Пятница , 9 мая 2025

«ОПАТ БОЛҒАНЫНА ОТЫЗ ЖЫЛ»

Мұста­фа Өзтүрік өлі­мінің құпи­я­сы қашан ашылады?

15 наурыз – атақты спорт­шы, қазақ халқы­ның даңқты пер­зен­ті, тұңғыш таэквон­до­шы, Қаза­қстан таэквон­до мек­тебінің негізін салушы Мұста­фа Өзтүрік­тің қаза болған күні. Биыл бұл қай­ғы­лы датаға тура 30 жыл толып отыр. Осы­ған орай атақты спорт­шы өмірін зерт­теп жүр­ген жур­на­лист, зерт­те­уші Заңғар Кәрім­ханға сау­ал­дар қойдық.

– Заңғар Тіле­уға­зы­ұ­лы, сізді Мұста­фа Өзтүрік тура­лы кітап жазып жатқа­ны­ңы­зды естідік. Ол кіта­бы­ңыз шықты ма?

– Иә, был­ты­рғы жыл Мұста­фа Өзтүрік аға­мы­здың туға­ны­на 70 жыл толып еді. Осы мерей­лі датаға бай­ла­ны­сты даңқты спорт­шы­ның қаза болған 15 наурыз (1995) күні­нен туған күні 24 қара­шаға дей­ін түр­лі сұх­бат­тар алып, көз көр­ген­дер­дің естелі­гін жинап, дер­бес деректі кітап жаза­мын деп жос­пар­лап қой­дым. Ютуб арна­сы арқы­лы Мұста­фа­ны тани­тын, білетін деген адам­дарға, жақын доста­ры­на хабар­ла­сып шақы­рып, сұх­бат­тар жаз­дым, алға­шқы болып қоғам қай­рат­кері Серік Абд­рах­ма­нов келіп, есін­де­гі бар естелі­гін айтып шықты, аздап жасы­рға­ны да бол­ды. Кей­ін саңлақ спорт­шы­ның доста­ры­на хабар­ла­сып, алды­мен түй­дей құр­да­сы, жан досы Талғат Теме­нов­ке шықтым. Уақы­ты­ның жоқты­ғын айтып, ол кісі сұх­бат бер­меді. Ком­по­зи­тор Төле­ген Мұха­меджа­нов әне-міне деп сырғақ­сып, сол беті көрін­беді. Мұста­фа­ның тағы бір досы Несіп Жүні­с­бай аға­мы­здың жау­ап жазуға құлқы да болған жоқ. 

Жыл соңы­на таман, Мұста­фа Өзтүрік аға­мы­здың туған күні қар­саңын­да мен қыз­мет­тік ісса­пар­мен Түр­ки­я­ның Ыстам­бұл қала­сын­да бол­дым. Марқұм­ның зира­ты­на барып, құра­ным­ды, дұға-тілек­терім­ді бағы­шта­дым, бұған спорт­шы­ның неме­ре бауы­ры Омар Тәй­жі көп жәр­де­мін тигізді. Ыстам­бұл­дағы туы­ста­ры­нан, тарих­шы ғалым­дар­дан естелік­тер жинап алып қайт­тым. Кітап жазы­лып жатыр, әлі бітпеді.

Дұрыс болған екен. Доста­ры неге бас тар­тып жүр? Себебін біле алды­ңыз ба?

– Өзім­нің де түсін­бе­ген жерім осы. Кезін­де оның атағы шығып, дүріл­деп тұрған шағын­да жанын­да күн­де қау­ма­лап, шық­пай­тын доста­ры­ның қылы­ғын, шыным­ды айт­сам, әлі түсіне алмай жүр­мін. Олар С. Абд­рах­ма­но­втың «Мұста­фа ала­яқтар­дың арба­уы­на түсіп қал­ды» деген сөзін өздеріне қабыл­дап алды ма, әлде басқа да бір себебі бар ма – оны мен біл­мей­мін. Осы сұх­бат шыққан­да доста­ры деп жүр­ген­дер­дің көбінің сырт айна­лып кет­кеніне, ұмы­тқа­ны­на көзім жет­кен­дей бол­ды. Олар­дан баста­май, Мұста­фа­ны елге алдыр­тқан С. Абд­рах­ма­но­втан бастаға­ным қателік бол­ды ма деп ойлай­мын. Тек Еркін Мәсәлі­мов аға­мыз келіп, Мұста­фа тура­лы ағы­нан жары­лып естелік­терін айт­ты. Несін айта­сыз, өзгесі тіп­ті ары-бері ұшып жүр­се де, Ыстам­бұл­дағы зира­ты­на барып, құран бағы­шта­маға­нын біл­дім ғой. С. Абд­рах­ма­нов аға­мы­здың өзі мұны­сын мойындады.

