Пятница , 4 июля 2025

Ресейге «ортақ тарихшылар»НЕ ҮШІН КЕРЕК БОЛДЫ?

«Дәрі­гер қате­лес­се, бір адам­ның өмірі қиы­ла­ды. Тарих­шы­ның қателі­гі­нен екі ел соғы­са­ды» деген қағи­да­ны бір жер­ден көр­ген едім. Бүгін сол сөздің рас екенін уақыт көр­сет­ті. Мыса­лы, 1990-жыл­дар­дың аяғын­да ҚХР 1937 жылғы Нан­кин қырғы­ны оқиға­ла­рын мек­теп оқулы­қта­рын­да толы­ғы­мен қай­та қарас­ты­рға­ны үшін Жапон елі­мен дипло­ма­ти­я­лық қаты­на­сын үзген бола­тын. Сол сияқты 2015 жылы «Қаза­қстан­ның «Мек­теп» бас­па­сы­нан шыққан орта мек­теп­тер­ге арналған оқулы­қтар­да Қырым Авто­но­ми­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның субъ­ек­тісі ретін­де көр­сетілуіне бай­ла­ны­сты Укра­и­на елшілі­гі Қаза­қстан­ның Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне нара­зы­лық нота­сын жол­даған. Ал ІІ Дүни­е­жүзілік соғы­стың қан­ды қаса­бын бастау үшін, наци­стік Гер­ма­ния да тарихқа жүгініп, Ұлы Рейх­тың адам­зат алдын­дағы «ерекше мис­си­я­сын» көтеріп, «қол­дан жасалған халы­қтар­дың өмір сүруіне құқы­ғы жоқ» деген ұста­ным­да­рын жала­у­латқан жоқ па?!

Жал­пы, тарих тота­ли­тар­лық, дик­та­тор­лық елдер­де билік­тің қол­жа­улы­ғы­на айна­ла­ты­ны заң­ды­лық. Оған дәлел – пат­ша­лық Ресей мен Совет­тік тота­ли­тар­лық жүйе кезін­де импе­ри­я­ның қол асты­на қараған халы­қтар­дың, соның ішін­де қазақ халқы­ның тарихы қасақа­на бұр­ма­ла­нуы. Тарих бұр­ма­ла­нып қана қой­май, сол тарих­пен айна­лы­сқан қан­ша­ма тарих­шы ғалым­дар мен зия­лы­лар бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Ә деген­де бір­ден еске түсетін­дер: Бек Сүлей­ме­нов­ке «Кеңес халқы­ның мораль­дық-сая­си бір­лі­гіне, соци­а­ли­стік құры­лы­сқа орны тол­мас зиян кел­тір­ді» деген айып тағыл­са, Ермұ­хан Бек­ма­ха­нов «бур­жу­а­зи­я­лық ұлт­шыл» деп айып­тал­ды. Бел­гілі Абай­та­ну­шы Қай­ым Мұха­мед­ха­нов «Абай­дың ақын шәкірт­тері» деген ғылы­ми тақы­ры­бы үшін айып­та­лып, істі бол­ды. Үше­уіне де бір үкім: 25 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру кесіл­ді. Бүгін­гі РФ – сол жүй­енің мұрагері…

Ал енді мынан­дай сұрақ туын­дай­ды. Бір ғасыр­дан бері қазақ тарихын бұр­ма­лап кел­ген, бүгін де қаза­ққа шека­ра­ны да, мем­ле­кет­тік­ті де қимай оты­рған, «Назар­ба­евқа дей­ін қаза­қтар­да не шека­ра болған жоқ, не мем­ле­кет болған жоқ», «Қаза­қстан қаси­ет­ті орыс жері», «Қаза­қстан Мәс­ке­удің сыйы» деп жар салған елге аяқ асты­нан Қаза­қстан тарих­шы­ла­ры не үшін қажет болып қал­ды екен?

Мүм­кін, РФ 1932–33 жыл­да­ры қазақ халқы­ның басы­на түсір­ген зұл­мат­ты мой­ын­дап, ашты­қтан қыры­лған халы­қтың құнын төле­гісі кел­ді ме? Әлде «бәрі­міз Алтын Орда­ның мұра­гер­лері­міз, сон­ды­қтан да бәрі­міз «ана­мы­здың» құшағы­на қай­та ора­лып, бір ел болай­ық (жаңарған СССР)» деген­ді негіз­де­гісі келе ме?

