я­лық сот­та 6 айдан аспай­тын мерзім­де қыл­мыстық және аза­мат­тық істер­ді қай­та қарау, сон­дай-ақ аза­мат­тар­дың өтіні­ш­терін рәсім­де­уді оңай­ла­ту бой­ын­ша да бірқа­тар шара қарастырылған.

Ал Жоғарғы сот­тың мәлі­метіне сүй­ен­сек, 2025 жыл­дың 1 шіл­десі­нен бастап аза­мат­тық және қыл­мыстық істер бой­ын­ша дер­бес кас­са­ция енгізіледі. Кас­са­ци­я­лық саты­да алдын ала қарау кезеңі алы­нып таста­ла­ды. Сәй­кесін­ше аза­мат­тар сот актілерін қай­та қарау тура­лы өтіні­ш­хат емес, кас­са­ци­я­лық шағым береді.

«Сот ісін жүр­гі­зудің бар­лық түріне кас­са­ци­я­лық қадаға­ла­удың біры­ңғай ере­же­лері енгізіліп отыр. Әкім­шілік істер­ге ұқсас, қыл­мыстық және аза­мат­тық істер­ді кас­са­ци­я­лық саты­да қарау мерзі­мі қисын­ды мерзім­де, бірақ 6 айдан аспай­тын мерзім­де іске аса­ды», – делін­ген хабарламада.

Оған қоса, 2027 жылғы 1 шіл­де­ден бастап, «мүлік­тік мүд­де­леріне бай­ла­ны­сты дау­лар бой­ын­ша жеке тұлға­лар­дың талап қою сома­сы 2 мың АЕК-тен төмен және заң­ды тұлға­лар­дың талап қою сома­сы 30 мың АЕК-тен төмен болуы керек» деген талап алы­нып таста­ла­ды. Бұл өзгеріс қыл­мыстық құқы­қбұ­зу­шы­лы­қтар және ұсақ қыл­мыстарға да қаты­сты болмақ.

Әкім­шілік істер бой­ын­ша сот шеші­мі апел­ля­ци­я­лық шағым­нан кей­ін заң­ды күшіне енеді.

Соны­мен қатар, 2025 жыл­дың 1 науры­зы­нан бастап «әкім­шілік істер бой­ын­ша экс­а­у­мақтық сот­ты­лық» енгізіледі. Онда жау­ап­кер әкім­шілік орган бол­мақ. Бұл мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қыз­метіне де тиім­ді әсер ету­ге тиіс.

«Бұл түзе­ту­лер мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­мен келесі жылы құры­ла­тын 3 дер­бес кас­са­ци­я­лық сот­тың қыз­меті­мен бай­ла­ны­сты. Атап айтқан­да, кас­са­ци­я­лық тәр­тіп­те істер­ді қара­удың негіз­дері, шар­тта­ры және мерзім­дері қай­та қарал­ды. Судья­лар­дың тәу­ел­сізді­гін және олар­дың жау­ап­кер­шілі­гін күшей­ту­ге арналған ере­же­лер де бар. Алдағы уақыт­та заң сот про­це­стерінің ашы­қты­ғы мен әділ­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге оң сеп­ті­гін тигі­зеді деп сене­міз», — деді Сенат төраға­сы Мәу­лен Әшімбаев.

Қоры­та айтқан­да, дер­бес кас­са­ци­я­лық сот­тар­дың құры­луы­на бай­ла­ны­сты, Жоғарғы сот­тың рөлі өзге­реді. Оның негіз­гі мақ­са­ты сот прак­ти­ка­сын және сот төрелі­гін іске асы­ру­да заң­ды­лы­қты сақтау мәсе­ле­лерін зер­де­леу әрі қоры­ту болмақ.

Есірт­кі қыл­мысы­на қаты­сты жаза жұмсармайды

Жоғарғы сот­тың судья­сы, Аза­мат­тық істер жөнін­де­гі сот алқа­сы­ның төраға­сы Нұр­серік Шәрі­пов «Қаза­қстан­да есірт­кі жасы­ру­шы­ларға жаза­ны жеңіл­де­ту керек пе?» деген сұраққа пікір білдірді.

