Понедельник , 30 июня 2025

Тәуелсіздік таңын жақындатқан Ж Е Л Т О Қ С А Н

Қай халы­қтың бол­сын тарихын­дағы еле­улі оқиға­лар сол халы­қтың бола­шағы­на айтар­лы­қтай өзгеріс әке­леді, келе­ше­гін айқын­дай­ды, тағ­ды­рын­да айшы­қты із қал­ды­ра­ды. Қазақ тарихын­дағы сон­дай оқиға­лар­дың бірі – 1986 жылғы жел­тоқ­сан айын­да бүкіл Қаза­қстан­ды қам­ты­ған қазақ жаста­ры­ның қозға­лы­сы. Біре­улер оның көле­мін тары­л­тып, тек Алма­ты қозға­лы­сы­мен шек­тей­ді, екін­шілері оның сая­си мәнін төмен­детіп, жай ғана «оқиға» деп санай­ды, ал енді үшін­шілері оны ХХ ғасыр­дың мән­ді құбы­лы­сы деп атап, КСРО сияқты супер­дер­жа­ва­ның күй­ре­уінің баста­уы санайды.

Өкініш­ке орай, әйгілі осы про­цес­ке не сая­сат­кер­лер тара­пы­нан, не ғалым­дар тара­пы­нан тұщым­ды баға әлі беріл­ген жоқ. Біздің түсіні­гі­міз­ше, тари­хи оқиғаға баға беретін – халық. Өйт­кені тарих­ты жасай­тын – сол халы­қтың өзі. Ал ғалым­дар тек соның тұжы­ры­мын жасай­ды. Жел­тоқ­сан қозға­лы­сы­на Үкі­мет­тен ресми баға күтудің реті жоқ сияқты. Ал халы­қтың ара­сын­да Жел­тоқ­сан-86-ға көтеріліс деген баға беріліп қой­ған. Өткен ғасыр­дың сонау дүбір­лі жыл­да­ры тура­лы жазы­лған көр­кем туын­ды­лар да, ғылы­ми шығар­ма­лар да – соның айқын дәлелі.

Бүкі­ло­дақтық бас­пасөз бет­терін­де алаңға шыққан жастар «бұза­қы­лар», «арам­та­мақтар», «қоға­мға жат адам­дар», «нашақор­лар», «шек­тен шыққан ұлт­шыл­дар» деп баға­ла­нып, олар­дың әре­кеті «оқиға» деп тыр­нақ­шаға алын­ды. Жаңа заман­да ел ішін­де­гі құбы­лы­сты жасы­рын ұстау мүм­кін бол­май қал­ды. Кеңес Одағын­да болған мұн­дай оқиға әлем­ді дүр сіл­кін­дір­ді. Хель­син­ки тобы мұны «толқу» деп атап, оны тыр­нақ­шаға алды.

1986 жылғы оқиға­ның бүге-шүгесіне дей­ін зерт­теу мақ­са­тын­да құры­лған Қазақ ССР Жоға­ры Кеңесі Пре­зи­ди­у­мы­ның Мұх­тар Шаха­нов басқарған арна­у­лы комис­си­я­сы­ның ұзақ және жемісті еңбе­гінің арқа­сын­да біраз дүниенің беті ашыл­ды. Жел­тоқ­сан құбы­лы­сын комис­сия «толқу», «қақты­ғыс» деп баға­лап, жоға­ры­да аталған Хель­син­ки тобы­ның пікіріне қосылды.

Сол жыл­да­ры Жел­тоқ­сан-86 оқиға­сын зерт­те­умен айна­лы­сқан бел­гілі жур­на­лист Қай­ым-Мұнар Табе­ев оны Ресей тарихын­дағы 1825 жылғы декаб­ри­стер бүлі­гі­мен салы­сты­рып, алғаш рет «көтеріліс» тер­минін пайдаланды.

Жазу­шы аға­мыз Әбіш Кекіл­ба­ев та тұңғыш рет Жел­тоқ­сан­ның ста­ту­сын аны­қта­уға тыры­сты. Оны Жел­тоқ­сан про­бле­ма­сын зерт­теп жүр­ген Қоста­най педа­го­ги­ка инсти­ту­ты­ның про­фес­со­ры, тарих ғылы­мы­ның док­то­ры Аман­жол Күзем­бай­дың тұжы­рым­да­ма­сы­нан бай­қа­уға болады.

– 1986 жылғы жел­тоқ­санға аны­қта­уыш ретін­де «Жел­тоқ­сан толқуы», «Жел­тоқ­сан оқиға­ла­ры» «Жел­тоқ­сан оқиға­сы» сияқты ұғым­дар ата­лу­да. Ал Кекіл­ба­ев көке­міз Жел­тоқ­сан 1916 жылғы­дай «Орта­лы­қтың бір ғана озбыр­лы­ғын пай­да­ла­нып, күл­лі ұлт­тық бол­мысты түгелі­мен шай­қап, жаңа сапа­лық өре­ге көтер­гені үшін «1986 жыл­дың жел­тоқ­сан оқиға­сын көтеріліс деп те пай­да­ла­нуға бола­ды» деген болжам жаса­ды. Оқиға­ның ұйым­да­сты­рыл­маға­ны­на қара­ма­стан, сал­да­ры жағы­нан өзі­нен кей­ін­гі бүкіл бір ұлт, бір елдік ауқым­дағы әле­умет­тік про­це­стер­ді алдын ала аны­қтап бере ала­ды деп санай­ды жазу­шы аға­мыз. Әбе­кеңнің мұн­дай пай­ы­мы бізді «көтеріліс» деген тұжы­ры­мға сіл­те­ген­дей көрінді.

Осы тақы­ры­пқа алға­шқы­пар­дың бірі болып қалам тар­тқан кәсі­би тарих­шы, ака­де­мик Манаш Қаба­шұ­лы Қозы­ба­ев еді. Ака­де­мик 1986 жылғы Қаза­қстан жел­тоқ­са­нын Ресей­де­гі 1905 жылғы Санк-Петер­бург­тағы қан­ды жек­сен­бі мен Москва­дағы жел­тоқ­сан­да болған қару­лы көтеріліс ара­сы­на ана­ло­гия жүр­гізді. «1986 жыл­дың 16–18 жел­тоқ­са­нын­да Қаза­қстан аста­на­сын­да болған қан­ды шай­қас халқы­мы­здың тарихы­на тоң-тоң болған шері мен мұңы бар, қат­пар-қат­пар сыры бар күн­дер болып мәң­гі хат­та­ла­ды» деп жаз­ды ол. Осы бір тари­хи құбы­лыс пер­десі әлі толық ашыл­мау себеп­теріне тоқтал­ды. «Бірін­ші­ден, бей­біт демон­стра­ци­яға, мани­фе­ста­ци­яға шыққан шын мәнін­де­гі рефор­ма­тор ұрпақтың өкіл­дерін қанға бөк­ті­ру про­цесіне қаты­сқан­дар әлі ара­мы­зда. Екін­ші­ден, жүйе алға­шқы жыл­да­ры Жел­тоқ­сан қозға­лы­сы­на бай­ла­ны­сты негіз­гі деректер­ді құр­тып үлгер­ді. Үшін­ші­ден, 1986 жылғы жел­тоқ­сан про­бле­ма­сын зерт­те­у­ге тарих­шы­лар, қоғам­та­ну­шы ғалым­дар әлі ара­ласқан жоқ. Өйт­кені фак­тілер жина­лып, одан оқиға, оқиға­лар­дан құбы­лыс, құбы­лы­стар­дан тари­хи заң­ды­лық өрбіту үшін, уақыт­тың ұза­руы керек» деді ол. Манаш Қаба­шұ­лы шығар­ма­сын­да қозға­лыс пен көтеріліс аны­қта­уы­шта­рын қатар пайдаланған.

Осы қозға­лы­стың ең басты зерт­те­ушісі және 2016 жылы Аста­на­да өткізіл­ген «Қаза­қстан­дағы Жел­тоқ­сан (1986) көтерілісінің тари­хи және халы­қа­ра­лық маңы­зы» кон­фе­рен­ци­я­сын ұйым­да­сты­ру­шы, Қаза­қстанға еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер, заң ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Сабыр Қасы­мов сонау 1996 жылы өткен Жел­тоқ­сан-86-ның он жыл­ды­ғы­на арналған бірін­ші ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­яда бұл тари­хи құбы­лы­сқа «көтеріліс» деген толы­қтай ғылы­ми аны­қта­ма берді.

