Пятница , 23 мая 2025

ҰЛТ ҰРАНЫМІРЖАҚЫПТЫ ҰЛЫҚТАУ БАСТАЛДЫ

ҚР Ұлт­тық музей­ін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің қол­да­уы­мен Мір­жақып Дулатұлы­ның 140 жыл­ды­ғы­на орай «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты фото және архив­тік құжат­тар көр­месі мен дөң­ге­лек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара алды­мен дөң­ге­лек үстел­мен бастал­ды. Келелі кез­де­су­ге бел­гілі ала­шта­ну­шы ғалым­дар, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері, ақын­ның туы­ста­ры, Қоста­най облы­сы­нан кел­ген деле­га­ция, сон­дай-ақ Аста­на қала­сын­дағы М. Дулатұ­лы атын­дағы №68 мек­теп­тің мұғалім­дері мен оқу­шы­ла­ры қатысты.

Дөң­ге­лек үстел­де Қоста­най облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Арман Әбе­нов мерей­той аясын­да облыс көле­мін­де Алаш ары­сы­ның елге сіңір­ген еңбе­гін дәріп­теу және мұра­сын халы­ққа кеңі­нен наси­хат­тау мақ­са­тын­да 140 іс-шара ұйым­да­сты­ры­ла­ты­нын мәлімдеді.

Қаты­су­шы­лар Мір­жақып Дулатұлы­ның ағар­ту­шы­лық және мәде­ни қыз­метін тал­дап, оның тари­хи сана­ны жаңғыр­туға қосқан үлесі мен ғылы­ми ізденістері тура­лы баян­да­ды. Алаш ары­сы­ның жиені Ерлан Саты­бал­ди­ев мір­жақып­та­ну­дағы мәсе­ле­лер төңіре­гін­де ой қозғап, жас Мір­жақып­тың татар отба­сын­да түс­кен бір фото­су­ретінің тарихын тарқатты.

Әде­би­ет­та­ну­шы ғалым Айгүл Ісі­мақо­ва алаш зия­лы­сы­ның тари­хи сана­ны көте­ру­де­гі қыз­метін тоқта­лып, атақты Абы­лай хан жай­лы мақа­ла­ла­рын, деректі жаз­ба­ла­ры­ның құн­ды­лы­ғы­на тоқталды.

Көр­менің ашы­лу сал­та­на­тын­да сөз алған қоғам қай­рат­кер­лері және тарих­шы ғалым­дар (Н. Жүсіп, Б. Аққо­жи­на, Е. Әбіл, Қ. Иса, Б. Бей­сенға­ли­ев, А. Әбе­нов, З. Қабыл­ди­нов, т.б.) М. Дулатұлы­ның қазақ тарихын­дағы рөлін, Алаш қозға­лы­сы­на бел­сен­ді қаты­суын, сон­дай-ақ ұлт тәу­ел­сізді­гі мен ұлт­тық сана-сезім­ді дамы­туға қосқан үлесін жан-жақты талқы­ла­ды. Соны­мен қатар, оның тари­хи көзқа­рас­та­ры мен сая­си күресінің қазақ халқы­ның бола­шағы үшін маңы­зды­лы­ғын ерекше атап өтті. Бел­гілі жазу­шы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері Төлен Әбдік Алаш қозға­лы­сы­ның тари­хи маңы­зы, оған Ахаң мен Жақаң атанған қос тұлға­ның сіңір­ген еңбе­гін жет­кізді. Мір­жақып­тың «Қай­да едің?» атты өлеңінің өзек­тілі­гі жой­ы­лған жоқ деді.

Ұлт­тық музей мен Торғай Жан­гел­дин мұра­жай­лар кешені бір­лесіп ұйым­да­сты­рған көр­ме көп­шілік­ке таны­сты­ры­лып, есі­гі айқа­ра ашыл­ды. М. Дулатұлы­ның отба­сы­на қаты­сты жәді­гер­лер алғаш рет жұрт­шы­лық наза­ры­на ұсы­ны­лған бұл көр­ме 17 сәуір­ге дей­ін жұмыс істейді.

– Бүгін­гі көр­ме­ге 130 жәді­гер алып келіп отыр­мыз. Фото құжат­та­ры бар. Мір­жақып ата­мы­здың тұты­нған затта­ры бар. Оны біз­ге тап­сы­ру­шы Ала­штың кей­у­а­на­сы деп айта­мыз Мір­жақып­тың қызы Гүл­нар апа­мыз бола­тын. Ол кісі Ғай­ни­жа­мал апа­ның төр­кіні­нен кел­ген жиһаз­дар­ды біз­ге сый­ға тар­тқан бола­тын. Оның ішін­де мен Торғай­дан алып келе алмаған бір­не­ше жәді­гер­лерім бар. Соның бірі – 14-ші жылы неке қиған­нан кей­ін Ғаи­ни­жа­мал­дың төр­кінін кел­ген ас сто­лы бола­тын. Гүл­нар апа­ның сөзін­ше 200-ге жуық ұлт зия­лы­ла­ры сол ас үстелін­де дастар­хандас болып­ты – деді Жан­гел­дин мұра­жай­лар кешенінің бас­шы­сы Гүл­ба­ну Сәрсекей.

Ең қызы­ғы, Жақаң шаңы­рағын­да болып, ас сто­лы­нан дәм татқан қазақ аза­мат­та­ры­ның тізі­мі де ілінген.

Көр­ме­де ХХ ғасыр­дың басын­да қазақ халқы­на «Оян, қазақ!» деп үн қатқан Мір­жақып Дулатұлы­ның жеке затта­ры, оның жары Ғай­ни­жа­мал мен бала­ла­ры Әлі­бек пен Гүл­нәр­дің жеке бұй­ым­да­ры, сон­дай-ақ отба­сы пай­да­ланған тұр­мыстық заттар мен 100-ден астам сирек фото­су­рет қойылған.

Біздің наза­ры­мы­зға түс­кені, алаш тұлға­сы­ның әйгілі тай­жақы­сы, жол­са­пар­да ұстай­тын қор­жы­ны, қабірі­нен алы­нған топы­рақ, өмірінің соңғы жыл­да­рын­да өз қолы­мен тік­кен тақи­я­сы, фотоқор­ша­уы және қара темір­ден жаса­лып қызыл­дар таң­ба­сы мен ай бел­гісі қой­ы­лған құлпытасы.

Көр­ме­де сурет­ші, Қаза­қстан Сурет­шілер одағы­ның мүше­сі Алмас Сырға­бай­дың иллю­стра­ци­я­лық туын­ды­ла­ры да орын алды. Ол Алаш қозға­лы­сы­ның көр­нек­ті қай­рат­кер­лерін бей­не­леп, әрқай­сысы­на тари­хи мәні зор ата­у­лар бер­ген: Әли­хан Бөкей­ханды – «Ұлт көсе­мі», Ахмет Бай­тұр­сы­нұлын – «Ұлт ұста­зы», ал Мір­жақып Дулатұлын – «Ұлт ұра­ны» деп сипаттаған. Бұл шығар­ма­лар Алаш ары­ста­ры­ның қазақ тарихын­дағы ерекше орнын айқын­дап, олар­дың ел мен ұлт үшін атқарған қыз­метін бей­нелі түр­де жеткізеді.

Мір­жақып Дулатұлы­ның жеке затта­ры – қазақ халқы­ның руха­ни және тари­хи мұра­сы­ның баға жет­пес құн­ды­лы­қта­ры. Олар ұлт азатты­ғы үшін күрес­кен қай­рат­кер­дің өмірі­нен сыр шер­тетін жәді­гер­лер ғана емес, соны­мен қатар оның тағ­ды­рын, ой-сана­сын, тұр­мысын және шығар­ма­шы­лық мұра­сын тереңірек түсі­ну­ге мүм­кін­дік береді.

Көр­ме экс­по­нат­та­ры арқы­лы біз Мір­жақып Дулатұлы­ның тек ағар­ту­шы, жазу­шы, ұлт жана­шы­ры ғана емес, соны­мен қатар қара­пай­ым жан, отба­сы иесі болға­нын сезіне ала­мыз. Әсіре­се, оның әйелі Ғай­ни­жа­мал мен бала­ла­ры Әлі­бек пен Гүл­нәр­дің жеке затта­ры мен тұр­мыстық бұй­ым­да­ры сол дәуір­де­гі қазақ зия­лы­ла­ры­ның күн­делік­ті өмірі­нен сыр шер­те­ді. Гүл­нәр апай­дың бай кол­лек­ци­я­сы, әке мұра­сын көз қара­шағын­дай сақта­уы – ұлт тарихы­ның ақтаң­дақ бет­терін тануға көп сеп­ті­гін тигізеді.

Бұл жәді­гер­лер – тари­хи жады­ның тірі куә­гер­лері, олар­ды зерт­теу және сақтау бола­шақ ұрпаққа өткен­нің шынайы бей­несін жет­кізу­ге мүм­кін­дік береді. Мір­жақып Дулатұ­лы қал­ды­рған мұра оның иде­я­ла­ры мен күресінің әлі күн­ге өзек­тілі­гін айғақтай­ды және ұлт тарихын­дағы ұлы тұлға­лар­дың өмірін жаңғыр­туға сеп­ті­гін тигі­зеді. Асқар АҚЫМБЕТ

Республиканский еженедельник онлайн