Пятница , 4 июля 2025

КСРО-ның күйреуі және Желтоқсан көтерілісі

Бақдәу­лет БЕРЛІБАЕВ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор

2. Сана қаза­қы­лан­бай, тарих таразыланбайды

«Тарих­тағы ақтаң­дақ» деген тер­мин қай­та құру жыл­да­ры­нан бастап сана­мы­зға енді. Бұл тарих­тың қал­та­рыс бет­терін, түр­лі зұл­мат­тың астын­да қалған оқиға­лар мен тұлға­ла­рын зерт­те­у­ге ұмты­лы­стың баста­луы еді. Әсіре­се XX ғасыр­дың 50–60-жылдарындағы «жылы­мық» кезеңін­де кей­бір «жабық» мәсе­ле­лер батыл айты­ла баста­ды. Білім, ғылым, әде­би­ет, өнер, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры сала­ла­рын­да ұлт зия­лы­ла­ры сан­дық және сапа­лық жағы­нан өсіп, ірі қоғам­дық күш­ке айнал­ды. Қаза­қстан интел­ли­ген­ци­я­сы­ның бұл кез­де­гі бел­сен­ділі­гі халы­қтың руха­ни мұра­ла­ры мен ұлт­тық мәде­ни­ет­ке көңіл ауда­руы­нан көрін­ді. Бірақ Қаза­қстан­ның кеңе­стік тари­хи білі­мі соци­а­ли­стік иде­я­дан қол үзіп, ұлт­тық маз­мұн­дағы сипа­ты­на бір­жо­ла­та көше алма­ды. Оған тіп­ті, шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, көңіл де бөлін­ген жоқ. Өйт­кені әлі де күшті идео­ло­ги­я­лық – әмір­шіл-әкім­шіл өктем­дік жағ­дай­да тари­хи білім­де­гі ұлт­тық иде­я­ның орны­ғуы мүм­кін емес еді. Ал 1985 жыл­дан бастап елді демо­кра­ти­я­лық бағыт­та дамы­туға бет алған «Қай­та құру» иде­я­сы, қалай болған­да да, рес­пуб­ли­ка­ның қоғам­дық-сая­си өміріне еле­улі өзгерістер әкел­ді: ең негіз­гісі – халы­қтың аза­мат­тық және ұлт­тық сана-сезі­мі өсті, сая­си-әле­умет­тік бел­сен­ділі­гі артты.

1986 жылғы әйгілі Жел­тоқ­сан көтерілісі­нен туын­дай­тын жаңа тари­хи білім­де­гі әдіс­на­ма­лық ұста­ным мен әдісте­мелік үйлесім­ділік мәсе­лесіне кел­ген­де, бүгін­де бәрін тәу­ел­сіздік­пен бай­ла­ны­сты­рғы­мыз келеді. Ал логи­ка­лық жағы­нан кел­сек, тәу­ел­сіздік көк­тен түс­кен жоқ. Оның келуін тез­дет­кен 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі бола­тын. Бұған ешкім­нің дауы да, дамайы да бол­ма­са керек. Олай бол­са, Еге­мен­ді Қаза­қстан­дағы жаңа тари­хи білім мәсе­лесін­де­гі әдіс­на­ма­лық ұста­ным мен әдісте­мелік талғам да дәл осы оқиға­дан баста­ла­ды. Білетіні­міз­дей, тарих – бәрі­нен де жоға­ры тұра­тын ұғым. Сон­ды­қтан оның кри­те­рий­лерін дер кезін­де дұрыс ажы­рат­па­сақ, қоғам­да үне­мі қателік­тер­ге бой алды­ра­мыз да, соның сал­да­ры­нан болған әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық тұрақ­сызды­қтар­дан кері кету үрдістері белең ала­ды. Сөй­тіп ақы­ры, бұның бәрі халы­қтың нара­зы­лы­ғын туғы­зып, бастаған істің ілгеріле­уіне ылғи нұқ­сан кел­тіреді де, мықтап бекіт­кен шідер­ден ажы­рат­пай­ды. Ал шідер­лен­ген жылқы той­ы­нып жай­ы­ла да алмай­ты­ны бел­гілі. Сол сияқты тарих­тың жыл­жуы­на немқұрай­лы қарай­тын бол­сақ, оқиға­ның күр­ме­уі шешілмейді.

Осы орай­да «Тари­хи білім дегені­міз не?» деген сұраққа аны­қта­ма бер­ген дұрыс. Тари­хи білім – қоғам мен адам өмірін­де маңы­зды орын ала­тын мәде­ни­ет­тің ерекше сала­сы. Әр халы­қтың ана тілі арқы­лы жетіл­ген діл­дік қаси­ет­терінің бәрі осы тари­хи білім арқы­лы ғана мүм­кін бола­ды. Егер этно­пе­да­го­и­ка­ның ғылы­ми жаңа­лы­ғы­на сенер бол­сақ, білім дамуы­ның тұр­мыстық, ғылы­мға дей­ін­гі және ғылы­ми-тео­ри­я­лық деп бөлі­нетін үлкен үш кезеңі бола­ды (Қазақ педа­го­ги­ка­лық энцик­ло­пе­дия сөзді­гі. – Алма­ты: Рес­пуб­ли­ка­лық бас­па каби­неті, 1995. – 185 б.).

Сол сияқты осы кезең­дер­ден өтіп келе жатқан білім­нің бір бөл­ше­гі болып табы­ла­тын тарих ғылы­мы­ның да білім ретін­де дамуы­ның тарихы бар. Бұны­мен сана­спаған ешбір мем­ле­кет даму­дың жоға­ры саты­сы­на көтері­ле алмай­ды. Сон­ды­қтан да бүгін­гі күні тиісті халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың XXI ғасыр­дағы білім маз­мұ­ны­ның мак­ро­мо­делі «Мәде­ни­ет. Білім. Тарих» бол­сын деп ұсы­ныс жаса­уы бекер емес.

Қазақ тарихы – тас дәуірі­нен бастау алып, ерте палео­лит­тен бері үздіксіз дамып келе жатқан ұзақ та күр­делі тарих. Сон­ды­қтан да елі­міз тәу­ел­сіздік алға­лы бері оны пән ретін­де жан­дан­ды­ра түсу жол­да­ры­ның дүр­кін-дүр­кін көр­сетілуі заң­ды құбы­лыс. Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­дағы тарихы­мы­зда болған «ақтаң­дақтар­дың» бетін ашуға бет бұру, 1995 жылы қабыл­данған «Тари­хи сана тұжы­рым­да­ма­сы», 1998 жыл­дың тарих жылы ата­нуы, Қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын еске түсі­ру күні, Ашар­шы­лық және Жел­тоқ­сан көтерілісі құр­бан­да­ры­на арнап қой­ы­лған мемо­ри­ал­дар, 2004 жыл­дан бастап кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ры­лған «Мәде­ни мұра» және оны одан әрі жалға­сты­рып келе жатқан 2018 жылғы «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­ла­ры Қаза­қстан тарихын жеке пән тұрғы­сы­нан оқы­ту­дың қажет­ті­гін жан-жақты негіз­деп бер­ді. Сөй­тіп, қазір­гі таң­да оны пән ретін­де қарас­ты­ру­дың кеңес дәуірін­де­гі көмес­кілі­гі жой­ы­лып, елі­міздің бар­лық оқу орын­да­рын­да жүй­елі түр­де оқы­ту бары­сын­да халқы­мы­здың тари­хи сана­сы жаңғы­рып келеді. Бірақ бұл жаңғы­ру өтпе­лі кезеңнің ерекшелі­гіне орай тәу­ел­сіз дәуір­де­гі 30 жыл ішін­де өте баяу жыл­жу­да. Бұның басты себебі – сана­ны жаңғыр­ту­дағы асы­ғы­сты­ққа бой алды­ру­мен байланысты.

Айта­лық, 1995 жылы тарих­шы-ака­де­мик М.Қозыбаев пен тарих пәнінің көр­нек­ті әдіс­кері Т. Тұр­лы­ғұ­ло­втың бас­шы­лы­ғы­мен тари­хи сана­мы­зды жаңғыр­ту­дың жан-жақты ойла­сты­ры­лған тәп-тәуір тұжы­рым­да­ма­сы (кон­цеп­ци­я­сы) қабыл­данған еді. М.Қозыбаев пен Т. Тұр­лы­ғұ­лов өмір­ден өткесін, ол көп­ке бар­май сынға ұшы­ра­ды да, 2004 жыл­дан баста­ла­тын «Мәде­ни мұра» және оны одан әрі жалға­сты­рып келе жатқан 2018 жылғы «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­ла­ры өмір­ге кел­ген­нен кей­ін, тари­хи сана­дан гөрі сол бағ­дар­ла­ма­лар­дың маңы­зын наси­хат­тау дағдысы күш алды. Осы ара­лы­қта «Қаза­қстан­дық біре­гей­лік» иде­я­сы пай­да болып, бүтін­дей қазақ деген ұлт­тың тұта­стай жой­ы­лып кету қау­пі төн­ді. Өйт­кені бұл идея «аме­ри­кан­дық» деген сияқты түсінік беретін еді. Бұлай ету Қаза­қстан­ның табиға­ты­на мүл­де сәй­кес кел­мей­тіні бел­гілі болған жер­де тез ара­да «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­сы дүни­е­ге кел­ді. Бірақ бүгін­де оны қалай жаңғыр­ту­дың нақты тұжы­рым­да­ма­сы әлі қабыл­дан­бай отыр. Тек«Рухани жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да «Ұлы дала­ның жеті қыры» деген пай­да бол­са, енді ол «Елдік­тің жеті қыры» деген қағи­дат­тар топ­та­ма­сы­мен толы­қты. Ал бұл «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­сы­нан туын­дай­тын толы­ққан­ды тұжы­рым­да­ма емес.

2021 жыл­дың 5 қаңта­рын­да Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың төрт бөлім­нен тұра­тын әділет­ті қоғам мен тиім­ді мем­ле­кет құру­дың мақ­сат-мін­дет­терін көр­сет­кен және Қаза­қстан тарихы­на барын­ша көңіл бөлін­ген «Тәу­ел­сіздік бәрі­нен қым­бат» атты мақа­ла­сы жари­я­лан­ды. Пре­зи­дент осы мақа­ла­сын­да елде­гі жетістік­тер мен халы­қа­ра­лық табыст­ар­ды мақтан ету үшін, ең әуелі халы­қтың тұр­мысын жақ­сар­ту, оның нақты шеші­мі ретін­де ел эко­но­ми­ка­сы­ның игілі­гін халы­қтың сезі­нуі қажет­ті­гін айтты.

Осы ара­да Пре­зи­дент­тің «Отан­дық тарих ғылы­мы тың сер­пін­мен даму­да, бірақ сол қажыр­лы еңбек­тің жемісін көп­шілік көріп отыр ма?» деген заң­ды сау­а­лы­на жау­ап беріп көрей­ік. Иә, «Мәде­ни мұра» мен «Руха­ни жаңғы­ру» аясын­да көп деректер­дің жина­лып, рес­пуб­ли­ка тарих­шы­ла­ры мен Марат Тәжин сияқты кей­бір қоғам қай­рат­кер­лерінің тара­пы­нан иде­я­лық және сая­си сана­лы­лық тұрғы­дағы тама­ша ой-толғам­дар айтыл­ды да, жазыл­ды да. Тіп­ті 2014 жылы тарих­шы­лар­дың бірін­ші кон­гресі болып, онда отан­дық тарих ғылы­мын көп­шілік­тің мүд­десіне бағы­штау жөнін­де іргелі ұсы­ны­стар да көтеріл­ген еді. Бірақ «Ит үрді, керу­ен көшті» деген­дей, бәрі бұры­нғы қал­пы­на қай­та түсті де, Пре­зи­дент бүгін күмән­да­нып оты­рған­дай, қажыр­лы еңбек­тің жемісі тарих­шы маман­дарға бел­гілі болған­мен, өкініш­ке қарай, қалың көп­шілік оны сезініп те оты­рған жоқ. Оның себебі неде?

Мың­даған жыл­дық тарихы бар отан­дық тарих ғылы­мын жоға­ры оқу орын­да­рын­да «Қаза­қстан­ның қазір­гі заман тарихы» деген атпен орта жол­дан, тіп­ті негізі­нен бүгін­гі тарих­ты ғана оқы­та­тын күй­ге түс­кен кез­дері­міз бол­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, тарих­шы емес маман­дар даяр­лай­тын бүкіл арна­у­лы және жоға­ры оқу орын­да­ры­ның бәрі дер­лік осы тір­лік­тің өзін көп көретіні де рас. Олар тарих ғылы­мын, тіп­ті бүкіл гума­ни­тар­лық ғылым­дар­ды жара­та қой­май­ды. Оларға өз маман­ды­қта­рын даяр­ла­у­ға деген сағат жүк­те­месі бәрі­нен қым­бат. Бай­қап жүр­гені­міз­дей, бұл ара­да үш түр­лі түсінік қалып­тасқан: бір жағы­нан, мем­ле­кет тара­пы­нан гума­ни­тар­лық ғылым­дар­ды оқы­ту тала­бы; екін­ші жағы­нан, тарих­шы емес маман­дар даяр­лай­тын оқу орын­да­ры­ның сол ғылым­дар­ды иге­ру­де­гі ынта­сызды­ғы. Үшін­ші және ең қауіп­ті жағы – қазақ тілінің қол­да­ныс аясы­ның жұтаң­да­на баста­уы. Соны­мен бір­ге ел тарих­шы­ла­ры­ның жұмыс үрдісін­де­гі үшке бөлі­ну­шілі­гі. Яғни, олар бүгін­де қазақ тіл­ді, орыс тіл­ді және қос тіл­ді болып бөлініп алып, бір­тін­деп бірін­ші топ­тағы тарих­шы­лар­ды ығы­сты­руға бет алды (Қазақ тіл­ді тарих­шы­лар­дың пси­хо­ло­ги­я­лық инту­и­ци­я­сы осы­ны сезеді). Бұл жер­де әр топ­тың атын атап, түсін түсте­удің қажеті жоқ. Өйт­кені бұл мәсе­ле қоғам­дық орта­да талқы­ға түсетін бол­са, бұры­нғы Нұр­бо­лат Маса­нов пен Қам­бар Ата­ба­ев сияқты тарих­шы­лар­дың кебін киіп, текетірес­ке орын беріп ала­мыз. Қалай болған­да да, бүгін­гі таң­да бірін­ші түсінік­тің қажет­тілі­гіне басым­дық берілуін мой­ын­даған жөн. Яғни, бүгін­гі тарих­шы­лар мем­ле­кет тара­пы­нан басым­дық беріп оты­рған гума­ни­тар­лық ғылым­дар­ды оқы­ту тала­бы­мен сана­са білуі керек. Себебі қазір сол гума­ни­тар­лық ғылым­дар ішін­де­гі «Қаза­қстан тарихы» кеңес кезін­де­гі КОКП тарихы­ның рөлін атқа­рып оты­рған­мен, бұл жер­де ешқан­дай идео­ло­ги­яға арқа сүй­еу көрініп тұрған жоқ. Бар мәсе­ле тіл­дің ала­шұ­бар­ла­нып, мем­ле­кет­тік тіл­дің аясы­ның тары­луын­да болып тұр. Тіп­ті бұл барған сай­ын өткір про­бле­маға айна­ла баста­ды. Деген­мен, егер мем­ле­кет әкім­шілік жағы­нан да, кон­сти­ту­ци­я­лық жағы­нан да қазақ тілінің бола­шағы­нан үлкен үміт күтіп отыр­са, онда қазақ тіл­ді тарих­шы­ларға тар­ты­ла­тын ештеңе жоқ. Мем­ле­кет­тің тарихы автох­тон­ды ұлт­тың тілін­де жазыл­са ғана оның шын­ды­ғы айшы­қта­ла түсетіні заң­ды құбы­лыс. Сон­ды­қтан бүгін­де мем­ле­кет өзі қол­дау біл­діріп оты­рған кез­де елде­гі тарих ини­сти­тут­та­ры мен бел­ді-бедел­ді тарих­шы­лар мүм­кін­дік­ті барын­ша пай­да­ла­нып, билік­тен осы­ны талап етуі керек.

Тіл­ге тиек ететін тағы бір мәсе­ле – қазір­гі таң­да көп жер­лер­де «Әле­умет­тік пән­дер» кафед­ра­ла­ры бірік­тіріліп, «Қаза­қстан тарихы» кафед­ра­ла­ры қай­та жабыл­ды. Тіп­ті кей жер­лер­де «Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тарихы­ның» үстем алуы мүл­де қисын­сыз. Бұн­дай жағ­дай­да Пре­зи­дент айтып оты­рған­дай, халқы­мы­здың тари­хи сана­сы қай­тіп жаңғы­ра­ды? Бұл ара­да «Қаза­қстан тарихы» кафед­ра­ла­ры қоғам қажетіне қарай қай­та жаңғыр­са ғана жастарға берілетін ұлт­тық тари­хи білім аясы кеңей­іп, халқы­мы­здың жер мен тіл­ге және діл­ге деген отан­шыл­дық сезі­мі күшей­іп, елі­міз­де­гі пат­ри­о­тизм аху­а­лы жаңа қыры­нан дами ала­ды. Бірақ «Қаза­қстан тарихы» кафед­ра­ла­ры­ның қай­та жаңғы­руы Қаза­қстан­ның бар­лық сала­лар­да дамуы­на алғы шарт қана бола ала­ды. Ал оның толы­ққан­ды дамуы Қаза­қстан тарихы­ның жаңа әдіс­на­ма­лық ұста­ны­мы­м­ен бай­ла­ны­сты бола­ды. Оған мысал ретін­де тарих ғылы­мы­ның бүгін­гі рөлінің өзге­руі­нен өмір­ге еніп келе жатқан фено­ме­но­ло­гия мен гер­ме­нев­ти­ка әдістерін айта ала­мыз. Бұлар тари­хи зерт­те­улер­дің сипа­тын өзгер­те баста­ды. Яғни, бұры­нғы тарих­шы­лар фак­тілер­ді тіз­бек­те­умен әуе­стене оты­рып, олар­ды ішін-ара сурет­те­умен айна­лы­са келе, оқиға­лар­ды тір­ке­ушінің қыз­метін атқа­ра­тын. Сөй­тіп, олар қазақ халқы­ның тарихын кей­де аңы­зға айнал­ды­рып кел­ді. Кеңес дәуірін­де Орыс-неміс соғы­сы­на дей­ін Аман­гел­ді Има­но­вты, ал Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін сон­дағы батыр­лар­ды дәріп­теу үшін, енді солар жөнін­де­гі фак­тілер­ді тіз­бек­теп, бүкіл тарих­тағы бұры­нғы қазақ батыр­ла­рын еске­русіз қал­дыр­ды. Осы ара­лы­қтар­да солақай сая­сат жүр­гіз­ген кеңес өкі­меті «халық жау­ла­рын» жап­пай жаза­лаған­да, тарих­шы­лар олар­ды тіз­бек­тей келе, кеш бол­са да цен­зу­ра­лық елек­тен өткен­дерін оқулы­ққа енді­ре алды (Сәкен Сей­фул­лин, Бәй­ім­бет Май­лин, Іли­яс Жан­сү­гіров, т.б.). Бұл кез­де Аман­гел­ді Има­но­вты қай­та-қай­та дәріп­теп, ақы­ры оны нағыз аңы­зға айнал­ды­рып үлгір­ген едік. Бірақ оны қан­ша дәріп­те­сек те, тарих­тағы Аман­гел­дінің тағ­ды­ры бәрібір ашыл­маған күй­ін­де қалып келеді.

Алай­да қазір­гі тарих­шы­лар нақты шын­ды­қты айта­тын «пай­ым­да­уға» көшіп, тарих­ты уақыт­тың ішкі мағы­на­сы­на ой жібе­ретін ғылы­мға айнал­ды­ра баста­ды. Яғни, олар: ұжым­да­сты­ру неден бастал­ды, сал­да­ры не? Кім­дер қуғын­дал­ды, неге қуғын­дал­ды, олар­дың тағ­ды­ры не бол­ды? Алаш, Һәм Ала­шор­да мәсе­лесі, тұлға­лар­ды қалай танып-білу­ге бола­ды? деген сұрақтарға бай­ып­ты жау­ап беріп, халы­қты тарих­пен тәр­би­е­ле­у­ге әрқай­сысы өзін­ше үлес қосуға кірісті. Сон­дай-ақ тарих ғылы­мы фак­тілер­ді жай ғана зерт­теп қой­май­тын, тіп­ті қоғам­ның нақты құн­ды­лы­қта­рын, оның ішкі сыры мен моралін түсі­ну­ге қол жет­кі­зетін ғылы­мға айна­лып келе жат­са, бұл Жел­тоқ­сан көтерілісінің тарихы­на да қатысты.

Жасы­ра­ты­ны жоқ, кей­біре­улер «Жел­тоқ­сан көтерілісінің» шын­ды­ғы әлі ашы­лған жоқ» деп бай­ба­лам салып жүр­се, бұған «жел­тоқ­сан­шы­мын» деп жүр­ген­дер­дің өздері де кінәлі. Қараңыз: Сон­дағы алаңға жиналған­дар саны бүгін­де әртүр­лі деректер­де әртүр­лі айты­лған­мен, мөл­шері 10 мыңға жақын делік. Бұлар­дың алға­шқы күні алаң­дағы оқиғаға қаты­сып, біраз­дан соң кетіп қалға­ны бар, 2 күн, неме­се толық 3 күн қаты­сып, оқиға­ны бастан-аяқ көзі­мен көр­ген­дер бар. Соққы­ға жығы­лып, итке таланған­дар бар, суға мал­шы­нып, тоңған­да­ры бар, неме­се ұран­да­тып, лозунг көтер­ген­дер бар, кез­дой­соқ қаты­сқан­дар мен жаға­ла­сып жүріп түр­ме­ге қамалған­дар бар. Сон­дай-ақ маши­на өрте­ген­дер мен ақыл айтып, араға түс­кен­дер неме­се нақақтан жаза­ланған­дар бар… Осы­лай­ша олар­дың көтеріліс­ке қаты­суы түр­лі-түр­лі болып кете бара­ды. Сон­да бұлар­дың бәрін бір­дей баты­рға жатқы­за алмай­мыз ғой. Бірақ олар­дың «жел­тоқ­сан­шы» екеніне күмән жоқ. Қаза­қта «бәл­сі­ну», «мал­да­ну» деген сөз­дер бар. Алай­да мұн­дай сөз­дер олар­дың аты­на лай­ық емес. Деген­мен «жел­тоқ­сан­шы­лар» ақта­ла бастаған­нан-ақ олар­дың өза­ра тар­ты­сы әлі күн­ге дей­ін жалға­сып келеді: «Анау неге медаль ала­ды? Мен неге одан кем­мін»? «Неге ол пәтер­мен қам­тыл­ды, ондай пәтер­ді неге маған да бер­мей­ді?» «Анаған беріл­ген жеңіл­дік­тер­ді маған неге бер­мей­ді? Міне, осы сияқты кикіл­жің­дер ақы­ры олар­дың баста­рын бірік­тір­мей қой­ды. Кілең бір сай­да саны, құм­да ізі жоқ бүгін­гі шағын бір­ле­стік­тер тұта­стай қоғам­дық ұйым неме­се пар­тия құру­да дәр­мен­сіздік көр­сетіп жүр­се, «жел­тоқ­сан­ның шын­ды­ғы» қай­дан ашыл­сын? Бақта­ла­стық жай­лаған жер­де қадір-қаси­ет пен сый да кетіп, құр­мет те жоға­ла­ды, мәсе­ле күн­нен-күн­ге күң­гірт тар­тып, ақы­ры құр­ды­мға кете­ді. Осы халы­ққа керек пе? Жоқ, керек емес.

Халы­ққа кере­гі – Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев айтып жүр­ген­дей, «мем­ле­кет түгел­дей қаза­қ­ша сөй­ле­ме­се, сенің бай­ы­рғы тарихы­ңа ешқан­дай шене­унік бас қатыр­май­ды. Сана қаза­қы­лан­бай, тарих таразыланбайды».

(«Жас Алаш», 28 қаңтар 2021 жыл ).

(Жалға­сы бар)

Республиканский еженедельник онлайн