Осы пікірін өзінің газет тіл­шілеріне бер­ген сұх­ба­ты мен мақа­ла­ла­рын­да бір­не­ше рет қай­та­ла­ды. Ол Жел­тоқ­санға тек құқы­қтық баға мен қоры­тын­ды беріп қана қой­май, соны­мен қатар маңы­зды сая­сат­та­ным­дық ұсы­ны­стар мен тұжы­рым­да­ма­лар жаса­ды. Мыса­лы, ол «Жел­тоқ­сан» фено­менін жастар­дың көр­сет­кен жап­пай батыр­лы­ғы және отан­сүй­гі­штік сезім­нің ең жоға­ры дең­гейі деп есеп­тей­ді. Сай­ып кел­ген­де, Жел­тоқ­сан­ның сол бір ызғар­лы күн­дерін­де халқы­мыз, оның ішін­де қазақ жаста­ры бостан­ды­ққа ұмты­лу­дың жан аямас сер­пілісін көр­сет­ті. Қазақ жаста­ры­ның ызғар­лы жел­тоқ­сан кезін­де­гі ерлі­гі тура­лы жаз­баған газет-жур­нал жоқ шығар. Ол ондаған ғылы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар­дың тақы­ры­бы­на айнал­ды. Бірақ, өкініш­ке орай, бір­де-бір дис­сер­та­ция қорғал­маған, бір­де-бір моно­гра­фия жазыл­маған. Ұлты­мы­здың ерлі­гін бүкіл әлем­ге паш еткен қазақ жаста­ры­ның тари­хи ерлі­гі осы­лай­ша елен­бей қала бере ме?

 Мәс­ке­улік билік қазақ қоға­мын басқа­ру, сон­дай-ақ оның қоғам­дық өмірін түбе­гей­лі қай­та құру ісін бүтін­дей өз мін­детіне ала оты­рып, оны жүзе­ге асы­ра­тын жос­па­ры да бол­ма­ды, оған ниет те біл­дір­меді. Орта­лы­қтың мұн­дай күр­делі іске даяр­лы­қ­сызды­ғын көп ұза­май өмір­дің өзі көр­сетіп бер­ді. 1929–1932 жыл­да­ры Қаза­қстан­да кеңе­стік рефор­ма­лық шара­ларға қар­сы ұйым­да­сты­ры­лған 372 қару­лы бас көте­ру­лер, көтерілістер – кеңе­стік билік­тің негіз­сіз рефор­ма­ла­ры­на қара­пай­ым халы­қтың көр­сет­кен қар­сы­лы­ғы болатын.

Кезін­де 1920 жылы 17 мамыр­да А.Байтұрсынұлы Ленин­ге жол­даған хатын­да Совет үкі­меті орта­лық пен жер­гілік­ті халық ара­сын­да өза­ра сенім орны­қты­ра алмай отыр деген ойды ашық біл­дір­ген бола­тын. Ал 1986 жылғы 17–18 жел­тоқ­сан күн­дері Алма­ты­дағы Орта­лық алаң­да және бүкіл ел көле­мін­де болып өткен қан­ды қақты­ғы­стар мен толқу­лар, қан­ша жыл­дар өтсе де, Кеңес үкі­меті мен қазақ ұлты ара­сын­да өза­ра сенім­сіздік­тің сол күй­ін­де қалған­ды­ғы­ның нақты айғағы болып табылды.

Қазақ жаста­ры­ның көтерілісі елі­міз­ге сырт­тан әкелін­ген бас­шы­ның орыс болған­ды­ғы­нан емес, Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік, ұлт­тық мүд­десінің ескеріл­ме­уі­нен туын­да­ды. Мұны 17 жел­тоқ­сан күні шеру­ге шыққан жастар­дың қол­да­ры­на ұстаған «Ешқан­дай ұлтқа ешқан­дай арты­қ­шы­лық бол­ма­сын!», «Ұлт сая­са­ты­ның ленин­дік ұста­ны­мын сый­ла­уды талап ете­міз!» деген ұран­дар айғақтайды.

Жел­тоқ­сан көтерілісі – кеңе­стік Қаза­қстан тарихын­да ерекше орын ала­тын бет­бұры­сты кезең. Ол ұлт­тық рух­тың жаңғы­ру, қай­та түлеу үдерісінің басы, ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның жаңа саты­ға көтеріл­гені. Ол халы­қтың дүни­е­та­ны­мы­на, өміріне әсер етіп, ұлт­тық сана­ны өсір­ді, азатты­ққа ұмты­лы­сты жандандырды.

Жел­тоқ­сан көтерілісі Қаза­қстан­ды жаңа әлем­дік кеңістік­ке алып шықты. Баты­стың демо­кра­ти­я­лық күш­тері кеңе­стік тота­ли­та­риз­мнің зор­лық-зомбы­лы­ғын айып­та­ды. Жел­тоқ­сан көтерілісі Одақ көле­мін­де жалға­сын тап­ты. Одақтың құл­ды­ра­уы­на, ыды­ра­уы­на әкел­ді. Одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гін жари­я­ла­у­ы­на мол мүм­кін­дік бер­ді. Тби­ли­си­де, Баку­де, Виль­ню­сте, Рига­да, Сум­га­ит­те және өзі­міздің басқа қала­лар­да тота­ли­тар­лық жүй­е­ге қар­сы оқиға­лар өрбіді. Осы­лай­ша, біздің Жел­тоқ­сан рес­пуб­ли­ка шең­бері­нен шығып, Евра­зи­я­лық сипат алды. Жоға­ры­да аталған халы­қа­ра­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы­лар – Поль­ша­ның Қаза­қстан­дағы бұры­нғы елшісі Вла­ди­слав Соко­лов­ский, Түр­ки­ядағы Эрджи­ес уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Абдул­ка­дир Юва­лы, Вен­грия рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қаза­қстан­дағы төтен­ше және өкілет­ті елшісі Андраш Бара­ни «көтеріліс­ке қаты­су­шы­лар­ды билік аяу­сыз қуда­ла­у­мен бір­ге азаптап түр­ме­ге жап­ты. 1986 жылы жел­тоқ­сан­да Алма­ты­да сон­дай жағ­дай бол­ды. Жел­тоқ­сан көтерілісі – соның дәлелі» деген тұжы­рым жаса­ды және олар біра­уы­здан өздері қабыл­даған қарар­да қазақ жаста­ры­ның әре­кетіне көтеріліс деген аны­қта­ма берді.

Аталған кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы тарих ғылы­мы­ның док­то­ры, про­фес­сор Хан­гел­ді Әбжа­нов Жел­тоқ­сан көтерілісін былай­ша сипаттап өтті:

– Ия, Жел­тоқ­сан көтерілісі ұлт тарихы­ның қастер­лі де қасірет­ті бет­терін жаз­ды. Ол ғасыр­ларға созы­лған отар­лау мен тота­ли­тар­лық зор­лық-зомбы­лы­қтан қазақ халқы­ның сүрін­се де жығыл­маға­нын, өршіл рух­ты азатты­қты аңсай­ты­нын бар­ша әлем­ге паш етті. Ол ұлт мұра­ты мен мүд­десі­нен, жер мен елді сақта­удан биік ешқан­дай құн­ды­лы­қтың болуы мүм­кін еме­сті­гін дәлел­деді. Жел­тоқ­сан халы­қтың ұйы­тқы­сы да, қорға­ны да өз орта­сы­нан шыға­ты­ны­на, сын саға­тын­да сын­баған­дар шын асыл екеніне көз жеткізді.

Ол қазақ халқы­ның бола­шағы да, бола­шағы­на есік­ті ашқан да жастар екенін мой­ын­дат­ты. Өткен ғасыр басын­да ұлы ақын Мағ­жан Жұма­ба­ев «Мен жастарға сене­мін» деп, сәу­е­гей­лік­пен жар салған бола­тын. Ғасыр соңын­да қазақ жаста­ры сол сенім үдесі­нен шыға біл­ді. Ұрпақтар сабақ­та­сты­ғы деп осы­ны айтуға болады.

Сөз жоқ, қазақ жаста­рын талай ұлт­тық мәсе­ле­лер ойлан­ды­рған. «Неге мен ана тілім­де білім ала алмай­мын? Неге қазақ мек­теп­тері аз? Неге қазақ тілі өмір­дің көп­те­ген сала­ла­рын­да қол­да­ны­стан ығы­сты­ры­лған?» деген сияқты сау­ал­дар тота­ли­тар­лық билік­ке қар­сы іштей нара­зы­лық туғы­зға­ны жасы­рын емес.

Жел­тоқ­сан көтерілісінің сабағы сол қор­да­ланған ұлт мәсе­лесін жария етіп қой­май, соны­мен бір­ге тәу­ел­сіздік таңы­ның атуын да тездетті.Тәуелсіздіктің арқа­сын­да ұлты­мы­зға қаты­сты мәсе­ле­лер шеші­мін таба баста­ды. Ұлт үшін, тіл үшін біраз шару­а­лар істелініп жатыр. Деген­мен, қазақ қар­ны­ның ашқа­ны­нан гөрі, мем­ле­кет құру­шы ұлт ретін­де қадірінің қашқа­ны­на ренжулі.

Егер қазақ мем­ле­кетін­де­гі өткір ұлт мәсе­лесін айта­тын бол­сақ, қазақ мем­ле­кеті жөнін­де про­бле­ма туын­дай­ды. Мұн­дай про­бле­ма көп­шілік­ке ой сала­ры анық. Бүкіл ұлт­ты ойлан­ды­рып, толған­ды­рған про­бле­ма бір­те-бір­те іс-әре­кет­ке әке­летіні заңдылық.Сондықтан Жел­тоқ­сан оқиға­сын – бей­біт сипаттағы көтеріліс деп айтуға негіз бар. Алма­ты­ның Орта­лық алаңы­на шыққан жастар­дың қолын­да ешқан­дай қару болған жоқ.

Жел­тоқ­сан көтерілісін осы­лай ата­уы­мы­зға Аль­берт Эйн­штейн инсти­ту­ты осын­дай құбы­лы­сты «аза­мат­тық көтеріліс» неме­се «күш қол­дан­бау көтерілісі» деп аны­қта­уы себеп болып отыр. Өкініш­ке орай, көтеріліс тарих­шы­лар тара­пы­нан да, мем­ле­кет тара­пы­нан да әлі күн­ге дей­ін лай­ы­қты баға­сын алған жоқ. Жел­тоқ­сан­ның ақиқа­ты бүгін­ге дей­ін «жабу­лы қазан» күй­ін­де қалуда.

Жел­тоқ­сан көтерілісі кеңе­стік отар­шыл­дық сая­сатқа қар­сы алға­шқы көтеріліс еді. Бұдан 38 жыл бұрын ол үлкен тари­хи сіл­кініс бол­ды. Оны сол заман­да ой еле­гі­нен өткі­зу оңай емес-ті. Сол кез­де­гі жари­я­лы­лық, демо­кра­ти­я­лық иде­яға сен­ген қазақ жаста­ры қара күш иесі кеңес арми­я­сы­ның теп­кісін­де қаза­қтың ұлт­тық иде­я­сы тап­талға­ны­на анық көз жет­кізді. Бұл көтеріліс – Кеңес Одағын құр­ды­мға кетіру­ге бастау болған және құра­мын­дағы бодан халы­қтар­дың азаттық қозға­лы­ста­ры­на дем бер­ген тари­хи құбы­лыс. Ұлт­тық рух­ты көтеріп, тәу­ел­сіздік­ке жетуі­міз­ге сер­пін бер­ген бұл көтерілістің тарих­тағы орнын жоға­ры баға­ла­у­ы­мыз керек. Жел­тоқ­сан көтерілісі – бір­не­ше ғасы­рға созы­лған ұлты­мы­здың тәу­ел­сіздік­ке жету жолын­дағы жан­ке­шті ұлт-азаттық көтерілістерінің сабақ­та­стық жалға­сы және биік шыңы. Өйт­кені Жел­тоқ­сан бізді тәу­ел­сіздік­ке жет­кізді. Мұны ешқа­шан ұмы­туға болмайды.

Қазір қаза­қтың тарихы ұлт­тық көзқа­рас­та жаңа­ша жазы­луы керек деген талап қой­ы­лу­да. Енде­ше Жел­тоқ­сан ұлт-азаттық көтерілісіне бай­ла­ны­сты бұр­ма­ланған фак­тілер­ді қай­та­дан зер­де­леу, жіберіл­ген қателік­тер мен кем­шілік­тер­ді қай­та қарап, тари­хи баға­сын беру, жел­тоқ­сан­шы­лар­дың мәр­те­бесін аны­қтау сияқты мәсе­ле­лер­ді қолға алып, бір шешім­ге келетін уақыт жет­ті. Ұлт­тық маңы­зы бар осын­дай мәсе­ле­де самарқа­улық пен салғырт­ты­ққа жол беру­ге болмайды.

Ал осы Жел­тоқ­сан көтерілісінің деректерін мек­теп­тер мен жоға­ры оқу орын­да­ры­ның бағ­дар­ла­ма­сы­на не себеп­ті енгіз­бей­міз? Оған кім­дер кедер­гі жаса­уда? Сан сала­лы мәсе­ле­лер­ді көтеріп жатқан Сенат пен Мәжіліс депу­тат­та­ры Жел­тоқ­сан-86 мәсе­лесін көте­ру­ге неге мұрын­дық бола алмай­ды? Әдет­те­гі­дей сұрақ көп, бірақ оның нақты жау­а­бын алу – қиын­ның қия­метіне айнал­мақ па?

Мей­рам БАЙҒАЗИН,

Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­тың бұры­нғы бас­пасөз хатшысы,

Қаза­қстан­ның құр­мет­ті журналисі

Республиканский еженедельник онлайн