Пятница , 4 июля 2025

ОРЫС ТІЛІ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫН неге«ТІСІМДІ ШЫҚЫРЛАТЫП» ҚОЛДАДЫМ?

* «Қаза­қстан­да орыс тілінің про­бле­ма­сы жоқ, қазақ тілін қол­да­ну­дың ғана зәрулі­гі бар».

Әртүр­лі интер­нет ресур­ста­рын­да Пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы қабыл­даған «Орыс тілі жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық ұйым­ды құру тура­лы шар­тты рати­фи­ка­ци­я­лау тура­лы» ҚР Заңы­ның жоба­сы­на қаты­сты сан-саққа алып-қашпа сөз айты­лу­да. Пошым­дап пер­гіле­ген пікір­лер ара­сын­да: «Бұл заң­ды депу­тат Ермұрат Бапи­дың қол­даға­нын түсін­бедім…» деген сыңай­дағы аң-таң сұрақ та бар екен.

Енде­ше түсін­діріп көрейін!

Пар­ла­мент Мәжілісінің 20 қара­ша (2024 ж.) күн­гі пле­нар­лық оты­ры­сын­да жария еткен тези­стерім­нің тігісін жазып, сәл-пәл толы­қты­рып, өз сай­ла­у­шы­ла­рым мен әле­ужелі әулетіне жет­кі­зуді жөн көр­дім. Ескер­те кетей­ін, күн тәр­тібін­де­гі бұл мәсе­ле Пар­ла­мент­тің пле­нар­лық бір оты­ры­сын­да ежел-жедел қабыл­да­на­тын болған­ды­қтан, сол жиын­ның үстін­де қол­ма-қол сөй­леу қажет бол­ды. Енді мен сол сөзім­ді тарқа­тып жазып, менің дауыс беру себебім­ді «Фейс­бук­те» «түсін­бе­ген­дер­ге» түсін­діріп бағайын.

Соны­мен, мен неге бұл құжат­ты қолдадым?

Бірін­ші кезек­те мен өз сөзім­ді қазақ қоға­мы­на арна­дым. Себебі «орыс тілі жөнін­де­гі» ұйы­мға қаты­сты заң қабыл­данған сәт­тен бастап, қоғам­да қар­сы­лық толқы­ны туын­дай­ты­ны мәлім. (Бүгін­де нара­зы пікір­лер туын­да­мақ түгілі, әле­умет­тік желінің бел­сен­ділері осы заң­ды қабыл­даған депу­тат­тар кор­пу­сын сатқын­дар қата­ры­на қосып қойған).

Әрине, бір жағы­нан бұны әбден түсі­ну­ге бола­ды: бірін­ші­ден, қаза­қтың өз тілі қарық бол­май жатқан сыңаржақ заман­да басқа­ның тіліне жік-жапар болға­ны­мыз – қай жетіс­кені­міз деген сұрақтың тууы заң­ды­лық. Қазақ тілі үшін шыр-пыр болған көп­тің аузы­на қақ­пақ бола алмайсың.

Екін­ші­ден, 300 жыл­дан астам уақыт Ресей­дің отар­лық езгісін­де болған халы­қтың нара­зы­лы­ғы – қисын­ды қар­сы­лық. «Қашанға дей­ін жал­тақтай­мыз, қашан тәу­ел­сіз елдің өз тілін төр­ге шыға­ра­мыз?» деген сұрақтарға мой­ын­сұн­басқа болмайды.

Үшін­ші­ден, Қаза­қстан­да «орыс тілінің» про­бле­ма­сы жоқ: бала­лар бақ­ша­сы­нан бастап, Ақор­даға дей­ін­гі шүл­дірі­міз – орыс тілі. Біздің тәу­ел­сіз елі­міз­де өзі­міздің қазақ тілінің ғана қол­да­ныс зәрулі­гі бар. Және бұл – елі­міз тәу­ел­сіздік алған 30 жыл­дан астам уақыт­та ешбір шеші­мін тап­паған проблема!

