Пятница , 4 июля 2025

Назарбаевтың тұсында қазақ рухы мен иманынан айырыла жаздады

«Халық үні» ақпа­рат­тық пор­та­лы­ның тіл­шілері бір жыл­дан аса уақыт бұрын Түр­ки­яда тұрған Мұх­тар Маға­у­ин­ге арнайы барып әңгі­ме-дүкен құрған еді. Қазір ойлап қара­сақ, бұл – заңғар жазу­шы­ның көзі тірісін­де бер­ген соңғы сұх­ба­ты екен. Онда айты­лған деректер мен дәй­ек­тер, ой-тұжы­рым­дар өте маңы­зды, ұлты­мы­здың тарихы, мем­ле­кет­тілі­гі тұрғы­сы­нан аса құн­ды болған­ды­қтан, газет­тік нұсқа­сын жари­я­лаған­ды жөн көрдік.

– Аға, сұх­батқа келісім бер­геніңіз­ге көп­тен-көп рах­мет! Әуел­де сұх­бат берем деп келісім бер­геніңіз­де, кіш­кене тосы­лып қал­дық. «Мен айта­тын дүни­ем­ді өзім жаза­мын» – деуші едіңіз. Біз үшін бұл күт­пе­ген жағ­дай болды.

– Көп рах­мет, өздеріңді арнайы жіберіп отыр екен. Теле­ди­дарға шыға беру­ге аса құмар­лы­ғым жоқ. Өйт­кені айты­лған сөз арты­нан тек­се­ру­ге түсіп жата­ды, қысқа­рып жата­ды, жазған­ның жөні бөлек. Мен өмір бойы ойым­ды, ойдағы сөзім­ді іркіп көр­генім жоқ. Арғы заман­да кіш­кене астар­лап, әртүр­лі жол­мен жет­кі­зетін­біз жазу арқы­лы. Ал енді 30 жыл­дан асты, 88–89-жылдар ма, қай­та құру деген, сол уақыт­тан айта­ты­ным­ды еркін айтып келе жатыр­мын. Мен үшін ешқан­дай тый­ым тақы­рып жоқ. Сон­ды­қтан сұрақта­ры­ң­ды еркін қоя берің­дер. Еркін әңгі­ме­ден мен ешқа­шан қашпаймын.

– Аға сізді отба­сы­ңы­з­бен Түр­ки­яға қоныс аудар­ды деген­де қуанған­дар көп бол­ды. Қоныс құт­ты бол­сын дей­міз. Әу баста мұн­да кел­гіңіз кел­ме­ген деп естідік. Қазір қалай тұрып жатыр­сыз, ұна­ды ма?

– Ол былай, біз баяғы­да өкі­нетін­тұғын­быз, … қай­да бар­саң еріп жүреді. Мына «Азат» радио­сын­да қыз­мет атқар­дым, Гер­ма­ни­яда Мюн­хен­де. Содан «Азат» радио­сы Пра­гаға көшті, Чехи­яға. Басын­да жос­пар бой­ын­ша Түр­ки­яға көшу керек екен, сон­да қат­ты өкін­дік, Түр­ки­яға туы­сқан елге бар­ма­дық деп. Одан Пра­га­да тұр­дық. Мен елден 2006 жылы декабрь­де кет­тім, міне, 17 жыл бол­ды эми­гра­ци­яда жүр­гені­ме, ауы­лға барып тұра­мыз, бірақ соңғы 5–6 жыл­да әлі ат ізін салға­мыз жоқ. Енді Аме­ри­ка­дан келіп жатыр­мыз, ауыл, жұрт құт­ты­қтап жатыр. Алыс-жақын жер­де­гі қаза­қтар келіп-кетіп жатыр. Бірақ шын мәнісін­де мен Түр­ки­яға бір­жо­ла қоныс аудар­дым деп есеп­те­мей­мін өзім­ді, жар­ты аяғым әлі де Аме­ри­ка­да тұр. Өйт­кені, бірін­ші­ден, онда үш неме­ре­міз бар, бір неме­ре­міз Сан-Фран­цис­ко­да, екі неме­ре­міз Вашинг­тон түбін­де­гі Силь­бер­г­де­ген қала­дағы үлкен үйі­міз­де. Бір неме­ре­міз Лон­дон­да, кіш­кене неме­ре­міз осын­да кел­ді, Еді­генің үйіне бай­ла­ны­сты айтып тұрмын.

Құдай­ға шүкір, неме­ре­лер­дің саны жиыр­ма­дан аса­ды, шөбе­ре­лер бесеу-алтау, әлі көбейе берер. Бұл Аме­ри­ка­дан кет­пе­дім дей­тінім, үлкен үйі­міз тұр, екі неме­ре сон­да оқып жатыр. Менің үлкен кіта­п­ха­нам, бүкіл архив сол үлкен үйде. Бәрін көшіріп жет­кі­зу қиын нәр­се және қажеті жоқ, сон­ды­қтан ол жаққа барып тұрам деп ойлай­мын, мүм­кін, бірер жыл­дан соң барып жұмыс істер­мін. Мұн­да көшіп кел­гім кел­ген жоқ, өйт­кені Аме­ри­ка үлкен, еркін ел ғой, қалай деген­мен де әлем­нің тұтқа­сы болып отыр. Оның үстіне «Алтын Орда» деген кіта­бым­ды жазып жатыр едім, соны бітір­мей, ешқай­да бар­май­мын дедім. Негізі, жос­пар бой­ын­ша декабрь­де бітіп қал­сам – жақ­сы болар еді деп едім, тура екі жыл болған­да, 2021 жылы 7 сен­тябрь­де баста­дым ғой дей­мін, биыл 6 сен­тябрь күні біт­тім, тура екі жыл дегенде.

Содан соң келіні­міз келіп еді, Алтын келінім, мен көш­сек декабрь­де көше­міз дедім, «Алтын Орда» біт­ті, енді бара­мыз дегем. Соны­мен осын­да кел­дік, әзір­ге каби­нет жаб­ды­қтағам жоқ, әлі үйрене алмай жатыр­мын. Сосын үлкен жұмыстар­да шар­шау деген бола­ды, «Алтын Орда­мен» мына ежел­гі тарих тәмам­да­ла­ды. Бұрын Шыңғыс хан­ның төрт кіта­бы жазыл­ды. Одан бұрын, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жылын­да қазақ тарихы­ның әліп­пе­сі жазыл­ды. Енді «Алтын Орда» сол екі орта­ны тол­ты­ра­ды, сон­да қаза­қтың 1000 жыл­дың тарихы түгел қам­ты­лып отыр. «Алтын Орда» енді дай­ын, соңғы редак­ци­я­сын қарап жатыр­мыз, «Жұл­дыз» жур­на­лы­на ұсы­на­мын деп отыр­мын. Содан кей­ін Аме­ри­ка­да басты­ра­мыз, тағы Қаза­қстан­да да басы­луы тиіс.

Негізі, басын­да менің көңілім толы­ңқы­ра­мап еді, бірақ негіз­гі кітап­тар­дың бірі болай­ын деп тұр. Өйт­кені біздің тарихы­мыз – Алтын Орда, арғы заман­дағы Шыңғыс хан – біздің тарихы­мыз, ұлы ұлыс – Алтын Орда, кей­ін­гі жалға­сты­ра­тын Түрік қаға­на­ты мен Шыңғыс хан дәуірі­мен Қазақ ханды­ғын жалға­сты­ра­тын уақыт – өзге­ше ғажай­ып тарих, ғажай­ып заман, ғажай­ып мем­ле­кет болған. Сон­ды­қтан тұта­стай алған­да, мен жұмысы­ма өзім қанағат­та­нып отырмын.

– Алтын Орда тура­лы жазып бітір­дім дедіңіз, жары­ққа шығуға аз қал­ды деп отыр­сыз. Алтын Орда тура­лы бұрын-соң­ды кім­дер жаз­ды және соның ішін­де сіздің көңіліңіз­ден шыққан автор­лар бар ма?

– Алтын Орда тура­лы бұрын­нан жазы­лып келе жатыр, бірақ дұрыс Алтын Орда­ның тарихы әлі күн­ге дей­ін жазы­лған жоқ. Арғы­да Пру­сталь деген болған, сол жазған, ол енді үстірт­теу тарих, көп нәр­се жет­пей жатқан. Кей­ін­гі тарих­ты шетел­де Штуд­лер жазған, ал енді орыс тарихын­да Алтын Орда­ны тек қана күстә­на­лап, тек қана жаман­дап, орыс осы уақы­тқа дей­ін «мұның мәде­ни­еті болған жоқ, бұл пара­зит мем­ле­кет бол­ды» деп кел­ді. Бірақ мына еркін­дік заман кел­ген­нен кей­ін, совет өкі­метінің құла­уы жақын­дап, қыспақ азай­ған кез­де орыс ғалым­да­ры шын­дап кірі­се баста­ды. Одан бұрын да Федо­ров, Давы­дов деген тарих­шы­лар­дың жазған бір­лі-жарым жақ­сы еңбек­тері болған. Бал­лот деген тарих­шы­ның кітап­та­ры шыққан. Сол 80-жыл­дар­дың аяғы­нан бастап Алтын Орда тақы­ры­бы­на орыс тарих­шы­ла­ры жақ­сы еңбек ете баста­ды. Ең басты­сы – бұл тарап­та біздің татар ағай­ын­дар өте бел­сен­ді қимыл жаса­ды, батыл­дық жаса­ды. Татар­стан әлі күн­ге тәу­ел­сіздік алған жоқ, бірақ татар­дың еркін ойы Алтын Орда­ның тарихын қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­ді деп айтамын.

Мер­хан Осма­нов деген тарих­шы болған, оның әке-шеше­лері Қаза­қстан­да туып өскен. Өзі эми­гра­ци­яда Қытай­да туған. 1959 жылы қай­тып келіп, Қаза­қстан­да біраз тұрған, кей­ін Қазан уни­вер­си­тетіне оқуға түсіп, оқуын бітіріп, Қазақ уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры бол­ды. Осы Мер­хан Осма­но­втың баста­уы­мен Алтын Орда­ның тарихы қай­та қал­пы­на кел­ді. Өзі қай­тыс бол­ды. 2011 жыл ғой дей­мін, ісін әрі қарай басқа­лар жалға­сты­рып жатыр.

Енді татар ғалым­да­ры­ның бәрі­мен бір­дей келі­се беру­ге бол­май­ды, мен оны қаз­ба­лағам жоқ. Алтын Орда­ның болға­нын, оның мәде­ни­еті, үлкен мем­ле­кет болға­нын көп­те­ген деректер арқы­лы дәй­ек­те­ді. Кон­фе­рен­ци­я­лар өткізді, шетел­дің ғалым­да­рын қаты­сты­рып, көп­те­ген кітап­тар, жинақтар шығар­ды. Оң бағыт­та Алтын Орда­ның зерт­те­луін­де татар ғалым­да­ры ерекше бол­ды. Ал біздің қаза­қтар­дан да жазған­дар бар, Тұр­сын Сұл­та­нов жаз­ды, тағы басқа тарих­шы­лар жаз­ды. Мен енді қазақ тұрғы­сы­нан қарап, Алтын Орда­ны мүл­де басқа­ша жазып шықтым деп ойлаймын.

– Енді оқыр­ман қауым үшін нақты қан­дай жаңа­лы­ғы бар және бұрын-соң­ды кез­дес­пе­ген бір-екі деректі айтып беріңізші.

– Бұл көп әңгі­ме. «Жұл­ды­зда» бірін­ші саны­нан бастап баса­мыз деп отыр. Бұл енді мүл­де басқа көзқа­рас. Бір ғана мәсе­ле айтай­ын. Қалып­тасқан бір пікір бар, Қып­шақ мем­ле­кеті – Дәшті Қып­шақ бол­ды ғой Қаза­қстан жерін­де. Бұл Шығыс Дәшті Қып­шақ. Ал енді Х ғасыр­да Еділ­ден өтіп барып, Дунай­ға дей­ін­гі ара­лы­қты түгел алды. Оңтүстік Киев­тен бірер жүз шақы­рым жер, қазір­гі Укра­и­на­ның жерін­де түгел орна­ды, Дунай­ға дей­ін бар­ды. Мол­до­вия жерінің бәрін, қазір­гі Одес­са тұрған жер­ді басып алды. Сон­дай үлкен тарих қам­тыл­май қал­ды, жазыл­ма­ды. Алтын Орда­ны жазған қаза­қтың бұры­нғы тарих­шы­ла­ры­ның бәрі Қаза­қстан­ды моңғол­дар басып алды деп жаз­ды, қазақ тарихын­да солай жаз­ды, бірақ олар моңғол­дар емес. Содан кей­ін моңғол­дар келіп, Батыс Дәшті Қып­шақты басып алды дей­ді, ал олар­дың моңғол деп оты­рға­ны – шығыс түрік­тері. Шығыс түрік­тері бұлар кәдім­гі қаза­қтағы керей, най­ман, жалай­ыр, қоңы­рат, күр­де­уіт, қора­лас, басқа рулар. Сон­да Бату хан Шыңғыс хан­ның кезін­де Шығыс Дәштіні алды, қып­шақтар отыр­ды мұн­да. Ал енді Бату хан­ның кезін­де Батыс Дәштіні алды. Сол кез­де Эва Мари деген тарих­шы­ның жазға­ны бар, мысал болып кет­кен, былай дей­ді: моңғол­дар келіп, Дәшті Қып­шақты жау­лап алды, біраз уақыт өткен­нен кей­ін олар табиғат пен жер жеңіп, кей­ін моңғол­дар­дың бәрі қып­шақ болып кет­ті дей­ді. Ал онда кел­ген моңғол­дар қып­шақ болып кет­ті дегені – жаңағы керей, най­ман, жалай­ыр, қоңы­рат және басқа рулар. Көбі үлкен рулар­дың ара­сы­на сіңісіп кет­кен, жаңағы қора­лас, күр­де­уіт, оймауыт деген сияқты рулар.

Шын мәнісін­де, бұл Түрік Қаған­ды­ғы ыды­раған кез­де, ІХ ғасыр­да, алды­мен оғыз тай­па­ла­ры кет­ті, олар келіп, Қаза­қстан жерін­де Сыр­да­ри­я­ның бой­ы­на орна­ды. Қып­шақтар ІХ–Х ғасыр­да Ертістің бой­ы­на келіп орна­ды. Біраз­дан кей­ін барып қып­шақтар баты­сқа жыл­жып, Сыр­да­ри­ядан оғы­здар­ды ығы­сты­рып шығар­ды. Ол жөнін­де эпо­ста да, бәрін­де бар. Содан түгел қып­шақ бол­ды. Оғы­здың кей­бір рула­ры қаза­қта қалып қой­ды, мыса­лы, ақ қой­лы, қара қой­лы, бәрі сіңісіп кет­кен. Содан соң Х ғасыр­да Еділ­ден өтіп барып, баты­сты алды. Сон­да бұлар­дың моңғол деп оты­рға­ны – Шығыс Түрік рулары.

Оның әңгі­месі көп, олар­дың айтуын­ша, әуел баста Түрік Қаға­на­ты бол­ды, бірақ Түрік Қаға­на­тын моңғол тек­тілер жау­лап, олар түгел моңғол болып кет­ті дей­ді. Сосын бір-екі жыл өткен­нен кей­ін қай­та­дан түрік бол­ды дей­ді. Ешқан­дай қисы­ны жоқ нәр­се. Рашид-дин тарихы­нан бәрі көрініп тұр. Бұл Шығыс Қаға­на­ты­нан кей­ін қазір­гі Моңғо­ли­я­ның жерін жай­лаған рулар­дың бар­лы­ғы түрік рула­ры бол­ды. Шыңғыс хан түрік тек­ті рудан шыққан. Оның бәрі тау­сыл­май­тын әңгіме.

Бір сөз­бен айтқан­да, бұл – Шығыс түрік­тері мен Батыс түрік­тері татар атан­ды. Шығыс түрік­тері мен Батыс түрік­тері, қып­шақтар­дың қосы­луы арқы­лы соның нәти­же­сін­де Алтын Орда қалып­та­сты. ХІІІ ғасыр­дың аяғын­да қазақ халқы қалып­та­сты. Менің жазға­ным­ның ішін­де бәрі бар, Алтын Орда­ның толық тарихы жазыл­ды. Бұл қазақ тұрғы­сы­нан ғана емес, әділет­ті, объ­ек­тив­ті тұрғы­дан шын мәнісін­де­гі Алтын Орда­ның тарихын біз жазып шықтық. Әрине, бұры­нғы деректер­ге сүй­ене оты­рып, кей­ін­гі ашы­лған жаңа­лы­қтарға қарап оты­рып жаздық.

– Екі жыл жұм­са­дым дедіңіз бе, «Алтын Орда» неше жыл­да, қалай жазылды?

– «Алтын Орда­ны» жазу «Шыңғыс ханға» қараған­да біраз қиы­нға түсті, өйт­кені мате­ри­ал көп, «Шыңғыс ханда» бір жағы­нан түсіп, екін­ші жағы­нан бір­те-бір­те шығуға бола­ды. Ал мына­да сол бар нәр­сені қоры­тып, жаңа­ша жасау керек. Басын­да екі кітап бола­ды деп ойлағам, бірақ есеп­теп кел­ген­де, бірін­ші­ден, өмір шек­те­улі, сек­сен­нен астық, Тәңір­дің қолын­да бәрі. Екін­ші­ден, бір кіта­пқа сый­ғы­за­мын деп, ақы­ры 500 бет­тік жақ­сы, толым­ды кітап бола­тын болды.

Сұх­бат­тасқан – Ая ӨМІРТАЙ

Республиканский еженедельник онлайн