Пятница , 4 июля 2025

ОТАНДЫҚ НАРЫҚТЫ ресейлік интервенциядан ҚАШАН ҚОРҒАЙМЫЗ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі  Олжас Бек­те­нов­ке!

Отан­дық тау­ар өндіру­шілер нарық дағ­да­ры­сы­на тап болу­да. Оған сай­ла­у­шы­лар­мен өткен жуы­қтағы кез­де­су­лер кезін­де тағы да көз жет­ті. Өндір­ген тау­а­рын өткі­зу про­бле­ма­сы­на душар болған отан­дық ком­па­ни­я­лар өндіріс көле­мі мен жұмыс орын­да­рын қысқар­туға мәж­бүр болуда.

Жал­пы, отан­дық тау­ар өндіру­шілер­ді қол­дау тура­сын­да даб­ы­ра көп, ал қол­да­удың нақты нәти­же­сі – нөл! Өткен жыл­дың күзін­де Үкі­мет­те үлкен оты­рыс өткізіп, елдік мүд­де­ге қыз­мет қыла­тын кәсіп­кер­лер­ді қол­дау жөнін­де қау­лы қабыл­даға­ны­ңыз есі­міз­де, Олжас Абай­ұ­лы мырза!

Бірақ сол қау­лы емен есік­ті каби­нет­тер­дің үйеңкі үстел­дері үстін­де қалған сияқты. (Суыр­ма­ларға сүң­гіп кет­пе­се). Себебі – отан­дық биз­не­сті қол­дау жөнін­де­гі іс-қимыл­дың елдік науқа­ны, оның мем­ле­кет­тік масс-медиа­дағы жылт еткен жар­на­ма­сын көр­медік. Жым-жырт!

Бюд­жет тап­шы­лы­ғын тар­тып оты­рған елде отан­дық тау­ар өндіру­ші биз­неске салы­қтық жеңіл­дік жасау керек деп, даңғой­лау талап қоя алмас­пыз. Бірақ бұл ара­да эко­но­ми­каға несие беру­ші қар­жы инсти­тут­та­ры кре­ди­тор­мен ара­да жасалған неси­елік келісім­шар­тта өндірісті жаб­ды­қта­у­шы өнім­нің кемін­де 50 пай­ы­зы отан­дық тау­ар өндіру­шілер­ден сатып алы­нуы керек деген талап қою – бірін­ші кезек­те­гі қол­дау бол­мас па еді?

Жоқ! Тағы да жым-жырт тыныштық.

Бірақ отан­дық тау­ар өндіру­шілер жым-жырт емес. Олар­дың жаны шырыл­дап, үкі­мет­тік қаулы­ның қауһа­рын күтіп, өлмес күн­нің босаға­сын­да отыр.

Ең алды­мен сай­ла­у­шы­лар­мен жуы­қтағы кез­де­су­лер кезін­де көз көр­ген жағ­дай­дың қара­пай­ым сипа­тын айтай­ын. Мәсе­лен, Ресей мен Бела­русь­тің арзан және адам ден­са­улы­ғы­на зиян­ды кон­сер­вант­тар нығы­здалған өні­мі отан­дық нары­қты жау­лап алуы сал­да­ры­нан, әсіре­се Алма­ты, Қараған­ды, Шым­кент сияқты ірі мега­по­ли­стер маңай­ын­дағы ет өнім­дерін өндіретін ком­па­ни­я­лар қат­ты зардап шегуде.

Біз кезін­де ресей­лік лоб­би­дың әртүр­лі айла-шарғы­мен қыса­стық жаса­уы сал­да­ры­нан Батыс Қаза­қстан­дағы «Куб­лей» ет өнім­дері зауы­тын құр­тып тын­дық. Осын­дай айла-амал­мен Еура­зи­я­лық одақтың басқа елдері­нен келетін импор­тқа лоб­би­лық қыз­мет жаса­у­шы жол­би­ке-дел­дал­дар қаза­қстан­дық ет өнім­дерін нары­қтан ығы­сты­ру­ды жалға­сты­ру­да. Мәсе­лен, бұдан төрт-бес жыл бұрын ғана «Даму» қоры­ның кре­дит­тік көме­гі­мен салы­нған Алма­ты­дағы «Бижан» ет өнім­дері зауы­ты­ның бас­шы­лы­ғы өз жұмыс­шы­ла­рын қысқар­ту­дан басқа амал тап­пай оты­рға­нын айта­ды. Себеп біреу-ақ – отан­дық сауда орын­да­рын жау­лап алған Ресей мен Бела­русь­тің азық-түлік тау­ар­ла­ры­ның экспансиясы.

Отан­дық нары­қты ресей­лік импорт­тың басып алуы­нан өнім өткі­зу про­бле­ма­сы­на тап болған «Бижан» ет ком­би­на­ты бүгін­де 50 пай­ы­зға жетер-жет­пес өндірістік қуат­пен жұмыс істе­уде. Ком­па­ния бас­шы­лы­ғы бұған дей­ін жұмыс істе­ген жар­ты мың­нан астам адам­ның 20 пай­ы­зға жуы­ғын қысқар­туға мәж­бүр бола­мыз дей­ді. Кезін­де­гі пре­мьер-мини­стрі­міз лен­та­сын қиып тұрып ашып, пай­да­ла­нуға беріл­ген, аз уақыт­тың ішін­де «Алтын сапа» ұлт­тық бел­гісі­мен мара­пат­талған, Алма­ты қала­сы­ның бас­шы­лы­ғы елдің екі пре­зи­ден­тін екі рет мақта­ны­шпен көр­сет­кен отан­дық азық-түлік шыға­ра­тын кәсі­по­рын бүгін­де тау­ар өткі­зу тауқы­метін тар­тып отыр.

Себеп бір «Бижанға» ғана емес, отан­дық азық-түлік өндіру­ші биз­не­стің бәріне ортақ: Өске­мен, Пет­ро­павл, Пав­ло­дар, Қоста­най, Орал және тағы басқа шека­ра­лық аймақтар­дағы қала­лар­дың ірілі-ұсақты сауда орын­да­рын ресей­лік азық-түлік өнім­дері толық жау­лап алған.

Мен ет өнім­дерін шыға­ра­тын ком­па­ни­я­лар өкіл­дері­мен бір­ге бірқа­тар сауда орын­да­рын ара­лап, тау­ар ассор­ти­мен­тін сара­лап көр­дім. Мыса­лы үшін, елде­гі ең ірі сауда жүй­есі сана­ла­тын «Маг­нум» мар­кет­терін­де сақта­лу мерзі­мі 3 айдан 6 айға дей­ін­гі ресей­лік шұжық өнім­дері тау-тау болып үйіліп, сал­бы­рап-сам­сап тұр.

Ал біз­де­гі заң­на­ма­лар тала­бы бой­ын­ша, сақта­лу мерзі­мін бір айдан асы­руға бол­май­тын отан­дық өнім­дер жетім қыздың жаса­уы сияқты бір бұры­шта бүрісіп қалған. Дүкен­де үш ай қақта­лып жатқан ресей­лік неме­се бела­русь­тік шұжық пен бір айдан артық уақы­тқа сақта­уға бол­май­тын қаза­қстан­дық өнім­нің сапа­сын салы­сты­руға бола ма?

Сол сияқты, құры­лыс мате­ри­ал­да­рын шыға­ра­тын отан­дық ком­па­ни­я­лар да қытай­лық және ресей­лік импорт­тың «басқын­шы­лы­ғы­на» бай­ла­ны­сты өнім өткі­зу мен тап­сы­рыс алу қиын­шы­лы­ғын бастан кешіру­де. Пар­ла­мент­ке өндірі­стен кел­ген депу­тат әріп­те­стері­ме бесе­не­ден бел­гілі жәйт­ті тәп­ті­ш­теп айтып жату­дың қажеті бол­мас. Тек бір ғана мысал кел­тірей­ін, ғима­рат­тар­ды қап­тау мате­ри­ал­да­рын өндіретін Аста­на­дағы «Metal Former» зауы­ты «Samruk-Kazyna Construction» ұлт­тық опе­ра­то­ры­ның кре­дит­тік көме­гі­мен екі жыл бұрын пай­да­ла­нуға беріл­ген. Импорт­тық жетік тех­но­ло­ги­я­мен жаб­ды­қталған осы зама­на­уи зауыт қазір тау­ар тап­сы­ры­сы тап­шы­лы­ғы­на тап бол­ды. Себеп тағы да бел­гілі – ешқан­дай баж-салық регла­мент­тері­мен шек­тел­ме­ген шетел­дік импорт отан­дық тау­ар өндіру­шіні тұн­шы­қты­рып тынуда.

Мем­ле­кет­тік кре­дит­тік көмек­пен салы­нған, бірақ эко­но­ми­ка­дағы жүй­есіздік­тің сал­да­ры­нан нары­қтан тары­ққан отан­дық тау­ар өндіру­шілер­ді қол­да­уды даңға­за даб­ы­ра сөз­ден нақты іске қашан көшіре­міз, құр­мет­ті Пре­мьер-министр мырза?!

Енді дәл осы сұрақтың аста­ры­нан туын­дай­тын про­бле­ма­ның сая­си-эко­но­ми­ка­лық сипа­ты­на қысқа­ша тоқта­лай­ын. Отан­дық тау­ар өндіру­шілер кіріп­тар болған дағ­да­ры­стың сая­си аста­ры Сіз­ге тіп­ті де бел­гісіз бол­ма­са керек.

Отан­дық кәсіп­кер­лер­дің тыны­сын тары­л­тып, олар­дың қыз­мет-қары­мын шідер­леп тастаған ең бірін­ші кеса­пат – Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың шар­тта­ры екенін біліп отыр­сыз, бірақ оны сыр­тқы сая­сат­тың салқы­ны сал­да­ры­нан Үкі­мет дауы­стап айта алмай­ды. Енде­ше біз­дер – депу­тат­тар айтай­ық: Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ келісі­мін толы­қтай бол­ма­са да, оның ұлт­тық тау­ар өндіру­шілер­ге тіке­лей қаты­сы бар жеке­ле­ген бап­та­ры­на реви­зия жасай­тын уақыт кел­ді! Бұдан ары­ға кешік­ті­ру – отан­дық тау­ар өндіру­ші­ге өлім­мен тең!

Бұл жөнін­де Үкі­мет мем­ле­кет­тің сая­си бас­шы­лы­ғы алды­на нақты ұсы­ны­стар­мен шығып, ұлт­тық тау­ар өндіру­шілер­ді Еура­зи­я­лық одақтың басқа қаты­су­шы­ла­ры тара­пы­нан жаса­лып жатқан интер­вен­ци­ядан қорға­удың инстру­мент­тері жаса­луы керек!

Құр­мет­ті Пре­мьер-министр мырза!

Осы одақтық келісім­нің озбыр талап­та­рын қай­та қарау мақ­са­тын­да Үкі­мет қан­дай қадам­дар жаса­мақ? Егер елдің эко­но­ми­ка­сы үшін аса маңы­зды осы мәсе­ле­ге депу­тат­тар тара­пы­нан көмек керек бол­са, білек сыба­нып шыға­тын әріп­те­стерім табы­ла­ры­на кәміл сенімдімін!

Ермұрат БАПИ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн