Пятница , 4 июля 2025

БІЗ СЫРТҚА КЕТКЕН АҚШАНЫ ІЗДЕЙМІЗ, ІШТЕГІ МИЛЛИАРДТАҒАН ЗАЛАЛДЫ КӨРМЕЙМІЗ

«Қаза­қстан темір жолы» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы («ҚТЖ» ҰК» АҚ) Ақтө­бе темір жолы бөлім­ше­сінің бас­шы­ла­ры мен арда­гер темір­жол­шы, осы бөлім­шенің АСУ (авто­мат­тан­ды­ры­лған басқа­ру жүй­есі) бөлі­мінің бұры­нғы басты­ғы Алдаб­ер­ген АЙМАҒАНБЕТОВ ара­сын­дағы айқас 12 жыл­дан бері жалға­сып келеді. Бұл мәсе­ле Ақтө­бе қала­лық сотын­да қай­та қара­лу­да. Біз жәбір­ле­ну­ші­ге хабар­ла­сып, осы іс төңіре­гін­де сұх­бат­тасқан едік.

– 2012 жылы ақпан айын­да Ақтө­бе қала­лық соты сізді үшін­ші рет «қыз­метін­де себеп­сіз бол­ма­ды», – деген ҚТЖ-ның жұмыстан шығарған бұй­ры­ғын заң­ды деп таны­ды. Одан бері қан­ша жыл өтсе де, сіз бұл шешім­ді қай­та қара­уды өтініп жүр екен­сіз. Нәти­же бар ма?

– Рас, мұның алдын­да да ҚТЖ мені екі рет жұмыстан шыға­рып, үлкен күре­стен кей­ін, сот оны «заңға қай­шы» деп танып, 24.11.2009 жылы және 02.03.2011 жылы бұры­нғы лау­а­зы­мы­ма қай­та тағай­ын­дау жөнін­де шешім шығар­ды. Алай­да ҚТЖ сот шеші­мін орын­даған жоқ.

24.11.2009 жылғы сот шеші­мінің орын­дал­маға­нын 12.09.2010 жылы: «Судом уста­нов­ле­но соглас­но мате­ри­а­лов и пояс­не­ний сто­рон, что даже после выне­се­ния реше­ния вос­ста­нов­ле­ний на рабо­ту, адми­ни­стра­ция ответ­чи­ка не выпол­ня­ла реше­ние суда и лиши­ла ист­ца рабо­ты, что при­во­ди­ло его в отча­я­ние, так как, про­ра­бо­тав более 37 лет, оста­вал­ся кор­миль­цем семьи» – деген сот шеші­мі дәлел­дей­ді. Ал 02.03.2011 жылғы сот шеші­мінің орын­дал­маға­нын 08.02.2013 жылы аға мем­ле­кет­тік сот орын­да­у­шы­сы­ның қаулы­сы анықтады.

ҚТЖ мені үшін­ші рет жұмыстан шығарған кез­де алды­ңғы 2 сот шеші­мінің орын­дал­маға­нын жасы­рып қалып, 2012 жылы сот­ты шата­стыр­ды. ҚТЖ жұмысқа қай­та орна­ла­сты­ру жөнін­де­гі сот шеші­мін орын­да­май, керісін­ше, темір­жол­да 39 жыл қыз­мет еткен мені «Қаза­қстан Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің капи­та­ны қалай­ша себеп­сіз жұмыста бол­ма­ды» деген желе­умен мені зей­нет­кер­лік жасқа 1 жыл 10 ай қалған­да мазақ еткен­дей «про­гуль­щик» атан­дыр­ды. Осы әділет­сіздік­пен келіс­пей, әлі күресіп келе­мін. Бір қызы­ғы – жұмысқа қай­та орна­ла­сты­ру жөнін­де­гі сот шеші­мін ҚТЖ-ның орын­да­маға­нын сот­тың өзі көр­сетіп, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік аға сот орын­да­у­шы­сы аны­қтаға­ны­на қара­ма­стан, 10 жыл­дан асты Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы, Әділет депар­та­мен­ті, сот та үнсіз. Осы жағ­дай тым түсініксіз.

Сон­дай-ақ 2007 жылы менің үстім­нен: «938 мың тең­генің заң­сыз актісіне қол қой­ды», – деп, Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы қыл­мыстық іс қозға­ды. Алай­да 16.09.2009 жылы істі облы­стық сот қарап, заң­сыз акті­ге мен емес, бөлім­ше басты­ғы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры В.Петровтың қол қой­ға­ны аны­қтал­ды. Алай­да бұл үшін В.Петровтың бір тал шашы да түс­кен жоқ.

– Сіз кезін­де Ақтө­бе облы­сы бой­ын­ша ҚТЖ бас­шы­ла­ры­ның кей­бір стан­ци­я­лар­дағы темір жол желілерін заң­сыз жеке­ше­лен­діріп алға­ны тура­лы да даб­ыл қаққан едіңіз. Жұмыстан шыға­ры­луы­ңы­здың себебі осын­да жатқан жоқ па?

– Иә, айқас алаңы­ның біре­уі – Дөң стан­ци­я­сы­ның жолы. Мәсе­ленің қалай болға­нын түсін­ді­ре кетей­ін. 2006 жылы 16 мамыр күні Ақтө­бе облы­сы Хром­тау қала­сы­ның әкі­мі А.Жолдыбаев Дөң стан­ци­я­сы­ның ауда­ны­нан темір жолға жана­ма жол салу үшін, «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» ЖШС-іне 2,2326 гек­тар жер­ді жеке­ше­лен­ді­ру құқы­ғы беріліп, 2 293 997 тең­ге­ге сатыл­сын деген өзінің № 70 шеші­мін шыға­ра­ды. Жолы болғыш «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» ЖШС-іне аумағы 0,1144 гек­тар жер беру және оны 15623 тең­ге­ге сату тура­лы дәл осы­ған ұқсас қаулы­ны бір апта­дан соң, 22 мамыр күні Хром­тау ауда­ны­ның әкі­мі О.Далмағанбетов те шыға­ра­ды. Темір жол бой­ын­дағы бұл екі жер телі­мінің жал­пы аумағы 2,3470 гек­тарға, ал ұзын­ды­ғы 730 метр­ге тең болады.

«Жолы болғыш серік­те­стік» дей­тін себебі­міз – бұл «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» серік­те­сті­гінің тең құры­л­тай­шы­ла­ры басқа емес, нақ сол Ақтө­бе темір жолы бөлім­ше­сінің бас­шы­сы Ж.Ізғұлов пен оның бірін­ші орын­ба­са­ры А.Петровтың әйел­дері Жанат Ізғұ­ло­ва мен Окса­на Пет­ро­ва болып сана­ла­ды. Екі жер телі­мін қосып көр­сет­кен себебі­міз – олар қатар жатқан жер телім­дері екені кей­ін аны­қта­ла­ды. Бірақ «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» серік­те­сті­гінің де, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас­шы­ла­ры да «Дөң стан­ци­я­сы­ның ауда­ны­нан» беріл­ген жер­дің тағы да нақ сол стан­ция тұрған № 30 «стан­ци­я­лық жол­дың» өзі екенін, маги­страл­ды желінің бір бөлі­гі екенін жасы­рып қала­ды. Ал маги­страл­ды темір жол желісі «ҚР темір жол көлі­гі тура­лы» 2001 жылғы 8 жел­тоқ­сан­дағы заңы­ның 5‑бабы, 1‑бөлігіне сәй­кес жеке­ше­лен­діру­ге жат­пай­ды және ұлт­тық басқа­ру­шы хол­динг­ке сенім­ді басқа­руға беріледі. Ж.Ізғұлов пен В.Петров өз әйел­дерінің ЖШС арқы­лы жері­мен қоса маги­страл­дық темір жол желісінің үстін­де орна­ласқан стан­ци­я­лық жол­ды да сатып алып, оның қыз­метін пай­да­ла­ну­ды көз­деді. Пай­да­лан­ды да! Мәсе­ле осында.

Ал «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» серік­те­сті­гінің тең құры­л­тай­шы­ла­ры Ж.Ізғұлова мен О.Петрова 2007 жылы 10 қазан­дағы «Сату-сатып алу жай­лы келісім­шар­тқа» сәй­кес: 1. «Про­да­вец» про­дал, «поку­па­тель» купил Желез­но­до­рож­ный тупик про­тя­жен­но­стью 730 мет­ров, нахо­дя­ще­го­ся по адре­су: г. Хром­тау, ул. Новая стан­ция, д. 6, с земель­ным участ­ком пло­ща­дью 3,3470 гек­то­ров», – деп, «Олжа-2007» ЖШС-іне 1 350 000 тең­ге­ге сатып жібе­реді. Маги­страл­дық темір жол желісіне жата­тын, маги­страл­дық жолға кіретін № 30 «стан­ци­я­лық жол» «темір жол тұй­ы­ғы» ата­лып кет­кен. Бұл – әдейі жасалған жаңы­лт­паш бола­тын. Жоға­ры­да аталған Хром­тау қала­сы әкі­мінің шеші­мі мен қаулы­сы заң­сыз екенін 2011 жылы 14 жел­тоқ­сан­да өткен Ақтө­бе облы­стық соты­ның апел­ля­ци­я­лық алқа­сы өзінің қаулы­сын­да: «В насто­я­щее вре­мя после неод­но­крат­ных сде­лок соб­ствен­ни­ком ука­зан­но­го земель­но­го участ­ка по пра­ву явля­ет­ся АО «НК КТЖ», в соот­вет­ствии с без­воз­мезд­ным дого­во­ром даре­ния от 8 фев­ра­ля 2008 года. Таким обра­зом, дей­ствие оспа­ри­ва­е­мо­го реше­ния ныне анну­ли­ро­ва­но и исчер­па­но» деп көр­се­те­ді. Бірақ бұл жер­де аздаған, жұм­сар­та айт­сақ, жаң­сақтық бар. Мен бұл «дого­вор даре­ни­я­ны» көр­дім. Онда «Олжа-2007» ЖШС 2,3470 гек­тар жер­дің бар болға­ны 0,3558 гек­та­рын қай­тарға­ны тура­лы ғана айты­лған. Әйт­се де, сот алқа­сы­ның бұл қаулы­сы 2,3470 га жер­дің иелік құқы­ғы ҚТЖ ҰК-ына жата­ты­нын тай­ға басқан таң­ба­дай анық көр­сетіп тұр.

– Сон­да бұл заң­сыз ием­де­ну қалай жасалған?

– Менің­ше, түсін­бей­тін ештеңе жоқ. Өйт­кені ҚТЖ да, Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы да, сот та менен құты­луға асық. Себебі мем­ле­кеті­міз­ге кел­тіріл­ген үлкен көлем­де­гі зиян­ды Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы жасы­руы­ның негізін­де сот та жасыр­ды. 04.09.2009 жылғы Қан­ды­ағаш аудан­дық соты үкі­мі 2007–2008 жыл­дар­дың, яғни 730 күн­нің 60 күнін­де Қан­ды­ағаш стан­ци­я­сы­мен «ком­по­зит жүгі» деп, шын мәнін­де шикі мұнай­дың жөнел­тіл­генін аны­қтап, мем­ле­кеті­міз­ге 5 млрд 516 млн 809 мың тең­ге эко­но­ми­ка­лық зиян кел­генін аны­қта­ды. Сот үкі­мі заң­ды күшіне енген­нен кей­ін ҚТЖ басқар­ма­сы тасы­мал­дау про­цесінің бас­шы­сы Е.Төлегенов Қан­ды­ағаш стан­ци­я­сы­мен шын мәнін­де 2007 жылы және 2008 жылы «ком­по­зит жүгі» деп, вагон­дар­мен шикі мұнай­дың жөнел­тіл­генін аны­қта­ды. Сон­да 670 күн бойы жөнел­тіл­ген шикі мұнай­дың мем­ле­кет­ке кел­тір­ген 1 млрд дол­лар көле­мін­де­гі эко­но­ми­ка­лық шығы­нын кім іздей­ді? Бүгін­гі күні біз сыр­тқа кет­кен ақша­ны іздей­міз, ал іште­гі мил­ли­ард­таған зиян­ды көр­мей­міз. Ал мем­ле­кет­ке қыру­ар зиян кел­тір­ген ҚТЖ бас­шы­ла­ры­ның біре­уінің де бір тал шашы түс­кен жоқ. Ең сорақы­лы­ғы – 2010 жылы 14 шіл­де­де Бас про­ку­ра­ту­ра­ның өкілі А.Б.Аманов тек­се­ру кезін­де 2007–2008 жыл­да­ры жөнел­тіл­ген әр вагон ком­по­зит­тің тариф­тік баға­сы шын мәнін­де жөнел­тіл­ген әр вагон шикі мұнай­дан 45 654 тең­ге­ге кем екенін аны­қта­ды. Осы екі жыл­да Қан­ды­ағаш стан­ци­я­сы­нан 7000 вагон­нан астам алын­баған тариф­тік ақша­сын кез кел­ген аза­мат өзі-ақ есеп­тей­ді және мем­ле­кеті­міз­ге кел­ген орас­ан зор шығын­ды көр­ген­де, жаға­сын ұста­ры анық. Себебі әркім Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы емес қой, мұн­дай­ға көзін жұмып отыратын.

– Сон­да мұның «желеп-жебе­ушілері» кім бол­ды деп ойлай­сыз? Бүгін­гі жағ­дай қалай?

– Жеке­ше­лен­діру­ге жат­пай­тын маги­страл­дық темір жол желісінің бөлі­гі заң­сыз жеке­ше­лен­дірілуіне бай­ла­ны­сты сол кез­де­гі Ақтө­бе облы­стық қар­жы поли­ци­я­сы 2012 жыл­дың 23 мамы­ры күні Ақтө­бе темір жолы бөлім­ше­сі бас­шы­ла­ры­ның үсті­нен ҚР Қыл­мыстық кодексінің (1997 жылғы редак­ци­я­сы бой­ын­ша) 307-бабы­на сәй­кес қыл­мыстық іс қозғай­ды. Бірақ неге екені бел­гісіз, жер телім­дерінің қай­да орна­ласқа­нын нақты аны­қтап алмай­ды; шешім, қау­лы шығарғыш қала мен аудан әкім­дерінің заң­сыз әре­кет­теріне назар аудар­май­ды. Алай­да ара­да бір жыл өтпей жатып, атал­мыш орган 2013 жылғы 13 қаңтар­дағы өзінің қаулы­сы­мен «темір жол тұй­ы­ғы мем­ле­кет­тің мен­ші­гін­де ешқа­шан бол­маған» деген күл­кілі желе­умен (жоға­ры­да оның жаңы­лт­паш екенін ескер­тіп едік қой) өзі қозғаған қыл­мыстық істі өзі қысқар­тып тастайды.

Соны­мен бір­ге № 7 стан­ци­я­лық жол бой­ын­дағы ауда­ны 658 шар­шы метр­ді құрай­тын, есеп­тен шыға­ры­лған (спи­сан­ный) Пак­гауз ғима­ра­ты тұрған, аумағы 800 шар­шы метр бола­тын түсі­ру-арту алаңы да, дұры­сы осы алаң­ның астын­да тұрған жер – Хром­тау ауда­ны әкі­мінің шеші­мі­мен жеке­ше­лен­діріліп, «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» серік­те­сті­гіне беріледі. Бұл алаң­ның, сон­дай-ақ жоға­ры­да көр­сетіл­ген, жал­пы ұзын­ды­ғы 730 метр түсі­ру-арту алаңы бар екі жер телі­мі де Дөң стан­ци­я­сы­ның аумағын­да орна­ласқан­ды­ғы­на рес­пуб­ли­ка­лық Бас көлік про­ку­ра­ту­ра­сы­ның комис­сия мүше­лерінің көзі жетіп, олар 2017 жыл­дың 11 сәуірін­де осы жөнін­де акт жасай­ды. Және 2017 жыл­дың 1 мау­сы­мын­да жоға­ры­дағы қыл­мыстық істі қысқар­ту тура­лы қаулы­ның күшін жояды. Сон­дай-ақ «тәбеті тамақ үстін­де ашы­ла түсетін» «Темир жол-Бро­кер Сер­вис» серік­те­сті­гі № 30 стан­ци­я­лық жол бой­ы­нан тағы да 0,3515 г жер­ді 49 жылға жалға ала­ды. Осы­лай Ақтө­бе темір жолы бөлім­ше­сінің бас­шы­ла­ры мем­ле­кет өздеріне басқа­ру­ды сеніп тап­сы­рған темір жол телім­дерін өз пай­да­сы­на жұмыс істет­ті. Осы­дан кей­ін «доро­га госу­дар­ствен­ная – кар­ман част­ный» демей көр.

Міне, осы­ның бәрі ҚТЖ шене­унік­терінің «бар­мақ басты, көз қысты­мен» жер­гілік­ті әкім­дер­мен сыбай­ла­са оты­рып, заң­сыз жеке­ше­лен­діріп алған темір­жол желілері еді. 12.10.2013 жылы Ақтө­бе облы­сы бой­ын­ша Маман­дан­ды­ры­лған эко­но­ми­ка­лық сот шеші­мі­мен 23.05.2012 жылы қар­жы поли­ци­я­сы пол­ков­ни­гі С.Б.Қайдаровтың қабыл­даған қаулы­сы­мен аны­қталған Дон стан­ци­я­сын­дағы темір­жол стан­ция жолын заң­сыз жалға алған ҚТЖ Ақтө­бе темір­жо­лы бас­шы­ла­ры­ның әйел­дері Жанат Ізғұ­ло­ва мен Окса­на Пет­ро­ва­лар еді. Соның арқа­сын­да айы­на мем­ле­кет есебі­нен 1 млн 100 мың тең­ге пай­да тауып кел­гені айтыл­май, жабы­лып қалды.

– ҚТЖ-ның бүгін­де үлкен қары­зға батқа­нын Пар­ла­мент депу­тат­та­ры жария етті емес пе?

– 2024 жылы 9 мау­сым­да Қаза­қстан Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­сы­ның төраға­сы Әли­хан Смай­ы­лов Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның алдын­да ҚТЖ-ның қары­зға бел­ше­сі­нен батып, дағ­да­ры­стың алдын­да тұрға­нын жария етті. Осы­дан кей­ін араға 10 күн салып ҚР Бас көлік про­ку­ро­ры ҚТЖ стан­ция жол­да­рын заң­сыз жалға бер­генін айт­ты, соның ішін­де Ақтө­бе облы­сы да атал­ды. Мем­ле­кеті­міз­ге 4 млрд тең­ге­ден астам зиян кел­генін жет­кізді. Алай­да әлі күн­ге ҚР Бас көлік про­ку­ра­ту­ра­сы өзінің қара­мағын­дағы қыз­мет­кер­лерінің мем­ле­кеті­міз­ге орас­ан зиян кел­тір­генін және аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры бұзы­лға­нын көр­ме­ген­дей болып, көл­гір­сіп отыр.

– Осы Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы­ның қыз­меті жай­ын­да не айтар едіңіз?

– Облыс көле­мін­де­гі шикі мұнай ұрлы­ғын, ста­ния жол­да­рын жалға бер­ген сыбай­ла­сты­қты ашқан Ақтө­бе көлік про­ку­ра­ту­ра­сы емес, оны әшке­ре­ле­ген Ақтө­бе облы­стық про­ку­ра­ту­ра­сы. Содан кей­ін қыл­мыстық істі әрі қарай бақы­лап, істі сотқа жет­кі­зу – Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы­ның мін­деті. Жоға­ры­да айтқа­ным­дай, біздің жағ­дай­да Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы қозғалған қыл­мыстық істі қалай да жабуға тыры­сты, ал облы­стық про­ку­ра­ту­ра бұл істі көр­се де, көр­ме­ген бол­ды. Өйт­кені жер­гілік­ті көлік про­ку­ра­ту­ра­сы ҚР Көлік про­ку­ра­ту­ра­сы­на қара­са, облы­стық про­ку­ра­ту­ра – ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­на қарай­ды. Еке­уі бір-біріне бағын­бай­тын екі орган.

Атам қазақ «көр­пе­ңе қарай көсіл» дей­ді. Мем­ле­кеті­міз 200 млрд дол­лар­дан астам шет мем­ле­кет­тер­ге қарыз. Үй-күй­сіз жүр­ген де өзі­міздің қара­көз­дері­міз. Қыл­мыс ашыл­май­тын бол­са, Бас про­ку­ра­ту­ра мен Бас көлік про­ку­ра­ту­ра­сын несіне ұстап отыр­мыз? Менің­ше, Бас көлік про­ку­ра­ту­ра­сын қысқар­ту қажет!

– ҚТЖ-ға сын айта­тын­дар көбей­ді. Көріп оты­рға­ны­мы­здай, сала­да өрес­кел заңбұ­зу­шы­лық, сыбай­лас жемқор­лық деректері тым көп. Сіздің­ше, жағ­дай­ды рет­теу үшін не істеу керек?

– Жаңа Қаза­қстан билі­гі Көлік мини­стр­лі­гін қай­та қал­пы­на кел­тір­ді. Осы­ған орай темір жол көлі­гі заңы­на өзгерістер енгі­зу қажет. Яғни, «ҚТЖ» АҚ пре­зи­ден­ті лау­а­зы­мын, «ҚТЖ» АҚ Жола­у­шы­лар тасы­ма­лы, «ҚТЖ» АҚ Жүк тасы­ма­лы және т.б. қап­таған дел­дал АҚ-тар­ды алып тастап, Көлік мини­стр­лі­гі жаны­нан коми­тет ашу керек. Кезін­де жабы­лып қалған Алма­ты темір­жол басқар­ма­сы, Тың темір­жол басқар­ма­сы, Батыс Қаза­қстан темір­жол басқар­ма­сы бөлім­ше­лерін қал­пы­на кел­тіріп, коми­тет­тің қара­уы­на беру қажет. Сол кез­де ғана темір­жол­дағы қара­пай­ым жұмыс­шы­лар­дың еңбек өтіліне қарай берілетін ай сай­ы­нғы жалақы­сы қал­пы­на келеді, жола­у­шы вагон­да­ры­ның күтім­дері жаңа вагон­дар сатып алмай-ақ өзгеріс­ке ұшы­рай­ды. Жүк жөнел­ту­шілер­ден 2 тариф алын­бай­ды (вагон­ды жалға алып пай­да табу­шы­ларға). Бұл өз кезе­гін­де темір­жол­дың қауіп­сіз жұмыс істе­уіне, маң­дай терін төгіп жұмыс жасап жүр­ген қара­пай­ым жұмыс­шы­ларға жағ­дай жаса­ла­ты­ны­на, жылы каби­нет­тер­де оты­рып алып, қинал­ма­стан көл­де­нең пай­да тауып оты­рған арам­та­мақ биз­не­смен­дер­дің жолын жабар еді. Қазір Пар­ла­мент­те еліне, халқы­на жаны аши­тын аза­мат­тар бар. Кеш те бол­са бұл іске үкі­мет те назар ауда­ра­ды деп үміттенемін.

– Сізді Ақтө­бе облы­сы әкі­мі­нен Алғыс хат алған, «Қаза­қстан дауы­сы» газетін­де жари­я­ланған «Жылы­ған­ды жұбатқан, жығы­лған­ды сүй­е­ген аза­мат» мақа­ла­сы­ның бас кей­іп­кері дей­ді, рас па?

– Рас, 2011 жылы ҚТЖ үшін­ші мәр­те жұмыстан шығарған соң 61 жасым­да оқуға түсіп, 63 жасым­да екін­ші жоға­ры білім, заң­гер маман­ды­ғын алып шықтым. Облыс көле­мін­де көп­те­ген аза­мат­тар­дың бұзы­лған құқы­қта­рын қал­пы­на кел­тіру­ге қосқан үлесім, оларға қорған болға­ным – Заң­гер­лер пала­та­сы төраға­сы­ның ұсы­ны­сы­мен кәдім­гі­дей аталды.

– Демек, сіз тек арда­гер темір­жол­шы ғана емес, соны­мен бір­ге кәсі­би білі­мі бар заң­гер­сіз де. Елі­міздің сот жүй­есі тура­лы не айтар едіңіз?

– Сот жүй­есін­де маған ұна­май­тын бір мәсе­ле бар, ол –мем­ле­кеті­міздің және оның аза­мат­та­ры­ның бұзы­лған құқы­қта­рын қал­пы­на кел­тіретін судья­лар­дың жағ­дайы. Заң талап­та­ры­на сәй­кес, судья­лар өз қыз­метін­де ешкім­ге тәу­ел­сіз. Ал шын мәнін­де олай емес, біздің жүй­е­міз­де қалып­тасқан ең осал тұс – осы, судья­лар­дың өз бас­шы­ла­ры­на, қала бер­ді жоға­ры тұрған органға тәу­ел­ділі­гі. Бас­шы­ның ауыз­ша айтқан ескерт­пе­лерін наза­рға алмай көр, ары қарай ілік табы­ла­ды, атте­ста­ци­ядан өтпей­сің, қыз­метің­нен кетесің және т.б. Осын­дай­да судья­ны кім қорғай­ды, сот па? Әділ сөй­ле­се, сот­тың өзі қыз­меті­нен қуы­ла­ды. Өз басым мұны күн­делік­ті көріп те, естіп те жүр­мін. Бұдан шығу­дың жолы – Еуро­па елдерін­де­гі­дей судья­лар­дың тәу­ел­сізді­гін қам­та­ма­сыз ететін жүйе енгізу.

– Сіздің әлі күн­ге шар­ша­май, шал­ды­қ­пай, жұмыстан шыға­ры­лған кезіңіз­де­гі сот шеші­мін дау­лап жүруіңіздің себебі неде?

– 2024 жылғы 18 қазан­да сот 02.03.2011 жылғы сот шеші­міне сәй­кес: «Сіз 20.04.2011 жылғы аяқталған сот орын­да­у­шы­сы қаулы­сы­мен жұмысы­ңы­зға орна­ла­сты­ңыз, осы­ған орай, мерзім өтіп кет­ті», – деген ұйға­рым шығар­ды. Алай­да 20.04.2011 жылғы сот орын­да­у­шы­сы­ның қаулы­сы 08.02.2013 жылғы аға мем­ле­кет­тік сот орын­да­у­шы­сы­мен «күшін жой­ған­ды­ғы» сот ұйға­ры­мын­да қара­у­сыз қал­ды. Егер құқы­қтық білі­мі бар заң­гер­лер­дің өзі заң­сызды­ққа ұшы­рап, әділет­сіздік­тің зардаб­ын тар­тып жат­са, қара­пай­ым аза­мат­тар құқы­қта­рын қалай қорғай­ды? Бұл мен үшін прин­ципті мәсе­ле. Сон­ды­қтан да мен ақы­ры­на дей­ін күресіп, әділет­тілік сал­та­нат құрға­нын қалаймын.

Осы­ған орай, мен 9 жел­тоқ­сан күні Ақтө­бе облы­стық соты­ның төраға­сы А.Смағұловтың жеке қабыл­да­уын­да бол­дым. Енді менің жазған шағы­мым 2024 жыл­дың 19 жел­тоқ­са­нын­да облы­стық сот­та қара­ла­тын бол­ды. Келем деуші жур­на­ли­стер мен аза­мат­тарға есік ашық.

Сұх­бат­тасқан Сисен­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн