Четверг , 3 июля 2025

ҚАБАНБАЙДЫ «ТІРІЛТКЕН» қайран Қабдешті ұмытпайық!

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орынбасары

Ермек Көшер­ба­евқа! 

  • Биы­лғы жылы елі­міз­де бір­не­ше көр­нек­ті тұлға­лар­дың мерей­той­ла­ры өтетіні мәлім. Соның ішін­де Әну­ар Әлім­жа­но­втың 95 жыл­ды­ғы, Тұман­бай Мол­даға­ли­ев­тың 90 жыл­ды­ғы, Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев­тың 100 жыл­ды­ғы бар. Осы оқиға­ларға жау­ап­ты орган­дар дай­ын­да­лу­да. Халық жазу­шы­сы, қоғам қай­рат­кері Қаб­деш Жұма­діл де келесі жылы 90 жасқа толар еді.

Қалам­гер­дің артын­да 10 роман, 20-дан астам повесть, 70-тен астам шығар­ма қал­ды. «Соңғы көш», «Дара­боз», «Қаз­дар қай­тып бара­ды» сын­ды мол мұра әде­би­ет­тің алтын қоры­на енді. Жазу­шы өз еңбек­терін­де қазақ халқы­ның тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күресін шынайы бей­не­леп, ұлт бостан­ды­ғы үшін жанын қиған ерлер, оның ішін­де Бөген­бай, Қабан­бай, Оспан батыр­лар­дың азаттық жолын­дағы күресін терең зерт­теп, олар­ды тек сар­ба­з­дар ретін­де ғана емес, тұтас халы­қтың тағ­ды­ры үшін күрес­кен тұлға­лар ретін­де сипаттайды.

Қаб­деш Жұма­діл бар­лық шығар­ма­ла­рын­да ұлтын ұлы­қтап, тілі­міз бен діні­міз үшін басын бәй­ге­ге тігіп, тарихы­мы­зды қара күй­е­ден тазар­тып, елдік рухы­мы­зды көте­ру жолын­да жасаған жан­ке­шті еңбе­гін мой­ын­даға­ны­мыз жөн. 

Соны­мен қатар ол тек жазу­шы ғана емес, сон­дай-ақ ұлт тағ­ды­ры­на ерекше үлес қосқан қай­рат­кер еді. Ашар­шы­лық кезін­де тота­ли­тар­лы жүй­е­ден қашып, арғы бет­ке асқан қара­көз қан­даста­ры­мы­здың тағ­ды­ры­на бей­жай қара­май, олар­дың көші-қоны, тіл және мәде­ни­ет мәсе­ле­лерін ашық көтеріп, ұлт­тық мүд­дені қорғау жолын­да атсалысты. 

Алпы­сын­ші жыл­да­ры Қытай­да сая­си жағ­дай күр­де­лене бастаған­да, Қаб­деш Жұма­діл қазақ бауыр­ла­ры­ның ауыр бола­шағы­на ара­ша түсті. Мәс­ке­у­ге дей­ін барып, бауыр­ла­ры­мы­здың көші-қонын ұйым­да­сты­ру мәсе­лесін көтер­ді. Нәти­же­сін­де 1962 жылы 200 мың­нан астам қан­да­сы­мы­здың тари­хи ота­ны­на ора­луы­на себеп­кер болды.

Бұл оқиға ел тарихы­нан айры­қ­ша орын алды. Сол кез­ден өз жерін­де ұлт­тық азшы­лы­ққа айналған халқы­мы­зға бас қосып, саны­мы­зды көбей­тіп, оралған қан­даста­ры­мы­здың ұрпақта­ры өсіп-өніп, елі­міздің лай­ы­қты аза­мат­та­ры болып, Қаза­қстан­ның дамуы­на өз үле­стерін қосуда.

Қаб­деш аға­мы­здың көзін көр­ген заман­даста­ры ретін­де ерлі­гін есте сақтау және оны лай­ы­қты түр­де құр­мет­теу – біз­дер үшін борыш пен абы­рой. Оның мерей­ін той ретін­де емес, ел бір­лі­гін, ерлік пен адал­ды­қты ұлы­қтай­тын шара ретін­де ұйым­да­сты­ру орынды.

Бұл тек өткен­ді құр­мет­теу ғана емес, соны­мен қатар бола­шақ ұрпаққа руха­ни бағыт беру, кім екені­міздің терең мағы­на­сын түсін­ді­ру үшін де мүм­кін­дік. «Ерім дей­тін ел бол­ма­са, елім дей­тін ер қай­дан бол­сын». Осын­дай тұлға­лар­ды мақтан тұтып, олар­дың ама­на­ты­на адал болу – біздің парызымыз. 

Осы­ған бай­ла­ны­сты «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы қазақ халқы­ның бір­ту­ар қалам­гері, әрі жана­шы­ры Қаб­деш Жұма­діл­дің 90 жыл­ды­ғын жоға­ры дең­гей­де атап өтуді ұсы­на­ды. Сон­дай-ақ оның есі­мін ұлы­қтау мақ­са­тын­да елді мекен­дер­де көше­лер мен нысан­дарға оның атын беру мәсе­лесін қарас­ты­ру­ды жөн деп санаймыз.

«Ақ жол» ҚДП фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры:

Азат Перу­а­шев

Серік Еру­ба­ев 

Ерлан Бар­лы­ба­ев

Дәния Еспа­е­ва

Қазы­бек Иса

Республиканский еженедельник онлайн