Сон­ды­қтан қоғам­ның бұл қар­сы­лы­ғын той­та­руға «тізе­ге салу» әдісі жүр­мей­ді. Бұны тиісті құзыр­лы уәкілет­ті орган­дар түсі­нуі және халы­ққа түй­сін­ді­ре білуі керек! Бұл даб­ы­ра­да әдет­те­гі­дей қоғам­ның сыны­на жау­ап беретін – депу­тат­тар бола­ды, бар­лық жұды­рық біз­ге тиеді, ал уәкілет­ті орган­дар «сен тиме­сең, мен тимен…» тәм­сілінің таса­сын­да тұрады.

Деген­мен, менің «орыс тілі ұйы­мын» қол­да­уға қаты­сты түй­сін­генім не еді?

Біз­де­гі «орыс тілін қол­дау» тақы­ры­бы орыс тілінің емес, сыр­тқы сая­сат­тың сыздап, солқыл­дап тұрған мәсе­лесіне айнал­ды. Бір анай­ы­лау тәм­сіл­ге тақа­тып айт­сақ, әсіре­се Ресей­ге қаты­сты дәл қазір­гі біздің сыр­тқы сая­са­ты­мы­здың нәзік­ті­гі сон­дай, ол маса­ның «сіді­гі» сияқты өте жіңіш­ке: біз сол жіңіш­келік­ті көз­бен көре алма­сақ та, көңіл­мен тоқи білуі­міз керек!

Нәзік бола­тын себебі – біздің атқа­ру­шы билік «орыс тілі» жөнін­де­гі ұйым­ды құру шар­ты­на қосы­луға еріксіз мәж­бүр екені­мізді ашық айта алмай­ды. Біз амал­сыздан «аш пәле­ден – қаш пәле» сая­са­тын ұста­нып оты­рға­ны­мы­зды мәй­мөң­ке­леп, «орыс әле­мін» ашын­ды­рып алмау үшін, май­да­лап сипатта­уға мүдделіміз.

Қаза­қстан­ның түсті­гін­де­гі жеті жарым мың шақы­рым­дық шека­ра­ның сыр­тын­дағы ел соғыс сой­қа­нын салып, тең­селіп тұрған гео­са­я­си әлем­де ядро­лық раке­та­сын кезеніп жүр­ген желік­пе кез­де біз­ге сол жіңіш­ке сая­сат­тың соқ­пағы­мен жүре тұру­дан басқа бала­ма жоқ. Бала­ма болар­лық мүм­кін­дік тапшы.

Алпа­уыт АҚШ-тың өзі Укра­и­наға алы­сқа ата­тын қаруын Ресей­дің ішкер­тін жағын атқы­ла­у­ға рұқ­сат­ты құдай­дың зары­мен әрең деген­де бер­генін ескер­сек, қан­сы­раған аюға біздің «мінез көр­се­тер» қауһа­ры­мыз қайсы?

Бұл рет­те тең­селіп тұрған қазір­гі әлем­дік гео­са­я­си жағ­дай­да Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сабыр­лы сыр­тқы дипло­ма­ти­я­лық сая­са­ты­на қан­дай аль­тер­на­ти­ва табуға бола­ды? Біз кім­ге білек күші­мізді білей­тін­дей жағ­дай­ы­мыз бар? Әле­ужелі­де­гі дал­ба­са даб­ы­ра­мен біз 7,5 мың шақы­рым­дық шека­ра­мы­зды қалай жауып тастай аламыз?!

Желі­де жел­дей есіп жүр­ген қоғам­дық пікір «сер­ке­лерінің» Қаза­қстан­ның Қару­лы Күш­тері қата­ры­на шақы­ры­луға тиісті жастар­дың әскер­ден қашып жүр­гені жөнін­де жазған дені дұрыс бір пост­тын оқы­сам, атым өшсін! Керісін­ше, ҚР заң­на­ма­ла­ры бой­ын­ша әске­ри боры­шын өте­уі тиіс қашқын жігіт­тер­ді көше­ден, вок­зал­дар­дан ұстап әке­ту мәж­бүр­лі­гін мазақ қылған виде­о­лар желілер­де өріп жүр. Пат­ри­от­тық жігер­ден жұр­дай осын­дай жалаң «жұды­рық түю­мен», кеу-кеулеп кіжі­ну­мен елі­міздің қауіп­сізді­гін біз қалай қорғай аламыз?

Соны­мен қатар «Ермұрат Бапи орыс тілін қол­дап­ты…» деген желі­де­гі жел­бе­гей жазғы­руға тағы да мына­дай аргу­мент айтқым келеді. Биы­лғы 2024 жыл­дың қаңтар – қазан ара­лы­ғын­дағы 9 айын­да Қаза­қстан 58 млн тон­наға жуық мұнай экс­порт­та­ды. Міне, осы экс­порт­тың 46 млн тон­на­сы, яғни 85 пай­ы­зға жуы­ғы Ресей­дің жері арқы­лы тар­ты­лған Кас­пий құбы­ры кон­цор­ци­у­мы (КТК) арқы­лы әлем­дік нары­ққа (Гер­ма­ния, Нидер­лан­ды, Ита­лия, т.б., Азия мен Афри­ка елдеріне) шыға­ры­лған. Басқа экс­порт­тық бағыт­тар­дың үлесі небәрі 12 %-дан аспай­ды. Біздің елдің бюд­жетіне 60 пай­ы­зға жуық кіріс осы мұнай экс­пор­ты­ның үлесі­нен келеді. Қазы­на­ның қар­жы­сын тол­ты­руға үлкен үлес қоса­тын сол 58 млн тон­на мұнай­дың 90 %-ы Ресей­дің Ново­рос­сийск теңіз пор­тын­дағы тер­ми­нал арқы­лы сыр­тқы нары­ққа экспортталады.

Ал енді тағы да еске алай­ық: осы­дан екі жыл бұрын сол Ново­рос­сий­ск­де­гі КТК тер­ми­на­лын­да екі рет апат бол­ды. Оның бірін­де біз бір айға жуық тасы­мал­ды тоқта­туға мәж­бүр бол­дық. Сон­да Қаза­қстан бюд­жетінің сарқы­луы­на себеп болар қатер туды­рған бұл апат дүлей табиғат­тың сал­да­ры­нан ғана бол­ды ма? Жоқ әлде сыр­тқы күш­тер­дің әсері, әлдебір дивер­си­я­лық әре­кет­тің сал­да­ры ма? Екі елдің ара­сын­дағы бір құбыр­дың көмей­ін біте­у­ге қазақ мұнай­ы­на мүд­делі үшін­ші бір елдің қастық жаса­уы мүм­кін бе? Егер нақақтан жасалған қастан­дық бол­са, ол апат­тың ұйым­да­сты­ру­шы Қаза­қстанға қан­дай сестің бел­гісін біл­дір­мек болды?

Міне, Қаза­қстан­дағы «орыс тілінің» мәсе­лесі бір тарап­тан сая­сат­тың сой­ы­лы­на айна­лып тұрға­нын; екін­ші тарап­тан дипло­ма­ти­я­лық сая­сат­тан басқа дәр­мен­нің жоқты­ғын осы сұрақтар­дың аста­ры­нан аңға­руға бола­тын сияқты. Біз бүгін­де елі­міздің төңіре­гіне төніп тұрған гео­са­я­си тәу­е­кел­дер­ді мешел мән­де емес, қатер­дің қою­ла­на түс­кенін салиқа­лы аза­мат­тық пай­ым­мен әлдеқай­да кеңірек түй­сіне білуі­міз керек.

