Вторник , 26 августа 2025

НУ-да ҮЛКЕН ШУ ШЫҚТЫ Студенттер қуғын көріп жатқанын мәлімдеді

Назар­ба­ев уни­вер­си­теті­нен шу шықты. Мем­ле­кет­тік аудит оқу орны 73 мил­ли­ард тең­гені «тиім­ді пай­да­лан­ба­ды», бұған қоса 500 млн тең­ге көле­мін­де­гі қар­жы­ға қаты­сты заң бұзы­лған деп отыр. Уни­вер­си­тет­тің бірін­ші пре­зи­ден­ті Шигео Кат­су оқу орны­ның қазір­гі әкім­шілі­гін жемқор­лы­ққа бар­ды деп айып­та­ды. Бас­шы­лы­қтан жау­ап талап еткен сту­дент­тер қуғын көріп жатқа­нын мәлім­деді. «Азаттықтың» Азия редак­ци­я­сы Қаза­қстан­дағы ең озық оқу орнын­да не болып жатқа­нын бажай­лап көрді.

«Бәле ізде­мей жүрің­дер»

«Баста­ры­ңа бәле ізде­мей, тыныш жүрің­дер, бұл сен­дер айна­лы­са­тын мәсе­ле емес!» – 73 мил­ли­ард тең­ге далаға кет­ті деген әңгі­менің жай-жап­са­рын түсін­діруді талап еткен Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің сту­дент­тері осын­дай хабар­ла­ма алға­нын мәлімдеді.

 Оқу орнын­дағы ірі қар­жы­лық заң бұзу­шы­лық жөнін­де 2024 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да мәлім бол­ды. Жоғарғы ауди­тор­лық пала­та (ЖАП) төраға­сы Әли­хан Смай­ы­лов 11 жел­тоқ­сан күні жур­на­ли­стер­ге уни­вер­си­тет­те жүр­гізіл­ген тек­серіс жұмыста­ры­ның нәти­же­сін жариялады.

– Аудит қоры­тындысы бой­ын­ша, дұрыс жос­пар­ла­мау және тиім­ді пай­да­лан­бау сал­да­ры­нан 73 млрд тең­ге (шама­мен 147 млн дол­лар) далаға кет­кенін, бұған қоса 500 млн тең­ге (шама­мен 1 млн дол­лар) қар­жы­лық заң бұзу­шы­лық болға­нын аны­қта­ды, – деді ЖАП бас­шы­сы мәжілісте­гі брифингте.

Смай­ы­ло­втың сөзі­нен уни­вер­си­тет­тің рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке 97 пай­ыз тәу­ел­ді екені, мем­ле­кет­тік сатып алу кон­кур­стан тыс және бір көз­ден өтетіні, уни­вер­си­тет қар­жы есебін тап­сы­ру­дан боса­ты­лға­ны бел­гілі бол­ды. Ол уни­вер­си­тет­ті қол­дау шара­ла­рын «бұрын-соң­ды бол­маған» деп бағалады.

Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің жау­а­бын­да 500 млн тең­ге көле­мін­де­гі қар­жы­лық заң бұзу­шы­лы­қтың ака­де­ми­я­лық және ғылы­ми қыз­мет­ке қаты­сы жоқ екені, ол сту­дент­тер­дің жол ақы­сы­на берілетін өте­мақы мен мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­яға қаты­сты екені айтыл­ды. НУ өкіл­дері ауди­тор­лар 2017 жыл­дан 2023 жылға дей­ін­гі кезеңді, яғни Шигео Кат­су (2010 жыл­дан 2023 жылға дей­ін уни­вер­си­тет пре­зи­ден­ті болған) басқарған уақыт­ты тек­сер­генін айтты.

Екі апта­дан кей­ін желі­де taylorwilliams010819 деген пай­да­ла­ну­шы жазған хат пай­да бол­ды, авто­ры Кат­су деп көр­сетіл­ген. Ол көп­шілік алдын­да хат авто­ры екенін нақты­ла­ма­ды, жоққа да шығарған жоқ. Жаз­ба авто­ры ауди­тор­лық есеп­ті жари­я­ла­уды талап етті.

«Мені біліксіз, жемқор­лы­ққа жол бер­ген деп көр­се­туді көз­де­ген­дей әсер қал­дыр­ды. Сөй­тіп 2023 жылы жұмыстан кет­кенім­ді жуып-шай­ғы­сы кел­ген сияқты», – деп жаза­ды автор.

Жаз­ба­да оқу орны­ның қазір­гі бас­шы­ла­ры­на сын айты­лып, бірқа­тар топ-мене­джер­ді жемқор­лы­ққа бар­ды деп айып­таған. Олар­дың қата­рын­да Аслан Сәрін­жі­пов те бар (2013 жыл­дан 2016 жылға дей­ін­гі Қаза­қстан­ның білім мини­стрі болған). Хат­та Сәрін­жі­по­втің Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің «Әле­умет­тік даму қоры­на» тиесілі 14 млрд тең­гені жеке мақ­са­ты­на жұм­саға­ны көрсетілген.

Жасы­рын қоңы­рау, қорқы­ту, митин­гі­ге рұқ­сат бермеу

«Жау­ап беруді талап ете­міз!», NUAgainstCorruption, «14 000 000 000». Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің сту­дент­тер бір­ле­сті­гі мен клуб­та­ры­ның әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­ла­рын­да осын­дай жаз­ба­лар мен хеш­тег­тер пай­да болды.

Protecting Students Rights баста­ма­сы 2024 жыл­дың аяғын­да НУ-де жемқор­лық болуы мүм­кін деген хабар­дан кей­ін туды. Оның негізін қалаған Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің 2‑курс сту­ден­ті Темір­лан Қаза­қстан­ның жоға­ры оқу орын­да­рын­да сту­дент құқы­ғын бұзу дере­гін аны­қтап, құжат­та­уды мақ­сат тұта­ты­нын айта­ды. Оның ішін­де харас­смент, кем­сіту, сая­си іс-шара­ларға қаты­суға мәж­бүр­ле­умен қатар, уни­вер­си­тет­тер мен сту­дент­тер жатақ­ха­на­сын­да тиісті инфрақұры­лым­ның жоқты­ғы да бар. Деген­мен қазір бел­сен­ділер­дің бар наза­ры қар­жы­лық тар­тыс төңірегінде.

Protecting Students Rights мүше­лері «Жет­піс үш мил­ли­ард тең­ге. NU сту­дент­тері жемқор­лы­ққа қар­сы!» деген жари­я­ла­ным­да оқу орны­нан хат­тағы айып­та­уға жау­ап беруді, ауди­тор­лық есеп­ті толық жари­я­ла­уды, қар­жы­лық заң­сызды­ққа жол бер­ген­дер­ді жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­ды талап етті.

Осы­дан кей­ін Темір­ланға біреу бел­гісіз нөмір­ден қоңы­рау шалыпты.

– Мұн­дай бола­ды деп күт­кен жоқ­пын. Тұтқа­ны көтер­дім. «Бәле ізде­мей, тыныш жүр» деп ескерт­ті де, қоя сал­ды. Нақты бір адам­дар­дың аты-жөнін атай­тын­дай, қолым­да дәлел жоқ. Әйт­се де мұн­дай түсініксіз нәр­се жемқор­лық тура­лы жаз­ба­лар­дан кей­ін бастал­ды, – деді студент.

Айтуы­на қараған­да, басқа сту­дент­тер­ге де осын­дай хабар кел­ген, алай­да олар жур­на­ли­стер­мен сөй­лескісі кел­меді. Темір­лан редак­ция қыз­мет­кер­леріне Telegram желісін­де­гі ано­ним акка­унт­тар­дан уни­вер­си­тет­те­гі жемқор­лық тура­лы айта бастаған сту­дент­тер­ге жіберіл­ді деген хабар­ла­ма­лар­дың скрин­шот­та­рын табыс етті. Онда: «Баста­ры­ңа бәле ізде­мей, тыныш жүрің­дер!» – деп жазылған.

Telegram желісін­де­гі Назар­ба­ев уни­вер­си­теті сту­дент­терінің тыныс-тір­шілі­гі тура­лы жаза­тын NU York Times арна­сы­ның автор­ла­ры «Кат­су­дың хаты» мен оған уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы­ның көзқа­ра­сы тура­лы жан-жақты жаз­ды. Жел­тоқ­сан айы­ның аяғын­да NU York Times админ­дері Telegram арна­ны сату және қоғам­дық жұмыстан бас тар­ту тура­лы ұсы­ныс түс­кенін мәлім­деді. Арна автор­ла­ры мұны «үнін өші­ру» әре­кеті деп баға­лай­ды. Ал қаңтар айын­да арнаға бот­тар шабуыл жасаған. «Мұн­дай­ды әдет­те жағым­сыз жаз­ба­лар жари­я­лай­тын жаңа­лық арна­ла­ры­на жасай­ды», – деп жаз­ды паб­лик. NU York Times арна­сы­ның админ­дері де сұх­бат беру­ге құлық танытпады.

«Азатты­қтың» Азия редак­ци­я­сы Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің пре­зи­ден­ті Вакар Ахмад пен вице-пре­зи­дент Аслан Сәрін­жі­пов­ке сұрау жол­да­ды. Сұрақтар­дың бір пара­сы қар­жы­лық заң­сыздық жөнін­де еді. Редак­ция оқу орны бас­шы­лы­ғы­нан 73,5 млрд тең­генің қай­да және қалай жұм­салға­ны тура­лы ақпа­рат, «14 млрд тең­гені ием­деніп кет­ті» деген айып­та­уға бай­ла­ны­сты пікір сұра­ды. Сту­дент­тер­ге қысым жаса­лып жатыр деген ақпа­ратқа қаты­сты екі сұрақ бол­ды. Редак­ция ешкім­нің аты-жөнін кел­тір­меді және сту­дент­тер тура­лы ешқан­дай жеке ақпа­рат беруді өтін­ген жоқ. Жур­на­ли­стер менедж­мент­тен қорқы­ту тура­лы мәлім­де­ме­лер­ге де пікір біл­діруді сұрады.

Біз­ге бер­ген жау­а­бын­да уни­вер­си­тет алдын­да жари­я­ланған бас­пасөз релизін жол­даған және 73 млрд тең­генің жұм­са­луы жөнін­де ешқан­дай қосым­ша ақпа­рат бер­ме­ген. НУ «Кат­су­дың хатын» «жау­ап­кер­шілік­ті басқа­ларға жабу әре­кеті» деп атады.

Уни­вер­си­тет жау­а­бын­да Кат­су басқа­ра­тын аме­ри­ка­лық New Generation Foundation стар­та­бын сотқа беріп, Қаза­қстанға 50 млрд тең­гені қай­та­ру­ды талап еткені көр­сетіл­ген. Соны­мен бір­ге уни­вер­си­тет Кат­су­дың жеке өзіне HeartStitch стар­та­бы­на жұм­саған 15 млрд тең­гені қай­та­ру жөнін­де сотқа талап әзір­леп жатқа­нын жет­кіз­ген. Талап­тың жай-жап­са­рын ашып көрсетпеген.

НУ бас­шы­ла­ры әкім­шілік­ке сту­дент­тер тара­пы­нан қорқы­тып-үркіту тура­лы шағым бол­маға­нын айт­ты. «Ал аза­мат­тық бел­сен­ді, түр­лі қоғам­дық баста­ма­ның, соның ішін­де queer.kz жетек­шісі Темір­ланға кел­сек, қазір­гі кез­де оның уни­вер­си­тет­те оқы­май­ты­нын, ака­де­ми­я­лық дема­лы­ста екенін хабар­лай­мыз» деген. Сту­дент­тің онлайн жоба­ла­ры тура­лы ақпа­рат­тың қорқы­тып-үркіту тура­лы хабарға қан­дай қаты­сы барын түсіндірмеген.

Мұны­мен бір мез­гіл­де қаза­қстан­дық ақпа­рат құрал­да­ры­ның бірінің telegram-арна­сын­да Темір­лан­ның ЛГБТИК+ қата­рын­да екені тура­лы ақпа­рат пай­да бол­ды. Сту­дент мұны қуда­лау және ақпа­рат­тық шабуыл деп бағалайды.

19 жел­тоқ­сан­нан бастап Темір­лан бастаған бір топ сту­дент Аста­на­да сту­дент­тер­дің құқы­ғын қорғау мақ­са­тын­да митинг өткізу­ге тоғыз рет тал­пы­нға­ны­мен, қала әкім­ді­гі рұқ­сат бер­мей қой­ған. Бел­сен­ді акци­я­ны әртүр­лі күн­дері және осын­дай акци­я­лар өткізу­ге арналған орын­дар­да өткізу­ге әкім­дік­тің келісі­мін сұраған, алай­да бар­лы­ғын­да «ол күні қоғам­дық іс-шара өткі­зу жос­пар­ланған» деген жау­ап келген.

– Хабар­ла­ма­да халы­қты сапа­лы білім­нің маңы­зы тура­лы хабар­дар ету, уни­вер­си­тет­те қауіп­сіз кеңістік құру мақ­са­тын көз­дей­тіні­мізді жаз­дық. Мей­лін­ше жұм­сақтау естілетін­дік­тен, митин­гінің мақ­са­тын осы­лай деп көр­сет­тім. Жолы­мыз болар, рұқ­сат берер деп ойла­дым. Бәрібір рұқ­сат бер­ген жоқ.

«Кат­су­дың хаты – жеке пікір»

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та қар­жы­ны тиім­ді пай­да­лан­бау тура­лы айтқан­да, 25 млрд тең­ге­ге жуық мақ­сат­ты қар­жы­ны екін­ші дәре­желі банк­тер­ге депо­зит­ке салу, 18 млрд тең­генің инве­сти­ци­я­лық жоба­сын тоқта­ту дере­гі болға­нын, соны­мен қатар 30 млрд тең­ге «ұйым­ның жарғы­лық мақ­са­ты­на жұм­сал­маға­нын» жеткізді.

Ауди­тор­лар­дың дере­гі бой­ын­ша, Назар­ба­ев уни­вер­си­тетін­де басқа да жайт­тар­мен қатар мем­ле­кет­тік білім беру­ге тап­сы­рыс сома­сын көте­ру нәти­же­сін­де 435,2 млн тең­ге (шама­мен 880 мың дол­лар), қай­та­ры­ла­тын қар­жы­лық көмек көр­се­ту­ге – 60 млн тең­ге (шама­мен 121 мың дол­лар), бағы­ны­шты ұйым­дарға 19,6 млн тең­ге (шама­мен 40 мың дол­лар) заң­сыз жұм­салған. Меке­ме уни­вер­си­тет 295 млн тең­гені (595 мың дол­лар) қазы­наға қай­тарға­нын хабарлады.

ЖАП қыз­мет­тік ақпа­рат­ты тара­ту ере­же­сіне сүй­еніп, басқа нақты­рақ мәлі­мет бер­ген жоқ.

«Уни­вер­си­тет­тің бұры­нғы пре­зи­ден­ті Шигео Кат­су­дың хаты­на кел­сек, ол мем­ле­кет­тік орган­ның пікір біл­діруін қажет етпей­тін жеке пікір», – деп мәлім­деді аудиторлар.

Редак­ция ғылым және жоға­ры білім мини­стр­лі­гі­нен Назар­ба­ев уни­вер­си­теті ашы­лған 2010 жыл­дан бастап оны қар­жы­лан­ды­руға қан­ша ақша жұм­салға­нын, соның ішін­де елде­гі бар­лық жоға­ры оқу орын­да­ры­на бөлі­нетін рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қар­жы­сы­ның қан­ша­сы НУ-ге жұм­салға­нын, соны­мен бір­ге Назар­ба­ев уни­вер­си­тетіне қар­жы­ның 97 пай­ы­зы әлі күн­ге дей­ін неге рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен алы­на­ты­нын сұрады.

Мини­стр­лік құрғақ сан­дар­ды кел­тіру­мен шек­тел­ді. Қолы­мы­здағы мәлі­мет­ке сүй­ен­сек, 2022 жылы 42,8 млрд тең­ге (қазір­гі бағам­мен шама­мен 86 млн дол­лар) жұм­салған, 2023 және 2024 жыл­да­ры 42,5 млрд тең­ге бөлін­се, 2025 жылғы шығын­дарға 43,7 млрд тең­ге (шама­мен 88 млн дол­лар) жос­пар­ланған. Мини­стр­лік Назар­ба­ев уни­вер­си­теті қар­жы-эко­но­ми­ка­лық басқа­ру және шешім қабыл­да­уда дер­бес және тәу­ел­сіз ұйым екенін де еске салды.

Сту­дент­тер­ді қорқы­тып-үркіту­ге қаты­сты мини­стр­лік­те­гілер ештеңе біл­мей­тін болып шықты. Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік пен Бас про­ку­ра­ту­ра Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің қыз­мет­кер­леріне қаты­сты қыл­мыстық іс пен тек­се­ру жүріп жатқан жоқ деп хабарлады.

«Кісі қызы­ға­тын мигранттар»

Эко­но­мист, «Талап» іргелі зерт­те­улер орта­лы­ғы­ның өкілі Рақым Ошақ­ба­ев Назар­ба­ев уни­вер­си­тетін дамы­туға жұм­салған бюд­жет қар­жы­сы әлі күн­ге дей­ін ойлаған­дай нәти­же бер­ген жоқ деп есептейді.

– Эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан қара­сақ, он жыл­да 500 млрд тең­ге­ден астам инве­сти­ция сал­дық, 9000 түлек лай­ы­қты білім алып шықты. Алай­да олар­дың 40 пай­ы­зға жуы­ғы әрі қарай білі­мін жалға­сты­ру үшін сыр­тқа кет­ті. Кей­біре­уінің оқы­ған маман­ды­ғы­на, менің ойым­ша, Қаза­қстан­да сұра­ныс жоқ. Мәсе­лен, біз­де ядро­лық қауіп­сіздік бой­ын­ша оқып шыққан маман­дарға жұмыс бар деп ойла­май­мын. Уни­вер­си­тет түлек­терінің айтар­лы­қтай бөлі­гі диплом алған­нан кей­ін ғылым мен білім сала­сы­на кет­ті, эко­но­ми­ка­ның нақты сек­то­ры­на кел­ген жоқ, – деді ол.

Ошақ­ба­ев Назар­ба­ев уни­вер­си­теті он жыл­да «уни­вер­си­тет­тің үшін­ші мис­си­я­сын», яғни қоғам­ның дамуы­на үлес қосу деген мис­си­я­ны орын­даған жоқ деген пікірде.

– Эко­но­ми­ка, бюд­жет пен салық, моне­тар­лық сая­сат сала­сын­да жақ­сы эко­но­мет­ри­стер бар екенін біле­мін. Бірақ солар­дың тең­ге баға­мы, база­лық мөл­шер­ле­ме, салық мөл­шер­ле­месі тура­лы қан­дай да бір ұсы­ныс-пікір айтқа­нын естіп пе едіңіз? Ондай­ды есті­ген жоқ­пын. Сон­ды­қтан жүз­де­ген мил­ли­ард тең­ге­ге «кісі қызы­ға­тын мигрант­тар», демек, озық білім алған, бәсе­ке­ге қабілет­ті, шетел­де сұра­ны­сқа ие маман­дар дай­ын­да­дық па деген қорқы­ны­шым бар. Ал ел эко­но­ми­ка­сы­на пай­да­сы жұм­салған бюд­жет қар­жы­сы­ның шире­гіне де жуымайды.

 Эко­но­мист жоға­ры оқу орнын­дағы кей­ін­гі болып жатқан дау-дамай, бұры­нғы және қазір­гі топ-мене­джер­лер­дің бір-бірін айып­та­уы алды­ңғы қатар­лы уни­вер­си­тет­ке лай­ық емес деп есептейді.

– Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің мыса­лы нені көр­се­те­ді? Бюд­жеті үлкен кез кел­ген меке­ме­де тай­та­лас пен интри­га бол­май тұр­май­ды. Менің ойым­ша, бірін­ші бас­шы­лық та, қазір­гі менедж­мент те алды­мы­зда тұрған күр­делі мін­дет­тер­ге орай алды­ңғы қатар­лы уни­вер­си­тет­ті жетіл­діретін көзқа­рас ұсы­нған жоқ. «Бар жақ­сы­ны жап­сы­рған» уни­вер­си­тет­ті түр­лі сала­да өзек­ті мәсе­ле­лер­ді шешу көзіне қалай айнал­ды­руға бола­ты­нын көрсетпеді.

Назар­ба­ев уни­вер­си­теті табысты зерт­теу жүр­гізіп, ғылы­ми жаңа­лық ашқа­нын тұрақты түр­де жари­я­лай­ды. Мәсе­лен, 2025 жылғы 4 ақпан­да Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің UMC меди­ци­на орта­лы­ғы жүзін­ші донор жүре­гіне транс­план­та­ция жасаға­нын хабар­ла­ды. Ол ағза ауы­сты­ру­ды төрт жыл күт­кен 54 жастағы алма­ты­лық аза­матқа салы­нған. Орта­лы­қта мұн­дай опе­ра­ци­я­ның алға­шқы­сы 2012 жылы жасалған. Науқас «аман-сау, бел­сен­ді өмір сүріп жатыр» деседі.

НУ база­сын­да 2019 жылы ашы­лған ISSAI ақыл­ды жүй­е­лер мен жасан­ды интел­лект инсти­ту­ты қаза­қстан­дық Soyle App аудар­ма­шы­сын таны­стыр­ды. Бұл өнім әп-сәт­те қазақ, орыс, ағы­л­шын, түрік тілі­нен және керісін­ше аудар­ма жасай­ды, аудар­ма­ның сапа­сы Google Translate, Yandex Translate және GPT‑4 сер­ви­стері­нен кем емес деп айтылды.

НУ про­фес­со­ры Дос Сар­ба­сов қатер­лі ісік­ке қар­сы дәрі жасап жатыр. Про­фес­сор кли­ни­ка­лық сынақ кезін­де қаты­су­шы­лар­дың ісі­гі өспе­генін, ал бір науқа­стың ісі­гі 30 пай­ы­зға қысқарға­нын айт­ты.

2022 жылы оқу орны түлек­терінің 70 пай­ы­здан аста­мы «Теңіз­шев­ройл», Ұлт­тық банк, «Самұрық-Қазы­на», басқа да ауди­тор­лық және кон­сал­тинг ком­па­ни­я­ла­рын­да жұмыс істей­ді деп есеп бер­ді. Сту­дент­тер­дің 22 пай­ы­зы оқуын маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­ра­да жалға­стыр­са, 8 пай­ы­зы уақыт­ша үзіліс алған неме­се декрет­тік дема­лы­сқа кет­кен. Тек 8 пай­ы­зы ғана шетел­де Apple, Google, Microsoft, Amazon, Facebook, BMW сияқты ком­па­ни­я­лар­да жұмыс істей­ді екен.

Озық бол­са да, сын көп

Аста­на­дан «халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі озық уни­вер­си­тет» ашу тура­лы иде­я­ны Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 2006 жылы айт­ты. 2009 жылы Үкі­мет «Аста­на­ның жаңа уни­вер­си­теті» ком­мер­ци­я­лық емес акци­о­нер­лік қоға­мын құру тура­лы қау­лы жари­я­ла­ды. 2010 жыл­дың мау­сым айын­да оқу орны­ның ата­уын Назар­ба­ев уни­вер­си­теті деп өзгер­тіп, уни­вер­си­тет алға­шқы сту­дент­терін қабыл­да­ды. Сол кез­де­гі пре­зи­ден­ті Аслан Сәрін­жі­пов болды.

2010 жыл­дың қара­ша айын­да оның орны­на Дүни­е­жүзілік банк­тің Еуро­па мен Орта­лық Азия аймағы бой­ын­ша вице-пре­зи­ден­ті қыз­метін атқарған Шигео Кат­су кел­ді. Кат­су бұл қыз­мет­тен 2023 жыл­дың мау­сым айын­да кетті.

Назар­ба­ев уни­вер­си­тетін­де оқу тілі – ағы­л­шын тілі. Оқу орны әлем­нің жетек­ші уни­вер­си­тет­тері­мен әріп­те­стік бай­ла­ныс орнатқан. Қазір ол Орта­лық Азия мен Кав­каз аймағын­дағы үздік уни­вер­си­тет ретін­де мой­ын­далған, ТМД елдерінің оқу орын­да­ры ара­сын­да бесін­ші орын­да, әлем­де­гі оқу орын­да­ры­ның Times Higher Education рей­тин­гінің нұсқа­сы бой­ын­ша, үздік халы­қа­ра­лық зерт­теу уни­вер­си­тет­тері ара­сын­да 30 пай­ы­зға кіреді.

Гран­тқа түсу үшін IELTS сынағы­нан кемін­де 6.0 алу керек. Назар­ба­ев уни­вер­си­тетін­де­гі оқу ақы­сы жылы­на 5,8 млн тең­ге (12 мың дол­ларға жуық). 2024 жыл­дың аяғын­да оқу орны бірін­ші рет ақы­лы негіз­де оқу шар­ты­ның жеңіл­детіл­генін хабар­ла­ды. Енді IELTS сынағы­нан 5.5 балл алып, Ұлт­тық біры­ңғай тестіле­уде 140 балл­дан 75 жинау жет­кілік­ті. Бұрын НУ ҰБТ нәти­же­сіне мүл­дем қарамайтын.

Forbes.kz жазуын­ша, Назар­ба­ев уни­вер­си­теті жыл сай­ын бака­лавр­да сту­дент оқы­туға бөлі­нетін бюд­жет қар­жы­сы­ның сома­сы жөні­нен алды­ңғы орын­нан түс­пей­ді. Бака­лавр­да оқи­тын бір сту­дент­ке орта есеп­пен 6,5 млн тең­ге (шама­мен 13 мың дол­лар) бөлі­неді. Одан кей­ін­гі орын­да Аста­на­дағы Л.Н.Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­теті (ЕҰУ) тұр, мұн­да грант құны жеті есе арзан – 920 мың тең­ге (1900 дол­лар шама­сын­да). 2023–2024 оқу жылын­да НУ мем­ле­кет­тік грант есебі­нен 12 млрд тең­ге (шама­мен 24 млн дол­лар) пай­да көр­ген Сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, бұл алды­ңғы жыл­дан 5 пай­ыз артық. Forbes.kz нұсқа­сын­да екін­ші орын­да мем­ле­кет­тен 5 млрд тең­ге (10 млн дол­ларға жуық) ала­тын ЕҰУ тұр.

Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бөлі­нетін қар­жы­дан бөлек, Назар­ба­ев уни­вер­си­тетіне ұйы­мға мәде­ни және әле­умет­тік қол­дау көр­се­тетін энда­у­мент қор­лар да қар­жы береді. Олар инве­сти­ция салып, тапқан табысын инсти­тут­тар­ды қол­да­уға жұм­сай­ды. Солар­дың бірі – «Назар­ба­ев қоры». Бұл қор OCCRP, Kloop және «Власть» жур­на­ли­стерінің бір­лес­кен зерт­те­уін­де Назар­ба­ев­тың активі ретін­де ата­ла­ды. Қор табысы тура­лы жария есеп бер­мей­ді, зерт­те­ушілер­дің айтуын­ша, оның активін елдің экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзі басқарады.

Қазір уни­вер­си­тет­те 7500 сту­дент білім алып жатыр. оқы­ту­шы­лар құра­мы­ның 70 пай­ы­зға жуы­ғы – әлем­нің 58 елі­нен кел­ген шетел­дік мамандар.

Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің бұры­нғы оқы­ту­шы­сы Сал­та­нат Жане­но­ва 2024 жылы «Власть» басы­лы­мын­дағы баға­нын­да қаза­қстан­дық оқы­ту­шы­лар­ды кем­сіту барын жария етті. Оның айтуын­ша, отан­дық маман­дар шетел­дік про­фес­сор­лар­дан 2–3 есе аз айлық ала­ды. Сырт­тан кел­ген­дер­ге әле­умет­тік қыз­мет пакеті бар, оған жылы­на екі рет отба­сы­ның бүкіл мүше­сіне еліне барып-келу билеті; бала­ла­ры­ның оқу ақы­сы (әр балаға жылы­на 5000 дол­лар); меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру; сал­та­нат­ты тұрғын үй кешен­дерін­де тегін тұру кіреді. Жане­но­ва қыз­мет­те өсу және сый­ақы алу жағы­нан да шетел­дік қыз­мет­кер­лер­ге басым­дық берілетінін, соның сал­да­ры­нан қаза­қстан­дық маман­дар елден кетіп қалға­нын жазды.

«Елде­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай мәз емес, ал шетел­дік менедж­мент пен басқа елдер­ден келетін қыз­мет­кер­лер қаза­қстан­дық салық төле­ушілер­дің есебі­нен сән-сал­та­нат­ты өмір сүреді», – деп жазыл­ды мақалада.

«Азаттық.кз»

Республиканский еженедельник онлайн