Четверг , 3 июля 2025

БІЗ СОҒЫСТЫ ҚАЛАМАЙМЫЗ !

Бір жұма, он күн­нен бері әле­умет­тік желілер­ді жел­пін­діріп тұрған бір-ақ тақы­рып бар десек бола­ды. Бұл жер­де мен әле­умет­тік желілер­де­гі қазақ тіл­ді кон­тент­тің қызу талқы­сы­на айналған тақы­рып тура­лы айтып отыр­мын. Ол – Ақ үйге Трамп кел­гелі күрт өзгер­ген Укра­и­на мен Ресей ара­сын­дағы қару­лы қақты­ғы­сқа бай­ла­ны­сты пікір­та­ла­стар май­да­ны. Желі қол­да­ну­шы­лар­дың дені, әрине, Путин­нің іс-әре­кетін айып­та­уда. Ол айып­та­у­ларға тоқта­лып жату­дың қажеті жоқ шығар. Былай да бел­гілі ғой: «Путин – агрес­сор, Путин – басқыншы».

2022 жыл­дың ақпан айы­нан бері әлем­дік плат­фор­ма­лар­дың ішін­де оты­рған қазақ тіл­ді жазар­ман­дар: бло­гер­лер, жур­на­ли­стер мұны ашық жаз­ды, ашы­на жаз­ды. Әлі де жазу үстін­де. Путин мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де халқын жап­пай соғы­сқа шақы­рған­да, Қаза­қстан арқы­лы виза алып Еуро­паға, АҚШ-қа, сон­дай-ақ тыныш өмір сүру­ге бола­тын өзге де елдер­ге ұмты­лған қашқын эми­грант­тар­ды да қазақ іші қабыл­дай алма­ды. Гума­ни­стік әдеп­ке бағын­сақ, соғы­стан бас тар­тқан­дар­ды «айна­лай­ын­дар-ай» деп, арқа­дан қағуға бола­тын еді ғой, бірақ 1941 жылы ер-аза­ма­тын тегіс май­данға аттан­ды­рып, қара жамы­лып отыр­са да, Ста­лин депор­та­ци­я­лаған ұлт­тар­ды бауы­ры­на басқан қаза­қтар­дың бүгін­гі ұрпағы Путин­нің соғы­сы­нан жан сауға­лап, жай­лы жер ізде­ген­дер­ді жат көрді.

Әйт­се де бұл жат­сы­ну­ды түсі­ну­ге бола­ды: туған жері­нен еріксіз ауған­дар мен қашқын­дар­дың ара­сы жер мен көк­тей. Алай­да экс-пре­мьер Әли­хан Сма­и­ло­втың үкі­меті қашқын­дарға қолай­лы жағ­дай жаса­уға тыры­сқан. Кей­ін­нен ресей­лік­тер­ге жеңіл­детіл­ген виза беру рәсі­мі, жұмысқа орна­ла­сты­ру, бас­па­на алуға мүм­кін­дік туғы­зу бір­те-бір­те бақы­ла­у­ға көшіп, экс-министр Бағ­дат Мусин­нің қашқын­дар­дың алды­нан нан алып шығуы күл­шелі бала­ның күй­е­леш қал­пын туғы­зып, маза­ққа айналды.

Жә, баста­пқы әңгі­ме­міз­ге ора­лай­ық. Қазір әлем­желі­де екін­ші топ – Трамп­ты және Пут­ин­ді қол­да­у­шы қазақ тіл­ді бло­гер­лер­дің тобы бас көтер­ді. Олар­дың сөзін бақ­сақ, «Зелен­ский – нағыз жауыз. Халқын оққа бай­лап, отқа салған – Зелен­ский». «2022 жылы наурыз айын­да Түр­кия пре­зи­ден­ті Ердоған екі тарап­ты тату­ла­стыр­мақ болып, Анка­ра келісі­міне шақы­рған­да, бей­біт бітім­ге қол қой­ған Зелен­ский Бри­та­ни­я­ның пре­мьері Борис Джон­сон­ның азғы­руы­на еріп, соғы­сқа өзі барып ұрын­ды. Соғы­сты бастаған – Зелен­ский», – дей­ді трамп-путин­шіл бағыт­тағы қазақ бло­гер­лері. Осы­лай дей келіп, олар: «Батыс сая­сат­кер­лері – әлем­ді бүл­діру­шілер, әлем­нің тыны­шын алып, бір­ді-бір­ге айдап салушы­лар, олар­дың жос­па­рын­да Қаза­қстан да бар» деген­ді баса айта­ды. Бұл біз­ге баяғы­дан таныс про­па­ган­да: «Батыс – кәкай, Батыс – бүжай. Батыс – іріп-шіру­ге бет алған әлем. Баты­стан үйре­нетін ештеңе жоқ. Одан да тари­хи көр­ші­міз Ресей­мен әмпей-жәм­пей болып, тыныш өмір сүрей­ік. Ресей­ге сүй­кен­сек, ол бізді бір-ақ күн­де керзі еті­гі­мен теуіп, тап­тап өтеді». 

Осы­ны айтқан­да, неге біз Еуро­па елдерінің Қаза­қстанға толас­сыз инве­сти­ция құй­ып келе жатқа­нын ұмы­та қала­мыз? Неге жаста­ры­мыз Еуро­па­дан ілім-білім үйре­ну­ге құл­шы­нып тұра­ты­нын ескер­мей­міз? Қала бер­ді, Еуро­па­ның біз­ге ғана емес, жал­пы өрке­ни­ет­ке құштар елдер­дің бәріне үлгі болу­дан шар­ша­май­тын қажыр-қай­ра­тын неге баға­ла­май­мыз? Бір ғана кем­шілік – бүгін­гі Еуро­па­да Мар­га­рет Тэт­чер, Жак Ширак сияқты табан­ды көш­бас­шы­лар­дың қата­ры кем. Тап осы­лар­дай бір сөзді, алған беті­нен қайт­пай­тын тұлға­лар тұрған­да, Путин­нің Укра­и­на жеріне баса-көк­теп кіріп, бүлік салуы екіта­лай еді. 

Тағы бір еске сала­тын жайт: Укра­и­на – Ресей қақты­ғы­сы 2022 жылы ақпан айы­ның 24-күні емес, 2014 жылы баста­лып кет­кен. 2014 жылы Путин Қырым­ды алды, бір­тұ­тас Укра­ин мем­ле­кетін бөл­шек­теп, ДХР, ЛХР дей­тін қуыр­шақ мем­ле­кет­тер­ді қол­дан жасап қой­ды да, сол аймақтар­дағы сепа­ра­ти­стер­дің қол­ты­ғы­на су бүр­кіп отыр­ды. Ақы­рын­да солар­дың ойбай-атта­ны­на сүй­еніп, сыл­та­у­лы соғы­сын жари­я­лап жібер­ді. Сол 2014 жылы Ресей тара­пы­нан Қаза­қстанға да сая­си қысым­дар қат­ты бай­қал­ды. «Қазір­гі Қаза­қстан жері – Ресей­дің сый­ға бер­ген жері» деген­ді Дума­ның депу­тат­та­ры бірі­нен кей­ін бірі іліп әкетіп даб­ыр­лап, дауы­стап айта бастаға­нын біз осы күні қалай ғана ұмы­та қал­дық? «Жыр­тық үйдің де Құдайы бар» – сон­дағы екпін­деп кел­ген бәленің беті ауып, Қаза­қстан­да бей­біт өмір жалға­сын тауып кет­ті. Жаңы­лы­спа­сам, сол жылы экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев кеше ғана дүни­е­ден өткен жазу­шы Дулат Иса­бе­ко­вты жеке қабыл­дап, сөз ара­сын­да «туы­сқан екі ел соғы­сып жат­са, олар­да біздің не шару­а­мыз бар?» деп, қара дауыл­дың Қаза­қстан­ды айна­лып кет­кеніне іштей тәу­ба айтып оты­рға­нын аңғартыпты. 

Ресей – біз­ге мүд­делі ел, біз де Ресей­ге мүд­делі­міз. Ал ең басты­сы – мүд­де болған соң, мәң­гілік достық та, қаса­ры­сқан қастық та бола бер­мей­ді. Тек екі жақ өз мүд­десін алға қоюға, басым ету­ге барын сала­ды. Сон­ды­қтан біз, жазар­ман қауым оры­стар­ды жат та кеп жаман­да­уға неме­се жақын тұтып, жан сала қорға­уға асы­қ­паға­ны­мыз абзал. Біз­де мем­ле­кет бар, мем­ле­кет бас­шы­сы бар. Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев – кәсі­би дипло­мат. Ол – дипло­ма­тия аяқталған сәт­те соғыс баста­ла­ты­нын қапы­сыз түсі­нетін сая­сат­кер. Сол себеп­ті ол Қаза­қстан­ның көп­век­тор­лы сая­са­тын аса сақты­қ­пен жан-жақты терең­де­те түсетіні анық. Қаза­қстан­ның арқа сүй­ері, біре­улер айтып жүр­ген­дей, түр­кі халы­қта­ры да, Түр­кия да, ұжым­дық Еуро­па да емес – көп­век­тор­лы сая­са­ты. Гео­эко­но­ми­ка­лық көп­век­тор­лық іс-қимыл­дар да Қаза­қстан­ның бей­біт өмір сал­ты­мен ілгерілей озуы­на ықпал етері даусыз. 

Сөз жоқ, әле­умет­тік желілер плат­фор­ма­сы – еркін пікір­лер мен азат ойлар­дың ашық алаңы. Бұл алаң­да әркім ойын біл­діру­ге қақы­лы және соның өзі қызық. Жоға­ры­дағы екі топ­тың пікір­та­ла­сы­на қарап оты­рып, мына­ны түсі­ну­ге бола­ды: біз соғы­сты қала­май­мыз! Рас, Қаза­қстан­ды Ресей­мен шар­пы­сты­руға шақы­ра­тын пост­тар әлем­желінің оры­стіл­ді кон­тен­тін­де көрініс тауып қала­ды. Және әлгін­дей пост­тар­дың сырт­тан жазы­лып тарай­ты­ны бай­қа­лып та тұра­ды. Мұның атын қазақ – «мысы­қтілеу» дей­ді. Мысы­қтіле­улер­дің қара ниеті – қаза­қтар­дың намысын жаны­ған болып отқа айдау, қару­лы қақты­ғы­старға итер­ме­леу. Менің­ше, «Мұсыл­ман бауыр­ла­ры­мы­зды құтқа­ра­мыз» деп, Сири­яға аттанған әсіредін­шіл­дер­дің ізіне салып, қаза­қтар­ды соғы­сқа тар­ту­дың, Қаза­қстан­ды күй­ре­тудің түбін күңіріне ойлай­тын­дар­дың фейк-ақпа­рат­та­ры­на ел ішін елік­тір­ме­удің бір жолы бар. Ол – ақпа­рат­тық ресур­стар­дың бар­лық сала­сын­да (соның ішін­де әле­умет­тік желілер­де) Қаза­қстан билі­гінің сыр­тқы сая­сат­тағы ұста­ны­мын барын­ша алға шыға­ру және кәсі­би жур­на­ли­стер мен пуб­ли­ци­стер­дің бел­сен­ділі­гін арт­ты­ру, олар­дың қыз­метіне мән беру. Халы­қа­ра­лық сая­сат­тағы Қаза­қстан­ның мүд­десін түсінік­ті тіл­де тал­дап жазып, көп­шілік­ке ұқты­ру. Мұның түп­кілік­ті нәти­же­сі шай­қалған мынау дүни­е­де­гі халы­қтың таным-түсіні­гін пара­сат­ты пай­ы­мға жете­ле­уі әбден мүмкін.

Дәу­рен Қуат Abai.kz

Республиканский еженедельник онлайн