Суббота , 5 июля 2025

БҰРЫНҒЫНЫ АҢСАУШЫЛАР әзірге әлемжеліде бас көтере бастады…

Жуы­қта әле­умет­тік желілер арқы­лы Пар­ла­мент Сена­ты­ның бұры­нғы бас­шы­сы Дариға Назар­ба­е­ва­ны жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақтаған видео тараға­ны мәлім. Әлбет­те, тақы­ры­пқа желеу болған пер­со­на­ж­дың басқа­лар­дан ада­ми «арты­қ­шы­лы­ғы» бол­са, оған ешқан­дай дау жоқ. Бірақ бұл адам – Дариға ханым кеше ғана елде­гі екін­ші бас­шы ретін­де жоға­ры сая­си лау­а­зым иесі болға­нын ұмыт­паған жөн. Сон­ды­қтан бұны бұры­нғы сая­си режим­нің «арты­қ­шы­лы­ғын» дәріп­те­у­ге арналған, қоғам­дық санаға сіңіріл­мек сая­си мани­пу­ля­ция деп қабыл­дау керек.

ҚР Ұлт­тық Қауіп­сіздік коми­тетінің төрағасы

Ермек Сағым­ба­евқа!

ҚР Ақпа­рат және мәде­ни­ет министрі

Аида Бала­е­ваға!

Жуы­қта өткен Рес­пуб­ли­ка­лық фер­мер­лер фору­мын­да ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев былай деді (түп­нұсқа үлгісін­де қаз-қал­пын­да айтай­ын): «Сего­дня кра­си­вая жизнь в соц­се­тях и агрес­сив­ная рекла­ма так назы­ва­е­мо­го «успеш­но­го успе­ха» созда­ют у людей иллю­зию, что добить­ся все­го лег­ко и про­сто. Какая-то часть моло­де­жи в это верит и тра­тит свое дра­го­цен­ное вре­мя впустую».

Міне, осы «успеш­ный успех» бүгін­де қоғам­дық пікір­ге ықпал ету сая­са­ты­на ауыз сала баста­ды. Пре­зи­дент­тің пікір приз­ма­сы арқы­лы қоғам­да орын алған жеке­ле­ген жәйт­тер­ге тоқталайын.

Жуы­қта әле­умет­тік желілер арқы­лы Пар­ла­мент Сена­ты­ның бұры­нғы бас­шы­сы Дариға Назар­ба­е­ва­ны жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақтаған видео тараға­ны мәлім. Әлбет­те, тақы­ры­пқа желеу болған пер­со­на­ж­дың басқа­лар­дан ада­ми «арты­қ­шы­лы­ғы» бол­са, оған ешқан­дай дау жоқ. Бірақ бұл адам – Дариға ханым кеше ғана елде­гі екін­ші бас­шы ретін­де жоға­ры сая­си лау­а­зым иесі болға­нын ұмыт­паған жөн. Сон­ды­қтан бұны бұры­нғы сая­си режим­нің «арты­қ­шы­лы­ғын» дәріп­те­у­ге арналған, қоғам­дық санаға сіңіріл­мек сая­си мани­пу­ля­ция деп қабыл­дау керек.

Әсіре­се қазақ қоға­мы­на (қай­та­лап айтам, имен­но қазақ қоға­мы­на) іріт­кі салуға астыр­тын бағыт­талған осын­дай «ескіні аңсау» үрдісі бүгін­де сая­си сипат ала бастаған сияқты. Әле­умет­тік желілер арқы­лы тарап жатқан мұн­дай мани­пу­ля­ция арқы­лы «жаңа Қаза­қстан­ды» сая­си жік-жік­ке бөлу, өш алу, есе қай­та­ру, «қай­тып келу» әре­кетінің әлпе­тін сезі­ну қиын бол­ма­са керек.

Мәсе­лен, тағы бір мысал: Қаңтар оқиға­сы­на тіке­лей қаты­сы бар, қан­тө­гіс­ке себеп­ші бол­ды деп сана­ла­тын «теріс діни ағым» иелері енді­гі жер­де қоғам­ның сая­си сана­сы­на «қиқым салуға» бел­сен­ді түр­де кірі­су­де. Бұған тағы да сол «успеш­ный успех»-қа жет­кен бұры­нғы­лар мұрын­дық болу­да. Қаңтар­да мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға әре­кет­теніп, ақы­рын­да шетел­ге қашып кет­кен­дер бір­тін­деп елге ора­ла баста­ды. Енді олар ел ішіне ұлт­тық мұра мен салт-санаға қар­сы идео­ло­ги­я­ны үйіріп, реван­ши­стік сая­сат­ты қоға­мға сіңіру­ге қам жаса­уда. Мақ­сат – әзір­ге онсыз да ала-құла қоғам­да әле­умет­тік-про­те­стік тең­селіс пен нара­зы­лық тұрғы­сын­да толқу­лар туды­ру. Әле­умет­тік желілер мен тара­лы­мы мил­ли­онға тақау жазы­лу­шы­сы бар таны­мал интер­нет ресур­старға қар­жы­лай көмек беру арқы­лы олар­ды өз «бауыр­ла­ры­на» басып, ашық плат­фор­ма­лар арқы­лы сая­си тең­селістер туды­руға ниет­ті. Маған мұн­дай инсай­дер­лік ақпа­рат­тың бір­не­ше­уі жетті.

 «Бүгін­гі билік отстав­каға кете­ді», «мерзі­мі­нен бұрын өтетін сай­ла­у­ларға дай­ын­дық жүріп жатыр», «депу­тат­тар­дан ұят кет­ті» (мен өзім­ді ұят­тан кет­тім деп айта алмай­мын және өзге­ге де айтқы­з­бай­мын) деген сияқты жалаң тренд­тер­дің әлем­желі­ге еркін тара­уы­на сол реван­ши­стік күш­тер­дің қол­ты­ққа су бүр­ку әре­кет­тері себеп болу­да. Бұның бәрі «бұры­нғы­ның кезін­де мұн­дай бол­маған» деген тези­сті тара­ту арқы­лы қоғам­дық санаға солақай саңы­лау салу­дың сая­си тех­но­ло­ги­я­сы деп қабыл­дау керек.

Мен дәл осын­дай контр­про­па­ган­да­лық мате­ри­ал­дар­дың бір пара­сын тиісті ведом­ство­лар­дың жоға­ры лау­а­зым­гер­леріне жол­даған едім. Енді қоға­мға іріт­кі салушы түп­нұсқа­лар­ды аны­қта­уды, ең басты­сы – ел-жұр­тқа жік салу пиғы­лы бар осын­дай «ескі­шіл» астыр­тын күш­тер­ді аны­қта­уды, олар жөнін­де қоға­мға толы­ққан­ды ақпа­рат беруді Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бас­шы­лы­ғы­нан сұраймын.

Әлбет­те, мен мүд­делі меке­ме­лер­ді мәні май­ы­сқан мәсе­ленің анық-қаны­ғын, мем­лект­тің діңі мен дің­ге­гін солқыл­да­туға тыр­банған реван­ши­стік күш­тер­ді аны­қта­уға шақы­рған­да, депу­тат Бапи сөз бостан­ды­ғы­на нұқ­сан кел­тіру­ге әсер ету­де деген ой бол­мауы керек. Ешқан­дай заң­сыз қуда­лау бол­мауы тиіс. Бұл ұлт­тың, елдің, мем­ле­кет­тің тұта­сты­ғы­на тән­тілік­тен туған әре­кет деп қабыл­да­нуы керек.

Бірақ жеме-жем­ге кел­ген­де, «ескі­шіл­дік» тех­но­ло­ги­я­сы ұлт­тық тұта­сты­ққа қастық қыла­тын, қазақ қоға­мын сая­си лагерь­лер­ге бөл­шек­те­у­ге құштар «сөз бостан­ды­ғы» біздің елдік бола­шағы­мы­зға қатер туды­руы әбден мүм­кін. Қаза­қстан­ның қауіп­сізді­гіне, жуық бола­шақтағы елдік мұра­ты­на қас­кү­нем мұн­дай сөз бостан­ды­ғы біз­ге қажет емес деп санаймын.

Сол сияқты «бұры­нғы билік­ті» аңса­у­шы­лар ушы­қты­рып, қаза­қтар мен жал­пы мұсыл­ман­дар дүни­есін «жаңа Қаза­қстанға» қар­сы айдап салып жүр­ген діни-сая­си әре­кет­тер де әшке­ре­ле­нуі керек. Қаза­қтың мың жыл­дық ұлт­тық мұрат­та­ры мен ұлт­тық салт-дәстүрі шариғат­пен емес, тиісті заң­на­ма нор­ма­ла­ры­мен рет­те­луі тиісті­гін ұмытпайық!

Ермұрат БАПИ

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты, Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн