Пятница , 4 июля 2025

КӘСІПКЕРДІ ҚОРҒАУ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛСЕ

Әрине, мұн­дай жары­ста қай­сы мем­ле­кет­тік орган­ның, құқық сала­сы бас­шы­ла­ры­ның, адво­кат­тар­дың алға шыға­ты­ны әзір­ге бел­гісіз, оны болжау да қиын. Алай­да, бұдан қара­пай­ым халы­қтың ұта­ты­ны сөзсіз.

Ондаған жыл­дар төңіре­гін­де кәсіп­кер­ді қорғай­тын қан­ша­ма заң­дар қабыл­дан­ды, бір­не­ше мәр­те олар­ды тек­се­ру­ге тый­ым сала­тын мора­то­рий­лер де жари­я­лан­ды. Өкініш­ке қарай, кәсіп­кер­лер де, айып­пұл өндіру­ші салық орган­да­ры да жоға­ры­да көр­сетіл­ген шара­лар­дың тиім­ділі­гін көре алмай келеді. Есесіне қосым­ша жұмыс орын­да­рын ашып, тұрғын­дарға түр­лі кәсіп­пен айна­лы­су мүм­кін­ді­гін беру­шілер­дің 80 пай­ы­зы­на жуы­ғы сот про­цесін­де ұты­лып қала­ты­ны өтірік емес.

Екі жағы да көп уақы­тын сот­та­суға кетіреді. Көбі­не­се, аумақтық салық орган­да­ры қыз­мет­кер­лерінің Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кодексінің бап­та­рын, соның ішін­де 266-бабын заң­ды қол­дан­бай­ты­ны жиі айты­ла­ды.. Ал мем­ле­кет­тің кәсіп­кер­лік субьек­тілерінің ісіне заң­сыз ара­ла­суы­на жол бер­мей­тін Аза­мат­тық кодекстің (2‑бабы) және Кәсіп­кер­лік кодекстің (18-бабы) талап­та­ры­ның ман­сұқ етілуі тіп­ті жарас­пай­ды. Заң­гер­лер­дің тілі­мен айтқан­да, жұмыс істе­мей­тін заң­ды өлі заңға жатқы­зуға болады.

Ал кез кел­ген іс ада­мы әуре-сар­саң­мен зая кетіретін уақы­тын әділет­сіздік­пен күрес­ке жұм­салған күш-қуат, қар­жы деп бағалайды.

Сон­ды­қтан, олар­дың іс-әре­кетін қол­дап, қорғау жөні­нен жарыс ұйым­да­сты­ру биз­нес өкіл­деріне де, мем­ле­кеті­міз­ге де пай­да­лы болар еді деп ойлаймыз.

Заң­ды құр­мет­тей­тін, бірақ құқы­ғы тап­талған адал кәсіп­кер­лер осын­дай түйт­кіл­дер­ді шешу­де «Ата­ме­кен» ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы­нан жаңа көзқа­рас, жаңа ұсы­ныс, батыл қадам­дар күтеді.

Ел эко­но­ми­ка­сын көте­ру ісін­де аза­мат­тық бел­сен­ділік әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­тен гөрі тиім­ді әрі маңы­зды екенін ұмыт­паған жөн.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн