Пятница , 4 июля 2025

Қанша қазақ қандас мәртебесін алды

2024 жылы 18 035 этни­ка­лық қазақ тари­хи Ота­ны­мен табысып, қан­дас мәр­те­бесін алды. Жал­пы 1991 жыл­дан бері рес­пуб­ли­каға 1 млн 146,4 мың этни­ка­лық қазақ оралды.

Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі мәлі­метін­ше, жыл басы­нан Қаза­қстанға кел­ген қан­дастар­дың 45,4 % – Қытай­дан, 38,9 % – Өзбек­стан­нан, 6 % – Моңғо­ли­ядан, 5,8 % – Түрік­мен­стан­нан, 2,7 % – Ресей­ден және 1,3 % басқа елдер­ден екен.

Осы жылғы 1 жел­тоқ­сан­дағы жағ­дай бой­ын­ша еңбек­ке қабілет­ті жастағы этни­ка­лық қоныс ауда­ру­шы­лар саны 57,1 %-ды, еңбек­ке қабілет­ті жастан кіші 33,4 %-ды және зей­нет­кер­лер 9,5 %-ды құрайды.

Еңбек­ке қабілет­ті жастағы қан­дастар­дың іші­нен білім дең­гейі бой­ын­ша 17,5 %-ы жоға­ры білім­ді, 25 %-ы орта кәсі­би білім­ді, 54,7 %-ы жал­пы орта білім­ді және 2,8 %-ының білі­мі жоқ.

Қоныс аударған этни­ка­лық қаза­қтар рес­пуб­ли­ка­ның түр­лі өңір­леріне қоны­стан­ды. Соны­мен бір­ге қан­дастар­ды қоны­стан­ды­ру үшін келесі­дей еңбек күші тап­шы өңір­лер аны­қтал­ды: Ақмо­ла, Абай, Қоста­най, Пав­ло­дар, Шығыс және Сол­түстік Қаза­қстан облыстары.

Қоны­стан­ды­ру өңір­лерін­де 2024 жылға арналған қан­дастар­ды қабыл­дау кво­та­сы 3 033 адам­ды құрай­ды. Биы­лғы 1 жел­тоқ­сан­дағы жағ­дай бой­ын­ша қоны­стан­ды­ру өңір­леріне 2 961 қан­дас қоныс аударды.

Жоға­ры­да аталған өңір­лер­де қоны­станған қан­дастарға көшу­ге суб­си­дия түрін­де мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры ұсы­ны­ла­ды – бір мез­гіл­де отаға­сы­на және отба­сы­ның әрбір мүше­сіне 70 АЕК (258,4 мың тең­ге) мөл­шерін­де; тұрғын үй жал­да­уға және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ге ақы төле­у­ге – бір жыл ішін­де 15-тен 30 АЕК (55,3‑ден 110,7 мың тең­ге­ге дей­ін) мөлшерінде.

Жыл басы­нан бері 2 624 қан­дасқа түр­лі қол­дау шара­ла­ры көр­сетіл­ді. Атап айтқан­да, 794 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Соны­мен қатар ерік­ті қоныс ауда­ру­дың тиім­ділі­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да аза­мат­тар мен қан­дастар­ды еңбек күші тап­шы өңір­лер­ге қоныс ауда­руға қаты­са­тын жұмыс беру­шілер­ді қол­дау бой­ын­ша инсти­ту­ци­о­нал­дық шара­лар қабыл­дан­ды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін неме­се ипо­те­ка­лық тұрғын үй қары­зда­ры бой­ын­ша баста­пқы жар­на­ның бір бөлі­гін жабу үшін эко­но­ми­ка­лық ұтқыр­лық сер­ти­фи­ка­тын тұрғын үй құны­ның 50 %-ы неме­се бір отба­сы­на 4,28 млн тең­ге­ге дей­ін­гі мөл­шер­де бір­жолғы өте­усіз және қай­та­рым­сыз негіз­де беру енгізіл­ді. Осы жылғы 1 жел­тоқ­са­нын­дағы жағ­дай бой­ын­ша 2 449 адам осын­дай сер­ти­фи­кат алды.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, өткен жыл­да пилот­тық режим­де Қаза­қстан елшілік­тері арқы­лы «бір тере­зе» қағи­да­ты бой­ын­ша қан­дас мәр­те­бесін беру теті­гі іске асы­рыл­ды. Пилот­тық жоба шең­берін­де елі­міз­ге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүм­кін­дік­тері тура­лы мәсе­лені шешу­ге және рес­пуб­ли­ка аумағы­на кір­мей-ақ қан­дас мәр­те­бесін алуға бола­ды. Бүгін­гі таң­да этни­ка­лық қаза­қтар­дан жаңа фор­мат­та 22 666 өтініш қабылданды.

«ҚазА­қ­па­рат»

Республиканский еженедельник онлайн