Пятница , 4 июля 2025

менің жауымның жауы – маған дос

Қанағат ЖҮКЕШ

Осы мақа­ла­да айтай­ын деген­дерім сұх­бат беру­шінің иде­я­ла­ры­нан емес, жур­на­ли­стің сұрақта­ры­нан туын­дап отыр.

Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи­ге жур­на­лист Жан­жі­бек Өмір­за­қо­ва мына­дай сұрақтар қой­ған екен:

– Не себеп­тен сіз оппо­зи­ци­яда 26 жыл жұмыс істе­ген­нен кей­ін Пар­ла­мент­ке кету­ге шешім қабылдадыңыз?

– Оппо­зи­ци­я­лық қыз­мет­тен Пар­ла­мент­ке ауы­суы­ңыз сіздің бұры­нғы прин­циптеріңіз­ден бас тар­туы­ңы­зды біл­ді­ре ме?

– Сіздің жақ­та­ста­ры­ңыз сізді «қар­сы жаққа ауы­сып кет­ті» деп жүр­ген жоқ па?

– Сіз жүй­енің бір бөлі­гіне айна­лып, тәу­ел­сізді­гіңізді жоғал­тып, бұған дей­ін өзіңіз сынап кел­ген­дер­дің «өз ада­мы­на» айна­лып кету­ден қоры­қ­пай­сыз ба? («ДАТ», 14.11.2024).

Қазір­гі таң­дағы сая­си кеңістік­те басы ашыл­май, бұқа­ра­лық сана­ны буал­дыр­ла­тып, көп­ке түсініксіз болып жүр­ген құбы­лы­стар­дың үлкені «Ескі Қаза­қстан» мен «Жаңа Қаза­қстан­ның» арақа­ты­на­сы, кім­нің кім­ге оппо­зи­ци­яда екен­ді­гін ажы­ра­та алмаудан туын­дап отыр. Бұлар жөнін­де мүл­дем кереғар, шатасқан пікір­лер нөпірі тола­стар емес. Депу­татқа беріл­ген сұрақтар­дың Жаңа билік Бұры­нғы­ның халы­ққа қар­сы сая­са­тын жалға­сты­ру­шы­сы кон­тексін­де құры­лға­ны көрініп тұр.

Басы ашық нәр­се – Ермұрат Бапидің ескі Қаза­қстан­да сая­си оппо­зи­ци­яда болған­ды­ғы ғана. Енді ол Пар­ла­мент­ке депу­тат болып сай­ланған­да кім дей­міз? Кей­бір адам­дарға түсініксіз болып жүр­гені осы болып отыр. Жур­на­ли­стің сұрақта­ры­ның ауа­ны­нан Е.Бапиді «оппо­зи­ци­ядан Пар­ла­мент­ке», демек, «қар­сы жаққа ауы­сып кет­кен», бұры­нғы «прин­циптері­нен бас тар­тып», жүй­енің «өз ада­мы­на айна­лып, тәу­ел­сізді­гін жоғал­тқан» адам деген­ге келетін кон­но­та­ция сезіледі.

Иә, Е.Бапи Пар­ла­мент Мәжілісіне депу­тат болып сай­лан­ды. Бұл – айғақ. Алай­да осы айғақ оның «халы­ққа қар­сы билік жағы­на өтіп кет­кенінің» дәлелі бола ала ма? Қатар­дағы қара нөпір­дің сана­сы­на сіңіріп алға­ны мынау: Назар­ба­ев пен Тоқа­ев – бір адам, олар­дың кей­ін­гісі алды­ңғы­сы­ның сая­са­тын жалға­сты­ру­шы, қоғам­да орын алып оты­рған заң­сызды­қтар­дың бәрін қазір­гі билік жасап отыр. Міне­ки, қазір­гі қаза­қтың сая­си аспа­нын жауып тұрған буал­дыр тұман осы­дан көрініс беріп отыр.

Сая­си соқыр­лық деген ұғым бар. Ол мем­ле­кет­тің ішкі және сыр­тқы сая­са­тын­дағы әре­кет­терінің мәнін ажы­ра­та алмаудан көрініс таба­ды. Олай бол­са, сөзді қазір­гі Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­ты­ның мәніне үңілу­ден бастай­ық. Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың билі­гі күшіне ене бастаға­лы, Ресей жаққа жығы­ла беретін, не сұра­са бере бере беретін, сұра­ма­са өзі апа­рып аузы­на тыға­тын, «жай­ы­лып төсек бола­тын» Бұры­нғы­ның әдет­теріне тосқа­уыл қой­ыл­ды. Пре­зи­дент Ресей­дің соңы­нан көз­сіз іле­с­пей­тінін көр­сетіп, ДНР, ЛНР деген ква­зи­мем­ле­кет­тер­ді таны­май­ты­нын ашық жари­я­ла­ды. Қаза­қстан мұнай­ын Ресей­ді айна­лып өтетін Каспий–Әзербайжан арна­сы арқы­лы еуро­па­лық тұты­ну­шы­ға төте жет­кі­зуді көз­де­ген шара­лар қолға алы­ну­да. Түр­ки­я­мен ынты­мақ­та­сып, Түр­кі елдер бір­ле­сті­гін құру иде­я­ла­ры енгізілу­де. Тая­у­да ғана Қаза­қстан БРИКС-ке ену­ден сыпайы түр­де бас тарт­ты. Атом электр стан­ци­я­сын салуға қаты­су­шы­лар­ды кон­сор­ци­ум фор­ма­сын­да ұйым­да­сты­ра­ты­нын жари­я­лап, Ресей­ді қағыс қал­дыр­ды. Пре­зи­дент Ресей­дің өктем­ді­гі жағ­дай­ын­да Қаза­қстан­ның мүд­десі тұрғы­сы­нан әре­кет етудің тама­ша үлгілерін көр­сетіп келеді.

Ресей­мен арақа­ты­на­ста атқа­ры­лып жатқан шара­лар­дың шынайы ұлы істер екен­ді­гін түсін­гісі кел­ген адам сол­түстік аюы­мен соңғы үш ғасыр бой­ғы арақа­ты­нас тарихы­на көз жүгір­туі керек. Ғала­мат қырғын­дар­дың, мил­ли­он­дар­ды жал­маған ашар­шы­лы­қтың, шет­ке қашу­лар­дың, ұлт ретін­де жой­ы­луға алып бара­тын әре­кет­тер­дің бәрінің қаза­ққа қай­дан кел­генін еске түсі­ру керек.

Дүни­е­жүзілік адам­зат қауым­да­сты­ғы­нан Ресей саяқ кетіп отыр. Ешкім оны­мен одақ­тасқы­сы кел­мей­ді. Өйт­кені Ресей­мен жақын­да­су қай елді бол­са да тығы­ры­ққа апа­рып тірей­ді. Ресей өрке­ни­ет­тік сая­си-құқы­қтық нор­ма­лар­мен өмір сүре алмай­тын, адек­ват­ты бола алмай­тын қаты­на­ста­ры­мен одақ­та­ста­рын маңы­нан үркітіп бол­ды. Енді өзінің жалғыз еме­сті­гін, жақтай­тын одақ­та­ста­ры бар екен­ді­гін көр­се­ту үшін, небір қитұрқы әре­кет­тер­ге бару­да. Бұл бағыт­та Ресей жиі қол­да­на­тын әдіс­на­ма­лар бар. Солар­дың бірі – досты­ққа мәж­бүр­леу. Бұл әдіс бұрын­нан Ресей­мен тағ­дыр­лас, шека­ра­лас елдер­ге қаты­сты қол­да­ны­лып кел­ген бола­тын. Негіз­гі қаруы сол елдің бас­шы­сын ком­про­мат­пен ұстау, ойдан шыға­ры­лған аумақтық талап, күш көр­се­ту және 5‑колоннаны пай­да­ла­ну (орыс әле­мін қорғай­мыз деген желе­умен). Осы­дан кей­ін Қаңтар қырғы­нын жасаған қан­дай күш­тер екенін, «екін­ші қаңтар­дың» желі қай жақтан соғып тұрға­нын түсі­ну қиы­нға соқ­па­са керек еді.

***

Ермұрат өзіне тән сая­си дүни­е­та­ны­мы­нан, ұста­ным­да­ры­нан айны­ған жоқ. Мұның мәніне үңіл­гісі кел­ген адам алды­мен Жаңа Қаза­қстан Ескі Қаза­қстан­ның жалға­сы емес екенін, Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың сая­са­ты­ның ел мүд­десі тұрғы­сы­нан жүр­гізіліп оты­рға­нын түсініп алуы керек. Ол Назар­ба­ев­тың тұсын­да билік­те­гі отан­са­ту­шы­лар мен жемқор­ларға қар­сы бол­са, қазір бұры­нғы орын­да­рын­да сіресіп оты­рған, сабо­та­ж­шы­ға айна­лып алған­дарға қар­сы әре­кет үстін­де жүр.

Бапи және басқа бір­не­ше теге­урін­ді депу­тат­тар Пар­ла­мент­ке сая­си көзқа­рас­та­рын ауы­сты­рып, халы­ққа қар­сы режім­ді қол­дап шыққа­ны үшін өткен жоқ. Пре­зи­дент­тің өзі сай­лау меха­низмдерін өзгер­те оты­рып, бұры­нғы режім­ге оппо­зи­ци­яда болған қай­рат­кер­лер­ді әділ сай­ла­у­мен тар­тып алды. Қазір Қ.-Ж. Тоқа­ев мажо­ри­тар депут­тарға сүй­ене оты­рып, бірік­кен күшпен жаңа сая­си стра­те­ги­я­лар­ды жүзе­ге асы­рып отыр.

Сая­си және құқы­қтық аялар­да жүріп жатқан про­це­стер­дің мәніне үңі­ле алмай­тын қатар­дағы Мырқым­бай «Енді­гі бастық Тоқа­ев­тың өзі емес пе, қолын­да тұр ғой. Неге Ана­ның ала­яқта­рын қуып шығып, әділ және кәсі­пқой маман­дар­ды оты­рғы­з­бай­ды» деп назаланады.

Н.Назарбаев кадр­ды ірік­теу мен басқа­ру­дың логи­ка­дан тыс тәсілін қол­дан­ды. Ол бар­лық лау­а­зым­дарға кері селек­ци­я­мен, кәсі­пқой­лы­ғы төмен, сая­си соқыр, мораль­дық ұсқын­сыз адам­дар­ды оты­рғы­зды. Сосын олар­ды дәм тат­ты­ру (жегі­зу) про­це­ду­ра­сы­нан өткізді. Осы­лай кез кел­ген жоға­ры лау­а­зы­мға өзі дай­ын­даған про­дук­ты­ның ком­про­мат­тағы қор­ты­қтың каби­нетіне есі­гін теуіп кіріп, сол жер­де қолы­на кісен сала­тын мүм­кін­дік­ке ие бол­ды. Бір­де оның кез кел­геніңді өз қолым­мен жетек­теп сотқа тар­та­мын деп, бүкіл халы­қтың көзін­ше масай­раға­ны ел есінде.

Қ.-Ж. Тоқа­ев ондай­ға бара алмай­ды, бәрін заңға сай атқа­ра­ды. Ал жоға­ры лау­а­зым­да оты­рған адам­ды орны­нан алуға ұзақ про­це­ду­ра керек. Заң­ды түр­де ол про­це­ду­ра­ны жүзе­ге асы­ру үшін, бел­гілі бір уақыт керек. Оған көп­те­ген адам қаты­са­ды, айғақтар тар­ты­ла­ды, себеп­тер тәп­ті­ш­те­леді, талқы­ла­у­лар өткізіледі, құжат­тар тол­ты­ры­ла­ды. Осы­ның бәрін атқа­ру­шы­лар – Ана­ның адам­да­ры. Олар бұры­нғы әдет­терін жалға­сты­рып, заң­ды әре­кет­тер жаса­удан бас тар­тып, екін­ші пре­зи­дент­тің нұсқа­уын шалағай орын­дап, көбіне орын­да­май, іс ақы­рын құр­ды­мға кетіріп отыр.

Халық мына­ны біліп алуы керек: «елба­сы­ның» кадр­ла­ры орын­да­рын­да әлі мығым отыр. Күштік құры­лым­дар­дағы шешу­ші пози­ци­я­лар­да сең бұзы­лған жоқ. Олар және тек оты­рған жоқ, «Жаңа Қаза­қстан­ның» арба­сы­ның дөң­ге­ле­гіне таяқ қысты­ру­мен бел­сен­ді айна­лы­сып отыр. Сая­си оппо­зи­ци­яға қысым, жазы­қ­сыз адам­дар­ды жаза­ға тар­ту­дың жалға­суы, нағыз қыл­мыс­кер­лер­дің құты­лып кетуіне сел­бе­су, елба­сы­ның туы­ста­рын қорғау,.. тағы басқа толып жатқан қитұрқы әре­кет­тер­дің бәрін жасап оты­рған солар.

Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың қолы­на билік толық өткен жоқ. Тран­зит жалға­су­да. «Ескі» және «Жаңа» Қаза­қстан ара­сын­дағы күрес әлі 20 жылға созы­ла­ды. Өйт­кені адам­дар өзге­ру­ге қабілет­сіз. «Жаңа Қаза­қстан­нан» бұры­нғы­дан жоға­ры лау­а­зым алып, есе­леп артқан жалақы­ға ие бол­са да, бала жастан әдет­тен­ген шене­унік сұға­нақты­ғын қой­май­ды. Отан­сатқы­штар жымысқы әре­кет­терін жалға­сты­ра береді. «Өткен­де талай халық мүл­кін қымқыр­дық, елге зия­ны­мыз тигені рас, енді оны­мы­зды қой­ып, ота­ны­мыз үшін аз да бол­са пай­да­лы іс жасай­ық» деген­ге әр мың адам­ның біре­уі ғана баруы мүм­кін. Қалған 999‑ы бала жасы­нан үйрен­ген пасы­қты­ғы мен ұрлы­ғын тастай алмай­ды. Әле­умет­тік пси­хо­ло­гия ғылы­мы­ның қағи­да­ла­ры бой­ын­ша солай.

Қ.-Ж. Тоқа­ев ұста­нып оты­рған бағыт Назар­ба­ев кла­ны­на өлім­ші соққы болып тиіп жатыр. Олар­дың былы­қты­рып кет­кен мұра­сын қай­та қарау қарқын­ды жүріп жатыр. Бұры­нғы пре­зи­дент­тің өзі және отба­сы мүше­лері зауал шақтың келіп қалға­нын сезіп, аго­ни­яға бой алды­рып, «суға кет­кен тал қар­май­ды­ның» күй­ін кешу­де. Осы­дан Қаңтар оқиға­сы­ның кім­нің қолы­мен, қан­дай мақ­сат­пен жасалға­ны, «екін­ші қаңтар­ды» дай­ын­дап жатқан реван­ш­шы­лар деген­дер­дің кім­дер екен­ді­гі түсінік­ті бол­са керек еді. Мұны бажай­лай алмау бұқа­ра­ның, соның ішін­де кей­бір жур­на­ли­стер мен бло­гер­лер­дің сая­си есең­гіреу күй­ін кешіп оты­рға­нын көрсетеді.

Қ.-Ж. Тоқа­ев үш оттың орта­сын­да, ауыр әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық аху­ал қыспағын­да жұмыс істеп отыр. Үш от деп оты­рға­ны­мы­здың бірін­шісі – Н.Назарбаевтың кла­ны, ол оты­рғы­зып кет­кен кеше­гі ком­про­мат­тағы қор­ты­қтар –бүгін­гі­са­бо­та­ж­шы­лар; екін­шісі – Ресей; үшін­шісі – аза­мат­тық қоғам­нан шыққан сая­си сау­ат­сыз жур­на­ли­стер мен блогерлер.

Әжептәуір зия­лы делі­нетін­дер­дің шынай­ы­лы­ғын­да «Жаңа Қаза­қстан» діт­теп оты­рған стра­те­ги­я­лар­дың мәнін түсіне алмауы үлкен қатер­ге әкеліп соқты­руы мүм­кін. «Жау жаға­дан алған­да, бөрі етек­тен» деген­дей, толып жатқан ақпа­рат беру­шілер­дің бұқа­ра­лық сана­ны бұрып, халы­қты қазір­гі билік­ке қар­сы бағыт­тап, іс жүзін­де реван­ш­шы­лар­дың билік­ке келуін дәріп­теп жүр­ген­дері үлкен сая­си-әле­умет­тік апатқа ұрын­ды­рай­ын деп отыр. Олар сая­си кеңістік­те­гі ойын­шы­лар­дың тұрғы­ла­ры­ның өзгеріп кетуі­нен, «менің жауым­ның жауы – маған дос» ком­би­на­ци­я­сы бой­ын­ша әре­кет­ке ауы­сып кет­кенін аңға­ра алмай отыр (олар­дың ара­сын­да Н.Қадырниязов, Ғ. Жакей, Д.Елгезек сияқты әжептәуір таны­мал жазғы­штар бар).

Е.Бапи «реван­ш­шы­лар тара­пы­нан «Жаңа Қаза­қстанға» нақты қауіп бар» екенін, олар «қазір жара­ла­рын жалап, қар­сы шабуы­лға дай­ын­да­лып жатқа­нын» айтып­ты. Нағыз сая­си көре­ген­дік деген осы. Қаза­ққа дәл осын­дай қатер төніп тұрға­нын сезін­беу, ол тура­лы ескер­те алмау кешіріл­мес тари­хи және сая­си қате болып шығар еді. Өйт­кені бұл қауіп Қаза­қстан үшін XVIII ғасыр­дағы «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқа­көл сұла­ма­дан» да, ХХ ғасыр­дағы ком­му­ни­стер­дің «ұлт­тар­ды қосып, тіл­дер­ді жою» ұра­ны­на ілесіп кет­кен халы­қтың ессіз масай­ра­уы­нан да сұра­пыл болай­ын деп тұр. Бұл жолы да біз Шекс­пир сұрағы­на тіреліп тұр­мыз: «Бола­мыз ба, бол­май­мыз ба?». «Екін­ші қаңтар» Дамо­кл қылы­шы сияқты қаза­қтың төбесін­де сал­бы­рап тұр.

Республиканский еженедельник онлайн