Пятница , 4 июля 2025

СОТТАЛҒАН ӘЙЕЛДЕР балалары мен отбасының ортасына қайтарылсын!

Біздің депу­тат­тық сау­а­лы­мыз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ішкі істер мини­стрі Ержан Сәде­нов­ке арналады.

Биыл Кон­сти­ту­ци­я­мы­здың 30 жыл­ды­ғын атап өте­міз. Онда отба­сы және ана мен бала мем­ле­кет­тің қорға­уын­да бола­ды деп бел­гі­лен­ген. Яғни, әйел­дер­дің ана ретін­де­гі құқы­ғын қорға­уға мем­ле­кет ерекше көңіл бөледі.

Біздің елі­міз қыл­мысқа қаты­сты сая­сат­ты гума­ни­за­ци­я­лау бағы­тын ұста­на­ды. Сон­ды­қтан «Ауыл» пар­ти­я­сы­ның фрак­ци­я­сы сот­талған әйел­дер­дің жасаған қыл­мысы зор­лық-зомбы­лық жаса­у­мен бай­ла­ны­сты бол­ма­са, қоғам үшін қауіп төн­дір­мей­тін бол­са, ондай әйел­дер­ге амни­стия жасау мүм­кін­ді­гін қарас­ты­рып көруді ұсынады.

Мұн­дай шара әле­умет­тік әділ­дік орна­туға, отба­сы құн­ды­лы­ғы­ның ныға­юы­на және өмір­де қиын жағ­дай­ға тап болған әйел­дер­дің дұрыс жолға түсуіне жағ­дай жаса­уға мүм­кін­дік береді.

Көп жағ­дай­да отба­сы­дағы бала тәр­би­есі әйел­дер­дің мой­нын­да. «Ана – алақан­ның аясы, ақ шынар­дың сая­сы» деген сөз бар.

Бүгін­гі таң­да 2336 әйел бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған, олар­дың жар­ты­сы – ана­лар, оның ішін­де 250‑і – көп бала­лы аналар;

1500-ден астам бала ана­сыз қалып, ана­ла­ры­мен қауы­шу­ды күтуде;

100-ге жуық сәби бала­лар үйіне жіберілген.

Бұлар жай ғана цифр­лар емес – бұл ойран болған отба­сы­лар, бұзы­лған тағ­дыр­лар, ең сорақы­сы – ана жылуы­нан айы­ры­лған сәбилер.

Ана махаб­ба­ты, ана­ның қамқор­лы­ғы – бала­ның дені сау болып өсуінің, пси­хи­ка­лық және әле­умет­тік дамуы­ның бұл­жы­мас негізі. Осы­ған орай сот­талған әйел­дер­ге амни­стия қол­да­ну үшін келесі кри­те­рий­лер ұсынылады:

– зор­лық-зомбы­лы­ққа қаты­сы жоқ қыл­мысы үшін сот­талған әйелдер;

– жүк­ті әйел­дер мен кіш­кен­тай бала­сы бар әйелдер;

– көп бала­лы әйелдер;

– алғаш сот­талған әйелдер;

– жасы ұлғай­ған (60-тан асқан) әйелдер.

Ал ауыр қыл­мыс, аса ауыр қыл­мыс жасап, зор­лық-зомбы­лы­ққа бай­ла­ны­сты қыл­мыс жасап, сол үшін сот­талған, қоға­мға қауіп төн­діретін әйел­дер­ге амни­стия жасалмайды.

Бұл мәсе­ле­де халы­қа­ра­лық тәжіри­бе жет­кілік­ті. Мәселен,

– Қырғыз­стан­да әйел­дер­ге 1996 жыл­дан бері 3 рет амни­стия жасалған.

– Өзбек­стан­да 2013 жылы амни­стия жаса­лып, әйел­дер мен кәме­лет­ке тол­маған­дар босатылды.

– Ресей Пре­зи­ден­ті 2023 жылы әйел­дер­ге амни­стия жасау тура­лы иде­я­ны қолдады.

– АҚШ-тың кей­бір штат­та­рын­да әртүр­лі қыл­мыс жасап сот­талған әйел­дер­ге бір­не­ше рет амни­стия жасалды.

Жал­пы, әйел­дер­ге амни­стия жасал­са, елі­міздің пени­тен­ци­ар­лық жүй­есіне жүк­те­ме аза­яды; бала­лар үйлеріне түсетін жүк төмен­дей­ді; әле­умет­тік шие­леніс аза­яды; мем­ле­кеті­міздің адам құқы­қта­ры мен отба­сы­ны қорғау сала­сын­дағы халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ды ұста­на­ты­нын рас­та­уға мүм­кін­дік туады.

Аталған шара отба­сы­лар­дың қауы­шуы­на, ана­сы­нан ажы­ра­удың бала­ларға тигі­зетін сал­да­рын азай­туға сеп­ті­гін тигізіп қана қой­май, қыл­мыстық сая­сат­ты ізгі­лен­ді­ру жолын­дағы маңы­зды қада­мға айналады.

Отба­сы үшін, қоғам мен мем­ле­кет үшін бұл шешім­нің ұзақ мерзім­ді оң әсері бол­мақ. Сон­ды­қтан әйел­дер өз отба­сы­ла­ры мен бала­ла­ры­на ора­луы­на мүм­кін­дік берейік.

«Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры аты­нан Қарақат ӘБДЕН

Республиканский еженедельник онлайн