Сенат­тың жал­пы оты­ры­сы­нан соң судьяға «Есірт­кі жасы­ру­шы­лар­дың (заклад­чик) жаза­сын жеңіл­де­ту керек пе? Мыса­лы, олар түр­ме­де жаза­сын өтеп, 30 жаста бостан­ды­ққа шыға­ды. Осы уақыт­та олар­дың не білі­мі, не жұмысы бол­май­ды. Яғни, олар­дың бола­шағы жоқ. Сіздің ойы­ңыз­ша, жаза өте ауыр емес пе? Мәсе­лені шешу үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойылды.

Нұр­серік Шәрі­пов мәсе­ле күр­делі екенін атап өтті.

«Сіз сон­да есірт­кі жасы­ру­шы­ларға жаза­ны жеңіл­де­ту керек деп ойлай­сыз ба? Иә, көбі­не­се жастар ұста­ла­ты­нын біле­мін. Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша осы қыл­мыс үшін жаза күшей­тіл­ген. Сіз олар­дың бола­шағы жоқ ұрпақ екенін айт­ты­ңыз. «Олар жас кезін­де ұста­лып, түр­ме­де ұзақ уақыт жаза­сын өтеп, кім болып шыға­ды?» дедіңіз. Менің сіз­ге басқа сұрағым бар. Олар жастар­ды есірт­кі­ге тәу­ел­ді етіп, ден­са­улы­ғы­на зиян кел­тір­ді. Осы­лай­ша, Қаза­қстан­ның бола­шағы­на зиян кел­тіріп жатқан жоқ па? Мұны кім ойлай­ды?» — деді Аза­мат­тық істер жөнін­де­гі сот алқа­сы­ның төрағасы.

Сон­дай-ақ ол бұл қыл­мысты жасаған­дар өз әре­кетіне баға бере ала­ды деген ұстанымда.

«Жаза­ны қатаң­да­тып, про­фи­лак­ти­ка жұмысын күшей­ту керек. Бұл қыл­мыстың бәрі қасақа­на жасалған. Адам мұн­да қыл­мыс үшін жаза қатаң­да­ты­лға­нын біледі. Мұн­дай қыл­мыс үшін адам 10–15 жылға сот­та­ла­ды. Олар мұны біле тұра, осын­дай әре­кет­ке бара­ды. Сон­ды­қтан біз олар тура­лы ғана емес, олар улап жатқан адам­дар­ды да ойла­у­ы­мыз керек», — деді Нұр­серік Шәріпов.

Судья­лар­дың өзі сот­та­лып жатыр

Елі­міз­де соңғы 9 айда 21 судья жау­а­пқа тар­ты­лған. Бұл тура­лы Жоға­ры сот кеңесінің мүше­сі Нұрия Сисе­но­ва мәлім етті.

«Біз­де бұл мәсе­ле бой­ын­ша ста­ти­сти­ка жүр­гізіледі. 2024 жыл­дың 9 айын­да сот ісін қарау бара­сын­да өрес­кел қате жібер­ген 21 судья жау­а­пқа тар­тыл­ды. Был­тыр осы кезең­де 9 судья жау­а­пқа тар­ты­лған», — деді Нұрия Сисенова.

Айта кет­сек, елі­міз­де кас­са­ци­я­лық сот­тар құры­ла­ты­ны хабар­ланған бола­тын. Мәжіліс депу­та­ты Абзал Құс­пан­ның айтуын­ша, Жоғарғы сот­тың бір судья­сы істі кас­са­ци­я­лық саты­да қарау-қара­мауды жеке­да­ра шешіп кел­ген. Ал Аста­на­да қыл­мыстық, аза­мат­тық, әкі­мі­шілік істер бой­ын­ша кас­са­ци­я­лық сот­тар­дың құры­луы қан­дай да бір үкім­нің заң­ды­лы­ғын қай­та қара­уға мүм­кін­дік береді. Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн