Пятница , 9 мая 2025

АҚАДЕМИЯЛАР АЙҚАСЫ: БІЛІМ СТАНДАРТЫН КІМ ДАЙЫНДАЙДЫ?

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның оқу-ағар­ту сала­сын­да білім беру стан­дар­тын қабыл­дау және бекіту про­цесі жүріп жатқа­ны бел­гілі. Бұл – ел бола­шағы­на тіке­лей ықпал ететін аса маңы­зды про­цесс. Қаза­қстан­да білім беру жүй­есінің негізі қоғам­ның интел­лек­ту­ал­ды дамуы­на ықпал ету­де, жастар­дың дүни­е­та­ны­мы­на, құзы­рет­тілі­гіне және бола­шақ мүм­кін­дік­теріне жол ашу­да жатыр.

Қазір­гі таң­дағы білім беру маз­мұ­ны мен оның дең­гей­ін көте­ру мәсе­лесін­де екі үлкен ұйым бел­сене отыр. Олар: Ы. Алтын­са­рин атын­дағы Ұлт­тық білім ака­де­ми­я­сы мен «Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар ака­де­ми­я­сы» қоғам­дық бір­ле­сті­гі. Бұл екі ұйым білім беру стан­да­рытн әзір­ле­уде өзін­дік көзқа­рас­та­ры мен басым­ды­қтар­ды нығай­тып келеді.

Енді біз ака­де­ми­я­лар­ды жеке-жеке қаар­сты­рай­ық. Алды­мен Алтын­са­рин ака­де­ми­я­сы. Ғылы­ми негіз бен инно­ва­ция жақта­у­шы­сы болып таны­лған Ы. Алтын­са­рин атын­дағы Ұлт­тық білім ака­де­ми­я­сы – Қаза­қстан­дағы білім беру жүй­есінің әдіс­на­ма­лық ғылы­ми-әдісте­мелік негізін қам­та­ма­сыз ететін негіз­гі орта­лы­қтар­дың бірі. Ака­де­мия объ­ек­тив­тік, функ­ци­о­нал­дық сау­ат­ты­лық, халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа сәй­кест­ік қағи­дат сүй­ене оты­рып, білім беру құрал­да­ры­на ғылы­ми өңде­у­ге жау­ап­ты. Оның басты мақ­са­ты – зама­на­уи ғылым жетістік­теріне негіз­дел­ген білім жүй­есін қалып­та­сты­ру, оқу­шы­лар­ды ана­ли­ти­ка­лық ойла­уды дамы­ту және олар­ды бәсе­ке­ге қабілет­ті етіп тәрбиелеу.

Ал ұлт­тық сана мен руха­ни тұта­сты­қты сақта­уды мақ­сат етіп жаңа­дан құры­лған Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар ака­де­ми­я­сы білім беру жүй­есіне ұлт­тық-мәде­ни құн­ды­лы­қтар­ды тереңірек енгі­зу қажет­ті­гін алға тар­та­ды. Ака­де­мия ғалым­да­ры­ның пікірін­ше, қазір­гі білім беру жүй­есін­де қаза­қтың ерекшелік­тері, тари­хи және руха­ни-адам­гер­шілік құн­ды­лы­қта­ры ескеріл­мей келеді. Сон­ды­қтан бұл ака­де­мия отба­сы­лық тәр­бие, ұлт­тық код, мем­ле­кет­тік тіл, руха­ни тұта­стық, иман­ды­лық және дәстүр­лі эти­ка сияқты мәсе­ле­лер­ге ерекше мән береді. Елі­міздің ең таң­да­у­лы педа­гог, пси­хо­лог, этно­лог, прак­тик маман­да­ры­нан тұра­тын ғалым­дар тобы білім беру жүй­есінің маз­мұ­нын қай­та қарас­ты­рып, оған қаза­қы дүни­е­та­ным мен ұлт­тық рух­ты сақтай­тын оқу­ды қосу­ды ұсы­на­ды. Бұл бағыт баста­уыш және орта білім беру жүй­есін­де ұлт­тық негіз­ге сүй­ен­ген оқулы­қтар мен бағ­дар­ла­ма­лар кешенін әзір­ле­уді талап етеді.

