Суббота , 5 июля 2025

Қайырымдылық қорлары  қалай құрылады

Күні кеше елі­міз­де­гі БАҚ-тар­да Biz Birgemiz қай­ы­рым­ды­лық қоры­ның құры­л­тай­шы­сы Пери­зат Қай­рат 1,5 млрд тең­гені жымқыр­ды деген күдік­пен ұсталға­ны тура­лы ақпа­рат тара­ды. Одан бұрын ел аза­мат­та­ры тағы бір қор – «Асар-Умені» халық ақша­сын рәсуа етті деп айып­таған бола­тын. Осы жай­ларға бай­ла­ны­сты Kazinform сарап­шы­лар­дың пікіріне сүй­ене оты­рып, Қаза­қстан­да қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­ның қыз­меті қан­дай заң­дар арқы­лы рет­те­летінін аны­қтап көрді.

Қор қалай құры­ла­ды? 

Әділет мини­стр­лі­гінің мәлім­де­уін­ше, елі­міз­де қор­лар­ды құру тәр­тібі «Қай­ы­рым­ды­лық тура­лы» және «Ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­дар тура­лы» заң­мен рет­те­леді. Қор­лар құры­л­тай­шы­лар­дың құра­мы­на, сон­дай-ақ қыз­мет сала­сы­на қарай жеке, кор­по­ра­тив­тiк, қоғам­дық, мем­ле­кет­тiк болып құры­луы мүм­кiн. Ал қыз­мет мақ­сат­та­ры­на қарай әле­умет­тiк, қай­ы­рым­ды­лық, мәде­ни, бiлiм қор­ла­ры және өзге де қор­лар болып құрылады.

Ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның жарғы­сы мына­лар­ды қам­туы керек:

1) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның ата­уын, соның iшiн­де ұйым­дық-құқы­қтық ныса­нын, қыз­метiнiң мәнi мен мақсатын;

2) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның орна­ласқан жерiн;

3) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның басқа­ру орган­да­ры­ның құры­лы­мын, қалып­та­сты­ру тәр­тiбiн және құзыретiн;

4) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым мүше­лерінің (қаты­су­шы­ла­ры­ның) құқы­қта­ры мен мiндеттерiн;

5) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның мүшелi­гiне (егер ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның мүшелi­гi болған жағ­дай­да) қабыл­дау және одан шығу шар­ты мен тәртiбiн;

6) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның мүл­кiн құрау көздерiн;

7) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ның құры­л­тай құжат­та­ры­на өзгерiстер мен толы­қты­ру­лар енгi­зу тәртiбiн;

8) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­ды қай­та ұйым­да­сты­ру және оның қыз­метiн тоқта­ту шартын;

9) ком­мер­ци­я­лық емес ұйым тара­ты­лған жағ­дай­да оның мүл­кiн пай­да­ла­ну тәртiбiн;

10) фили­ал­дар мен өкiл­дiк­тер тура­лы мәлiметтердi.

Қор­ды кім басқарады?

Құқық қорға­у­шы, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті заң­гері, ҚР Жоға­ры сот кеңесі Судья­лар­ды бай­қау арқы­лы ірік­теу комис­си­я­сы­ның мүше­сі, Сенат жанын­дағы сарап­шы­лар клу­бы­ның мүше­сі Серік Бер­ка­ма­ло­втың айтуын­ша, қай­ы­рым­ды­лық ұйы­мы­ның жоға­ры басқа­ру орга­ны болып оның алқа­лы орга­ны – Қамқор­шы­лық кеңес сана­ла­ды. Ол алқа­лы бола ала­ды – басқар­ма, сон­дай-ақ жеке-дара бола ала­ды – дирек­тор, төраға. Одан бөлек, заң­гер­дің айтуын­ша, қор­дың бақы­ла­у­шы орга­ны – тек­се­ру комис­си­я­сы неме­се ұйым­ның басқа­ру орга­ны тағай­ын­даған не сай­лаған тек­се­ру­шісі болуы керек. Сон­дай-ақ ол ҚР заң­на­ма­ла­рын­да қор қыз­мет­шілерінің саны мен білік­тілі­гі жай­лы бел­гі­лен­ген талап жоқты­ғын атап өтті. 

Қор­лар­дың қан­дай түрі болады?

Қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры мәр­те­бесі бой­ын­ша халы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық болып бөлі­неді. Халы­қа­ра­лық қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры­на қыз­меті Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағы­на және одан тысқа­ры жер­лер­ге тара­ла­тын қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры жата­ды. Рес­пуб­ли­ка­лық қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры­на фили­ал­да­ры мен өкіл­дік­терінің қыз­меті Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағы­на тара­ла­тын қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры жатады.

Қай­ы­рым­ды­лы­қтың түр­лері – филан­тро­пи­я­лық, деме­ушілік, меце­нат­тық қыз­мет, кіші отанға қол­дау көр­се­ту жөнін­де­гі қызмет.

Заң­гер қор өз жарғы­сын­да көр­сетіл­ген қыз­мет­ті ғана жүзе­ге асы­ра­ты­нын, қай­ы­рым­ды­лы­қтан басқа мақ­сат қоюға құқы­ғы жоғын айта­ды. Сон­ды­қтан негіз­гі мақ­сат­тың бағы­тын өзгер­ту­ге жол берілмейді.

Қор­лар­дың кіріс көзі

Қай­ы­рым­ды­лық ұйы­мы­ның кіріс көз­дері мыналар:

1) мүлік­ті, сон­дай-ақ оған құқы­қтар­ды сый­ға тар­ту, өси­ет етіп қал­ды­ру неме­се өте­усіз беру;

2) ерік­ті қайырмалдықтар;

3) қай­ы­рым­ды­лық аук­ци­он­да­ры­нан, кон­кур­ста­ры­нан түс­кен кірістер;

4) ныса­на­лы капи­тал (энда­у­мент);

5) қай­ы­рым­ды­лық гранттары;

6) кәсіп­кер­лік қыз­мет­тен алы­нған кірістер және заң­мен рұқ­сат беріл­ген басқа да табыс көздері.

Сон­дай-ақ заң­гер ерік­ті түр­де қай­ы­рым­ды­лық жаса­уды сұрай­тын қор­лар ҚР заң­на­ма­ла­рын­дағы қыл­мыстық жол­мен табы­лған заң­сыз табыст­ар­ды заң­да­сты­руға, тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­руға қар­сы талап­тар­ды сақта­уға мін­дет­ті екенін айта­ды. Яғни, олар өздерінің кіріс көзін бақы­ла­уы керек және олар жай­лы тиісті органға хабар­ла­у­ға міндетті.

Қор жеке шығын­да­ры­на қан­ша қар­жы жұм­сай ала­ды?

ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің мәлім­де­уін­ше, қай­ы­рым­ды­лық жаса­у­шы­лар кірістерді:

1) бір жыл­дың ішін­де бір рет неме­се бір­не­ше рет қай­ы­рым­ды­лық көмекке;

2) ұзақ мерзім­ді қай­ы­рым­ды­лық көмекке;

3) әле­умет­тік жар­на­ма­ны өткізу­ге жәрдемдесуге;

4) қай­ы­рым­ды­лық ұйы­мы­ның қыз­метін жүзе­ге асы­руға жұм­сай алады.

Қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры­ның әкім­шілік-басқа­ру­шы­лық шығын­да­ры­ның сома­сы заң­мен регла­мент­тел­ме­ген, оны сол ұйым­ның басқа­ру­шы орга­ны белгілейді.

Серік Бер­ка­ма­ло­втың айтуын­ша, жұмыс­шы­ларға жалақы төлеу қор шығын­да­ры­ның ішін­де қарастырылған. 

Қор кім­ге есеп беру­ге міндетті?

Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің мәлім­де­уін­ше, қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры жылы­на кемін­де бір рет орын­далған қай­ы­рым­ды­лық бағ­дар­ла­ма­сы тура­лы есеп­ті бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да неме­се қай­ы­рым­ды­лық ұйы­мы­ның интер­нет-ресур­сын­да жари­я­ла­у­ға мін­дет­ті. Есеп­те қай­ы­рым­ды­лық бағ­дар­ла­ма­сын орын­дау шең­берін­де­гі кірістер мен шығы­стар, қол жет­кізіл­ген мақ­сат­тар тура­лы қысқа­ша ақпа­рат қам­ты­луға тиіс. 

Сон­дай-ақ үкі­мет­тік емес ұйым­дар, соның ішін­де қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры жыл сай­ын 31 науры­зға дей­ін өз қыз­меті тура­лы есеп­ті Үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың мәлі­мет­тер база­сы­на (ҮЕҰ МБ) ұсынады. 

Атап өтер­лік жайт – «Асар-Уме» қай­ы­рым­ды­лық қоры өз есебін жыл сай­ын жари­я­лап отырады. 

Заң­гер қор қар­жы­сы тиісті мақ­сат­та жұм­са­луын сол ұйым­ның Қамқор­шы­лық кеңесі не Тек­се­ру комис­си­я­сы тек­се­ретінін айт­ты. Ал ақша қол­ды болға­ны аны­қтал­са, бұл іспен құқық қорғау орган­да­ры, атап айтқан­да, ҚР Қар­жы­лық мони­то­ринг агент­ті­гі айналысады. 

Сон­дай-ақ сарап­шы­ның айтуын­ша, ҚР Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодек­сте «Ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­дар тура­лы ҚР заң­на­ма­сын бұзу» атты 489–1‑бап бар. Мыса­лы, осы бап­тың бірін­ші бөлі­гін­де ұйым өз қыз­меті, құры­л­тай­шы­ла­ры, мүл­кі, кірісі және шығы­сы тура­лы дер кезін­де ақпа­рат бер­ме­се неме­се жалған ақпа­рат бер­се, ескер­ту жаса­ла­ты­ны жазылған.

Қан­дай жағ­дай­да қай­ы­рым­ды­лық қоры­ның қыз­метін тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар тек­се­ретінін білу үшін, Kazinform ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­на және ҚР Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гіне сау­ал жолдады.

Еске сала кетей­ік, бұған дей­ін Қор­лар қар­жы­ның қай­да жұм­салға­ны тура­лы есеп беру­ге мін­дет­ті екені тура­лы жазған бола­тын­быз.   Қаза­қ­па­рат

Республиканский еженедельник онлайн