Четверг , 3 июля 2025

ҰЛТТЫҚ РУХҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

«Қазақ – кім?» – деген сұраққа мен «Абай және қазақ елінің бола­шағы» (2017) деген кіта­бым­да: «Қазақ – 3–4 мың жыл­дық тарихы бар, түр­кі тегі­нен тарай­тын рухы күшті, жері бай, дана халық» деп жазып едім. Сол қазақ қай­да қазір?

Түр­кілік тегі мықты қазақ халқы еге­мен­дік алға­лы 34 жыл өтсе де, рухы­мы­зды жаңғыр­та алмай келе­міз. Мұны мой­ын­дау керек. Сон­ды­қтан «мына алпа­уыт заман­да жұты­лып кет­пей­міз бе?» деген сұрақ та жоқ емес!

Тарихқа қысқа­ша жүгін­сек, біздің күшті рухы­мы­зды басқын­шы­лар талай рет сын­ды­руға, тіп­ті жоқ қылып жібе­ру­ге тыры­сты. Ар жағын айт­паған­да, Абы­лай хан зама­ны­нан бастап, Жоңғар шабуы­лы, Ресей пат­ша­лы­ғын­дағы бодан­дық, Алаш күресі, Кеңес Одағын­дағы ашар­шы­лық, Ста­лин­дік репрес­сия, ІІ Дүни­е­жүзілік соғыс қан­ша­ма халқы­мы­зды қырып, оның қай­мақта­рын әкет­ті. Бір ашар­шы­лы­қтың өзі 3 млн қаза­қты алып кет­ті (2 млн өлді, қалға­ны шетел асты, жол­да қырыл­ды). Осы­ның бәрі рух­ты сын­ды­ру, жоқ қылу еді, бірақ қол­да­ры­нан кел­меді. Тәу­ел­сіз ел, әлем мой­ын­даған жеке мем­ле­кет бол­дық, нығай­ып келеміз!

Қазір әлем­нің астан-кестең болып жатқа­ны мынау. Ертең не бола­ты­ны бел­гісіз. Укра­и­на­ны көріп отыр­мыз. Айтқан жер­ден аулақ, ертең басы­мы­зға нәу­бет түс­се, қалай төтеп бере­міз? Онсыз да мына дағ­да­ры­стың өзі жегі­дей жеп бара­ды. Не істеу керек?

Бұл орай­да мен халы­қтың әл-ауқа­тын көте­ру­мен қатар қазір біз­ге ең өзек­тісі – халы­қтың РУХЫН көте­ру керек деп айтар едім. Бұры­нғы пре­зи­дент – алды­мен эко­но­ми­ка деді. Ал қазір алға идео­ло­ги­я­ны шыға­ру керек болып тұр. Мыса­лы, Қытай өзінің идео­ло­ги­я­сы­ның арқа­сын­да жақын ара­да АҚШ-ты басып озып, әлем­де 1‑орынға шық­пақ­шы. Қытай­дың фено­мені – идеологиясында.

Сон­ды­қтан мен бірін­ші кезек­те халқы­мы­здың РУХЫН көте­ру­ге шақы­ра­мын. Оны қалай жасай­мыз деген сұраққа жау­ап­тың басын Аты­ра­удағы құры­л­тай­да Абай ілі­мі арқы­лы бала­бақ­ша­дан бастап, бір­тұ­тас тәр­бие беру, оны ұлт­тық тәр­би­е­ге ұла­сты­ру арқы­лы жету­ге бола­ды деген едім. Енді жоба ретін­де соның теті­гін айтай­ын. Өткен­де Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гінің «Бір­тұ­тас тәр­бие бағ­дар­ла­ма­сы» мек­теп­тер­де бастал­ды деп мем­ле­кет­тік кеңес­ші Е.Кариннің бас­шы­лы­ғы­мен өткен жиын­да айтыл­ды. Енді осы­ны ары қарай кол­ле­дж­дер­де, жоға­ры оқу орын­да­рын­да ұлт­тық тәр­бие ретін­де жалға­сты­ру керек. Оның негізі ретін­де Ұлы Абай­дың «Толық адам» ілі­мін алу керек. Оған қоса ЖОО-ның бар­лы­ғын­да оқы­ла­тын пән­нің атын «Ұлт­тық руха­ни­ят және жаңа өрке­ни­ет» деп ата­уға бола­ды. Оқы­ту­шы­лар: фило­соф, тарих­шы, эко­но­мист, педа­гог, фило­лог, пси­хо­лог, нуме­ро­лог, аст­ро­лог, жасан­ды интел­лект, т.б. маман­дар болуы керек. Жастар­ды Абай ілі­мі арқы­лы ХХІ ғасыр­дың жаңа өрке­ни­етіне дай­ын­дау керек. Сон­да тегі­мізді де ұмыт­пай­мыз, жаңа өрке­ни­ет­ті де меңгереміз.

Қытай өз идео­ло­ги­я­сы­ның басы етіп Кон­фу­ций­ді алды. Қаза­қтың рухын көте­ретін ғала­мат идея етіп біз Ұлы Абай иея­сын, оның «Толық адам» ілі­мін алай­ық. Себебі тереңіне бой­ла­ма­са да, халық Абай­ды біледі, ғұла­ма­лар­дың ішін­де халы­ққа жақы­ны да Ұлы Абай, бір­сы­пы­ра бол­са да, Абай­ды мек­теп­те оқыды.

Құры­л­тай­да айтқан сөзім­ді жалға­сты­ра келе, менің айта­тын ұсы­ны­сым мынау: Қаза­қстан­ды ізгі­лен­ді­ру мақ­са­тын­да Бура­бай­да «Абай халы­қа­ра­лық рези­ден­ци­я­сын» ашу қажет. Бұл рези­ден­ци­яда Абай­та­ну музейі, Абай теат­ры, Абай элек­трон­дық кіта­п­ха­на­сы, Абай­дың «Толық адам ілі­мін» мең­гер­ту­ге арналған дәріс зал­да­ры, бала­лар­дан бастап, әр дең­гей­де­гі адам­дар үшін оқу ғима­ра­ты, қонақ үй, кон­фе­рен­ция зал­да­ры, кон­церт зал­да­ры, ста­ди­он, ұлт­тық ойын­дар кешен­дері болуы керек. Отан­дық және шетел­дік ғалым­дарға Абай­та­ну ғылы­мын зерт­теу мен наси­хат­та­уға грант­тар бөлініп, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стар беріл­се, дұрыс болар еді.

Елі­міздің түп­кір-түп­кірі­нен келетін мек­теп оқу­шы­ла­ры, сту­дент­тер бұл рези­ден­ци­яда Абай­дың «Толық адам ілі­мі­нен» жыл он екі ай бойы кезе­гі­мен дәріс алса, Абай оқу­ла­ры бар­лық дең­гей­де­гі қыз­мет­кер­лер­ді қам­ты­са, көп дең­гей­лі Абай оқу­ла­ры үзбей өтіп тұрға­ны жөн. Екін­ші жағы­нан, халы­қтың, жастар­дың қолы жете бер­мей­тін Бура­бай да кере­мет дема­лыс орны­на айна­лар еді. Сон­да Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның «Абай­ды қазақ бала­сы тегіс танып, тегіс білуі керек» деген арма­нын да орын­дар едік. Сон­ды­қтан да Ұлы Абай халы­қа­ра­лық рези­ден­ци­я­сы­ның 2025–2029 жж. арналған бағ­дар­ла­ма­сын, іс-шара ере­же­лерін қазір­ден бастап дай­ын­дау керек.

Уақыт өте Ұлы Абай­дың халы­қа­ра­лық «Руха­ни кла­стеріне» әлі шетел­дер қызы­ға­тын бола­ды, деле­га­ци­я­лар келер, халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар, форум­дар өтер. Келе­шек­те мұн­дай Абай орта­лы­ғын алыс-жақын шетел­дік аза­мат­тар да Ұлы Жібек жолын­дағы Шығы­стың руха­ни білім орта­лы­ғы ретін­де баға­лап, қаты­са­тын болар.

Егер сая­си шеші­мін тап­са, бұл жобаға ғима­рат­тар, сая­жай­лар табы­лар еді. Әр облыс асар жасап, Абай рези­ден­ци­я­сы­на көмек берер еді. Бұл жер­де сол облы­стар­дың бала­ла­ры оқып, әрі халық дема­ла­тын бола­ды. Осы­лай­ша ерте­ден келе жатқан руха­ни, мәде­ни, тари­хи құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды жаңғыр­ту арқы­лы ұлт­тық даму­дың негізі – ұлт­тық рухы­мы­зды асқақта­тар едік.

Ора­за­лы СӘБДЕН,академик

Республиканский еженедельник онлайн