Пятница , 4 июля 2025

ШЕТЕЛДЕ ШӨГІП ҚАЛАТЫН мұнайдың маржасын ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНА ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Осы апта­ның дүй­сен­бі күні ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де елі­міздің мұнай сала­сын­дағы жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты Үкі­мет­тік сағат­та депу­тат Ермұрат Бапи­дың сөй­ле­ген сөзін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

«Елдің иесі – билік, жер­дің иесі – қазақ» деген тәм­сіл бар. Билік бүгін келеді, ертең кете­ді, ал қазақ пен оның жері мәң­гілік қалады.

Біздің бұры­нғы билік жер­дің үстін сатып бітір­ді. Тіп­ті жер­дің үстін­де­гі басқа бай­лы­қты айт­паған­да, ауыл­дағы қаза­қтың азын-аулақ малын баға­тын жер қал­ма­ды. Қаза­қтың бай­лы­ғын тонаған клеп­то­крат­тарға қара­та: «Ұрлық-қары­лық қылған бай­лы­ққа той­ы­на­тын бол­дың ғой, енді жөніңе кетіп, қалған-құтқан­ды халы­ққа қал­дыр­шы!» деп, амал­сыздан қақ­пан­дағы қасқыр­дай ұлы­ғың келеді.

Енді, міне, жаңа билік­тің зама­нын­да жеке­ле­ген оли­гарх­тар жер­дің астын, пай­да­лы қаз­ба бай­лы­қты сату­ды әлі де жалға­сты­рып жатыр деген деректер бар. Бұл әсіре­се мұнай­ға қаты­сты мұң­ды тақы­рып болып тұр.

«ДАТ» газеті бір мүше­сі сана­ла­тын «ICIJ» Жур­на­ли­стер­дің халы­қа­ра­лық тек­се­ру кон­сор­ци­у­мы­ның зерт­те­уі бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның мұнайы мен мұнай өнім­дерін сыр­тқы нары­қта шетел­дер­де тір­кел­ген әртүр­лі ком­па­ни­я­лар сауда­лай­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық талап негізін­де халы­қтық мен­шік сана­ла­тын біздің пай­да­лы қаз­ба өнім­дерінің экс­пор­ты­на неге әлдебір түсініксіз субъ­ек­тілер иелік етуі тиіс? Мәсе­лен, қазақ мұнай­ын әлем­дік нары­қта сауда­лай­тын ең ірі «Vitol» ком­па­ни­я­сы Швей­ца­ри­яда тір­кел­ген. «Қаз­Мұ­най­Газ Трей­динг» ком­па­ни­я­сы да сол Швей­ца­ри­я­ның резиденті.

Сол сияқты «Тен­гиз­Шев­рОйл» өндіретін Теңіздің мұнай­ын Нидер­лан­ды елін­де тір­кел­ген «КҚаз­Мұ­най­Газ-Финанс» трей­дері экс­порт­тық саудаға шығарады.

Қашаған­ның мұнай­ын тағы бір­не­ше шетел­дік ком­па­ния экс­порт­тай­ды. Дәл сол сияқты трей­дер­лер: «Еура­зи­а­нОйл» мен «Пет­ро­Чай­на Интер­неш­нл» – Син­га­пур­да тіркелген.

Шетел­дер­де тір­келіп, ішкі қаза­қстан­дық нарық пен әлем­дік баға ара­сын­дағы мұнай­дың маржа­сы­нан түс­кен пай­да­ның қызы­ғын көріп оты­рған ондаған шетел­дік ком­па­ния бар. Тағы да сол «АйСи­Ай­Жи» кон­сор­ци­у­мы­ның зерт­те­уіне қараған­да, бұл көп­шілік­ке бел­гілі «Vitol» сауда-трей­дер­лік ком­па­ни­я­сы­ның иесі – аты-жөні әйгілі оли­гарх Тимур Құлы­ба­ев. 22 шет мем­ле­кет­те тір­кел­ген 200-ден астам ком­па­ни­яда Тимур мен оның коман­да­сы­ның үлесі бар екен.

Той­ым қай­да? Қанағат қай­да? Халы­ққа да бір­деңе қал­ды­ру керек қой!

Жуы­қта Тимур Құлы­ба­ев тағы да 500 мил­ли­ард­тан астам актив­ті ақша­лай қай­та­рып бер­ді деген сыбыс бар. Бір мил­ли­ард дол­лар баға­мы­на сәй­кес бұл актив Тимур­дың ком­па­ни­я­лар тобы 20 жыл­дан астам уақыт бойы шет­ке шығарған бай­лы­қтың оннан бір бөлі­гі болар ма екен?

