Четверг , 3 июля 2025

Бас прокурор Рашид Түсіпбеков нені ашық айтты?

Осы­дан 19 жыл бұрын Қаза­қстан­ның сая­си сахна­сын сұм­дық қыл­мыс шулат­ты. Бел­гілі сая­сат­кер, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев пен оның көмек­шілері Бауы­р­жан Бай­бо­сын және Васи­лий Журавлев қатыг­ез қастан­ды­қтың құр­ба­ны бол­ды, деп хабар­лай­ды Orda.kz.аңғы­стау

Бұл іс бой­ын­ша сот про­цесі екі рет өтті: 2006 жылы Тал­ды­қорған­да және 2014 жылы Қас­ке­лең­де. Қас­ке­лең соты алға­шқы үкім­ді қай­та қараған­дай көрін­ді. Судья­лар бұл қыл­мысқа Рахат Әли­ев пен Әлнұр Мұса­ев­тың қаты­сы бар деген шешім шығарға­ны­мен, ақиқат­тың түбіне жете алмады.

Жәбір­ле­ну­ші тарап бұл істі алғаш рет тер­ге­у­ге қаты­сқан сол кез­де­гі бас про­ку­рор Рашид Түсі­п­бе­ко­вті сотқа шақы­ру­ды талап етті. Бірақ судья Бей­ім­бе­тов бұл өтіні­шті қанағат­тан­дыр­ма­ды. Оның орны­на Түсі­п­бе­ко­втің 2012 жылы бер­ген жау­а­бы ғана оқыл­ды. Бас про­ку­рор­дың сол сөз­дері­мен malim.kz бөлісті. 

Түсі­п­бе­ков сол кез­де­гі жау­а­бын­да көп нәр­сені есіне түсі­ре алмаға­нын айтқа­ны­мен, кей­бір сая­си фак­тор­лар­дың өзіне мәлім екенін мой­ын­да­ды. Оның айтуын­ша, кил­лер Рустам Ибра­ги­мо­втен жау­ап алу про­цесі өте күмән­ді жағ­дай­да өткен.

Түсі­п­бе­ко­втің жауабы

«2006 жыл­дың ақпа­нын­да мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ро­ры қыз­метін атқар­дым. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, оның күзет­шісі және жүр­гі­зу­шісі қаза тапқан соң, қыл­мыстық істі ашу мақ­са­тын­да арнайы жедел тер­геу тобы құрыл­ды. Тер­ге­у­ге Ішкі істер мини­стр­лі­гі­нен вице-министр Қ.Қасымов, ал про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан бас про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры Е.Мерзадинов жетек­шілік етіп, еке­уі де Алма­ты­ға барды.

Мен де Б.Мұхамеджановпен бір­ге тер­геу бары­сын бақы­лау үшін Алма­ты­ға бар­дым. Сол жер­де алға­шқы тер­геу шара­ла­ры баста­лып, күн сай­ын атқа­ры­лған жұмыстар жөнін­де жина­лыс өтті. Біз Алма­ты қала­лық ІІД ғима­ра­тын­да депар­та­мент бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры В. Буга­ев­тың каби­нетін­де болдық.

Ибра­ги­мо­втің ұста­луы және тер­геу барысы

Жедел тер­геу іс-шара­ла­ры бары­сын­да қыл­мыстық іске Ибра­ги­мо­втің қаты­сы бары аны­қтал­ды. Қыл­мыстық ізде­сті­ру бөлі­мінің бас­шы­сы А.Әубәкіров оны ІІД-не шақы­рып, ол сол жер­де ұсталған.

Ибра­ги­мов­пен алға­шқы болып Қасы­мов пен Мер­за­ди­нов сөй­ле­сті. Қасы­мов пен Мер­за­ди­нов Ибра­ги­мов­пен сөй­лес­кен­дерін және ол өзінің қыл­мысқа қаты­сы жоғын айтып, бет бақтыр­май оты­рға­нын, сон­дай-ақ өзінің жоға­ры жақ­пен бай­ла­ны­сы барын айтып, жұмыстан шығар­та­мын деп қорқы­тқа­нын маған және Мұха­меджа­но­вқа баяндады.

Осы­дан кей­ін мен каби­нет­ті арнайы тың­дау құры­лғы­сы­мен жаб­ды­қта­тып, Ибра­ги­мо­вті мені­мен жеке сөй­ле­су­ге әке­луді бұй­ыр­дым. Алай­да Ибра­ги­мов ІІД ғима­ра­тын­дағы менің каби­неті­ме кел­ген­де, сөй­ле­су­ден бас тарт­ты. Осы­ған бай­ла­ны­сты Ибра­ги­мов­пен сөй­ле­су мәсе­лесін про­ку­ра­ту­ра­ның ғима­ра­тын­да өткіздім. Соны­мен қатар Алма­ты қала­лық про­ку­ра­ту­ра­сын­дағы менің бөл­мем поли­ция қыз­мет­кер­лерінің көме­гі­мен алдын ала дыбыст­ық жаз­ба құрал­да­ры­мен жабдықталды.

Ибра­ги­мо­вті каби­нет­ке алып кел­ген­де, жаным­да Б.Мұхамеджанов бол­ды. Әңгі­ме­ле­су бары­сын­да Ибра­ги­мов өзіне бел­гілі бір кепіл­дік­тер беріл­се, А.Сәрсенбаев пен оның адам­да­рын ұрлап әке­ту­ге тап­сы­рыс бер­ген адам­ды көр­се­ту­ге уәде бер­ді, бірақ қыл­мысқа қаты­сы жоғын айта бер­ді. Сөй­ле­су кезін­де Ибра­ги­мов тың­дай­тын құрал­дан қауіп­тен­ді ме, сыбыр­лап қана сөй­леді. Содан кей­ін оның отба­сы­ның қауіп­сізді­гін сақтау және елден кедер­гісіз шығып кету­ге кепіл­дік беру жөнін­де хат дай­ын­дал­ды. Кепіл­де­ме хат­ты нақты кім­нің дай­ын­даға­ны есім­де жоқ, мүм­кін, Мұха­меджа­нов па, Қасы­мов па неме­се солар­дың бұй­ры­ғы­мен басқа біреу ме, есім­де жоқ. «Кепіл­де­ме хатқа», менің­ше, Қ.Қасымов қол қой­ды ғой дей­мін. Бұл жағ­дай­ға аса мән бере қой­ма­дым, өйт­кені бұл тек Ибра­ги­мо­втен шынайы тап­сы­рыс беру­шінің атын білу үшін жасалды.

Осы шара­лар жаса­лып біт­кен­де, Ибра­ги­мов менің шақыр­туым­ды күтіп, көр­ші бөл­ме­де оты­рған­да, тап­сы­рыс беру­шінің суретін газет­тен көр­генін мәлімдеді.

Мен сол газет­ті әке­луді бұй­ыр­дым. Менің каби­неті­ме газет­ті кім әкел­гені есім­де жоқ, қазір­гі кез­де Ақмо­ла облы­стық сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен күрес депар­та­мен­тін­де жұмыс істей­тін менің көмек­шім Асыл­бек Дүй­се­нов болуы мүм­кін. Ол үлкен газет бола­тын, аты есім­де жоқ. Газет­тің ішкі айқар­ма бетін­де бас­пал­дақ­пен түсіп келе жатқан ҚР пре­зи­ден­тінің суреті бар екен. Оның артқы жағын­да Б.Өтемұратовтың, Т.Досмұхамедов және Е.Өтембаевтың бей­не­лері бар. Осы фото­дағы­лар­дың әрқай­сысын сау­сағым­мен көр­сетіп, сұрай бастадым.

Ең соңын­да Өтемб­а­ев­ты нұсқап көр­сет­кенім­де, Ибра­ги­мов қыл­мысқа тап­сы­рыс беру­ші ретін­де Өтемб­а­ев­ты мең­зеп, басын изеді. Содан кей­ін Ибра­ги­мов Өтемб­а­ев еке­уін Алек­сей Кек­ша­ев таны­сты­рға­нын және өза­ра бай­ла­ны­ста­ры тура­лы айтып бер­ді. Ибра­ги­мо­втің айтуын­ша, олар Өтемб­а­ев еке­уі бір­лес­кен биз­нес жоба­сы­на бай­ла­ны­сты бір­не­ше рет кез­дескен. Біздің әңгі­ме­мізді тың­дап тұрған Б.Мұхамеджанов Е.Өтембаевпен қарым-қаты­на­сы жақ­сы болған­ды­қтан, оның А.Сәрсенбаевқа қастан­дық жаса­уға қаты­сы бар деген­ге баста­пқы­да сен­беді. Әңгі­ме­ле­су аяқталған­да, біздің сөзі­міздің жаз­ба­сын Мұха­меджа­нов өзі­мен алып кетті.

Өтемб­а­ев­тың қамауға алынуы

Өтемб­а­евқа қаты­сты ақпа­рат­тың сұл­ба­сы алы­нған соң, Ибра­ги­мов Өтемб­а­ев­тың көмек­шісі Айдос Еспо­ло­вқа теле­фон соғып, Өтемб­а­ев­тың өзіне хабар­ла­суын сұра­ды. Ибра­ги­мов пен Өтемб­а­ев­тың сөй­лес­кен­дерін жазып алу мақ­са­тын­да бай­ла­ныс құрал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қадаға­лау құры­лғы­ла­ры қой­ыл­ды. Алай­да Өтемб­а­ев кері хабар­лас­па­ды. Сон­дай-ақ Өтемб­а­ев­тың ауру­ха­на­да жатқа­ны мәлім бол­ды. Мен өзім «Ұлт­тық ғылы­ми-меди­ци­на­лық орта­лық» АҚ-ның бас­шы­сы А.Байгенжинге хабар­ла­сып, Өтемб­а­ев­тың ішім­дік сал­да­ры­нан ауру­ха­на­да жатқа­нын біл­дім. Бай­ген­жин­нің айтуын­ша, ауру­ха­наға түс­кен соң Өтемб­а­евқа дәрі­гер­лік көмек көр­сетіл­ген, алай­да оның иіні түсіп, көңіл­сіз күй­де жүр­гені және түні бойы ұйы­қтай алмай шыға­ты­ны тура­лы мәлі­мет алдым.

Бай­ген­жин­нің сөзі­нен кей­ін Өтемб­а­ев­тың нашар көңіл-күй­де жүр­гені­нен қауіп­теніп, ол өзіне-өзі қол сал­ма­сын деген оймен оның жеке бас қауіп­сізді­гін сақтау мақ­са­тын­да Мұха­меджа­но­вқа поли­ция қыз­мет­кер­лерін күзет­шілік­ке жібе­руді тап­сыр­дым. Алай­да Аста­на қала­сы­ның ІІД қыз­мет­кер­лерінің мәлім­де­уін­ше, Өтемб­а­ев ҚПК-нің 132-бабы бой­ын­ша ұста­лып, уақыт­ша тер­геу абақты­сы­на қамауға алы­нға­нын біл­дім. Өтемб­а­ев­тың жеке бас қауіп­сізді­гін қорғау тура­лы менің бұй­ры­ғым орын­дал­май, Өтемб­а­ев­тың қамауға алы­нуы қалай деген сұрағым­ның жау­а­бын Мұха­меджа­нов «үнсіз теле­фонға» сіл­теп, Аста­на қала­лық ІІД бас­шы­сы оны дұрыс түсін­бе­генін алға тартты.

Мұнан кей­ін мен Ибра­ги­мов­пен кез­дес­пе­дім. Ол тер­ге­ушілер­ге про­цес­су­ал­ды түсінік­те­ме беру­ге жіберілді.

Рахат Әли­ев­тің ықти­мал қатысы

Тер­геу бары­сын­да Ибра­ги­мов қыл­мысқа қаты­сты­лар­дың бірі Рахат Әли­ев болуы мүм­кін екенін айт­ты. Бірақ бұл ақпа­рат­тың қан­ша­лы­қты тек­серіл­гені бел­гісіз. Соны­мен қатар Қ. Кәр­бо­зо­втың Ибра­ги­мо­вті Н. Дүт­ба­евқа екі рет апарға­ны тура­лы жедел ақпа­рат түсті. Бұл мәлі­мет­тің рас-өтірі­гін аны­қтау мүм­кін болмады.

Сұрақ-жау­ап бөлімі

 Сұрақ: Сіздің түсінік­те­меңіз­ге сәй­кес, Ибра­ги­мов­пен сөй­ле­су бары­сын­да оның отба­сы­ның қауіп­сізді­гі тура­лы кепіл­дік құжат беріл­гені айты­ла­ды. Сол құжат­та Ибра­ги­мо­вті ішкі істер орга­ны қыз­мет­кер­лерінің жасы­рып-жабуы тура­лы айты­лған ба?

Р. Түсі­п­бе­ков: Нақты ештеңе айта алмай­мын, өйт­кені ол құжат­тың про­цес­су­ал­дық маңы­зы бол­маған­ды­қтан және жедел тер­геу амал­да­ры­ның құра­лы болған соң, аса мән бермедім.

Сұрақ: Е. Өтемб­а­ев аса таны­мал тұлға емес және газет пен БАҚ-та сирек көрі­неді. Соған қара­ма­стан, айқар­ма бетін­де Өтемб­а­ев­тың суреті бар газет­тің Ибра­ги­мо­втің Алма­ты қала­лық про­ку­ра­ту­ра­сын­да оты­рған каби­нет­те болға­ны сіздің күмәніңізді тудыр­ма­ды ма?

Р. Түсі­п­бе­ков: Иә, ол жағ­дай­дың күмән туды­рға­ны рас. Сон­дай-ақ Мұха­меджа­нов еке­уміз Өтемб­а­ев­тың үлкен сая­сат­тан алыс адам екенін білетін­біз. Өтемб­а­ев­тың ішім­дік­ке әуе­сті­гі бәріне мәлім, сон­ды­қтан оның Ибра­ги­мов­пен әңгі­месі мас кезін­де болуы да мүмкін.

Сұрақ: Сіз Аман (Аман­гел­ді Ред.) Мақа­шо­вты (Р. Әли­ев­тің биз­не­сте­гі серік­тесі) тани­сыз ба?

Р. Түсі­п­бе­ков: Мақа­шо­вты бір іс-шара кезін­де көр­генім бар. Мені Мақа­шов­пен таны­сты­рған Мұха­меджа­нов еді. Олар­дың өза­ра әлдебір бай­ла­ны­сы бар болатын.

Сұрақ: Іс мате­ри­ал­да­рын­да Р.Әлиевтің аты-жөні бар ма еді?

Р. Түсі­п­бе­ков: Кел­тіріл­ген нұсқа­лар­ды сарап­тай келе, мұның бар­лы­ғын Р.Әлиев ұйым­да­сты­рған деген болжам айтыл­ды. Ал Өтемб­а­ев жеке бас араз­ды­ғы бар адам ретін­де пай­да­ла­ны­лған болуы мүм­кін. Бірақ Ибра­ги­мов пен Әли­ев­тің ара­сын­дағы бай­ла­ныс тура­лы нақты дәлел­дер болған жоқ».

Қоры­тын­ды

Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның өлі­міне қаты­сты тер­геу бары­сын­да көп­те­ген күмән­ді жайт­тар аны­қтал­ды. Ибра­ги­мо­втің қыл­мысқа қаты­сты­лы­ғы рас­талға­ны­мен, оның шынайы тап­сы­рыс беру­ші тура­лы мәлім­де­ме­лері күмән тудыр­ды. Тер­геу кезін­де Өтемб­а­ев­тың есі­мі аталға­ны­мен, оның қыл­мысқа қаты­сы бар-жоғы әлі де толық дәлелденбеген.

Соны­мен қатар Өтемб­а­ев­тың қамауға алы­нуы бұй­ры­ққа қай­шы жүзе­ге асы­ры­лға­ны, оның ден­са­улы­ғы­ның нашар­лаға­ны және қауіп­сіздік шара­ла­ры ескеріл­ме­гені бай­қа­ла­ды. Бұл істі тер­геу кезін­де Рахат Әли­ев­тің ықти­мал қаты­сы тура­лы да ақпа­рат­тар болға­ны­мен, оның нақты дәлел­дері ұсынылмады.

Тер­геу бары­сын­дағы қара­ма-қай­шы­лы­қтар, Ибра­ги­мо­втің кепіл­дік сұра­уы және сая­си ықпал ету әре­кет­тері бұл қыл­мыстың тек жеке бас араз­ды­ғы емес, кең ауқым­ды сая­си аста­ры бар іс болуы мүм­кін екенін көр­се­те­ді. Бірақ істің түп­кілік­ті шын­ды­ғы мен бар­лық қаты­сты­лар­дың рөлі әлі күн­ге дей­ін толық ашы­лған жоқ.Иль­дар АДИЛЬЧЕНОВ

Республиканский еженедельник онлайн