Суббота , 5 июля 2025

БИЛІКТІҢ ӨЗІ қоғамдық жағдайды УШЫҚТЫРУДА

Осы күні сая­сатқа ара­ла­сып, аза­мат­тық бел­сен­ділік таны­ту қауіп­ті істер­дің қата­ры­на енді десек, қате бол­мас. Оның дәлелі сая­си тұтқын­дар­дың күн санап өсуі. Әлем­ге әйгілі мара­фон­шы Марат Жылан­ба­ев, тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер Айгерім Тіле­ужан мен Думан Мұхаммедкәрім сая­си бап­тар­мен ұзақ мерзім­ге бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­рыл­ды. Енді осы қауіп 12 аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің баста­ры­на қара бұлт болып үйіріл­ді. Олар­дың басым бөлі­гі зей­нет­те­гі адам­дар екенін ескер­сек, билік олар­ды сот­тап не абы­рой тап­пақ? Осы және өзге де мәсе­ле­лер төңіре­гін­де бел­гілі қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сар­сен­бай аға­мы­з­бен сөз тарқа­тып қайттық.

  • Халық бел­сен­ділерін қуда­ла­удың құпиясы

 Он екі қоғам бел­сен­дісінің үсті­нен қыл­мыстық іс ашыл­ды. Бесе­уі екі айға қамаққа алын­ды. Басқа­ла­ры­на шек­теу қой­ыл­ды. Бұл жағ­дай­ды қалай түсіндіресіз?

– Иә, ол кісілер­ді мен жақ­сы біле­мін. Бәрі де сана­лы, сала­у­ат­ты, елге жана­шыр, тіл­ді, жер­ді, тәу­ел­сіздік­ті қорға­уға қашан да дай­ын аза­мат­тар. Оларға Қыл­мыстық кодекстің 24- және 272-бап­та­рын­да көр­сетіл­ген қыл­мысқа дай­ын­да­лу және қыл­мыс жаса­уға оқта­лу, жап­пай тәр­тіп­сіздік­ті ұйым­да­сты­ру әре­кет­терін жаса­ды, жаса­мақ бол­ды деген­дей айып­тар­ды таққан.

Бұл енді тіп­ті қисын­сыз. Қамалған­дар­дың үше­уі – Фай­золла Сыды­қов, Жанат Қаза­қ­бай, Нұр­лан Жауыл­ба­ев – зей­нет­кер­лер, Нұр­лан Темірға­ли­ев пен Айдын Мүба­ра­ков ақыл тоқтатқан, қыл­мыс жаса­мақ тұр­мақ, ұсақ бұза­қы­лы­ққа да бар­май­тын жастағы­лар. Ал бұл­тарт­пау шара­сы­мен бостан­ды­ққа жіберіл­ген Н.Жексенбиева, А.Төлеухан, Г.Алтынбайқызы, Е.Әубәкіров, Г.Аккузова, Р.Тоқманбетов тура­лы да жоға­ры­дағы пікір­ді қай­та­лай­мын. Көп­те­ген жиын­дар­да, бей­ре­сми кез­де­су­лер­де, сая­си тұтқын­дар Ә.Тілеужанованың, Д.Мұхаммедкәрімнің сот­та­рын­да жолы­ғы­стық, қоға­мға қаты­сты мәсе­ле­лер­ді талқы­ла­стық. Бұл бел­сен­ділер тара­пы­нан шыған­дап шет­ке шығу­шы­лық, қыл­мыстық әре­кет­тер­ге, заң бұзу­шы­лы­ққа бей­ім­ділік­ті ешқа­шан бай­қаған емес­пін. Қаза­қстан­дағы әділет­сіздік­тер­ді, жемқор­лы­қты, ұрлық пен тона­уды, қия­нат­ты тоқтатқы­зу, халы­қтың әле­умет­тік, тұр­мыстық жағ­дай­ын жақ­сар­ту тура­лы айта­тын. Айтып қана қой­май­тын, нақты­лы қадам­дар, әре­кет­тер жаса­уға ара­ла­са­тын. Сая­си ұйым – пар­тия құру арқы­лы топ­та­сып, заң шең­берін­де жұмыс істе­уді, ағар­ту­шы­лы­қ­пен, үлгі көр­се­ту­мен көп­шілік­ті топ­та­сты­ру­ды қалайтын.

Әрине, билік­тің өзі оған мүм­кін­дік бер­мей­тін Қаза­қстан­да мұның қиын­шы­лық туғы­за­ты­ны анық. Соған қара­ма­стан, олар – қол қусы­рып қарап отыр­мау керек, шама кел­ген қаре­кет­ті атқа­рай­ық дей­тін істің адамдары.

Ондай сот­та­у­лар жұрт­шы­лық үшін жаңа­лық емес қой. Сая­си тұтқын­дар қата­рын көбей­тудің қан­дай қажет­тілі­гі бар?

– Қоғам бел­сен­ділерін (мен олар­ды «халық бел­сен­ділері» дей­мін, өйт­кені халық мүд­десін ойлаған, қорғаған, халы­қтың өз ара­сы­нан шыққан адам­дар­ды солай атай­мын) тұқыр­тып ұстау керек, баста­ры бірі­гіп, ауқы­мы көбей­іп, күш алма­сын дей­тін сая­сат­ты ұстанған билік­тің дағ­ды­лы әдеті бұл. Авто­ри­тар­лық, дик­та­тор­лық билік­тен айы­ры­лғы­сы кел­мей­тін­дер демо­кра­ти­яға жол ашу­дан өлер­дей қорқа­ды. Бұры­нғы және қазір­гі кез­де­гі қыл­мыста­ры, заң­сызды­қта­ры, аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­рын бұзған­ды­қта­ры үшін жау­ап­та­ла­тын болған­ды­қтан, ескі тәсіл­ді қол­да­на­ды. Мем­ле­кет­ті, үкі­мет­ті басқарған­дарға қар­сы сын айту, қым­бат­шы­лы­ққа, жұмыс­сызды­ққа, әле­умет­тік теңсіздік­ке, зор­лы­ққа, сатқын­ды­ққа нара­зы­лық таны­ту­дың соңы төң­керіс­ке ұла­са­ды дей­тін қауіп­ті бас­шы­лы­ққа ала­ды. Сон­ды­қтан да жиын­дар мен митин­гілер­ге, пикет­тер мен ере­уіл­дер­ге тый­ым салы­нған. Олар­ды ұйым­да­сты­ра­тын­дар мен қаты­су­шы­лар­ды экс­тре­ми­стер­ге, тер­ро­ри­стер­ге теңей­ді, жау санай­ды. Осын­дай солақай сая­сат­ты күштік құры­лым­дар мен сот­тар арқы­лы іске асы­ра­ды. Бел­сен­ділер­ді қуда­ла­удың негіз­гі себебі осында.

Мұн­да олар бір­не­ше мақ­сат­ты көз­дей­ді. Бірін­ші­ден, қазір­гі тер­ге­у­ге тар­ты­лған бел­сен­ділер­ді сот­тау арқы­лы бір­ша­ма уақыт­тан бері бір-біріне үйреніс­кен, қалып­тасқан адам­дар шоғы­рын – сая­си орта­ны ыды­ра­тып, жой­ып жібе­реді. Сөй­тіп олар­дың алдағы кезең­дер­де сая­си пар­тия құруын бол­дыр­май тастайды.

Екін­ші­ден, қуда­лау мен жаза­ла­у­ға түс­кен­дер­ді көр­ген, сая­сатқа ден қоя бастаған өзге жұрт­ты үрей­лен­діреді. Олар­дың топқа қосы­луын бір­ша­ма уақы­тқа тежейді.

Үшін­ші­ден, көш бастай­тын, жетек­ші бола­тын адам­дар­ды неме­се сон­дай бола­ды-ау деп топ­шы­лаған­да­рын сот­пен оқша­у­лап, қоғам­нан алы­ста­та­ды, қыз­метін шектейді.

Төр­тін­ші­ден, күштік құры­лым­дағы­лар болуы ықти­мал қауіп­ті әре­кет­тер­дің алдын алдық неме­се экс­тре­ми­стік, тер­рор­лық пиғыл­дағы­лар­ды әшке­ре­ледік деп қожа­ла­ры­на, пре­зи­дент­теріне жағы­на­ды, шен­дерін өсіреді, сый-сыя­пат­ты, орден, медаль­дар­ды иеле­неді. Мына істі шар­тты түр­де «Он екінің оқта­луы» деп ата­уға болады.

Алмат Жұмағұ­лов пен Кен­же­бек Әбі­шев­тің сотын­да сіз куә ретін­де сұралған­да, осын­дай ойлар­ды ашып айтқан екен­сіз. «Он екінің оқта­луы» ісі соның жалға­сы демексіз ғой?

– Иә, солай десек, қате­ле­с­пей­міз. Алмат Жұмағұ­лов пен басқа да жігіт­тер шетел­дік­тер­ге жер бер­гіз­беу мәсе­ле­лерін, тіл мәсе­ле­лерін көтеріп, таны­ла бастаған бола­тын. Митин­гілер өткізу­ге, әле­умет­тік, сая­си тақы­рып­тар бой­ын­ша М.Ганди пар­кін­де пікір алма­су­лар ұйым­да­сты­руға кіріс­кен еді. Оған қаты­су­шы­лар­дың қата­ры күн санап өсе баста­ды. Сая­сат­кер­лер, қоғам қай­рат­кер­лері шақы­ры­лған ондағы кез­де­су­лер­де назар­ба­ев­тық билік жүй­есі ашық сына­ла­тын. Міне, сол топ­тың сая­си ұйы­мға, қоғам­дық бір­ле­стік­ке айна­луы­нан сес­кен­ген билік оны тара­ту, талқан­дау үшін ара­ла­ры­на сатқын «бел­сен­діні» кір­гізіп, жеке оты­ры­стар­да мақ­сат­сыз, ойлан­ба­стан аран­да­ту­мен айты­лған, іске асы­рыл­май­тын бөстек сөз­дер­ді тер­ме­леп, мон­таж­дап, қыл­мыстық іс құра­ды. Сосын оны сотқа жөнелт­ті және тап­сы­рыс бой­ын­ша жазалатты.

Дәл осын­дай жағ­дай жур­на­ли­стер ара­сын­да «трак­тор-танк төң­керіс» атанған сот про­цесін­де, осы жыл­дың бас кезін­де қай­та­лан­ды. Қаңтар­дағы оқиғаға қаты­сқан­дар мен қасірет­ті күн­дер­де жапа шек­кен­дер­ге көмек көр­сет­кен, әділет­тік ізде­ген жәбір­ле­ну­шілер­ді, азапталған­дар­ды қол­да­у­шы­лар тобы пай­да болған еді. Қам­көңіл, жана­шыр жан­дар өздерінің басқо­су­ла­рын­да Қаңтар оқиға­сы қай­та­лан­са қай­те­міз, халы­ққа қалай қорған бола­мыз деген сұрақтарға жау­ап іздей­ді. Қаңтар құр­бан­да­ры­ның Аста­наға баруы­на қара­жат қарас­ты­ра­ды. Міне, осын­дай сәт­те бәле ойлаған погон­ды­лар олар­дың ара­сы­на «Сако» деген «агент­терін» кір­гізіп, сол арқы­лы әртүр­лі аран­да­ту­лар жасай­ды. Соның нәти­же­сін­де әлгілер пла­стик құбыр­дан бөтел­ке атқыш, трак­тор­дан танк жасағыш, Аста­наға барып төң­керіс ұйым­да­сты­рғыш болып шыға келеді.

Соның сал­да­ры­нан Бағи­ла Андре­ева, Ақы­л­жан Қисын­ба­ев сияқты бел­сен­ділі­гі­мен, қаре­кет­тері­мен бай­қалған басқа да адам­дар әртүр­лі мерзім­дер­ге бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­рыл­ды. Сөй­тіп, қаңтар­шы­лар­ды қорғау, бей­біт жиын­дар­ды талап ету жолын­да ұйым­да­са бастаған топ­ты ыды­ра­тып жібер­ді. Әрқи­лы себеп­тер­ді пай­да­ла­нып, бел­сен­ді аза­мат­тар­ды – алда жүретін, өзге­лер­ге ықпал ете ала­тын жаңа сая­си тұлға­лар­ды сот­та­удың басқа мысал­да­рын көп­шілік біледі.

  • Тиран­дар­дың талайы тыраң асқан 

Рыс­бек аға, Алма­ты облы­стық сотын­да тәу­ел­сіз жур­на­лист Думан Мұхам­медкәрім­нің және оның қорға­у­шы­ла­ры­ның апел­ля­ци­я­лық шағым­да­ры қарал­ды. Бірақ олар­дың өтіні­ш­тері қанағат­тан­ды­рыл­ма­ды. Керісін­ше, про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан жасалған қосым­ша жаза тағай­ын­дау ұсы­ны­сы судья­лар тара­пы­нан қол­дау тап­ты. Думанға кесіл­ген 7 жыл бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы­нан кей­ін үш жыл бойы жур­на­ли­сти­ка­мен, шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лы­суға, аза­мат­тық бел­сен­ділік таны­туға шек­теу қой­ыл­ды. Тіп­ті той­лар мен астарға, басқа да көп­шілік жина­ла­тын жер­лер­ге баруға, сөз сөй­ле­у­ге тый­ым салын­ды. Мұның бәрін қалай баға­лай­сыз, әділет­тілік, заң­ды­лық тура­лы бір­деңе деу­ге бола ма?

– Алды­мен Думан­ды не үшін, қалай сот­таға­нын еске түсірей­ік­ші. Бұл тура­лы ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.Тоқаевқа жол­данған, бел­сен­ді аза­мат­тар қол қой­ған мәлім­де­ме­де нақты жазыл­ды. Сон­да баян­далған жайт­тарға назар ауда­рай­ық. Жур­на­лист Д.Мұхаммедкәрім 2022 жылы 20 жел­тоқ­сан­да өзінің «ND» арна­сын­да шетел­де­гі М. Әбі­ля­зов­пен тіке­лей эфир­де сұх­бат­тасқан, оның сая­си ұста­ны­мы­на, мақ­са­ты­на, Қаза­қстан­дағы оппо­зи­ция тарихы­на қаты­сты сұрақтар қойған.

Бұры­нғы және қазір­гі билік­ке, оппо­зи­ци­я­ның өзіне де сын­дар айты­лған, сая­си, эко­но­ми­ка­лық өзгерістер­ге жету жол­да­ры талқы­ланған. М. Әбі­ля­зо­втың Фран­ци­ядағы сот­та­су­ла­ры­на қар­жы қажет­ті­гіне назар ауда­ры­лған, бей­біт митин­гілер арқы­лы халы­қтың өз мақ­са­ты­на жету мүм­кін­дік­тері сөз болған. Сұх­бат­та билік­ті күшпен басып алуға шақы­рған үнде­улер жоқ, КДТ бағ­дар­ла­ма­ла­ры, иде­я­ла­ры наси­хат­тал­маған. Жур­на­лист тіп­ті сұх­бат беру­шіні де сынай­ды, демо­кра­ти­я­лық күш­тер ара­сын­дағы бір­лік­тің бол­мауын, тіл­дік мәсе­ле­лер­ді қозғай­ды. Д. Мұхам­мед­кәрім өзінің кәсіп­тік мін­детін атқарған. Ешқан­дай да экс­тре­ми­стік ұйым­ның жұмысы­на қаты­спаған, оны қаржыландырмаған.

Соған қара­ма­стан, Думан ҚР ҚК 405-бабы 2‑бөлігімен, 258-бабы 1‑бөлігімен қыл­мыстық жау­ап­ты­лы­ққа тар­тыл­ды. Ол бұған дей­ін үш рет әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық жаса­ды, митин­гілер­ге қаты­сты, бей­біт жиы­нға шақыр­ды делін­ген негіз­сіз және заң­сыз айып­та­у­лар­мен тоқ­сан күн қамауда отыр­ды. Тіп­ті оны «диван­нан тұр­маң­дар, көше­ге шық­паң­дар!» дегені үшін де, Мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат ретін­де сай­ла­у­шы­лар­мен көше­де­гі кез­де­су­ге бар­мақ болға­ны үшін де жаза­ла­ды. Әкім­шілік сот­тың шеші­мін­де «Д. Мұхам­мед­кәрім ҚР Пре­зи­ден­тіне және мем­ле­кет­тің сая­си ұста­ны­мы­на сын біл­ді­ре оты­рып, сая­си бел­сен­ділер­ді оны қол­да­уға шақыр­ды» деп кінә артқан. «Сын біл­дір­се, сот­та!» деген тап­сыр­ма­ны бер­ген кім сон­да? Мұның бәрі — еркін ойлы, ащы шын­ды­қты айқа­ра көр­сет­кен, билік басын­дағы­лар­ды аяу­сыз сынаған жур­на­ли­сті тұқыр­ту, үнін өші­ру мақ­са­тын­дағы заң­сыз әрекеттер.

Тәу­ел­сіз жур­на­лист­ке қаты­сты істі Қона­ев қала­лық соты қара­ды. Алға­шқы оты­ры­ста про­ку­рор С. Кеңе­сов: «30 қаңтар 2024 жылы айып­тау жағын­да куә болып табы­ла­тын тұлға облы­стық про­ку­ра­ту­раға арыз жазып, сот оты­ры­сын жабық түр­де қарау жөнін­де шара қол­да­ну­ды сұра­ды, Д. Мұхам­мед­кәрім және «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» экс­тре­ми­стік ұйы­мы екенін, қоға­мға және мем­ле­кет­тік билік­ке қар­сы көзқа­рас­та екенін, сон­дай-ақ оның жақ­та­ста­ры бар екенін мәлім­деді» деп жалған ақпа­рат берді.

Бірақ ол бел­гісіз тұлға­ның жаз­ды деген ары­зын сотқа көр­сет­пе­ді, тап­сыр­ма­ды. Судья Н. Қой­шы­ба­ев оның ауыз­ша сөзіне сүй­еніп, ары­зды іске қабыл­да­ма­стан, қауіп-қатер­дің қан­ша­лы­қты негізді екенін аны­қта­ма­стан, сот оты­ры­ста­рын жабық өткізу­ге шешім шығар­ды. Сот осы­лай­ша бір­ден заң бұзу­шы­лы­қ­пен басталды.

Қорға­у­шы­лар тер­ге­ушілер тара­пы­нан болған заң бұзу­шы­лы­қтар жай­ын­да да айтқан еді…

– Иә, тер­ге­ушілер үшін қол­дан қыл­мыс жасау, әсіре­се жоға­ры­дан тап­сыр­ма беріл­се, үйрен­шік­ті әдет­ке айналған. Алма­ты облы­сы ПД ТБ аға тер­ге­ушісі Ж. Есжа­нов жүз мың­нан астам адам көр­ген М. Әбі­ля­зо­втан алы­нған әлгі сұх­бат тура­лы мынан­дай аны­қта­ма жазған: «Бей­не­жа­з­ба­лар­да М. Әбі­ля­зов мем­ле­кет­тік билік­ті күшпен құла­туға және Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­сын өзгер­ту­ге наси­хат­тап, үгіт жүр­гізіп, жария түр­де шақы­рып оты­рға­ны көрі­неді». Тер­ге­уші мен про­ку­рор көп­шілік­тің көз алдын­да тұрған сұх­бат­ты осы­лай­ша бұр­ма­лап көр­сет­ті! Егер шынын­да солай бол­са, «мем­ле­кет­тік билік­ті күшпен құла­туға» шақы­рған М. Әбі­ля­зо­втың нақ өзінің үсті­нен неге қыл­мыстық іс қозға­маған? Тіп­ті Д. Мұхам­мед­кәрім­мен бір­ге сот­та­са қай­тер еді? Жоқ, олай етпе­ген, тек жур­на­лист­ке іс қозғаған. Ж. Есжа­но­втың айып­та­уы бой­ын­ша, «Мұхам­мед­кәрім Думан Алмасұ­лы жеке тұлғаға оның қыз­метінің экс­тре­ми­стік сипа­тын, көр­сетіл­ген ақпа­рат­тық және қар­жы­лық қыз­мет түр­лері экс­тре­ми­стік әре­кет­ті жүзе­ге асы­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­ты­нын көрі­неу біле тұра, ақша жинаған, сон­дай-ақ ақпа­рат­тық және қар­жы­лық қыз­мет­тер көр­сет­кен, яғни ҚР ҚК 258-бабы­ның 1‑бөлігінде көр­сетіл­ген қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лы­қты жасаған» екен. Тер­ге­уші тізім­де­ген 280 адам М. Әбі­ля­зо­втың Фран­ци­ядағы сот­тар­дағы қорға­у­шы адво­кат­та­ры­на деп ақша ауда­руға ниет­тен­се керек, бірақ ақша­ла­ры алушы­лар­дың шот­та­ры­ның бұғат­та­луы­на бай­ла­ны­сты банк­тен өтпе­ген. Олар жур­на­ли­стің хабар­ла­ма­сы­на неме­се наси­ха­ты­на еріп, ақша аудар­мақ болған жоқ.