Қаза­қстан­ның тарих­шы ғалым­да­ры Ресей­де­гі әріп­те­стері­мен онсыз да өз зерт­теп жүр­ген тақы­рып­та­ры мен жоба­ла­ры бой­ын­ша ғылы­ми бай­ла­ныс орнатқан. Қерек десеңіз, Ресей тарих­шы­ла­ры «Қаза­қстан тарихы­ның» жаңа 7 том­дық ака­де­ми­я­лық басы­лы­мын дай­ын­да­уға да бел­сен­ді түр­де тар­ты­лып жатыр. Ал архео­ло­гия сала­сын­да бұл әріп­те­стік 30 жыл­дан бері үзіл­мей келеді.

Қаза­қстан онсыз да РФ эко­но­ми­ка­сы мен сая­са­ты­на тәу­ел­ді. Кеден­дік одақ, ЕАЭО сияқты ұйым­дар РФ сая­си-эко­но­ми­ка­лық мүд­десі­нен шыққа­ны және тек РФ үшін қыз­мет істеп оты­рға­ны мәлім. Сол одақ біз­ге ешқан­дай пай­да әкел­ген жоқ. Қаза­қстан мен РФ ара­сын­да достық, стра­те­ги­я­лық серік­те­стік тура­лы қан­ша­ма келісім­дер­ге қол қой­ыл­са да, ҚР эко­но­ми­ка­сы Ресей­ге тәу­ел­ді болып отыр. Өйт­кені ол келісім­дер көп жағы­нан РФ мүд­десі тұрғы­сы­нан жасал­ды. ҚР жера­с­ты, жерүсті бай­лы­ғы мен кен орын­да­ры­ның бәрі дер­лік РФ мен ҚХР мен­ші­гіне беріл­ген. Халық жер бай­лы­ғын игеріп оты­рған шетел­дік ком­па­ни­я­лар­мен жасалған келісім­шар­тты көр­сет десе, өкі­мет «ол құпия» деп, көр­сет­пей отыр. Біздің заң­дар қан­ша­лы­қты өз халқы­на, өз биз­несіне қар­сы жұмыс істе­се, сон­ша­лы­қты РФ және басқа да шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дың мүд­десі үшін қыз­мет етіп отыр.

Ал енді бұның бәрінің тарихқа қан­ша қаты­сы бар? – деген орын­ды сау­ал туа­ды. Мәсе­ле мына­да, С.В. Лав­ров мыр­за Қаза­қстан мен Ресей тарих­шы­ла­ры­нан ортақ топ ұйым­да­сты­ру­дың артын­да бір-ақ мақ­сат тұр. Бүгін Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы Ресей­ге кіріп­тар бол­са да, тәу­ел­сіздік жыл­да­ры сана­сы ояу, көкіре­гі ашық, жүре­гі «қазақ» деп соға­тын қан­ша ұрпақ кел­ді! Кеңе­стік-тота­ли­тар­лық жүй­е­де тәр­би­е­лен­ген аға ұрпақ түбі кете­ді. Сон­да қазақ қоға­мын­да Ресей­ді «аға тұта­тын» адам қала ма, жоқ па? – деген мәсе­ле Ресей­ді алаң­да­тып оты­рған сияқты. Егер Ресей мен Қаза­қстан тарих­шы­ла­ры­нан ортақ топ құры­ла­тын бол­са, ол қол­дан «РФ про­грес­сив­тік рөлін көтер­ген­нен» басқа не тын­ды­рар екен? Орта ғасыр мен отар­лық кезең өз ұста­ным­да­ры­нан ажы­ра­май­ды. Ресей импе­ри­я­сы Қаза­қстан­ды жау­ла­ды, қазақ елін отар­ла­ды, қазақ ауыл­да­рын қанға бөк­тір­ді, ұжым­да­сты­ру жыл­да­ры қазақ халқы­на қар­сы этно­цит сая­са­тын жүргізді…

Қарас­ты­ры­луы мүм­кін тағы бір мәсе­ле – РФ 2025 жылы ІІ Дүни­е­жүзілік соғы­стағы жеңістің 80 жыл­ды­ғын атап өтпек­ші. Осы соғы­сқа қаты­сты соңғы кез­де жаңа фак­тілер мен ұста­ным­дар орын алып жатыр. Біз әлі күн­ге дей­ін ІІ Дүни­е­жүзілік соғы­сқа Ста­лин кезін­де қалып­тасқан ұста­ным­дар­ды бас­шы­лы­ққа алып, қарап келе­міз. Осы­ған бай­ла­ны­сты АӘО (СВО) басталға­лы Ресей бас­шы­лы­ғы­ның секем алып жатқан бір мәсе­лесі – «ІІ Дүни­е­жүзілік соғыс оты­ның өршуіне тек фаши­стік Гер­ма­ния ғана кінәлі ме?» деген сау­ал. Поль­ша­ны бөліп алған, При­бал­ти­ка елдеріне кір­ген кім? Ресей мен Қаза­қстан «ортақ тарих­шы­лар тобы» бұл мәсе­ле­ге ешкім күмән кел­тір­мей­тін­дей «нүк­те» қоя­тын шығар. Еуро­одақ елдерін­де Холо­ко­стқа күмән кел­тір­гені үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту қалай қарал­са, тура солай «ортақ тарих­шы­лар тобы» жасаған қор­тын­ды­ларға да күмән­да­ну қыл­мыс боп сана­ла­тын шығар…

Ресей­дің бола­шағы­ның өзі бұлы­ңғыр. Түбі Путин де кетер. Сон­да РФ тағ­ды­ры қан­дай бол­мақ? Ресей өз тұта­сты­ғын сақтай ала ма, жоқ па? Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның субъ­ек­тілері қан­дай да бір «бұлғақ» шыға­рып жүре ме?! «Ортақ тарих­шы­лар тобы» бұған да жау­ап іздей­тін шығар. Бірақ тарих­шы болған соң, өткен тәжіри­бе­ге көз сал­ма­са бол­май­ды. Бола­шақта құры­ла­тын «ортақ тарих­шы­лар тобы­на» бір ақыл-кеңес бере кетейік.

КСРО деген импе­ри­я­ның бір оқ атыл­май ыды­рап кет­кені бәрі­міздің есі­міз­де. «Тәу­ел­сiздiк шеруiн» При­бал­ти­ка рес­пуб­ли­ка­ла­ры баста­ды. Олар КСРО-ның I Жал­пы­ха­лы­қтық сай­ланған съезд жұмысы кезін­де мәжіліс залы­нан үн-түн­сіз шығып кет­ті. Себебі олар ұсы­нған «Одақтық шар­тты қай­та қарау тура­лы» ұсы­ны­сы күн тәр­тібіне енгізіл­ме­ген. Олар өз рес­пуб­ли­ка­ла­ры­на орал­ды да, СССР құра­мы­нан шығу мәсе­лесін бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­ду­мға шығар­ды. Рефе­рен­дум нәти­же­сі бой­ын­ша Бал­тық жаға­ла­у­ы­ның үш рес­пуб­ли­ка­сы КСРО құра­мы­нан бірін­ші болып шығып кетті.

Егер Ресей сол тағ­дыр­ды қай­та­лағы­сы кел­ме­се, Феде­ра­ци­я­ның бар­лық субъ­ек­тілері­мен феде­рал­дық келісім­ді жаңар­тып, қай­та қара­уы керек. Әйт­пе­се КСРО-ның кебін киюі ғажап емес. РФ-да аз ұлт­тарға ұлт­тық тіл­де мек­теп түгілі сынып ашпай­тын өкі­мет кім­ге ақыл айтқандай!

Атам қаза­қта «Бүлін­ген­нен бүл­дір­гі алма!» деген сөз бар. Соны­мен қатар «сор­лы­дан аулақ жүр, соры жұға­ды!» деген қағи­да­ны да ұмытпайық.

Арман ҚАБДЕШҰЛЫ тарихшы

Республиканский еженедельник онлайн