Четверг , 3 июля 2025

Құн салығын өсірмей-ақ бюджетті толтыруға болады

Елі­міз­де соңғы уақыт­та­ры қызу талқы­ла­нып жүр­ген мәсе­ленің бірі – қосым­ша құн салы­ғы. Күні кеше мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі отан­дық биз­нес өкіл­дері­мен кез­де­су­де Үкі­мет­ке бұл мәсе­лені тағы да бір мәр­те пысы­қтап алу­ды тапсырды.

Олар­дың қазір­гі ұсы­нып оты­рған мөл­шер­ле­месі тым жоға­ры екенін айтқан Пре­зи­дент қосым­ша құн салы­ғы­ның мөл­шер­ле­месі сара­ла­нып бел­гі­ле­ну­ге тиіс екеніне назар аударт­ты. «Үкі­мет бұл мәсе­лені депу­таттармен және сарапшылар­мен егжей-тег­жей­лі талқы­ла­уы керек. Мем­ле­кет­ке барын­ша оңтай­лы шешім қажет. Яғни, бір жағы­нан, биз­нес жүр­гізу­ге кедер­гі кел­тір­мей, қолай­лы жағ­дай жасай­тын, ал екін­ші жағы­нан, салы­ққа қаты­сты тәр­тіпті күшей­тіп, бюд­жет кірі­сін арт­ты­ра­тын тиім­ді жол­ды табуы­мыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өткен сәр­сен­бі күн­гі жал­пы оты­ры­ста Мәжіліс депу­та­ты, «AMANAT» пар­ти­я­сы фрак­ция­сының мүше­сі Берік Бей­сен­ғалиев осы мәсе­лені көтеріп, пре­мьер-мини­стр­дің аты­на депу­тат­тық сау­ал жол­даған болатын. 

«Салық кодексі бой­ын­ша жұмыс тобы­ның жетек­шісі ретін­де маған осы сала­ның са­р­ап­шыларынан, білік­ті эко­номистерден, ірі биз­нес қау­ымдастықтардан және сая­си пар­ти­я­лар­дан нақты әрі жүй­елі ұсы­ны­стар көп­теп түсу­де. Бү­гінде Үкі­мет­тің салық саясаты­на бай­ла­ны­сты қосым­ша құн салы­ғын көте­ру ұсы­ны­сы қо­ғам­да қызу талқы­ла­нып отыр. Оған себеп – Үкі­мет­тің бюд­жет тап­шы­лы­ғын тол­ты­ру­дың жолы ретін­де ҚҚС-ты бір­ден 20 пай­ы­зға дей­ін көте­руді ұсыну­ында. «Аталған межені кім ан­­ық­­тады, жүй­елі есеп-қиса­­бын кім жүр­гізді? Оны ресми түр­де Мәжіліс­ке қара­уға қашан бере­сіздер?» деген сұрақтар ту­ын­дайды», – делін­ген депу­тат­тық сау­ал­да. Біз де «темір­ді ыстық кезін­де» соқ­пақ ниет­пен ама­нат­тық депу­тат­тан сұх­бат алған едік.

– Берік Тұр­сын­бекұ­лы, қазір ҚҚС-ты қол­да­у­шы­лар да, қар­сы пікір айту­шы­лар да бар. Осы қос тарап­тың қай жағын көбірек қол­да­уға бола­ды деп санай­сыз? Өйт­кені инфля­ция қысқамер­зімді ғана шок береді, одан кей­ін жағ­дай қай­та түзе­леді деушілер бар. Ұсы­ныс жүзе­ге асса, бюд­жет­ке қосым­ша 7 трил­ли­он түс­е­ді екен-мыс.

– Әрине, өткен апта­да Үкі­мет қосым­ша құн салы­ғы мөл­шерін 20 пай­ы­зға дей­ін көтер­гісі келетіні тура­лы жос­па­рын жар­ия­лағаннан кей­ін, бұл мә­селе бой­ын­ша қоғам­да әртүр­лі пікір тара­уда. Осы жер­де айта кететіні – ол ұсы­ны­стар Парла­мент Мәжілісіне әлі келіп түс­кен жоқ. Депу­тат­тар ол ұсын­ыст­армен таныс емес. Бірақ біз де – Мәжі­ліс­тегі бір­не­ше партия­лар фрак­циясының депутат­тары өз пікір­імізді депу­тат­тық сау­ал жари­я­лау арқы­лы білдірдік. 

Үкі­мет­тің бұл ұсы­ны­сы бөл­­­­шек сауда­мен айна­лы­са­тын үй жанын­дағы дүкен­дер, кафе, шашта­раз сияқты B2C формат­ында жұмыс істей­тін кәсіпкер­­лер­ге әсер етпей­ді. Олар бұр­ын­ғыша жыл­дық жиын­тық табысы 2,2 мил­ли­ард тең­ге­ге дей­ін­гі шек­те бөл­шек сауда режи­мін­де жұмыс істей беретін бола­ды. Яғни, 4 пай­ы­здық сал­ық төлей береді. 

Бірақ, біздің ойы­мыз­ша, ҚҚС мөл­шерін бір мезет­те күрт өсі­ру асы­ғыс бола­ды. Бұл сал­ық­тың жалақы­ға қаты­сы бол­маса да, жал­пы әле­умет­тік маңы­зы бар болған­ды­қтан, халы­қтың төлем қабілет­тілі­гіне кері әсерін тигі­зетіні анық. Өйт­кені тау­ар мен қыз­мет құны­ның артуы қара­пай­ым халық­тың қал­та­сы­на тиетіні сөз­сіз. Осы рет­те қосым­ша неме­се қосы­лған құн салы­ғы дегені­міз не, оны қалай есеп­тейді, соған тоқта­лып кет­сек. Бұл – әлем­нің көп­те­ген елдер­ін­де кез­де­сетін салы­қтың түрі. Яғни, тау­ар­лар, жұмыстар мен қыз­мет­тер­дің саты­луы­нан ал­ын­атын салық. Қаза­қстан­да 2004­ жыл­дан бастап салық төле­ушілер ҚҚС-ты 12% мөл­шерінде төлеп келеді. Оған дей­ін бұл салық одан жоға­ры 20 пай­ызға жет­кен кез­дері де болған.

Ал бюд­жет­ке 7 трил­ли­он түс­еді деген­ге келетін бол­сақ, тағы да қай­та­лай­мын, біз­ге әлі ешқан­дай ұсы­ны­стар, соның ішін­де Үкі­мет­тің есеп­тері келіп түс­кен жоқ. Бірақ солай бол­сын дедік. Әрине, бюд­жеті­мізді толы­қты­ру­дың басты құра­лы – салы­қтан түсетін түсім­дер ғой. Деген­мен біз сол салы­қты, атап айтқан­да, қосым­ша құн салы­ғын күрт өсір­мей де бюд­жет­ті толы­қты­ру­дың жол­да­ры бар деп санай­мыз. Эко­но­ми­ка сек­тор­ла­ры бой­ын­ша ҚҚС-тың сара­ланған (дифференциа­цияланған) мөл­шер­ле­месін қол­да­ну­ды қарас­ты­ру керек. Мыса­лы, әле­умет­тік маңы­зы бар сала­ларға төменірек бол­са, жоға­ры табысты сала­ларға жо­ғары мөл­шер­ле­ме қол­да­ну­ды қарас­ты­ру­ды ұсынамыз.

– Салық кодексінің бас-аяғы айқын­дал­ды ма? Онда фис­кал­ды рито­ри­ка қан­ша­лы­қты сақта­лып қалуы мүм­кін? Ынта­лан­ды­ру (моти­ва­ци­он­ный) рито­ри­ка­сы­на қаты­сты қан­дай тұстар, ұсын­ыс­тар бар? Қысқа­ша айта кетсеңіз.

– Қазір­гі кез­де, өткен жыл­дың қыр­күй­ек айы­нан бері Пар­ламент Мәжілісін­де мем­лекет бас­шы­сы­ның тапсыр­масы бо­йын­ша Үкі­мет әзір­ле­ген жаңа Салық кодексінің жо­басы қара­лу­да. Оған сәй­кес, жаңа жеңіл­дік­тер мен ынталан­дыруға қа­тысты нор­ма­лар көз­дел­ген. Атап айт­сақ, салы­қтар мен бюд­жет­ке төле­нетін басқа да мін­дет­ті төлем­дер санын кем деген­де 20%-ға қысқар­ту бо­йын­ша нор­ма­лар. Соның ішін­де айтар­лықтай фис­кал­дық қай­та­ры­мы жоқ төлем­дер ал­ынып тастала­ды, кейбіреу­лері біріктіріледі. 

Біз­де тек 12 салық бар. Олар хал­ықаралық тәжіри­бе­ге сәй­кес келеді. Шару­а­лар мен фер­мер қожа­лы­қта­ры­нан алы­на­тын біры­ңғай жер салы­ғы ғана та­быс салы­ғы­мен мән­дес. Сон­дық­тан біры­ңғай жер салы­ғын (БЖС) жеке табыс салы­ғы­на ауы­сты­ру ұсы­ны­лған. Шаруа­лар мен фер­мер­лер үшін жеңіл­дікті режим­нің өзі сақта­ла­ды. Сыр­тқы жар­на­ма­ны орна­лас­тырғаны үшін және жекеле­ген қыз­мет түр­лері­мен айна­лыс­қаны үшін, лицен­зи­я­лар­ды пай­да­ланға­ны үшін төлем­дер алып тасталады.

Жерүсті көз­дерінің су ре­сурстарын пай­да­ланға­ны үшін, орман­ды пай­да­ланға­ны үшін және жану­ар­лар дүни­есін пай­даланғаны үшін төлем­дер бір төлем­ге, яғни табиғи ресурс­тар­ды пай­да­ла­ну үшін төле­нетін төлем болып бірік­тіріледі. Жал­пы, жоба бой­ын­ша төлем мөлшер­лемелер саны 77-ге қысқа­ра­ды. Соны­мен қатар алым­дар­дың 6 түрін қысқар­ту ұсы­ны­лып, олар бой­ын­ша мөлшер­леме­лердің 34 түрін алып тастау ұсын­ылып отыр.

Мем­ле­кет­тік баж­дар­дың да 5 түрін алып тастап, олар бо­йынша мөл­шер­ле­ме­лер­ді 51-ге қысқар­ту ұсы­ны­лып отыр. Бұл салы­қтар мен төлем­дер санын 20%-дан аста­мға қысқар­ту мін­детін орын­да­уға мүм­кін­дік береді.

Салық кодексінің жоба­сы бой­ын­ша жұмыс тобы­ның құ­ра­мына депу­тат­тар­дан басқа қоғам­дық ұйым­дар мен биз­нес өкіл­дері қосыл­ды. Жоба бо­йын­ша көп­те­ген ұсы­ны­стар түсіп, олар жан-жақты талқы­лау­дан өту­де. Пікір­лер әртүр­лі, бірақ олар­дың бәрі жоба­ның тұста­рын жақ­сар­туға бағыттал­ғаны сөз­сіз. Қара­ла­тын тұста­ры әлі көп. Жұмыс тобы­ның же­тек­шісі ретін­де айт­сам, алды­мыз­да әлі көп жұмыс бар.

– Өзіңіздің депу­тат­тық сау­алыңыздағы 4 ұсынысыңыз­ды тарқа­тып айтып берсеңіз.

– Біздің ұсыныстарымыз­дың мәні біреу – ҚҚС мөлшер­лемесін күрт өсір­мес бұрын, қо­л­да бар басқа да тетік­тер­ді қарау. Яғни, бюд­жет­тің шығыс және кіріс бөлік­терінің тепе-теңді­гін, балан­сын керек емес шығын­дар­ды қысқар­ту арқы­лы қам­та­ма­сыз ету қажет. Түр­лі мәлі­мет­тер бой­ын­ша экономи­ка­мыздың үштен бірін құрай­тын көлең­келі эко­но­ми­ка­ны жою үшін іс-шара­лар қабыл­дау да қажет. Өз істерін жүр­гізіп оты­рған неме­се жаңа­дан кәсіп ашам деген кәсіп­кер­лер­ге ыңғай­лы жағ­дай жасау керек. Бұл – бір.

Екін­ші­ден, қара­лып отыр­ған Салық кодексінің жоба­сын­да арна­у­лы салық режим­дері оңтай­лан­ды­ры­луы көз­­дел­ген. Яғни, салық жеңілдік­тері­нің көле­мін кем деген­де 20%-ға қысқар­ту. Кодекс ж­о­басы бой­ын­ша 1,3 трлн теңге­ден астам сомаға 110 салық жеңіл­діктерін алып тастау ұсы­ны­ла­ды. Одан бөлек, 400 млрд тең­ге­ден астам сомаға 29 салық жеңіл­дік­тері бой­ын­ша қол­да­ны­лу мерзі­мін шек­теу де қарас­ты­ры­лған. Біздің ойы­мыз­ша, Салық кодексінің жоба­сы осы тұстар­ды қай­та­дан қараған жөн. Әлі де салық жеңіл­дік­терін қысқар­та­тын резерв бар деп есептейміз.

Үшін­ші­ден, ҚҚС бой­ын­ша есеп­ке қою шегін қазір­гі 78 мил­ли­он­нан 15 мил­ли­онға дей­ін төмен­де­ту де негіз­сіз деп санай­мыз. Біз мұн­дай әре­кет кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту, қол­дау көр­се­тудің орны­на, керісін­ше, теріс ықпал ете­ді деп ойлай­мыз. Өйт­кені соның сал­да­ры­нан биз­не­стің көлең­ке­ге кетіп қалуы неме­се жабы­лып қалуы мүм­кін. Ол дегені­міз әле­умет­тік қатер­лер­ге, яғни жұмыс орын­дары­ның жабы­лып қалуы­на әкеп соғуы мүм­кін. Сон­ды­қтан оны да қай­та­дан жан-жақты талқы­лау қажет.

Төр­тін­ші­ден, салық әкім­ші­лен­діру мәсе­лесі бой­ын­ша жұмыстар­ды жан­дан­ды­ру қажет. Осы жер­де бюд­жет­ті толы­қты­ру бой­ын­ша тетік­тер бар. Мысал ретін­де темекі өнім­дерінің акци­зі бой­ын­ша айтай­ын. 2022 жылы өндіру­шілер мен импорт­та­у­шы­лар тара­пы­нан 1,3 мил­ли­ард қорап темекі акциз­бен таң­ба­лан­са, 2024 жылы 1 мил­ли­ард қора­пқа жуық темекі таң­ба­ланған. Яғни, екі жыл ішін­де саны 300 мил­ли­онға азай­ған. Сон­да елі­міз­де темекі шегетін­дер саны сон­ша азай­ып кет­ті ме? Заң­ды импорт неге азай­ып кет­кен? Оған жау­ап – темекі кон­тра­бан­да­сы­ның көбейген­інде. Заң­сыз темекі өнім­дері базар­лар мен дүкен­дер­де ашық түр­де 350–400 тең­ге­ден сатыла­ды. Бұл мысал тек темекі өн­імдеріне ғана қаты­сты. Ал біз­де темекі­ден басқа да тау­ар­лар, аяқ киім, дәрі-дәр­мек сияқты заттар да импорт­та­ла­ды ғой. Олар­дың қан­ша­ма­сы елі­міз­ге заң­сыз кіріп жатқа­ны бел­гісіз. Басқа­ла­рын қоспаған­да, темекінің өзі­нен 100 милли­ар­дқа жуық түсім бюд­жет­тен тыс кетіп отыр. Сон­ды­қтан да сал­ықты әкім­ші­лен­діру­ге баса назар ауда­ру қажет.

– Әңгі­меңіз­ге рақмет!

Сұх­бат­тасқан Нұр­лан ОРАЗҒАЛИЕВ

Республиканский еженедельник онлайн