Четверг , 3 июля 2025

Заңсыздыққа жол бергендер ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛСЫН!

Алма­ты­да «AMANAT» пар­ти­я­сы жанын­дағы Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл жөнін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық кеңе­стің кезек­ті оты­ры­сы өтті. Жиын бары­сын­да Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­тетінің актив­терін мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ру мәсе­лесі талқы­лан­ды, деп хабар­лай­ды Almaty.tv.

Іс-шараға Кеңес мүше­лері, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың өкіл­дер­ді, жоға­ры оқу орны­ның про­фес­сор-оқы­ту­шы­лар құра­мы, қоғам бел­сен­ділері және өңір­де­гі аза­мат­тар қатысты.

Сөз басын­да Кеңес төраға­сы, Мәжіліс депу­та­ты Ерлан Саи­ров әділ­дік­ті қал­пы­на кел­тіріп, сыбай­лас жемқор­лық әре­кетіне қаты­сы бар аза­мат­тар­ды жау­а­пқа тар­ту қажет екенін жеткізді.

«Екі мыңын­шы жыл­дар­дың басын­да Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­тетін­де мем­ле­кет­тің және осы оқу орда­сы­ның мен­ші­гі талан-тара­жға түсті. Атап айтқан­да, уни­вер­си­тет­тің 3 жатақ­ха­на­сы, 5 лабо­ра­то­ри­я­лық ірі ныса­ны және 6 гек­тар жері бел­гісіз бір себеп­тер­мен жеке адам­дар­дың қолы­на өтіп кет­ті. Мұның артын­да сыбай­лас жемқор­лық әре­кеті тұрға­ны анық. Бүгін­де «AMANAT» пар­ти­я­сы­ның атса­лы­суы­мен Бас про­ку­ра­ту­ра­ның және Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің қыз­мет­кер­лері осы мәсе­ле­мен айна­лы­сып жатыр. Әрине, осы жыл­дар ара­лы­ғын­да мен­шік­тер екін­ші, үшін­ші, төр­тін­ші қолға өтіп кет­ті. Соған қара­ма­стан, әділ­дік қал­пы­на келуі керек. Бала­ла­ры­мы­здың аузы­нан жырып алы­нған бар­лық ыры­зды­қты қай­та­руы­мыз қажет. Бұған жол бер­ген аза­мат­тар құқы­қтық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луға тиіс», – деді Ерлан Саиров.

Өз кезе­гін­де Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің Сотқа дей­ін­гі тер­геу қыз­меті бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Қуан­дық Рашит уни­вер­си­тет нысан­да­рын жеке қолға беру­ге қаты­сты заң бұзу­шы­лық фак­тілеріне тоқталды. 

«Агент­тік был­тыр­дан бері осы оқу орда­сы­ның мүлік­терін жеке тұлға­ларға сату деректері бой­ын­ша тер­геу амал­да­рын жүр­гізіп келеді. Қазір­гі уақыт­та тиісті сарап­та­ма­лар жаса­лу­да. Құзы­рет­ті орган­дар­дың маман­да­ры­мен бір­ге аталған мен­шік­тер жеке тұлға­ларға қан­дай жол­мен беріліп, нен­дей заң бұзу­шы­лық жасалға­ны тек­серіліп жатыр. Осы фак­тілер бой­ын­ша тер­геу амал­да­ры қолға алын­ды. Бұдан басқа да нысан­дарға қаты­сты тер­геу жүр­гізілу­де», – деді Қуан­дық Рашит.

Бұл рет­те Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­теті рек­то­ры­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Пірі­мқұл Ибра­ги­мов аталған білім орда­сы тер­геу амал­да­рын жүр­гізу­ге жан-жақты атса­лы­сып жатқа­нын жеткізді.

«Өздеріңіз­ге мәлім, елі­міз­де 120-ға жуық жоға­ры оқу орны бар. Соның ішін­де ұлт­тық дәре­же­де­гі сана­у­лы білім орда­сы­ның бірі – осы Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­теті. Бұл уни­вер­си­тет­тің 96 жыл­дық тарихы бар екенін де білесіз­дер. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­на қажет маман­дар даяр­лай­тын бір­ден-бір білім орда­сы да осы. Аграр­лық сала­дағы білім мен ғылым­ның көш­бас­шы­сы­мыз. Соған қара­ма­стан, бір кез­дері уни­вер­си­тет қабы­рға­сын­да сыбай­лас жемқор­лық фак­тілері орын алды. Құзыр­лы орган­дар оның анық-қаны­ғын әлі де зерт­теп, зер­де­леп жатыр. Ал тер­геу амал­да­рын жүр­гізу­ге қажет бар­лық мате­ри­ал уни­вер­си­тет тара­пы­нан толық қам­та­ма­сыз етіл­ді. Ең басты­сы – Әділет­ті Қаза­қстан­да әділет­ті уни­вер­си­тет құруы­мыз керек», – деді Пірі­мқұл Ибрагимов. 