Ал енді көп­шілік­ке бел­гілі: біздің елдің мұнайы СВОП сауда тәр­тібі бой­ын­ша шека­раға дей­ін ішкі қаза­қстан­дық нары­қтың баға­сы­мен саты­ла­ды да, шека­ра­дан ары­да мұнай­дың әлем­дік баға­сы бой­ын­ша сауда­ла­на­ды. Екі ара­лы­қтағы мар­жа шетел­дер­де тір­кел­ген трей­дер­дің пай­да­сы­на түседі неме­се офшор­лар мен шетел­дік банк­тер­де шөгіп қалады.

Бұл екі ара­да және биы­лғы жылы біздің ел тар­тқан табиғи апат­тан мем­ле­кет­тік бюд­жет орас­ан зор тап­шы­лы­ққа тап бол­ды, енді елдің әле­умет­тік сұра­ны­сын өтеу үшін, Ұлт­тық қорға қол сал­дық. Тіп­ті бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамау үшін, шетел­дік банк­тер­ден несие алып (тая­у­да ғана Еуро­па рекон­струк­ция және даму бан­кі­нен алған бір мил­ли­ард дол­ларға жуық инве­сти­ци­я­ны есіңіз­ге алы­ңыз), елі­міздің сыр­тқы қары­зын тағы да есе­лей түстік. Дәл қазір елдің бюд­жет­тік және әле­умет­тік сұра­ны­сын өте­удің қосым­ша екі жолы бар: бірі – ұрланған актив­тер­ді жедел түр­де елге қай­та­ру; екін­шісі – елде­гі пай­да­лы қаз­ба­лар­ды сыр­тқы нары­қта сауда­лау тәр­тібін мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сын­да тәр­тіп­ке кел­тіретін біре­гей опе­ра­тор құру.

Пай­да­лы қаз­ба деген­де, мұнай мен газ­дан басқа, поли­ме­талл­дың, хром­ның, қорға­сын мен мыры­штың, сирек кез­де­сетін металл­дың нақты экс­пор­тық-қар­жы­лық есебі қоға­мға тағы да беймағлұм.

Мен был­ты­рғы жылы газ экс­пор­ты­на қаты­сты депу­тат­тық сау­ал жол­дап, оли­гарх-күй­еу Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың Қаза­қстан­дағы ком­па­ни­я­сы мен оның қызы­ның аты­на шетел­де тір­кел­ген трей­динг ара­сын­да ымы­ра барын айтып, ішкі нарық пен әлем­дік баға ара­сын­дағы пай­да жеке қал­таға түсіп жатқа­нын тек­се­руді талап еткен едім. Оған Бас про­ку­ра­ту­ра әдет­те­гі­дей бастан-аяқ жал­тар­ма жау­ап бер­ді. Сол сияқты өткен жыл­да­ры біз Ресей­мен біре­гей газ нары­ғын құр­дық. Бірақ, мыса­лы үшін, Ресей біздің газ­дың тек­ше мет­рін 40–50 дол­ларға ала­тын бол­са, әлем­дік нары­ққа 300–350 дол­лар­мен сатып отыр. Айыр­ма­шы­лық жер мен көктей.

Біз осын­дай әділет­сіз және халық үшін қия­нат­ты сауда­ның, әлдекім­дер­ді қисап­сыз бай­ы­тып оты­рған сауда-сат­ты­қтың жолын кесіп, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды экс­порт­та­удың біре­гей Ұлт­тық опе­ра­то­рын құруы­мыз керек. Біз­де мұнай өндіретін ұлт­тық ком­па­ни­я­мыз бар; мұнай және мұнай өнім­дерін тасы­мал­дай­тын ұлт­тық опе­ра­тор бар; енде­ше сол өнім­ді сыр­тқы нары­қта сауда­лай­тын біре­гей ұлт­тық орта­лық неге жоқ?

Біз осын­дай ортақ орта­лық құрған­да ғана шикі­зат экс­пор­тын халы­қтық мүд­де тұрғы­сын­да рет­теп, бюд­жет­тің түсі­мін түген­дей ала­мыз. Егер бұл рет­те тиісті заң­дарға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу қажет бол­са, Пар­ла­мент Үкі­мет­тің ұсы­ны­сын дереу қарас­ты­рып бере­рі даусыз.

Республиканский еженедельник онлайн