Білім беру стан­дар­тын қабыл­дау тұжы­рым­да­ма әзір­леу, сарап­та­ма мен өңдеу, бекіту сияқты бір­не­ше кезең­нен тұра­ды. Бұл про­це­сте тұжы­рым­да­ма мен ұста­ным ғылы­ми негіз­ге сүй­еніп, білім жүй­есінің стра­те­ги­я­лық мақ­сат­та­ры­на сай келуі керек. Жұмысты жүзе­ге асы­ру нәти­же­сін­де білім маз­мұ­ны­на алы­на­тын құн­ды­лы­қтар мен құзірет­тілік­тер­ді аны­қтау төңіре­гін­де пікір­та­ла­стар туын­дап отыр.

Алтын­са­рин ака­де­ми­я­сы дай­ын­даған жаңа жоба­да функ­ци­о­нал­дық сау­ат­ты­лық, сын тұрғы­сы­нан ойлау, жал­пы­а­дам­заттық құн­ды­лы­қтар­ды қабыл­дау, зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды басқа­ру сияқты мәсе­ле­лер­ге ерекше көңіл бөлін­ген. Ака­де­мия халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге сүй­ене оты­рып, білім беру маз­мұ­нын жаңар­ту­ды көздейді.

Алай­да Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар ака­де­ми­я­сы­ның ғалым­да­ры білім стан­дар­тын­да құн­ды­лы­қтар жүй­есінің, оның ішін­де­гі ұлт­тық дүни­е­та­ным мен қаза­қы бол­мыстың білім маз­мұ­ны­на кірік­тіріл­ме­уіне өз нара­зы­лы­ғын біл­діріп отыр. Олар отба­сы­лық тәр­бие, ұлт­тық код, ана тілі мен руха­ни тұта­стық, дәстүр­лі эти­ка мен мәде­ни мұра сияқты ұғым­дар­дың айқын көрінісін талап етеді.

Соны­мен қатар Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар ака­де­ми­я­сын­дағы­лар білім маз­мұ­нын­дағы сала­лық тер­ми­но­ло­ги­я­ның күр­делілі­гіне, кей­бір ұғым­дар­дың жас ерекшелік­теріне сай еме­сті­гіне, стан­дарт мәтін­дерінің түсініксізді­гіне де сын айта­ды. Ғалым­дар­дың пікірін­ше, кей­бір пән­дер­де шұба­лаңқы және ғылы­ми айна­лым­да аз қол­да­ны­ла­тын күр­делі тер­мин­дер оқу­шы­лар түгілі, ере­сек адам­дарға, сала маман­да­ры­ның өздеріне мүл­дем түсініксіз.  Ұсы­ныс ретін­де білім сала­сы­ның тер­мин­дерін қаза­қы ұғым­дар­мен бай­ы­та оты­рып, қара­пай­ым әрі түсінік­ті етіп жүй­е­леу қажет деген ұста­ным­ды алға тартады.

Алтын­са­рин ака­де­ми­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, гео­гра­фия мама­ны Р. Қара­та­ба­нов білім беру ресур­ста­рын құру арқы­лы ғылы­ми негізділік, объ­ек­тив­тілік, сын тұрғы­сы­нан ойлау және функ­ци­о­нал­дық сау­ат­ты­лы­қты арт­ты­ру, сон­дай-ақ жаңа­шыл­дық пен тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу бағыт­та­ры­на ерекше назар ауда­ру қажет­ті­гін алға тарт­ты. Бұл – шетел­дік білім жүй­есіне негіз­дел­ген бағыт. Оның ойын­ша, қазір­гі білім беру жүй­есі халы­қа­ра­лық тех­но­ло­ги­я­ларға сай келуі, оқу­шы­лар­ды зама­на­уи ақпа­рат­тық кеңістік­те бағ­дар­лай алуға және бәсе­ке­ге қабілет­ті маман болуға дай­ын­дау керек. Осы­ған орай, ака­де­мия ұлт­тық мәде­ни­ет­ті де қам­ти оты­рып, оны жал­пы­а­дам­заттық құн­ды­лы­қтар­мен үйле­стіру­ге тырысады.

Алай­да бұл көзқа­расқа Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар ака­де­ми­я­сы­ның өкіл­дерінің аты­нан бас­шы­сы Ә. Дүй­се­бек өз уәжін кел­тіріп, ұлт­тық сана мен руха­ни тұта­сты­қты, отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды, мем­ле­кет­тік тіл мен ұлт­тық код­ты, иман­ды­лық пен дәстүр­лі эти­ка­ны ұлт­тық білім­ге басым­дық ретін­де енгі­зу қажет екенін айт­ты. Олар адам, отба­сы, отан, білім, руха­ни­ят, еңбек, табиғат сияқты басты құн­ды­лы­қтар­ды негіз­гі тұғы­рға орна­тып, оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры мен құрал­да­рын осы бағы­тқа бей­ім­деу қажет­ті­гін алға тар­та­ды. Себебі қазір­гі білім беру жүй­есін­де қаза­қы дүни­е­та­ным мен ұлт­тық бол­мыс (иден­ти­фи­ка­ция) көрініс тап­пай оты­рға­нын тіл­ге тиек етті.

Қазір­гі таң­да Қаза­қстан­дағы білім беру стан­дар­тын қабыл­дау бары­сын­да ғылы­ми негіз бен ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­дың тұрақты теңді­гі­мін табу басты мәсе­ле­ге айна­лып отыр. Бұл тек екі ака­де­мия ара­сын­дағы пікір­та­лас қана емес, соны­мен бір­ге елі­міздің бола­шағы­на қан­дай білім беру­ге, қана­дй бағыт ұста­нуға ықпал ететін маңы­зды стра­те­ги­я­лық шешім.

Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі бұл мәсе­ле­де ұлт­тық зама­на­уи білім беру талап­та­ры мен әлем­дік кре­а­тив­ті білім жүй­есінің ара­сын­дағы өза­ра көзқа­рас­тар қай­шы­лы­ғын рет­те­у­ге тыры­са­ды. Білім беру бары­сын­дағы ғылы­ми дəл­дік сын тұрғы­сы­нан ойлау, халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сәй­кест­ік сияқты қағи­дат­тар­ды сақтау, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар, руха­ни тəр­бие, ана тілі мен ұлт­тық бол­мыстың рөлі де ескерілмек.

Алай­да бұл бағыт­тағы пікір­та­лас әлі де жалға­сып жатыр. Екі ака­де­ми­я­ның да өз ұста­ным­да­ры бар және олар­дың бар­лы­ғы білім маз­мұ­нын қалып­та­сты­ру­да өз көзқа­ра­сы­ның басым­ды­ққа ие болға­нын қалайды.

Ака­де­ми­я­лар айқа­сы­ның ақы­ры қалай болады?

Бұл сұраққа нақты жау­ап беру қиын­дау. Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі екі ака­де­ми­я­ның да ұста­ным­да­рын ескеріп, олар­ды жинақта­уды көз­деп оты­рғанға ұқсай­ды. Бұл мәсе­лені шешудің ең тиім­ді тәсілі – тарап­тар­дың мүд­де­леріне ортақ жұмыс тобын құру. Қалай болған­да да мини­стр­лік әлем­дік тәжіри­бе мен ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды үйле­стіретін білім беру стан­дар­тын әзір­ле­у­ге мүд­делі. сон­ды­қтан Ы. Алтын­са­рин атын­дағы Ұлт­тық білім ака­де­ми­я­сы мен Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар ака­де­ми­я­сы­ның сарап­шы­ла­ры бір­ле­се оты­рып, келісіл­ген бағ­дар­ла­ма әзір­ле­уі тиіс деп ойлаймыз.

Бұл про­це­сте білім берудің ұлт­тық зама­на­уи талап­тарға сай болуы, мәде­ни­ет­ті сақта­уы, адам­ның функ­ци­о­нал­дық сау­ат­ты­лы­ғы мен сыни ойлау қабілетін дамы­туы, сон­дай-ақ ана тілі мен мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ның маңы­зын арт­ты­руы негіз­гі басым­ды­ққа ие болмақ.

Нәти­же­сін­де ака­де­ми­я­лар айқа­сы ғылы­ми-педа­го­ги­ка­лық кон­сен­сусқа ұла­суы мүм­кін. Бұл – білім жүй­есінің балан­сын сақтау, бола­шақ ұрпаққа тиім­ді білім беру жолын­дағы ортақ мүд­де. Айбын ІЗБАСАР

Республиканский еженедельник онлайн