Пле­нар­лық оты­ры­стағы экс­промт айты­лған сөзім­нің соңын­да былай деген едім: «Қоры­та кел­ген­де, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Ресей­ге қаты­сты сыр­тқы дипло­ма­ти­я­лық сая­са­ты­на дес беріп, осы заң жоба­сын тісім­ді шықыр­ла­тып оты­рып қол­дай­мын. Қоғам да бұл шешім­ге осын­дай түсіністік­пен қарай­ды деп үміттенемін»!

Міне, қан­сы­раған қаза­қтың тіліне ара­ша түсудің орны­на орыс тілін қол­дау қоры­ның құры­луы­на қар­сы бол­маған себебім осын­дай. Оры­стың тілі сыр­тқы сая­сат­тың сауда­сы болып тұр деуім­нің себебі осы еді. Иә, дау жоқ, Қаза­қстан­дағы қазақ тілінің «жаман жәутік» жағ­дайы да созыл­ма­лы дерт­ке айна­луы­на тағы сол сая­сат­тың «салқы­ны» тиген. Ель­ци­н­мен арақ ішіп, Путин­нің алдын­да частуш­ка биле­ген 30 жыл­дық «монстр» Назар­ба­ев­тың өзі де бұл дерт­тің ем-шеші­мін таба алмаған. Құдай­дың беті бір­жо­ла Укра­и­наға бұрыл­ма­са, «бұл соғы­ста Ресей­ді жеңу мүм­кін емес» деп, реал­ды мой­ын­да­уға мәж­бүр болған Тоқа­ев­тың тұсын­да да шешіліп кетуі неғайбыл…

Егер мен бұры­нғы­дай «көше­де ұран­дап жүр­ген» қызыл­көз оппо­зи­ци­я­шыл Бапи бол­сам да, Пре­зи­дент Тоқа­ев баста­ма­шы­лық жасаған осы халы­қа­ра­лық ұйым­ның құры­лу қисы­нын түсі­ну­ге тыры­сар едім. Себебі бізді аюдың апа­ны­на «Құдайы көр­ші» қылған тари­хи тағ­дыр­дың басқа реа­лы бол­май тұр… Біз елі­міздің тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы мен Қазақ деген халы­қтың қауіп­сізді­гін ессіз ере­ге­стің сауда­сы­на сала алмаймыз…

Ермұрат БАПИ,

21.11.2024

PS: Айт­пақ­шы, бұл рати­фи­ка­ци­я­лық заң жоба­сы­на 1 депу­тат қар­сы дауыс бер­ді, біре­уі қалыс қал­ды. Бір қызы­ғы, менің білуім­ше, еке­уі де «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның өкілі. Мен қар­сы бол­сам неме­се қалыс қал­сам, небәрі үш депу­тат бола­мыз. Нені быт-шыт қылған­дай едік?

Әрине, үше­удің бірі бол­сам, «Бапи қар­сы болып­ты…» деген қоғам­дық қол­пашта­удың қаһар­ма­ны бола­рым хақ. Қар­сы болу­дың қиын­ды­ғы жоқ, әр пле­нар­ка сай­ын жеке­ле­ген заң жоба­ла­ры бой­ын­ша көп­шілік­ке кереғар дауы­сты беріп жүр­сек те, пәлен­бай қар­сы боп­ты деп, «ата­лып өткен» кезі­міз болмаған.

Десек те, дәл осы «орыс тілін қол­дау ұйы­мы­на» қаты­сты құжатқа қар­сы бол­сам, бұным попу­лиз­мнің пошы­мы болып шығар еді. Себебі менің таны­мым­дағы түсінік басқа­ша – жоға­ры­да жазы­лған­дай. Қоғам­ның сын-сыба­уы­на қалам-ау деп, өз түй­сік-түсіні­гі­ме қар­сы шыға­тын әдетім жоқ еді…

Республиканский еженедельник онлайн