Пятница , 4 июля 2025

Ел болам десең, КИНОҢДЫ ТҮЗЕ!

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас БЕКТЕНОВКЕ!

  • Өткен ғасыр­дың орта­сын­да ұлы Мұх­тар Әуе­зов «Ел бола­мын десең, бесі­гіңді түзе!» деп ұран тастап еді. Бүгін сол мәтел­дің мәні өзгеріп тұр. «Ел бола­мын десең – экра­ны­ң­ды түзе» дей­тін кезең­ге кел­дік. Кез кел­ген елдің қоғам­дық-сая­си өмірін­де кино­ның ала­тын орны айрықша.

Соңғы жыл­да­ры елі­міз­де түр­лі бағыт­та түсіріл­ген фильм­дер аз емес. Алай­да сол фильм­дер­дің сапа­сы­на қаты­сты сұрақ-сау­ал­дар пісіп жетіліп, арна­сы­нан асып тұр…

Кино – идео­ло­гия, кино – сая­сат, кино – керек десеңіз, ұлт­тың қауіпсіздігі.

Жапо­ния Екін­ші дүни­е­жүзілік қырғын­нан кей­ін ұрпақ сана­сы мен ұлт­тық бол­мысын дәл осы кино арқы­лы жүй­е­леп алға­ны айдай ақиқат.

Кино – бүтін ұлт­ты ұйы­та­тын, сол арқы­лы жас ұрпақтың сана­сы­на әсер ететін күшті қару. Әр халы­қтың ұлт­тық бол­мысы, тарихы, салт-дәстүрі, діни ұста­ны­мы, әле­умет­тік жік­телісі бар. Әсіре­се дәл қазір­гі­дей қазақ қоға­мы шетел­дік сери­ал­дар­ды там­са­на тама­ша­лап, жастар­дың сана­сын бөтен жұрт­тың мәде­ни­еті жау­лап жатқан тұста ұлт­тық киноға көңіл бөлудің маңы­зды­лы­ғы сәт сай­ын артып тұр.

Кино сая­са­ты қоғам көшін баста­уы керек еді, ал біздің бұл өнері­міз қоғам­ның жете­гін­де кетіп бара­ды. Соңғы жыл­да­ры мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен тари­хи тұлға­ларға арналған сери­ал­дар мен көр­кем фильм­дер түсірілу­де. Осы орай­да Антон Чехо­втың: «Біз Гоголь­ді халы­қтың дең­гей­іне түсір­ме­уі­міз керек, керісін­ше, халы­қты Гоголь­дің дең­гей­іне көте­руі­міз қажет!» дегені еріксіз ойға оралады.

Най­за­ғай­дың оты­на нан пісіріп жатқан осы кезең­де кино – бірін­ші кезек­те биз­нес емес, өнер, ұлт­тық ұста­ным мис­си­я­сын атқа­руы керек. Сон­ды­қтан режис­сер­лер мен сце­на­ри­стер ең әуелі кино­фе­сти­валь­дар­дан сый­лық алу­ды емес, кино­ның ұлтқа әке­лер пай­да­сын, ұрпаққа берер тәлі­мін көбірек ойлаға­ны лазым.

Әбжы­лан­дай ысқы­рған бүгін­гі жаһан­да­ну дәуірі елі­міздің ұлт­тық кино сая­са­тын түбе­гей­лі қай­та қара­уға мәж­бүр­леп отыр. Тіп­ті бала-шаға­мы­з­бен қатар оты­рып, фильм көр­сең, бетің­нен отың шығып, кіре­р­ге тесік тап­пай­сың. Анайы эпи­зод­тар мен сүй­е­гің­нен өтетін бей­піл диа­лог­тар, шұп-шұбар тіл, атыс-шабыс, жадағай жар­гон сөз­дер, одан қал­са әр жер­ден ұрлап-жыр­лап, көшіріп алған инку­ба­тор-фильм­дер. Керек десеңіз, мұн­дай теріс имидж туды­ра­тын фильм­дер жұрт­тың ашуын туғызуда.

Ең қиы­ны – қатаң сүз­гінің жоқты­ғы­нан қаза­қтың көр­кем де шұрай­лы тілі күй­реп жатыр. Экран мен эфир­де көшенің тілі үстем­дік ала баста­ды. Соны­мен қатар дәстүріңді дәл­дүріш қып, теріс діни ағым­дар­дың наси­ха­тын күйт­теп жүр­ген тас­па­лар да жоқ емес.

Өткен 2024 жылы қаза­қстан­дық 90 фильм про­катқа шығып­ты. Соның 56‑ы – коме­дия. Күл­діре­міз деп, бүл­діріп жатыр­мыз. Жал­пы, қазір күлетін кезең бе?.. Кар­ти­на­лар жыл сай­ын 30 фильм­ге толы­ққан. Кас­са­дан түс­кен түсім­дер де аз емес. 6 фильм мил­ли­ард тең­ге­ден астам кас­са жинаған. Бірақ көп­шілі­гінің сапа­сы сын көтер­мей­ді. Көбі экшн, коме­ди­я­лық, ең ауы­ры – жастар­дың сана­сы­на соққы беретін автор­лық фильм­дер. Ұлт­тық кино­лар­дың қата­ры тым аз. Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы 2024 жылы қаза­қстан­ды­қтар 17 млн 47 мың 524 рет киноға бар­са, соның үштен бірі –яғни алты мил­ли­онға жуы­ғы отан­дық фильм­дер­ді тама­ша­лаған. Сұра­ныс жоқ емес, бар! Әле­умет­тік сау­ал­на­ма бой­ын­ша, ұлт­тық кино­ны көр­гісі келетін­дер­дің қата­ры артқан. Алай­да сапа­лы өнім бол­май тұр.

Кино өндірісіне нары­қтық сипат бере­міз деп, жалаңа­штап алған жағ­дай­лар да аз емес. Сөз жоқ, кино нары­ғы ком­мер­ци­я­лық тұрғы­дан өзін-өзі қар­жы­лан­ды­руы керек. Алай­да әлем­де ұлт­тық кино өнеріне мем­ле­кет­тік дең­гей­де қол­дау жасап оты­рған елдер бар. Маман­дар даяр­ла­уда арнайы мем­ле­кет­тік сая­сат белгіленген. 

Мәсе­лен, Гер­ма­ния кино сала­сы­на маман даяр­лау үшін жыл сай­ын 76 мил­ли­он еуро бөледі. Біз­де де аз қар­жы бөлін­бей­ді. Бірақ кеше­гі Тәу­ел­сіздік таңын жақын­датқан Шәкен Айма­но­втың, Сұл­тан Қожы­қо­втың, Мәжит Бега­лин­нің, Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев­тың, Камал Смай­ы­ло­втың, Әкім Тара­зидің, Олжас Сүлей­ме­но­втің бүгін­гі ізба­сар­ла­ры қай­да? Оңтүстік Корея отан­дық кино­ны қол­дау үшін, кино­те­атр­лар­да көр­сетілетін шетел­дік фильм­дер­дің саға­тын шек­тей­ді. Өз фильм­деріне жағ­дай жасай­ды. Ал біздің отан­дық фильм­дер тұса­у­ке­сер­ден кей­ін ізім-қай­ым жоқ. Кино­те­атр қожай­ын­да­рын­да ұлт­тық намыс деген аты­мен жоқ.

Шетел­дік фильм­дер­ді Қаза­қстан нары­ғын­да про­катқа шыға­ру үшін, өліп-талып, иіліп, бүгіліп қыз­мет істей­міз. Ал отан­дық фильм­дер­дің про­кат­та­лу алаңын әлдеқа­шан ала­бо­та басып кет­кен. Ірі мега­по­ли­стер мен облыс орта­лы­қта­рын­дағы аху­ал осын­дай. Орта­лы­қтан қашы­қтағы аудан­дар мен ауыл­дар­дың жағ­дай­ын айт­саң, ете­гің жасқа тола­ды. Ауыл­дар­да кино­те­атр түгілі дұрыс Мәде­ни­ет үйлері де жоқ. 

Кітап­тан алы­стап, әле­умет­тік желі­ге бел­ше­сі­нен батып бара жатқан жаста­ры­мы­зды тым бол­ма­са ұлт­тық мұрат­тар­ды, тұлға­ла­ры­мы­зды, салт-сана­мы­зды, Тәу­ел­сізді­гі­мізді ұлы­қтай­тын кино идео­ло­ги­я­сы­мен сусын­да­туға неге бол­май­ды? Ел Пре­зи­ден­ті бұл бағыт­та тиісті мем­ле­кет­тік орган мен қоғам­ның алды­на нақты тап­сыр­ма бер­ді. Алай­да тап­сыр­ма өз дең­гей­ін­де жүзе­ге асып жатқан жоқ. Сон­ды­қтан салаға жау­ап­ты мини­стр­лік пен кино сая­са­ты­на қаты­сты негіз­гі опе­ра­тор – «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сы мына шара­лар­ды жедел­детіп қолға алуы керек деп есептейміз:

Бірін­ші, бүкіл мем­ле­кет бой­ын­ша (мей­лі мем­ле­кет бол­сын, мей­лі жеке тұлға­лар бол­сын) түсірілетін фильм­дер­дің идео­ло­ги­я­лық, тіл­дік, ұлт­тық ұста­ны­мын рет­теу теті­гін қарас­ты­ра­тын арнайы көр­кем­дік-сарап­та­ма­лық кеңес құру;

Екін­ші, мем­ле­кет­тік тіл­де­гі ұлт­тық фильм­дер­дің үлес сал­мағы­на басым­дық беру;

Үшін­ші, фильм­дер­де мем­ле­кет­тік тіл­дің нор­ма­ла­рын бұзу­ды қатаң қадағалау;

Төр­тін­ші, халы­қты арнайы ұлт­тық кино­лар­ды көр­се­тетін кино­те­атр­лар­мен қам­та­ма­сыз ету.

Бесін­ші, отан­дық кино­лар­дың про­кат­та­луы­на ерекше жағ­дай жасау.

Бұл орай­да жау­ап­кер­шілік­ті арт­ты­ру мақ­са­тын­да «Кине­ма­то­гра­фия тура­лы» заң­ды қатаң­да­ту бағы­тын­да бір­лесіп жұмыс істе­у­ге әзір екені­мізді жеткіземіз.

Жанар­бек ӘШІМЖАН, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты 

Республиканский еженедельник онлайн