Четверг , 3 июля 2025

Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасы: ІІМ экс-басшысы Мұхамеджанов тергеуде не айтты?

Қаза­қстан­ның сая­си сахна­сын­дағы ең шулы қыл­мыстар­дың бірі – 2006 жылғы 11 ақпан­да Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев пен оның екі сері­гінің қаза­сы. Бұл оқиға сол кез­де қоғам­ды дүр сіл­кін­дір­ді, деп хабар­лай­ды Orda.kz.

Бұл оқиға бой­ын­ша сот шеші­мі шыққа­ны­мен, көп­те­ген сұрақтар жау­ап­сыз қал­ды. Баста­пқы­да ҚР Сена­ты аппа­ра­ты­ның бұры­нғы бас­шы­сы Ержан Өтемб­а­ев «тап­сы­рыс беру­ші» ретін­де 20 жылға сот­тал­ды, ал «кил­лер» Рустам Ибра­ги­мов өлім жаза­сы­на кесіл­ді (кей­ін­нен өмір бой­ы­на бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды). ҰҚК-нің «Ары­стан» арнайы жасағы­ның бір­не­ше мүше­сі де сот­тал­ды. Алай­да 2012 жылы Ибра­ги­мов Жоғарғы сотқа арыз беріп, Сәр­сен­ба­ев­тың өлі­міне тап­сы­рыс бер­ген Өтемб­а­ев емес, Рахат Әли­ев пен Әлнұр Мұса­ев деп көрсетті.

Ішкі істер экс-мини­стрі Бауы­р­жан Мұха­меджа­но­втың 2012 жылы куә­гер ретін­де бер­ген тер­геу хат­та­ма­сы­ның үзін­дісін malim.kz жари­я­ла­ды. Мұха­меджа­нов – бұл істің тер­ге­уіне басы­нан бастап қаты­сқан тұлға­лар­дың бірі.

Мұха­меджа­но­втың жауабы

ІІМ экс-бас­шы­ның айтуын­ша, Сәр­сен­ба­ев­тың өлі­мі тура­лы хабар­ды алған кез­де ол дереу істі бақы­ла­у­ға алған.

«2006 жылы мен Ішкі істер мини­стрі бол­дым. 2006 жылы ақпан­да көмек­шім маған А.Сәрсенбаев пен оның екі көмек­шісін өлтіріп кет­кенін хабар­ла­ды. Мен қай­тыс болған адам шыны­мен де Сәр­сен­ба­ев па, жоқ па деген мәсе­лені аны­қтай баста­дым. Маған мәй­іт­тер­дің етбеті­нен жатқа­нын айт­ты. Мәй­іт­тер­дің жеке басын аны­қтап алмай жатып, Сәр­сен­ба­ев­ты өлтір­гені тура­лы хабар­лаға­ны ашуым­ды кел­тір­ді. Кей­ін Алма­ты қала­лық ІІБ қыз­мет­кері Коз­лов кісі қолы­нан қаза тапқан адам­ның Сәр­сен­ба­ев екенін, оны тани­ты­нын айтты.

Осы­дан кей­ін бас про­ку­рор Р.Түсіпбеков пен мені Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне шақырт­ты. Ол кез­де мем­ле­кет бас­шы­сы елде жоқ еді, біз­бен М.Тәжин әңгі­ме­ле­сті. ҰҚК бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры В.Божко да бол­ды. Біз­ге осы істі тер­геу тапсырылды.

ІІМ-ге кел­ген соң тер­ге­уді ұйым­да­сты­ру жөнін­де тиісті тап­сыр­ма­лар бер­дім және істі бақы­ла­у­ға алу­ды бірін­ші орын­ба­са­рым гене­рал Қ. Қасы­мо­вқа тап­сыр­дым, ол Алма­ты­ға ұшып кет­ті. Мем­ле­кет бас­шы­сы кел­ген соң тер­ге­уді маған және Р.Түсіпбековке жүктеді.

Осы тап­сыр­ма­дан соң Р.Түсіпбеков еке­уміз Алма­ты­да бол­дық. Тер­геу тобы құрыл­ды, оған про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері тар­тыл­ды. ІІМ жүй­есі бой­ын­ша жетек­шілік­ті Қ. Қасы­мов атқар­ды, про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан Е. Мер­за­ди­нов бас­шы­лық жасады.

Бір күні маған Сәр­сен­ба­ев­тың теле­фон­да­ры­ның бірі қосы­лға­нын хабар­ла­ды. Арнайы жедел-тер­геу шара­сы жүр­гізіліп, теле­фон­ды тың­дау үшін ҰҚК мен ІІМ күш­тері тар­тыл­ды. Соның нәти­же­сін­де мей­рам­ха­на­да жұмыс істей­тін қыз бел­гілі бол­ды. Ол қыз арқы­лы ҰҚК қыз­мет­кері аны­қта­лып, ұстал­ды. Ол теле­фон­ды «Ары­стан» жасағы қыз­мет­кері дастар­хан басын­да сый­ға тар­тқа­нын айт­ты. Одан әрі бұл іске «Ары­стан» жасағы­ның бір­не­ше қыз­мет­керінің қаты­сы бар екені аны­қтал­ды. Олар­ды ұстау тура­лы мәсе­ле көтеріл­ген­де, мен Р.Түсіпбековке қақты­ғыс туын­да­мас үшін ҰҚК төраға­сы Н. Дүт­ба­ев­ты шақыр­ту қажет екенін айттым.

Түн­гі уақыт­та мен, Р.Түсіпбеков және Н.Дүтбаев үше­уі­міз «Ары­стан» қыз­метінің орна­ласқан жеріне бар­дық та, олар­ды аты-жөнін атап бір-бір­леп шақы­рып, бір­ден тұтқындадық.

Ибра­ги­мов пен ҰҚК байланысы

«Ары­стан­ды­қтар» ұсталған­нан кей­ін Ибра­ги­мо­втің фами­ли­я­сы бел­гілі бол­ды. Ұлты – ұйғыр, мінезі шалт, қыл­мысқа икем­дел­ген. Поли­ци­я­ның бұры­нғы қыз­мет­кері екен, ішкі істер сала­сы­ның және ұлт­тық қауіп­сіздік орга­ны­ның жұмыс істеу тәсілін біледі.

Ибра­ги­мо­втің қалай ұсталға­ны маған бел­гісіз, ол кез­де Түсі­п­бе­ков еке­уміз Алма­ты қала­лық ІІБ басты­ғы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Буга­ев­тың каби­нетін­де отыр­дық. Ибра­ги­мо­втің ұсталға­ны тура­лы Қасы­мов пен Мер­за­ди­нов баяндады.

Түсі­п­бе­ков еке­уміз бұл іске бір­не­ше құқық қорғау орга­ны­ның қаты­сы барын, әсіре­се ҰҚК қыз­мет­кер­лері шаты­лға­нын айып­та­дық. Сол себеп­ті де ұсталған­дар­мен жеке кез­де­суді ұйғардық.

Түсі­п­бе­ков еке­уміз Ибра­ги­мо­вты қамаған жер­төле­ге түстік, мен оны сол жер­де бірін­ші рет көр­дім. Ибра­ги­мов біздің кім екені­мізді сұра­ды, куәлі­гі­мізді көр­се­туді талап етті. Мен оған мини­стр­дің куәлі­гін көр­сет­тім. Ибра­ги­мов біз­бен сөй­лескісі кел­мей­тінін айт­ты және «бұл іске ара­лас­паған­да­рың жөн, мені боса­ты­ң­дар» деді. Біз оған қан­дай қыл­мыс бой­ын­ша күдік­ті екенін ескерт­тік, ол біз­бен тек Дүт­ба­ев­тың қаты­суы­мен сөй­ле­сетінін айтты.

Көкей­і­міз­де сұрақ бол­ды: Ибра­ги­мов Дүт­ба­ев­ты қай­дан тани­ды? Кей­ін аны­қталған­дай, Ибра­ги­мов ІІБ-де Өсте­міров сияқты тер­ро­ризм­ге қар­сы жүй­е­де жұмыс істе­ген. Өсте­міров те бұрын поли­ци­яда қыз­мет еткен, кей­ін адво­кат­тық қыз­мет­ке ауы­сқан. «Мұн­да нық топ болған екен» деген ой кел­ді. Одан бөлек, Ибра­ги­мо­вқа қаты­сты әлдебір іс қозға­лып, кей­ін қысқа­рып қалған. Осы кез­де ол ҰҚК-нің ықпа­лы­на түс­кен. Бірақ мұны тек­се­ру керек.

Біз Ибра­ги­мо­втың «Дүт­ба­ев­пен таны­спын» деген сөзіне сен­ген жоқ­пыз. Бірақ Ибра­ги­мов ҰҚК-нің қалай орна­ласқа­нын айтып бер­ді. Соңын­да Ибра­ги­мов «егер маған сен­бе­сең­дер, теле­фон берің­дер, Дүт­ба­евқа теле­фон соғам» деді. Біз оған теле­фон бер­ге­міз жоқ, ол әлдебір нөмір­ді айт­ты, бірақ қан­дай нөмір айтқа­ны есім­де жоқ. Бұл – біздің Ибра­ги­мов­пен алға­шқы әңгі­ме­міз. Осы­дан кей­ін Түсі­п­бе­ков еке­уміз есеп беру үшін Аста­наға ұшып кеттік.

Түн­де қай­та­дан Алма­ты­ға орал­дық. Ертеңін­де Түсі­п­бе­ков Ибра­ги­мо­вті про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­ты­на әке­луді бұй­ыр­ды. Қасы­мо­вқа Ибра­ги­мо­втің күзетін күшей­туді тап­сыр­ды, өйт­кені про­ку­ра­ту­ра каби­нетінің тере­зе­лерін­де темір тор жоқ. Түсі­п­бе­ков әңгі­мені бай­қат­пай жазып алу­ды тапсырды.

Әңгі­ме бары­сын­да Ибра­ги­мов сыбыр­лап сөй­леді. Мәсе­лен, мен сұрақ қой­сам, жау­ап­ты менің құлағы­ма сыбыр­лап айта­ды, Түсі­п­бе­ков­ке де солай. Түсі­п­бе­ков­ке оның не деп сыбыр­лаға­нын есті­медім. Ибра­ги­мов қыл­мысқа қаты­сы бар екенін мой­ын­даған жоқ. Біз Ибра­ги­мо­втің Сәр­сен­ба­ев­ты бекер­ден-бекер өлтір­ме­генін түсініп, оның артын­да кім­дер тұрға­нын сұрадық.

Осы кез­де про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­ты­на оппо­зи­ция жетек­шілері Әбі­лов, Тұяқ­бай, Жан­до­сов кел­ді. Осы­ған бай­ла­ны­сты олар­мен кез­де­су­ге тура кел­ді. Оппо­зи­ци­о­нер­лер Ибра­ги­мо­вты көр­ме­уі үшін, оны кон­вой­мен дема­лыс бөл­месіне апар­ды. Онда төсек бар екен, төсек жақта­уы­на кісен­деп қойды.

Ибра­ги­мов­пен әңгі­ме­міз жалғасқан­да, ол тап­сы­ры­сын орын­даған адам­ның суреті көр­ші бөл­ме­де­гі газет­те бар екенін айт­ты. Қан­дай газет екені есім­де жоқ. Онда Пре­зи­дент­тің және бір­не­ше лау­а­зым­ды тұлға­ның фото­сы бол­ды. Газет­ті әкел­ген­де, Ибра­ги­мов фото­дан нақты адам­ды көр­сет­кісі кел­меді. Түсі­п­бе­ков фото­дағы­лар­дың әрқай­сысын жеке көр­сетіп шықты, Өтемб­а­евқа кел­ген кез­де Ибра­ги­мов «Иә» деді.

Өтемб­а­ев­ты жеке тани­мын, сон­ды­қтан Ибра­ги­мо­втің сөзіне бір­ден сен­гем жоқ. Біздің сен­бе­гені­мізді түсініп: «Маған теле­фон берің­дер, мен оны­мен сөй­ле­сем», – деді. Аз-кем ойланған соң, оған теле­фон бер­дік. Ибра­ги­мов Өтемб­а­ев­тың нөмірін тер­ді. Тұтқа­ны Өтемб­а­ев­тың көмек­шісі көтеріп, бір­ден Ибра­ги­мо­втен қай­да жүр­генін сұрап, «шеф» іздеп жатқа­нын айт­ты. Өтемб­а­ев пен Ибра­ги­мо­втің бай­ла­ны­сы аны­қтал­ды. «Өтемб­а­ев қай­да?» деген сұраққа көмек­шісі «ауру­ха­на­да» деп жау­ап берді.

Мен өзім­нің дереккөз­дерім арқы­лы Өтемб­а­ев­тың ауру­ха­на­да екенін аны­қта­дым. Бас дәрі­гер оның қат­ты мас күй­ін­де түс­кенін, бетін әрең бері қаратқа­нын айт­ты. Өтемб­а­ев­тың аты­на тір­кел­ген тапан­ша бар екен. Суи­цид жаса­ма­сын деп, Өтемб­а­ев­ты ұста­уды және уақыт­ша тер­геу изо­ля­то­ры­на қамауды Аста­на қала­лық ІІД басты­ғы Досы­мо­вқа тап­сыр­дық. Сол күні түн­де Өтемб­а­ев­ты ұста­ды. Мені оның өзін қалай ұстаға­ны қызы­қтыр­ды, ұстаған кез­де Өтемб­а­ев сабыр­лы болып­ты, ал изо­ля­торға барар жол­да өзін ұстай алмай қалған.

Түсі­п­бе­ков Өтемб­а­ев­тан жау­ап ала­тын болып шешіл­ді, мен оған қаты­сқан жоқ­пын. Жау­ап алу кезін­де Өтемб­а­ев бәрін мой­ын­дап, өз қолы­мен хат жазып бер­ді. Өтемб­а­ев өзінің түсінік­те­месін­де оны Ибра­ги­мов­пен ұлты бурят, әлде қал­мақ, Ресей аза­ма­ты бол­са да, ҚР Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гін­де бөлім басты­ғы лау­а­зы­мын атқарған Алек­сей Кек­ша­ев таны­сты­рға­нын айта­ды. Кек­ша­ев Ибра­ги­мо­вті мәсе­ле шешетін «бое­вик» деп ұсынған.

– Ибра­ги­мов алғаш рет тап­сы­рыс беру­ші деп Өтемб­а­ев­тың фото­сын көр­сет­кен газет­тің фор­ма­тын, ата­уын айта ала­сыз ба?

– Есім­де жоқ. Ол кез­де істе жоға­ры лау­а­зым­ды адам­дар­дың болуы­на орай дүр­бе­лең туды.

– Сіздің сөзіңіз­ге қараған­да, Ибра­ги­мов­пен әңгі­ме бары­сын­да арнайы жедел-тер­геу шара­сы жүр­гізіл­ген. Оның нәти­же­сі қайда?

– Біл­мей­мін. Ол кас­се­та­ны мен алған жоқ­пын. Мүм­кін, тер­ге­ушілер­ге тап­сы­ры­лып, іске қосы­лған шығар.

– Про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­тын­дағы әңгі­ме бары­сын­да Ибра­ги­мов қан­дай да бір кепіл­дік сұра­ды ма?

– Иә, ондай бол­ды. Алды­мен қорқы­тқы­сы кел­ді. Қорқы­та алмаған соң, қауіп­сізді­гіне кепіл­дік сұра­ды. Біз «ойын» ұйым­да­сты­рып, кепіл­дік бере­міз деп келістік. Құжат­ты кім дай­ын­даға­ны, кім­дер қол қой­ға­ны есім­де жоқ. Осы­дан кей­ін Ибра­ги­мов газет­тен Өтемб­а­ев­тың фото­сын көрсетті.

– Тер­геу кезін­де Өтемб­а­ев­пен жеке кез­де­стіңіз бе?

– Алға­шқы­да оны­мен Түсі­п­бе­ков кез­де­сті. Тер­геу кезін­де Түсі­п­бе­ков еке­уміз Өтемб­а­евқа бар­дық. Не үшін екені есім­де жоқ.

– Рахат Әли­ев­пен қарым-қаты­на­сы­ңыз қандай?

– Әли­ев­ті біле­мін, бірақ жақын қарым-қаты­на­сым жоқ. Дариға Нұр­сұл­танқы­зы Назар­ба­е­ва­мен қарым-қаты­на­сым жақ­сы, ал Әли­ев­ті оның бұры­нғы күй­е­уі ретін­де тани­мын. Мен оны­мен ара­ласқан жоқ­пын, биз­несім неме­се достық қаты­на­сым жоқ.

 – Істе тап­сы­рыс беру­ші ретін­де Өтемб­а­ев­тан басқа­лар атал­ды ма?

– Сот­та Ибра­ги­мов адам өлтіру­ге қаты­сы бар деп Дүт­ба­ев пен Әбіқа­ев­ты атады.

– Ибра­ги­мов қан­дай себеп­пен мұн­дай мәлім­де­ме жасады?

– Ибра­ги­мов шені жоға­ры адам­дарға сүй­еніп, тер­геу кезін­де өзін асқақ ұстады.

– Түсінік­те­меңіз­де әлдебір Кек­ша­ев тура­лы айт­ты­ңыз. Ол тура­лы не білесіз?

– Ол Ресей аза­ма­ты бола тұра, бас айнал­ды­рар­лық карье­ра жаса­ды. Менің ойым­ша, бұл істе­гі оның рөлі оңай оспақ емес. Бәл­кім, ол әдейі жібер­ген адам шығар, оған қаты­сты ҰҚҚ қара­уы керек.

– А.Мақашовпен таныс­сыз ба? Қарым-қаты­на­сы­ңыз қандай?

– Аман Мақа­шов­пен таны­спын. Уни­вер­си­тет­те жұмыс істеп жүр­ген кезім­де оны маған бауы­ры Камар­дин ертіп кел­ген. Оқу бітір­ген соң ол кеден­де жұмыс істе­ді, сол кез­де Р.Әлиевтің ықпа­лы­на түс­кен. Соңғы рет Мақа­шов­пен Дубай­да кез­де­стім. Ол аяқ асты­нан пай­да бола кете­ді. Мүм­кін, ақпа­рат беріп оты­ра­тын әлдебір бай­ла­ны­ста­ры бар шығар. Ол маған Әли­ев­ке қар­сы түсінік­те­ме бер­гісі келеді деп әлдебір Дер­бас Адо­нис тура­лы айт­ты. Кей­ін Адо­нис­пен кез­де­су бол­ды, ол Әли­ев­ке бәрін үйіп-төк­ті. Соның нәти­же­сін­де Адо­ни­сті ҰҚК-ге бердік.

– А.Мақашовты Е.Өтембаевпен және Р.Түсіпбековпен таны­стыр­ды­ңыз ба?

– Есім­де жоқ.

– Ибра­ги­мов газет­тен Өтемб­а­ев­тың суретін көр­сет­кен­де, сіз және Түсі­п­бе­ко­втен басқа кім бол­ды? Газет­ті кім әкелді?

– Есім­де жоқ».

Тер­геу хат­та­ма­сы Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен оның көмек­шілерінің өлі­мі арнайы қыз­мет өкіл­дері мен жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың қаты­суы­мен мұқи­ят жос­пар­ланған қастан­дық болға­нын рас­тай­ды. Алай­да қамауға алу мен сот про­цесіне қара­ма­стан, қыл­мысқа тап­сы­рыс беру­шінің нақты кім екені әлі де толық аны­қталған жоқ.

11 ақпан күні Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тың «Уақы­тын­да айты­лған шын­дық» және «Ала­штың Алтын­бе­гі» атты екі том­дық кіта­бы жарық көр­ді. Кітап­тар­дың тұса­у­ке­серін­де қай­рат­кер­дің аға­сы Рыс­бек Сәр­сен­бай бұл қыл­мыстың артын­да сол кез­де­гі билік өкіл­дері тұрға­нын атап өтті. Оның айтуын­ша, бұл – сая­си тер­рор, ал тап­сы­рыс беру­шілер мен орын­да­у­шы­лар әлі толық аны­қталған жоқ. Деген­мен, ол шын­ды­қтың ашы­ла­тын күні алыс емес, уақыт өте келе, олар заң алдын­да жау­ап беретініне сенімді.

Еске сал­сақ, ҰҚК экс-бас­шы­сы Нар­тай Дут­ба­ев Orda.kz-ке бер­ген сұх­ба­тын­да 2006 жыл­дың ақпа­нын­да Сәр­сен­ба­ев­тың өлі­міне «Ары­стан» сар­ба­з­да­ры­ның қаты­сы бар екені аны­қталған­да, оған ІІМ бас­шы­сы Бауы­р­жан Мұха­меджа­нов пен бас про­ку­рор Рашид Түсі­п­бе­ков кел­генін айтты.

Дут­ба­ев сол түні оқиға­лар­дың қалай шұғыл әрі шие­леністі өрбі­генін еске ала­ды. Ол әріп­те­стері­мен бір­ге «Ары­стан» арнайы бөлім­ше­сіне бағыт алды. Ол жер­де бір бөлім­ше әрдай­ым тәулік бойы кезек­шілік­те бола­тын. Бар­лық күш­тер жоға­ры дай­ын­ды­ққа кел­тіріліп, жеке құрам шта­бқа шоғырландырылды.

«Есік­ті қағып тұр­мын, арты­ма қара­сам – ІІМ-нің көлік­тері келіп жет­ті. Іші­нен қару­ланған жауын­гер­лер секіріп түсіп, бізді қор­шап алды. Мұха­меджа­но­вқа: «Не істеп жатыр­сың?» – дедім. Ол: «Атыс баста­лып кет­се ше?» – деп жау­ап бер­ді. Қан­дай атыс? Мен осын­да тұр­мын ғой! Әскеріңді алып кет, сен жағ­дай­ды ушы­қты­рас­ың, олар шабуыл деп ойлап қалуы мүмкін».

Осы­дан кей­ін арнайы жасақ күдік­тілер­ді ұста­уға кірісті. Әрқай­сысын аты-жөні­мен шақы­рып, ішке кір­гізіп, қол­да­рын кісен­деп жат­ты. Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­ты өлтіру­ге қаты­сы бар­лар­дың бірі жасы­ры­нып жатқан пәтер аны­қтал­ды. Сол жер­ге топ жөнел­тіл­ді. Алма­ты­лық «Ары­стан» бөлім­ше­сінің коман­ди­рі Стро­жен­ко күдік­тіні сыр­тқа шыға­рып, бір­ден көлік­ке отырғызды.

«Оларға қарап: «Шоу мас­ка­сы? Бұл кім үшін керек?» – деп сұра­дым», – деп еске ала­ды Дутбаев.

Иль­дар АДИЛЬЧЕНОВ

Республиканский еженедельник онлайн