Ал Алма­ты қала­сы­ның басқар­ма про­ку­ро­ры Азат Тұрған­бек аталған білім орда­сын­дағы заң­сыз әре­кет­тер­ді аны­қтау жұмысы­на тоқталды.

«Кей­ін­гі екі жыл­да Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­тетінің актив­терін мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ру бағы­тын­да қарқын­ды жұмыс жүр­гізіліп жатыр. Яғни, 2023 жылы Бас про­ку­ра­ту­ра­ның тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес, Алма­ты қала­сы­ның про­ку­ра­ту­ра­сы осы уни­вер­си­тет­те тек­се­ру жүр­гіз­ген бола­тын. Соның нәти­же­сін­де осы білім орда­сы­на тиесілі жыл­жы­май­тын мүлік­тер­ді заң­сыз иелік­тен шыға­ру фак­тілері аны­қтал­ды. Біз бұл фак­тіні арнайы есеп­ке алу кітап­ша­сы­на тір­кедік. Кей­ін осы іс бой­ын­ша ары қарай тек­серіс жүр­гізіліп, про­це­стік шешім қабыл­дау үшін құжат­тар Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің Алма­ты қала­сы бой­ын­ша депар­та­мен­тіне жол­дан­ды. Бүгін­де «Билiк­тi неме­се лау­а­зым­дық өкiлет­тiк­тер­ді асы­ра пай­да­ла­ну» бабы бой­ын­ша іс қозға­лып, тер­геу амал­да­ры жүр­гізілу­де. Тиісін­ше, осы істің бүге-шігесі аны­қта­лып, нақты тәр­тіп­тік шешім қабыл­да­на­ды», – деді Азат Тұрғанбек.

Осы орай­да Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­теті «Агро­но­мия, селек­ция, био­тех­но­ло­гия» кафед­рас­ы­ның про­фес­со­ры Тастан­бек Атақұ­лов бір кез­дері аталған білім орда­сын­да орын алған заң­сызды­қтар­ды айтты. 

«1967 жылы осы білім орда­сы­ның қабы­рға­сын алғаш сту­дент болып аттаған едім. Сол уақыт­тан бері бұл қара шаңы­рақтан бір елі де ажы­раған жоқ­пын. Табан аудар­май азды-көп­ті 58 жыл еңбек етіп келе­мін. Бүгін айты­лып жатқан бар­лық заң­сыз әре­кет көз алдым­да жасал­ды. Бәрін біле­мін. Алай­да біз­бен ешкім ақыл­да­сып жатқан жоқ. Қол­дан келер қай­ран бол­ма­ды. Бір­тін­деп оқу кор­пу­сы­мы­здан да, жатақ­ха­на­мы­здан да айы­ры­ла баста­дық. Жеке адам­дар­дың еншісін­де кет­ті. Бір кез­дері Сәт­ба­ев, Фур­ма­нов (қазір­гі Назар­ба­ев), Абай, Кра­си­на (қазір­гі Уәли­ха­нов) көше­лері қиы­лы­са­тын тұстағы шар­шы жер толық Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­тетіне тиесілі еді. Бір емес, екі бір­дей дене шыны­қты­ру залы­мыз бол­ды. Соның бәрі бір­тін­деп жеке адам­дар­дың иелі­гіне өту­де», – деді Тастан­бек Атақұлов.

Жиын­ды қоры­тын­ды­лай келе, Кеңес төраға­сы Ерлан Саи­ров бір кез­дері білім орда­сы­на тиесілі болған жыл­жы­май­тын мүлік­тер­ді мін­дет­ті түр­де қай­та­ру қажет екенін жет­кізді. Бұл бағыт­тағы жұмыс алдағы уақыт­та да жалға­сын таба береді.

Еңлік МҰРАТҚЫЗЫ

Республиканский еженедельник онлайн