– Марқұм Мұста­фа Өзтүрік­тің денесін Алма­ты­дағы Кең­сай­ға жер­лет­пей, Түр­ки­яға алып кет­кені­нен хаба­ры­мыз бар. Сіз бар­дым дедіңіз, осы­ған қаты­сты тың деректер­ге кезік­тіңіз бе?

– Мұста­фа аға­мыз қай­тқан­да үлкен әңгі­ме жүр­ген. Қай­да жер­лей­тіні тура­лы жиі айты­ла­ты­ны, ана­сы­ның (кей деректе қарын­да­сы­ның) қар­сы болға­ны­на бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­да қал­дыр­маға­ны. Аны­қтап біле­гіні­міз­дей, туы­ста­ры­ның ара­сын­да «елім деп, жерім деп» бар­ды ғой, сон­да жер­ле­нуін құп­тай­тын жан­дар да болға­нын біл­дім. Соны­мен қатар Қаза­қстан тара­пы асы­ғы­сты­қ­пен аттан­дыр­ды деген кінәла­уы басым­дау ақпа­рат­ты да естіп жүр­дім. Қалай болған­да да бұл кісісі қай­тқан үйдің ішкі мәсе­лесі­нен туын­даған сияқты, Түр­ки­яда әкесінің жанын­да жер­лен­се деген ұйға­рым дұрыс болған секілді.

Ары­стай аға­мыз Гүнешлі ауда­нын­дағы қорым­да жатыр, туы­ста­ры жыл­дап күтіп-бап­тап тұра­ды екен.

– Отыз жыл бұры­нғы қай­ғы­лы қаза­ның ізіне түсе алды­ңыз ба? Ұшы­ғы қай­да апа­ра­ды екен?

– Мұста­фа Өзтүрік­тің өлі­міне қаты­сты түр­лі болжам­дар мен алып-қашпа әңгі­ме­лер бар. Ресми деректер­де оның жүрек тал­ма­сы­нан қай­тыс болға­ны айты­лға­ны­мен, кей­бір сарап­шы­лар мен жақын­да­ры бұл өлім­нің аста­рын­да басқа да себеп­тер болуы мүм­кін деп есеп­тей­ді. Мұста­фа Өзтүрік­тің қаза­сы­на түрт­кі болуы ықти­мал бір­не­ше фак­тор­ды қарас­ты­рып көрдік.

Негіз­гі ақпа­рат көз­дері Мұста­фа Өзтүрік­тің өлі­міне ула­ну басты себеп бол­ды деп есеп­тей­ді. Оның спорт­тық жары­стан соң аяқ асты­нан ауру­ха­наға түсуі мен ден­са­улық жағ­дай­ы­ның күрт нашар­ла­уы бір­та­лай күдік туды­ра­ды. Бұл нұсқа ресми жау­ап саналға­ны­мен, халық бұған еш сенбейді. 

Мұста­фа Өзтүрік тек спорт­шы ғана емес, соны­мен бір­ге ұлт­тық пат­ри­о­тиз­мнің жар­шы­сы, қазақ жаста­ры­ның рухын көтер­ген тұлға еді. Ол тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да әске­ри өнер­ді дамы­туға, ұлт­тық қауіп­сіздік­ті нығай­туға үлес қоса ала­ды деген пікір­лер өте көп бол­ды. Сон­ды­қтан кей­бір сарап­шы­лар оның өлі­міне сол кез­де­гі сая­си күш­тер­дің қаты­сы болуы мүм­кін деген күдік­ті де жоққа шығар­май­ды. Бұл нұсқа да нақты дәлел­ден­бе­гені­мен, ел ара­сын­да мұн­дай пікір­лер жиі айтылады.

Үшін­ші­ден, Мұста­фа Өзтүрік Түр­ки­яда өсіп-өнген, Тай­ван­да оқып, Гер­ма­ни­яда жұмыс істе­ген, ол көп­те­ген елдер­де таны­мал тұлға еді. Оның Қаза­қстанға келуі мен осын­да тұрақта­уы тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры өрт­тей қау­лаған қыл­мыстық топ­тарға ұна­маған болуы мүм­кін. Ол өз елін­де жаңа кәсіп­тер бастап, сол үшін елдер ара­сын­да үлкен ақша айна­лы­мы­на қаты­сы болуы да мүм­кін. Ал үлкен ақша – үлкен тәу­е­кел­ді, үлкен құр­бан­ды­қты да қажет ете­ді. Егер оған қан­дай да бір қысым көр­сетіл­ген бол­са, бұл да оның ден­са­улы­ғы­на әсер етуі мүм­кін еді деп жорамалдаймын. 

– Мұста­фа Өзтүрік­тің жақ­сы доста­ры Бек­сей­іт Түл­ки­ев­тің, Мәди­на Ера­ли­е­ва­лар­дың мез­гіл­сіз қаза­ла­ры сізді ойлан­дыр­май ма?

– Иә, бұл сұрақ мені ғана емес, көп­те­ген адам­дар­ды ойлан­ды­ра­ты­ны анық. Мұста­фа Өзтүрік­тің, Бек­сей­іт Түл­ки­ев­тің және Мәди­на Ера­ли­е­ва­ның мез­гіл­сіз қаза­ла­ры жай ғана тағ­дыр­дың жазуы ма, әлде бел­гісіз бір тыл­сым бай­ла­ныс бар ма деген ойлар көп­тің көкей­ін­де жүр.

Бұл үш тұлға­ның ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты тек­се­ретін нақты зерт­те­улер жоқ. Бірақ халық ара­сын­да олар­ды бел­гілі бір күш­тер­дің қасақа­на жол­дан тай­ды­руы мүм­кін деген пікір­лер жиі кез­де­седі. Бұл жай ғана кез­дей­соқтық па, әлде шын мәнін­де бір құпия бар ма – оны кесіп айту қиын. 

Мұста­фа­ның соңын­да ақиқа­ты­нан аңы­зы басым әңгі­ме­лер қал­ды. Сол ақиқат­ты аңы­зы­нан аршып алу үшін көп ізденіс пен тыңғы­лы­қты дай­ын­дық керек екенін ұққан­дай болдым.

– Мұста­фа Өзтүрік тек қана спорт­шы емес, ұлт­тық пат­ри­о­тизмді қалып­та­сты­рған тұлға деп тани­мыз. Зерт­те­уші ретін­де сіз ол кісінің бұл сала­дағы маңы­зды роліне қан­дай баға бересіз?

– Мұста­фа аға­мыз – Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алмай тұрған­да «елім деп, жерім деп» алып-ұшып жет­кен тұлға. Ол – ұлт руха­ни­я­ты­ның тіре­гі, жастарға жігер бер­ген, қазақ пат­ри­о­тиз­міне өлше­усіз үлес қосқан қайраткер.

Менің ұғы­мым­да Мұста­фа Өзтүрік – қазақ халқы­ның батыр­лық рухын қай­та жаңғыр­тқан, жауын­гер­лік дәстүр­лер­дің сабақ­та­сты­ғын айқын көр­сетіп, әлем­дік аре­на­лар­да «қазақ табиға­ты­нан жауын­гер халық» деген тари­хи шын­ды­қты қай­та дәлел­де­ген адам. Қаза­қстан­да таеквон­до­ның негізі қалаған алға­шқы бап­кер ретін­де ол жастарға тек спорт­ты ғана емес, рух мықты­лы­ғын, қай­сар­лы­қты, ерік-жігер­ді үйретіп кет­ті. Қазақ жаста­ры­ның физи­ка­лық қана емес, руха­ни жетілу­ге ​​жол ашып бер­ді. Қаза­қстан атын халы­қа­ра­лық спорт­тық аре­на­лар­да, мәде­ни іс-шара­лар­да таны­тып бер­ді. Соны­мен қатар Мұста­фа Өзтүрік аға­мыз ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны қалып­та­сты­ру­шы тұлға ретін­де Қаза­қстан­ның сая­си-қоғам­дық өмірін­де үлкен рол айтқа­ра баста­ды. Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның не екенін ерте түсін­ген, соны нығай­тқы­сы келіп жан­та­ласқан тұлға ретін­де де ел есін­де қала­ды. Ұлт­тық рухы оятқан, өзі­мізді өзі­міз баға­ла­у­ға үйрет­кен ұстаз бола біл­ді. Қаси­ет­ті тәу­ел­сіздік­ті көздің қара­шы­ғын­дай сақта­уға шақыр­ды. Оның арма­ны – Қаза­қстан­ның мықты, өзіне сенім­ді мем­ле­кет болуы еді…

– Әсер­лі әңгі­меңіз­ге рақ­мет! Асқар АҚЫМБЕТ

Республиканский еженедельник онлайн