Четверг , 3 июля 2025

Шетелдік үкіметтік емес ұйымдар елге теріс әсерін тигізуі мүмкін

«Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы» фрак­ци­я­сы­ның депу­та­ты Ири­на Смир­но­ва Қаза­қстан­да «шетел­дік агент» ұғы­мын енгі­зуді ұсын­ды. Үкі­мет­ке сау­ал жол­даған соң, Мәжіліс кулу­а­рын­да ол «бұл фрак­ция аты­нан баста­ма» екенін айт­ты, деп хабар­лай­ды Ulysmedia.kz.

USAID ҚЫЗМЕТІ

Ири­на Смир­но­ва өткен пле­нар­лық оты­ры­ста өз фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры USAID қыз­метіне қаты­сты депу­тат­тық сау­ал жол­даға­нын айтады.

– Тұрғын­да­ры­мы­здың реак­ци­я­сын қысқа­ша былай сипатта­уға бола­ды – отан­даста­ры­мыз шет мем­ле­кет­тер­дің бөтен құн­ды­лы­қтар­ды таңу­ды, біздің қоғам­ды есең­гіре­тетін әрі жаста­ры­мы­здың сана­сын бұза­тын дүни­е­лер­ді сырт­тан әке­лу­ге қар­сы. Қаза­қстан­ды­қтар біре­удің сыр­тқы «ойын­да­ры­на» кепіл болғы­сы келмейді.

Жуыр­да бұл тақы­рып тағы жалға­сын тап­ты. АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп­тың арнайы өкілі аме­ри­ка­лық салық төле­ушілер қар­жы­лан­ды­ра­тын «Радио Сво­бо­да» мен «Голос Аме­ри­ки» медиа­сын жабу­ды ұсын­ды. Оны Илон Маск бір­ден қол­да­ды. Ол бұл БАҚ-тар­ды ешкім­ге қызы­қ­сыз, «ради­кал­ды сол­шыл ақыл­сызды­ққа толы, өз-өздері­мен ғана тіл­десіп, жылы­на мил­ли­ард дол­лар жоқ қыла­тын» ұйым­дар деп сипаттап отыр, – дей­ді Смирнова. 

Депу­тат USAID мәсе­лесін­де­гі сияқты, мұн­да да өздері – яғни аме­ри­ка­лы­қтар­дың өзі қар­жы­лан­ды­рып оты­рған мем­ле­кет­тік меди­а­ның деструк­тив­ті сипа­тын мой­ын­дап отыр дей­ді. Олар оны «өткен дәуір­дің қал­ды­ғы» деп атап, «соғы­стан кей­ін­гі кезеңнің идео­ло­ги­я­лық күресі үшін құры­лған құрал» ретін­де баға­лай­ды. Кез кел­ген адам «Азатты­қтың» (RFE/RL) сай­ты­на кір­се, мұны анық көре ала­ды. Жаңа мек­теп­тер­дің құры­лы­сы, жол, түр­лі рефор­ма­лар неме­се қаза­қстан­ды­қтар­дың қол жет­кіз­ген жетістік­теріне қаты­сты ешқан­дай ақпа­рат жоқ, тек сын мен нега­тив­ті өршіту көрініп тұрады.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР

Депу­ат­тың сөзін­ше, жал­пы қазір­гі уақыт­та Қаза­қстан­да шетел­ден қар­жы ала­тын шама­мен 200-ден астам үкі­мет­тік емес ұйым бар екен.

– Олар­дың 70 пай­ы­зы АҚШ-тан түр­лі жол­дар арқы­лы қар­жы­лан­ды­ры­ла­ды. Үкі­мет­тің ресми деректеріне сүй­ен­сек, елі­міз­де 165 түр­лі донор грант бөлу­мен айна­лы­са­ды. Соның ішін­де 53‑і – халы­қа­ра­лық ұйым­дар, 31‑і – шетел­дік мем­ле­кет­тік құры­лым­дар, 81‑і – шетел­дік және қаза­қстан­дық үкі­мет­тік емес ұйым­дар. Бұған қоса, елі­міз­де тір­кел­ме­ген басқа да шетел­дік құры­лым­дар мен елшілік­тер отан­дық үкі­мет­тік емес ұйым­дарға қар­жы­лай, мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық көмек көр­се­те­ді. Олар негізі­нен БАҚ пен сөз бостан­ды­ғы сала­сын­дағы жоба­лар­ды, мақ­сат­ты топ­тар­дың құқы­қта­ры мен мүд­де­лерін қорға­уды, демо­кра­тия мен аза­мат­тық қоғам­ды дамы­ту, либе­рал­ды рефор­ма­лар­ды ілгеріле­ту, толе­рант­ты­лық пен аза­мат­тық бел­сен­ділік­ті күшей­ту шара­ла­рын қол­дап отыр, – дей­ді депутат.