Айып­тау жағы­нан куә ретін­де сотқа шақы­ры­лған 28 адам­ның, қорға­у­шы­лар жағы­нан сұралған 17 куәнің бір­де-біре­уі Думанға қар­сы куәлік жаса­маған. Тіп­ті олар билік­тің бере­кесін қашы­рған әлгі сұх­бат­ты, бей­не­жа­з­ба­лар­ды көр­ме­ген болып шықты. М. Әбі­ля­зо­втың ақпа­рат тара­ту мүм­кін­ді­гі тіп­ті мол, «ND» кана­лы­на қарап қалған жайы жоқ. Күн сай­ын эфир­ге шыға­ды, адво­ка­ты­на төле­у­ге қара­жат көме­гін сұрай­ды. Егер шыны­мен ҚДТ экс­тре­ми­стік ұйым бол­са, ақша­ны қабыл­да­у­шы үш аза­мат сол ұйым­ның мүше­сі бол­са және үш жүз­ге жуық аза­мат әлгілер­ді қар­жы­лан­ды­ру­шы бол­са, онда бәрінің үсті­нен қыл­мыстық іс қозға­луы тиіс еді. Олар­дың бір­де-біре­уіне тиіс­пей, тек Д. Мұхам­мед­кәрім­ді ғана «экс­тре­мизмді қол­да­у­шы, қар­жы­лан­ды­ру­шы, тый­ым салы­нған ұйы­мға қаты­су­шы» деп нелік­тен жеке өзін таң­да­ды? Экс­тре­мизммен осы­лай күре­се ме, әлде экс­тре­мизмді бет­ке ұстап, Пре­зи­дент Қ. Тоқа­ев­ты сына­у­шы­лар­ды сын­ды­ру, жоқ ету мақ­са­ты көз­дел­ген бе?

Сот бары­сын қадаға­лап оты­рған көп­шілік, әсіре­се Думан­ды қол­дап, Қона­ев қала­сы­на сотқа талай рет барған адам­дар бұл сұрақтың жау­а­бын айтып та жүр. Тәу­ел­сіз жур­на­ли­стің билік­ті, қазір­гі жүй­ені, әсіре­се мем­ле­кет бас­шы­сын ашық, өткір сынға алға­ны үшін қуда­ла­у­ға түсті деген пікір­де. Тер­ге­уші, про­ку­рор, судья сарап­та­ма­шы­ның қоры­тындыс­ын бет­ке ұстап, қашан да соған сүй­е­неді. Бұл істе­гі сарап­та­маға қаты­сты не айтар едіңіз?

– Тер­ге­ушілер­дің дегенін жасай­тын сарап­та­ма­шы­лар бола­ды. Олар үне­мі тап­сы­рыс алып тұру және жаза­ла­у­шы­лар­мен жақ­сы қарым-қаты­нас ұстау мақ­са­тын­да, яғни жеке басы­ның мүд­десін көз­дей­тін­дер. Олар­да адал­дық, ар, ұят, намыс деген бол­май­ды. Кәсіп­тік білік­тілі­гі төмен, алды-арты таза емес сарап­шы­лар тер­ге­удің қол­ба­ла­сы сияқты. Оларға керісін­ше, өте білім­ді, тәжіри­белі, ісіне адал, тура­шыл сарап­та­ма жасай­тын маман­дар да бар. Бірақ олар тер­ге­удің ығы­на көн­бей­ді, ақша­ны емес, абы­рой­ды ойлай­ды. Тер­ге­уші «мен оны гугл­ден тап­тым» деген сарап­та­ма­шы Абдол­ла Мир­за­ход­жа­ев сот оты­ры­ста­рын­да өзі қол қой­ған қоры­тындыс­ы­на қаты­сты сұраққа манды­тып жау­ап бере алма­ды. «Д. Мұхам­мед­кәрім­нің сөз­дерін­де экс­тре­ми­стік иде­я­лар мен көзқа­рас­тар­ды наси­хат­тау бел­гілері бар» деген өз сөзіне дәлел таппады.

Тіп­ті оның лицен­зи­я­сы бол­маған кез­де тап­сы­рыс алға­ны көп жайт­ты аңғар­та­ды. Қорға­у­шы жағы­нан шақыр­ты­лған сарап­та­ма­шы маман, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­тың штат­тан тыс сарап­шы­сы Абай Қай­ы­р­жа­нов Әбі­ля­зо­втың да, Мұхам­мед­кәрім­нің де жари­я­ланған сұх­бат­тағы сөз­дерін­де, анау айтқан­дай, «экс­тре­ми­стік иде­я­лар мен көзқа­рас­тар­ды наси­хат­тау бел­гілері» жоқ екен­ді­гін нақты мысал­дар­мен, жан-жақты тал­да­у­лар­мен дәлел­деп бер­ді. Ғылы­ми негіз­де, заң­дық тұрғы­да жасалған оның сарап­та­ма қоры­тындыс­ын судья Н. Қой­шы­ба­ев шет­ке ысы­рып қой­ды. Думан­ның өзі, әкесі Алмас Тіле­пов, қорға­у­шы­лар Төле­ген Бер­ліғо­жа, Ғалым Нұр­пей­і­сов, Мұрат Жол­ши­ев жалған айып­ты шашып таста­ды. «Жабық» сот жай­ы­на қал­ды, бар­лық жағ­дай мәлім бол­ды. Судья Қой­шы­ба­ев үкім­ді оқып, түсінік­те­ме бер­ме­стен тұра қашқан. Міне, мұн­дай масқа­ра сот кім­ге қыз­мет ете­ді? Мем­ле­кет­ке ме, қоға­мға ма? Әрине, елді уысын­да ұстап, билеп-төстегендерге!

Апел­ля­ци­я­лық шағым­ды қараған Алма­ты облы­стық соты­ның алқа­сы бірін­ші саты­дағы заң бұзу­шы­лы­қтарға, істің бір­жақты жүр­гізіл­геніне, айып­та­уға негіз болар­лық дәлел­де­ме­лер­дің жоқты­ғы­на, әділет­сіз үкім шыға­ры­лға­ны­на көз жұма қара­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, апел­ля­ци­я­лық шағым қара­лар алдын­да мен­де аздаған сенім болған еді. Алқа мүше­лері сон­ша­ма халық тың­дап, көр­ген сұх­бат­та ешқан­дай да экс­тре­ми­стік иде­я­лар мен көзқа­рас­тар наси­хат­тал­маға­нын, тый­ым салы­нған КДТ ұйы­мы­на қар­жы жинал­маға­нын анық көре тұра, көр­соқыр­лы­ққа бар­мас деген­мін. Оған қоса Пре­зи­дент өз абы­рой­ын, мем­ле­кет­тің абы­рой­ын ойла­са, жеке басын бей­біт халы­қты Қан­тар­дағы қан­жо­са жасаған жар­лы­ғы үшін сынаға­ны­на кек­тен­бе­се, жау сана­ма­са, Думанға жеңіл­дік жаса­уы тиіс еді. Тіп­ті жазы­қ­сыз сот­таған­ның, ақта­маған­ның өзін­де. Бұл үкім Думан Мұхам­мед­кәрім­ге ғана емес, тұта­стай тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­каға, сөз бостан­ды­ғы­на шыға­ры­лған үкім. Әділет­тілік­ті, заң­ды, Кон­сти­ту­ци­я­ны қор­лаған үкім. Пре­зи­дент­ті қорқақ, кек­шіл, дик­та­тор етіп көр­се­тудің бұдан артық үлгісі бола қоймас.

Аста­на қала­сы Есіл аудан­дық соты­ның 2018 жылы 13 науры­здағы Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы қозға­лы­сын экс­тре­ми­стік ұйым деп таны­ған аты­шу­лы шеші­мі сая­си қуда­ла­удың басты құжа­ты­на айнал­ды. Ол авто­ри­тар­лық тота­ли­тар­лық билік­ті нығай­туға, оған қар­сы­лар­ды тұқыр­туға, демо­кра­ти­я­ны тұн­шы­қты­руға пай­да­ла­ны­лып келеді. Оны «Есіл тұза­ғы» деп атай­ық, соған лай­ы­қты. Бұл тұза­ққа ілін­ген­дер­дің саны тіп­ті көп. Билік­тің ойлап тапқан бұл тәсілі қан­ша­ма адам­ның оба­лы­на қалға­нын, олар­дың ешбір кінәсіз сот­та­лып, бір­не­ше жыл­дарға түр­ме­ге қамалға­нын, бала-шаға­ла­ры­ның, отба­сы­ның асы­ра­у­сыз қалға­нын еске алыңыз.

«Есіл тұза­ғы­ның» автор­ла­ры мен оны іске асы­ру­шы­лар өз әре­кет­терінің жүз­де­ген адам­ды қасірет­ке ұрын­ды­рған­да­рын ойла­уы тиіс. Олар қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­руға, шынайы құқы­қтық мем­ле­кет құруға орас­ан залал кел­тіріп жатқан­ды­ғын түсін­бей­ді де. Тіп­ті мұн­дай қыз­мет­тік асы­ра сіл­те­ушілік­тің, заң­ды бет­ке ұстап, заң­сызды­ққа, қыл­мысқа бару­дың түбін­де өздеріне, жақын­да­ры­на, ұрпағы­на айна­лып соға­рын, қия­нат­тың құр­ба­ны бола­рын ойлағы­сы да кел­мей­ді. Авто­ри­тар­лық жүй­ені қорға­штап, оның сақта­лып қалуы­на «үлесін» қосқан­дар дәл осы жүй­е­ден түбін­де таяқ жей­ді. Жасалған жаман­дық, қия­нат ұмытылмайды. 

Ман­тия, мун­дир киген­дер, иығы­на жұл­дыз таққан­дар – кәдім­гі адам­дар, мем­ле­кет аты­нан әре­кет жасай­тын­дар. Олар­да ақыл, адам­гер­шілік, пара­сат, иман бол­са, әділет жолы­нан тай­мас еді. Аза­мат­тар­дың заң­ды құқын қорғап, адал қыз­мет етудің орны­на билік­те­гілер­дің әуме­сер­лі­гін, заң­сыз тап­сыр­ма­ла­рын орын­дап, құл болып жүр. Міне, солар­дың көме­гі­мен билік­тің өзі қоғам­дық жағ­дай­ды барған сай­ын ушықтыруда.

Әрине, Пре­зи­дент­тен бастап, тұтас билік нара­зы халы­қты, олар­дың көш­бас­шы­ла­рын жау санай­тын сая­сат ұстанған соң, қол­шоқ­пар­лар қай­дан оңал­сын?! Жүй­ені түбірі­мен өзгер­ту қажет­ті­гі күн артқан сай­ын қат­ты сезіліп келеді. Оның қозға­у­шы күші бола­тын халық бел­сен­ділерін, қоғам қай­рат­кер­лерін, сая­сат­кер­лер­ді, күрес­кер­лер­ді сот­тап, түр­ме­ге тығу­мен, оқ атып өмірін үзу­мен ешбір билік жеңіс­ке жет­пей­ді. Небір тиран­дар­дың тыраң асқа­ны тарих­тан мәлім.

Сұх­бат­тасқан Аза­мат МОЛДАСАНОВ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн