Пятница , 4 июля 2025

ДІНИ эмансипация экспансия және экстремизм

немесе Ұлт жанашырларының назарына!

Адам­зат тарихын­да мәде­ни экс­пан­си­я­лар­дың әрқи­лы түр­лері мен фор­ма­ла­ры болған­ды­ғы бел­гілі. Олар сай­ып кел­ген­де, ұлт­тың био­ло­ги­я­лық бол­мысын өзгер­те алмаған­мен, мәде­ни-тұр­мыстық, руха­ни дүни­е­ге көзқа­рас­тық кел­бетін мүл­де өзгер­тіп, ақы­рын­да «басқа» ұлтқа айнал­дыр­ды және бұры­нғы экс­пан­си­яға дей­ін­гі табиғи, шынайы, игілік­ті кел­бетін мәң­гілік­ке кел­мес­ке кетір­ді. Сон­ды­қтан да мәде­ни экс­пан­сия қазір­гі таң­да ақпа­рат­тық қауіп­сіздік ретін­де таны­лған­ды­қтан, гло­ба­ли­за­ци­я­мен қатар ұлт­тың қорға­ныш теті­гі ретін­де гло­ка­ли­за­ция үдерісі де жүріп жатыр. 

Оларға қар­сы ұлт­тың қорға­ныш тетік­тері ретін­де қай­та ұлт­та­ну (реэт­ни­за­ция) үдерісі де қар­сы жау­ап ретін­де көрініс тауып отыр, деген­мен осы екі текетірес жағ­дай­ын­да ұлт­тық идео­ло­гия мен сыр­тқы мәде­ни экс­пан­си­я­ның қай­сысы жеңіс­ке жететін­ді­гі олар­дың идео­ло­ги­я­лық-мани­пу­ля­ци­я­лық қуа­ты­на бай­ла­ны­сты болып келеді. Мәде­ни экс­пан­сия физи­ка­лық неме­се сая­си бол­маған­ды­қтан, сырт көз­ге бай­қа­ла бер­мей­тін, бір­те-бір­те астыр­тын тех­но­ло­ги­я­лар­мен жүзе­ге аса­тын қатер­лі құбылыс. 

​Қазақ халқын­дағы бір­не­ше жүз­де­ген жыл­дық тарихы­мы­здағы ұлт­тық руха­ни қауіп­сіздік­ке жасалған әрқи­лы идео­ло­ги­я­лық шабуыл­дар­дың зардап­та­ры сал­да­ры­нан өзгеріп, бұр­ма­ланған ұлт­тық бол­мысы­мы­зды қай­та қал­пы­на кел­ті­ру жағ­дай­ын­да қазір­гі таң­да халы­қтың ұлт­тық рухы жан­да­нып келеді. Бірақ та ұлт­тық руха­ни мәде­ни­еті­міз­ге кері ықпал ететін идео­ло­ги­я­лық күш­тер­дің әсері аймақ бой­ын­ша әрқи­лы және олар ресми, ресми емес, жос­пар­лы, жос­пар­лы емес, астыр­тын, ашық түр­де жүр­гізілу­де: вестер­ни­за­ция, оры­стан­ды­ру, ара­б­тан­ды­ру, т.б. салаланған. 

Осы ықпал­дар­дың ішін­де­гі қатер­лісі – ислам атын жамы­лған әле­умет­тік инсти­тут­тар, жеке тұлға­лар, кей­бір ресми орын­дар­дың, т.б. ұлт­тық руха­ни мәде­ни­еті­міз­ге жаса­лып жатқан экс­пан­си­я­сы. Қазір­гі таң­да елі­міз­де «дүм­ше-сая­си-кәсіп­кер­лік-экс­пан­си­я­лық ислам» бета­лы­сы алаң­да­та­тын­дай дең­гей­де өрбіп келеді. Оның ең қатер­лі тұста­ры­ның бірі – ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зға шабуыл жасау (экс­пан­сия). 

​Бұл үрдіс, бай­ып­тап қара­сақ, раци­о­нал­ды тұрғы­дан сырт­тан бақы­ла­сақ, сана­лы ұйым­дасқан, арнайы бірізді түр­де құры­лым­данған, ақпа­рат­тық құрал­дар арқы­лы жүй­елі түр­де жүр­гізілетін, бір­не­ше жыл­ды­қтарға жос­пар­ланған «арнайы опе­ра­ци­я­лар» сияқты болып көрі­неді. Бұл – біздің­ше, діни ислам­дық экс­тре­мизм мен фана­тиз­мнің зама­на­уи жұм­сар­ты­лған фор­ма­сы, өңі айналған басқа­ша фор­ма­ты ғана емес, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды жою мен бір­те-бір­те құл­ды­ра­ту арқы­лы Қазақ елінің бола­шақтағы даму пер­спек­ти­ва­сы­на қатер туды­ра­тын әре­кет­тер. Өйт­кені бұрын біз ашық түр­де­гі діни экс­тре­мизммен, ради­ка­лизммен күресіп кел­дік. Оны күштік құры­лым­дар­дың бақы­ла­уы нәти­же­сін­де бір­ша­ма бәсең­дет­тік, бірақ қазір­гі заманға сай оның басқа­ша, жаңа­ша, өзгер­ген фор­мат­та­ры қалып­та­стып оты­рған­ды­ғы жете зерт­тел­ме­ген­ді­гі өз алды­на, ол жабық түр­де құры­лым­данған. Діни фана­тизм – пара­фа­на­тизм­ге (фана­тизм­ге ұқсай­тын, соның төңіре­гін­де­гі құбы­лы­стар), діни ради­кал­дық – ақпа­рат­тық шабуыл­дарға, діни экс­тре­ми­стік әре­кет­тер – экс­тре­ми­стік пиғыл­дарға, ал олар­дың әре­кет­тері – қоғам­дық сана мен билік­те­гілер­дің, тіп­ті кей­бір зия­лы қауым­ның дін үрей­ін пай­да­ла­на­тын «мәде­ни экс­пан­си­я­ларға» айна­лып үлгер­ген­ді­гін аңда­май да қалдық.

Бұл бета­лыс дәстүр­лі ұлт­тық мәде­ни­ет­ті бір­те-бір­те, аңдат­пай құл­ды­ра­уға ұшы­ра­та­тын, ұлт­тық қауіп­сіздік­ке жатқы­зы­ла­тын қатер­лі үдеріс болған­ды­ғы­на қара­ма­стан, елі­міз тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін үздіксіз жалға­сын тауып келеді. Әсіре­се ислам дінін уағы­зда­у­шы ресми инсти­тут­тар мен ресми емес пара­фа­на­тиктер тара­пы­нан ықпал ету өрісі кеңейе түсу­де. Ал билік­те­гілер­дің кей­бір топ­та­ры мен қоғам­дық сана оның мәде­ни экс­пан­си­я­лық жақта­рын жете түсін­бей, жай ғана игілік­ті іс – ислам­дан­ды­ру-иман­дан­ды­ру үдерісінің бір эле­мен­ті деп қабыл­дап отыр.

Қаза­қстан­дағы ислам дінін жаңғыр­ту – өз алды­на бөлек мәсе­ле. Негіз­гі мәсе­ле сол ислам дінін қай­та жаңғыр­ту үдерісін толы­қтай араб-мұсыл­ман­дық экс­пан­си­я­ла­у­мен алма­сты­ру­да болып отыр. Шын­ды­ғын­да, оны­мен зай­ыр­лы және толе­рант­ты деп сана­ла­тын ҚМДБ өкіл­дерінің кей­бірі арнайы шұғыл­да­нып, ал көп­шілік бөлі­гі «үнсіз» қол­даған­дай болып отыр. Ол ұлт­тық тіл мен дәстүр, тұр­мыс пен бол­мыс, білім беру мен ағар­ту, ғылым мен өнер, т.б. көп­те­ген руха­ни инсти­тут сала­ла­ры­на тұта­стай ықпал ете оты­рып, «шабуы­л­шыл­ды­қты» көз­дей­ді, ұлт­тық мораль мен жал­пы адам­заттық адам­гер­шілік құн­ды­лы­қта­рын бұр­ма­лап, жат пиғыл­ды, керітар­па, тым төмен­гі дең­гей­де­гі эти­ка­лық өлшем­дерін қазақ қоға­мы­на таңуға ұмты­лып оты­рған­ды­ғы өз алды­на, көп жағ­дай­да прак­ти­ка­лық нәти­же­лер­ге де қол жет­кізіп отыр.

​Бұл бета­лыс, ислам­дан­ды­ру атын жамы­лған ара­б­тан­ды­ру­мен көм­керіл­ген­дік­тен, мәде­ни экс­пан­си­я­сын – руха­ни мұра­лар­ды, тарихы­мы­зды, тілі­мізді, коды­мы­зды, т.б. құл­ды­ра­ту­ды тұта­стай, біл­дірт­пей, бір­те-бір­те, әрқи­лы тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну арқы­лы жүр­гізіп оты­рған сыңай­лы деп айта ала­мыз. Ал кей сәт­тер­де ол ашық және анайы түр­де көрініс тауып отыр. Мәсе­лен, тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін­гі 33 жыл ішін­де әдет-ғұрып пен салт-дәстүрі­міз­ге деген шабуыл­дарға тоқта­лып өтуі­міз­ге бола­ды: бір­не­ше жыл бұры­нғы «харам эскпан­си­я­лық опе­ра­ци­я­сы» (тұр­мыстық эле­мент­тер­ді харам­дан­ды­ру), «ширк экс­пан­си­я­лық опе­ра­ци­я­сы» (мәде­ни эле­мент­тер­ді ширк­тен­ді­ру), хиджа­б­тан­ды­ру, одан кей­ін­гі «сақал» опе­ра­ци­я­сы, «талақ экс­пан­си­я­сы», ана тілі­мізді экс­пан­си­я­лау (ахлақ, умра, ифтар), соңғы­ла­ры­ның бірі – «махр» опе­ра­ци­я­сы, т.б. кей­бірі сәт­сіз, кей­бірі сәт­ті аяқтал­ды, ал кей­бірі «тыны­ғып» алып, басы­лып барып, қай­та­дан өршу тәсілін де қол­да­на­ды. «Хиджа­б­тан­ды­ру опе­ра­ци­я­сы­нан» қорға­ну әлі күн­ге дей­ін өзінің өзек­тілін жой­ған жоқ, ол ислам­шыл­дар тара­пы­нан қай­та-қай­та жан­да­нып, мем­ле­кет­тік-сая­си дең­гей­ге дей­ін көтеріл­ген­ді­гіне қара­ма­стан, алдағы уақыт­та нақты алдын алу шара­ла­рын қол­дан­ба­са, үздіксіз жалға­са беретін тәрізді.

Бұл идео­ло­ги­я­лар жай ғана діни схо­ла­сти­ка­лық фило­со­фия, құр сөзділік, тек сөз жүзін­де­гі ноумен­дер емес, тұтас мәде­ни өмірі­міз­ге кері әсер ететін, ұлты­мы­зды ұлт­тық код­тан айы­ра­тын керітарт­па әдет­тер мен ада­су­лар болып табы­ла­ды. Кей­бір көзқа­рас­тар, олар­дың қатер­лі тұста­рын сезбей неме­се сезсе де, сезбе­ген­дей болып, оларға мән бер­мей, жай ғана діни ұста­ным деп санай­ды. Мәсе­лен, қазір­гі таң­дағы жүр­гізіліп оты­рған «жастар­ды махр­лан­ды­ру опе­ра­ци­я­сы» отба­сын құру­ды мақ­сат еткен жастар, оның ішін­де әсіре­се мате­ри­ал­дық жағ­дайы төмен ер аза­мат­тар үшін қиын­шы­лы­қтар туғызады.

Сөйтіп, тұтас отба­сы инсти­ту­ты­на жасалған шабуыл іске аса­ды, пси­хо­ана­ли­ти­ка­лық тұрғы­дан кел­ген­де, махр сұра­у­шы­лар­дың сана­сы­на бола­шақта ажы­рас­ып кетуді ниет­тей­тін көңіл-күй туғы­за­ды неме­се сол махр сұра­у­шы­ның бей­са­на­лы түп­кі теріс пиғы­лын біл­діруі де ықти­мал. Бұл тұстағы басты мәсе­ле теріс пиғыл­ды пара­фа­нат­тар жүр­гізіп оты­рған араб-мұсыл­ман­дық мәде­ни экс­пан­си­я­ны әшке­ре­леу, яғни халы­ққа ашып көр­се­ту, тех­но­ло­ги­я­ла­рын зер­де­леу, әдіс-тәсіл­дерін жари­я­лау, соны­мен қатар экс­пан­си­я­ланған құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды араб мәде­ни­еті­нен эман­си­па­ци­я­лау, яғни кері қай­та­ру, азат ету болып отыр. Біздің ұлт­тық мәде­ни кеңісті­гі­міз­де соңғы отыз жыл ішін­де (әрісін айт­паған­ның өзін­де) қан­дай аре­ал­дар экс­пан­си­я­ланған­ды­ғы, біздің нені жоғал­тқан­ды­ғы­мыз тарих­ты зер­де­лей ала­тын зер­делі аза­мат­тарға өзді­гі­нен-ақ түсінік­ті. Мұн­дай экс­пан­си­я­лар жай ғана үгіт-наси­хат түрін­де емес, әрқи­лы пси­хо­ана­ли­ти­ка­лық, пси­хо­те­ра­пи­я­лық, мани­пу­ля­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар арқы­лы (бұл әдістер­ді сана­лы мең­гер­ме­се де, қол­да­нып отыр) жүзе­ге асып оты­рған сыңай­лы. Ең басты тіре­гі – қоғам­дық сана­дағы «Құдай­дан қорқу­ды» негіз­ге алады.

Шын­ды­ғын­да, ол жастар­дың сана­сы­на теріс ықпал етіп, мәң­гүрт­тен­діру­ге дей­ін алып баруы да ықти­мал. Бұл, біздің­ше, қатер­лі­гі жөні­нен Хаб­бард ілі­міне жуы­қтай­ды деп болжам­дай ала­мыз (әрине, бұл мәсе­лені әлі де пси­хо­те­ра­пи­я­лық тұрғы­дан тереңірек зерт­теу керек). Өйт­кені қоғам­дағы қазақ жаста­ры­ның кей­бірінің сана­сы «қай­та қал­пы­на кел­ме­стей болып зақым­данған». Негізі­нен алған­да, тек физи­ка­лық қана емес, осын­дай «пси­хи­ка­ны зақым­да­у­шы» топ­тар да жаза­ла­нуы тиіс (Бірақ біздің қоғам­да олар­ды сотқа беретін ата-ана­лар ұжы­мы қалып­тас­паған: дін­ге бет бұрған бала­сы­ның кенет­тен мүл­де басқа ада­мға, «діни мәң­гүрт» ада­мға айналған­ды­ғы ата-ана­сы үшін қан­дай өкіні­шті жайт). 

Ең басты иллю­зия: «Бар­лық имам­дар жер­де­гі құдай­дың өкілі, олар­дың айтқан­да­ры­ның бар­лы­ғы абсо­лют­ті дұрыс» деген түсінік. Шын­ды­ғын­да, қара­пай­ым­дан­ды­рып айт­сақ, «ол да өзің сияқты қара­пай­ым тұлға, тек оның ақ шапа­ны бар» екен­ді­гін қоғам­дық сана түсіне алмай келеді. Осы «има­мо­фо­бия-има­мо­фи­лия» түсіні­гі қара­пай­ым халық тұр­мақ, кей­бір билік өкіл­дері, зия­лы қауым, тіп­ті ғалым­да­ры­мы­здың ара­сын­да да, олар­дың сана­сын­да жиі кез­де­сетін жайт. Сол «заң­сыз діни мис­си­о­нер-зия­лы­лар мен мис­си­о­нер-ғалым­дар» имам функ­ци­я­сын атқа­рып оты­рған­ды­ғын жасы­ра­ды, мис­со­нер­лік қыз­метін ғылы­ми жұмыста­ры­мен, раци­о­нал­ды­лы­қ­пен, зерт­те­ушілік­пен бүр­ке­ме­лей­ді (бұны пси­хо­ана­л­из­де бей­са­на­лы түр­де­гі қорға­ныш тетік­терін раци­о­на­ли­за­ци­я­лау деп атайды). 

Келесі иллю­зия: «Осы сана­ны зақым­да­у­шы, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды экс­пан­си­я­ла­у­шы ислам» кел­беті кей сәт­тер­де зай­ыр­лы, «дұрыс», игілік­ті ислам болып түсінілуін­де. Бұл үлгіні де, сәй­кесін­ше, билік басын­дағы­лар­дың, зия­лы қауым­дар­дың, ғалым­дар­дың кей­бірі қабыл­даған­дай сыңай танытады.

Енде­ше ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды қорғау мен елі­міз­де­гі ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да біз ислам­дық экс­пан­си­яға қар­сы мем­ле­кет тара­пы­нан мына­дай шара­лар қол­да­ну­ды ұсынамыз:

1. Қазақ халқы­ның мәде­ни-руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­на ислам инсти­тут­та­ры тара­пы­нан жаса­лып жатқан әрқи­лы керітарт­па ықпал­дар­ды ресми түр­де «мәде­ни экс­пан­сия» ретін­де айып­тап, «мәде­ни эман­си­па­ци­я­ны» (мәде­ни-руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды азат етуді) қолға алу. «Мәде­ни экс­пан­си­я­ла­у­шы­лар» тек шағын, бөлек экс­тре­ми­стік топ­тар емес, кей жағ­дай­да қоғам­дағы ресми ислам инсти­тут­та­ры (мешіт­тер, уағыз­шы­лар, діни оқу орын­да­ры, діни ғалым­дар, т.б.) өкіл­дері ара­сын­да да белең алып оты­рған үдеріс екен­ді­гін ресми түр­де жари­я­лау мен жаза­лау шара­ла­рын жүргізу.

2. Мате­ри­ал­дық емес руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды қорға­удың ЮНЕ­СКО-дағы бөлім­ше­лері­мен бай­ла­ныс орна­та оты­рып, осы мәде­ни экс­пан­си­я­ның алдын алу үшін, Қазақ халқы­ның мате­ри­ал­дық емес руха­ни құн­ды­лы­қта­рын қорғау тура­лы заң қабылдау;

3. Мәде­ни-руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды қор­лау – Ту, Елтаң­ба, Әнұран, т.б. мем­ле­кет­тік атри­бут­тар­ды құр­мет­те­меу мен қор­лаған­ды­ғы үшін қол­да­ны­ла­тын заң­дық-құқы­қтық айып­та­у­лар­мен, жаза­ла­у­лар­мен тең дең­гей­де қарас­ты­ры­луы тиіс;

4. Мем­ле­кеті­міздің ұлт­тық қауіп­сізді­гін сақтау мақ­са­тын­да Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі жаны­нан ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды қорға­удың ресми бөлім­дері (коми­тет) ашы­лып, руха­ни құн­ды­лы­қтарға экс­пан­сия жаса­у­шы ресми орын­дар­ды қоса алған­да (атап айтқан­да, ҚМБД кей­бір мүше­лері, кей­бір діни мис­си­о­нер­лік заң­сыз шұғыл­да­нып оты­рған зия­лы қауым мен ғалым­дар, діни оқу орын­да­ры, т.б.), ислам дінін ұста­на­тын жеке адам­дар­дың да көзқа­рас­та­ры мен теріс пиғыл­да­рын зерт­тей­тін тәу­ел­сіз экс­перт­тік комис­сия (Дін істері агент­ті­гі­нен басқа) тұрақты жұмыс жаса­уы тиіс. Оның құра­мы­на тео­лог­тар неме­се діни өкіл­дер емес, зай­ыр­лы тұрғы­дан еркін ойлай ала­тын фило­соф­тар, әле­умет­та­ну­шы­лар, пси­хо­лог маман­дар тар­ты­луы тиіс.

5. Соңғы жыл­да­ры қабыл­данған «Дін тура­лы» заң­дарға батыл және нақты өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізілуі тиіс: ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды құр­мет­те­мей­тін көзқа­рас­тар­дың бар­лы­ғы «экс­тре­ми­стік» деп таны­ла­тын сияқты арнайы бап енгі­зу қажет. 

6. Мате­ри­ал­дық емес ұлт­тық руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды қорғау үшін, мем­ле­кет тара­пы­нан зай­ыр­лы болып сана­ла­тын қоғам­дық ұйым­дарға грант­тық қар­жы­лан­ды­ру­лар бөлі­нуі тиіс және атқа­ры­лған меке­ме­лер­дің қыз­мет­тері жоға­ры­да аталған тәу­ел­сіз комис­си­я­ның қатаң бақы­ла­у­ын­да болуы тиіс.

Р.S. ХХ ғасыр­дағы пост­мо­дер­низм өкіл­дерінің көп­шілі­гі өздері өмір сүріп оты­рған капи­та­ли­стік қоғам­ның кем­шілік­терін көре біліп, оны сына­удың тео­ри­я­лық әдісі ретін­де басқа­ша бір бағ­дар­лар­ды таң­да­ды. Ол – ащы шын­ды­қты өткір тіл­мен баян­дау және аяу­сыз сынау тех­но­ло­ги­я­ла­рын қол­дан­ды (Мәсе­лен, Ж. Бодрий­яр­дың гипер­кри­ти­циз­мі). Бұл тех­но­ло­гия сол дәуір­де­гі қоғам­ның ащы шын­ды­ғын жасы­ра­тын­дар үшін әсіре­леу, асы­ра айту сияқты болып қабылданды. 

Сон­ды­қтан да бұл айты­лған­дар «Ащы да бол­са шын­дық» тәрізді. Біздің ҚР ислам дінін линг­ви­сти­ка­лық фило­со­фи­я­лық және пси­хо­ана­ли­ти­ка­лық зерт­те­улері­міз бой­ын­ша: «Ашық және анық айтыл­ма­са да, ата­уы олай атал­ма­са да, заты бар, ондай тіл­дік ұғым­да­ры бол­ма­са да, маз­мұ­ны бар: «Ислам дінінің қаза­қты ұлт­сыздан­ды­ру сая­са­ты­ның қаза­қстан­дық моделі», «Ислам дінін биз­неске айнал­ды­ру­дың қаза­қстан­дық моделі», «Діни үрей­лерін өзге­лер­ге тара­тып жүрудің «бұқа­ра­лық-ұжым­дық пере­па­те­тиктік» қаза­қстан­дық моделі», «Сая­си­ланған ислам өкілі екен­ді­гін жасы­рып жүрудің қаза­қстан­дық моделі», т.б. тәрізді бағ­дар­лар кей­бір ислам­шыл­дар өкіл­дері ара­сын­да арнайы жұмыс жасай­тын бағыт ретін­де қалып­тасқан, ал қара­пай­ым аңғал халық осы инсти­тут­тар мен бағыт­тарға қыз­мет етіп оты­рған­ды­қта­рын аңда­май да қала­ды» деген пай­ым­да­у­лар ұсы­на аламыз.

Берік АТАШ

Республиканский еженедельник онлайн