«ШЕТЕЛ АГЕНТТЕРІ»

Ири­на Смир­но­ва­ның сөзін­ше, Қаза­қстан­да өзін жай­лы сезініп жүр­ген шетел­дік үкі­мет­тік емес ұйым­дар шын мәнін­де өз «ойын­да­рын» жүр­гізіп жат­са, олар­дың ықпа­лы елге теріс әсерін тигі­зуі әбден мүмкін.

– Ондаған жыл­дар бойы «көрін­бей­тін аймақта» жұмыс істе­ген бірқа­тар үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың мәр­те­бесін қай­та қарап, сая­си мүд­де­лер­ді «меди­а­лық қол­дау», «құқық қорғау» неме­се толе­рант­ты­лы­қты күшей­ту сыл­та­уы­мен жасы­рып оты­рған шетел­дік донор­лар­мен «ойын ере­же­лерін» қай­та жаза­тын кез жет­ті. Әлем­де мұн­дай мәсе­ле­лер­ге тап болған мем­ле­кет­тер «шетел­дік агент» заң­да­рын қабыл­дау арқы­лы қар­сы тұрып келеді. Мыса­лы, осын­дай заң­дар Изра­иль­де – 2016 жыл­дан, Қытай­да – 2017 жыл­дан, Австра­ли­яда – 2018 жыл­дан, Ұлы­бри­та­ни­яда – 2023 жыл­дан, Фран­ци­яда – 2024 жыл­дан бері күшін­де. Шетел­дік субъ­ек­тілер­дің мүд­десі үшін әре­кет ететін тұлға­ларға қаты­сты үлгілі заң­дар­дың бірі – АҚШ-тың «Шетел­дік агент­тер­ді тір­кеу тура­лы» заңы, ол 1938 жылы қабыл­данған. Заң сая­си бел­сен­ділік, ақпа­рат­тық қыз­мет, сая­си кон­суль­та­ция, қар­жы жинау және тара­ту, шетел­дік тап­сы­рыс беру­шінің мүд­де­лерін кез кел­ген ведом­ство, мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер неме­се Кон­гресс мүше­лері алдын­да ұсы­ну сияқты сала­лар­ды қамтиды.

Сарап­шы­лар АҚШ-та осы заң нор­ма­ла­рын жүзе­ге асы­ру­да бай тәжіри­бе жинақталға­нын айта­ды. Мыса­лы, қар­жы­лан­ды­ру­дың ашы­қты­ғы, сая­си және ком­мер­ци­я­лық ықпал­ды айқын ажы­ра­ту, лоб­би­стер мен ықпал ету агент­терін қыз­меті басталғанға дей­ін мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алу, ақпа­рат­ты (соның ішін­де мате­ри­ал­дар­ды бел­гілеу) мін­дет­ті түр­де жари­я­лау және тір­кел­ген агент­тер база­сын жүр­гі­зу, заң­ды бұзған­дарға жау­ап­кер­шілік қарас­ты­ру сияқты шара­лар бар, – дей­ді Смир­но­ва депу­тат­тық сауалында.

Ол Қаза­қстан да осы тәжіри­бені қол­да­уы кере­гін айтады. 

– Қаза­қстан да осы тәжіри­бені қол­дап, ақпа­рат­тың түп­кі көзін түсі­ну­ге мүм­кін­дік беретін, кез кел­ген құры­лым­ды нақты жік­тей­тін ұлт­тық заң­на­ма­ны жаса­уы қажет деп санай­мыз. Бұл рет­те гума­ни­тар­лық және ғылы­ми ұйым­дарға бірқа­тар ерекшелік енгіз­ген жөн. Мұн­дай тәсіл ұлт­тық мүд­дені қорға­уға мүм­кін­дік береді, әрі дені сау аза­мат­тық қоғам­ның дамуы­на кедер­гі жаса­май­ды, – дей­ді Смир­но­ва.Сым­бат САТЫБАЛДИНА

Республиканский еженедельник онлайн