Пятница , 4 июля 2025

Қазақ қоғамы ҚОС АЛЫППЕН Қоштасты

Қазақ руха­ни­я­ты орны тол­мас жоғал­туға ұшы­ра­ды. 85 жасқа толар шағын­да таны­мал тарих­шы, аса көр­нек­ті жазу­шы, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері Мұх­тар Маға­у­ин қай­тыс бол­ды. 1940 жылы 2 ақпан­да Семей облы­сы­ның Шұбар­тау ауда­нын­да дүни­е­ге кел­ген ол 1962 жылы Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің фило­ло­гия факуль­тетін, 1965 жылы аспи­ран­ту­ра­сын бітіріп, еңбек жолын осы жылы «Қазақ әде­би­еті» газетін­де бөлім мең­ге­ру­шісі болып бастаған еді. Әр жыл­да­ры «Жазу­шы» бас­па­сы­ның бас редак­то­ры, «Жұл­дыз» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры бол­ды. Алға­шқы шығар­ма­ла­ры бас­пасөз бетін­де 1959 жылы көріне бастаған қалам­гер 60-жыл­да­ры негізі­нен әде­би­ет зерт­те­ушісі ретін­де таны­лып, кей­інірек көр­кем про­за­ға көбірек ден қойды.

Оның қала­мы­нан туған «Қобыз сары­ны», «Көк мұнар», «Көк кеп­тер», «Ала­са­пы­ран», «Ғасыр­лар бедері», «Шақан Шері», «Мен» «Ұлт­сызда­ну ұра­ны», Жар­мақ» сияқты кітап­та­ры мен мақа­ла­ла­ры – қазақ тарихы мен әде­би­етіне, руха­ни­я­ты­на қосы­лған аса құн­ды шығар­ма, әрқай­сысы терең ізденіс, жазу­шы­лық қарым–қабілет, тыңғы­лы­қты тәжіри­бенің арқа­сын­да дүни­е­ге кел­ген сүбелі еңбек. Ол – 2011 жылғы Жаңаө­зен оқиға­сын қат­ты сынаған қоғам қай­рат­кері. Соңғы жыл­да­ры қазақ халқы мен мем­ле­кетінің тарихы­на арналған «Алтын Орда» кіта­бын жазып бітір­ді. 9 қаңтар күні АҚШ-тың Мэри­ленд қала­сын­да ақтық демі тау­сы­лып, дүни­е­ден өтті.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев осы қаза­ға бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы мен жақын-жуы­қта­ры­на көңіл айту жедел­ха­тын жолдады.

«Мұх­тар Мұқанұ­лы ғиб­рат­ты ғұмы­рын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлт­тық әде­би­еті­міз бен тарихы­мы­здың көк­жи­егін кеңей­ту­ге еле­улі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Халық жазу­шы­сы­ның қуат­ты қала­мы­нан туған шығар­ма­ла­ры, тари­хи еңбек­тері, естелік-эссе­лері қалың оқыр­ман­ның жүре­гі­нен орын тап­ты. Соңы­на бай әде­би мұра қал­ды­рып, өне­гелі өмір сүр­ген Мұх­тар Мұқанұлы­ның қай­та­лан­бас есі­мі халқы­мы­здың жадын­да сақта­ла­ды. Марқұм­ның има­ны сала­мат, жаны жән­нат­та бол­сын» – делін­ген Пре­зи­дент жеделхатында.

Көр­нек­ті жазу­шы­ның қаза­сы­на орай елі­міздің таны­мал тұлға­ла­ры, қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кер­лері, ақын-жазу­шы­лар, қара­пай­ым аза­мат­тар да марқұм­ның отба­сы­на, жақын-жуы­қта­ры­на көңіл айтып жатыр.

Әсіре­се Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері Дулат Иса­бе­ков аға­мы­здың: «Мұх­тар Маға­у­ин қай­тыс бол­ды деген хабар­ды есті­ген­де өзім оты­рып қал­дым. Кеше ғана сау адам сияқты айты­сып оты­рған едік, бұл не болға­ны? Адам өлмей­тін­дей жүреді екен­біз тір­шілік­те. Кей­де ойлай­ты­н­мын, менен кей­ін қай­тыс бола­тын шығар деп. Ай, айна­лай­ын Мұқа, сәл-сәл артық айтып қой­сам әру­ағың кешір­сін. Артық айтқан­дай-ақ ештеңе жоқ сияқты деп ойлай­мын. Егер де біреу артық деп ойла­са кешірім сұрай­мын. Қазақ халқы үшін үлкен олжа тастап кет­ті. Сол енді арты­ң­да мәң­гілік шығар­ма­ла­рың қал­ды», – деп кешірім сұра­уы, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы Мұх­тар Шаха­нов аға­мы­здың: «Қазақ әде­би­етінің үлкен бәй­те­ре­гі құла­ды. Мұх­тар Маға­у­ин – өмір бойы ұлт­тың тарихы­на еңбек еткен адам. Осы­ған орай бүкіл қазақ халқы­на көңіл айта­мын», – деуі өте орын­ды бол­ды. Бұл – өмір­де айты­сып, тар­ты­сып жүр­се де қай-қаза­қтың да бірін-бірі өкпе­ге қиса да өлім­ге қимай­ты­нын ауыр қаза үстін­де тағы бір көрсетті.

***

Араға екі күн салып, 11 қаңтар күні тағы бір қара­лы хабар тара­ды, 95 жасқа қараған шағын­да әйгілі абай­та­ну­шы ғалым Мекем­тас Мыр­за­хметұ­лы өмір­ден өтті. Ұлт руха­ни­я­ты­ның абы­зы абай­та­ну, бауы­р­жан­та­ну, мұх­тар­та­ну, ясса­у­и­та­ну және Абай­дың поэ­зи­я­сы­на қаты­сты құн­ды еңбек­тер жазған ол осы ұлы тұлға­лар­дың мұра­сын жинап, келер ұрпаққа тал­дап, жүй­е­леп, қағазға түсіріп, тұтас ұлтқа баға жет­пес руха­ни мирас қал­ды­рып кет­ті. Марқұм­ның ғылы­мға деген құштар­лы­ғы мен табан­ды­лы­ғы оны қазақ әде­би­еті мен мәде­ни­етінің терең зерт­те­у­ге жете­леді. Ғалым өмір бойы Абай Құнан­бай­ұлы­ның шығар­ма­шы­лы­ғы­на ден қой­ып, «Толық адам» ілі­міне терең тал­дау жаса­ды. Ата­мы­здың өмір жолы да өте күр­делі. Оның өмір­ба­я­ны­на үңіл­сек, 30-шы жыл­дар­дағы аштық кезін­де, еке­уі де жүре­гін жарып шыққан өз пер­зен­ті бол­са да, қызын құр­бан­ды­ққа шалып, ұлын құтқа­рып қалған асыл ана жүре­гі осы ұл – әулет­тің ғана емес, тұтас ұлт­тың ұлы мұра­тын ту етіп көте­ретін бола­шақ тағ­ды­рын айна қатесіз болжаған­дай. Мекем­тас ата­мыз туған ана­сы­ның осы болжа­мын, түн ұйқы­сын төрт бөліп еміз­ген ақ сүтін, туған елінің алдын­дағы пер­зент­тік пары­зы мен үкілі үмітін анық ақтады.

Рес­пуб­ли­ка Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев абыз ақсақал­дың қай­тыс болуы­на оның да отба­сы­на көңіл айту жедел­ха­тын жол­да­ды. «Мекем­тас Мыр­за­хметұ­лы бар салиқа­лы ғұмы­рын Абай мұра­сын зер­де­ле­у­ге, отан­дық әде­би­ет­та­ну ғылы­мы­ның кере­гесін кеңей­ту­ге арнаған зия­лы тұлға еді. Ұлт руха­ни­я­ты­ның ілгері басуы­на сүбелі үлес қосып, көп­те­ген шәкірт тәр­би­е­леді. Ұзақ жылғы қажыр­лы ізденістері­нен туған құн­ды еңбек­тері лай­ы­қты бағаға ие бол­ды. Ғиб­рат­ты ғұмыр кешіп, соңы­на өне­гелі із қал­ды­рған Мекем­тас Мыр­за­хметұлы­ның аяу­лы есі­мі халқы­мы­здың жадын­да сақта­ла­ды. Марқұм­ның има­ны сала­мат, жаны жән­нат­та бол­сын», – делін­ген бұл жеделхатта.

Абыз ата­мы­здың қаза­сы­на бай­ла­ны­сты мың­даған шәкірт­тері отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на көңіл айтып жатыр.

М.Әуезов атын­дағы әде­би­ет және өнер инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры Кен­же­хан Маты­жа­нов: «Тарих­тағы орнын өзінің көзі тірісін­де беріп кет­кен адам. Сон­ды­қтан қазақ әде­би­етінің тарихын­да, қазақ әде­би­ет­та­ну ғылы­мы­ның тарихын­да, жал­пы қазақ руха­ни­я­ты­ның тарихын­да Мекем­тас Мыр­за­хме­то­втың бей­несі, жоға­ры­дан жарқы­рай­ты­ны­на біз сенеміз. 

Ғалым сон­дай-ақ пат­ша­лық Ресей­дің отар­лық сая­са­ты­на қаты­сты еңбек­тер жазып, қазақ халқы­ның тари­хи және мәде­ни бол­мысы­на терең үңіл­ді. Оның «Қазақ қалай оры­стан­ды­рыл­ды?» атты еңбе­гі қоғам­дық ой-санаға әсер еткен маңы­зды зерт­те­улер­дің бірі бол­ды», – дейді.

Ал фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры Серік Неги­мов: «Өмірінің 60–70 жылын абай­та­ну мен әуе­зо­вта­нуға арна­ды. Асы­лы Мекем­тас аға­мы­здың ғылы­ми, әде­би шығар­ма­шы­лы­ғы­ның бел омыр­тқа­сы абай­та­ну мен әуе­зо­вта­ну. Мекем­тас Мыр­за­хметұ­лы ұзақ уақыт бойы Ғылым ака­де­ми­я­сын­да, елі­міздің жоға­ры оқу орын­да­рын­да қыз­мет етті. 30-дан аса моно­гра­фия, зерт­теу жоба­ла­рын жари­я­лап, әде­би­ет тарихын зерт­те­ушілер­дің бір­не­ше буы­нын даяр­ла­ды. Сана­лы ғұмы­рын ғылы­мға арнаған тұлға өмірінің соңғы сәт­терін­де де тыным тап­пай, жаңа­дан кітап бастай­ты­нын айтқан бола­тын», – деген пікір айтты.

Қалай айт­сақ та қос алып­тың өмір­ден өтуі қалың қазақ жұрт­шы­лы­ғы үшін ауыр қаза бол­ды. Елі­міз екі бір­дей алы­бы­нан айы­рыл­ды. Алла­ның бұй­ры­ғы­на адам­ның шара­сы бар ма! Жаратқан тек ұлт­тың ұлы мұрат­та­ры жолын­да тыным­сыз да тоқта­у­сыз тер төк­кен, іркініш­сіз күрес­кен, жат пікір­де­гілер­мен ымы­рас­ыз тірес­кен алып аға­ла­ры­мы­здың алды­нан жары­лқағай! Қаза қай­ыр­лы, жақ­сы­лы­ғы жақын болғай, ағайын!

«D»

Республиканский еженедельник онлайн