ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҰЛЫ ЖҰМАБЕК ТАШЕНОВ

Бүгін Жұмабек Ташеновтің туған күні.

 Еліне ес болған,  тарихи тұлға Тоталитарлық жүйеге қарсы тұрған жалғыз мемлекет қайраткері.

Елінің бірлігі, жерінің тұтастығы  үшін Мәскеумен тартысқа түскенде Никита Хрущевтың  содыр саясатының  соққысына ұшыраған.

1950-ші жылдары Кеңес одағының басшысы Никита Хрущевтің  бастауымен орыс  шовинистері қазақтан келетін қауіптің алдын алу үшін Қазақстанды бөлшектеп тастауды мақсат тұтты.  Қазақтың жерін «жұмсақ аннекциялауды Н.Хрушевтің өзі басқарды.

Оңтүстік Қазақстандағы Бостандық, Мақтаарал жерің өзбектерге берсек, ол жерлерден шыққан мақтаны Ташкентке жақын еңбек өнімділігін арттырып, басқару қолайлы деген желеумен қазақты экономикалық жағынан әсіретпекші болды.

1955- 1956-шы жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төреалқасының төрағасы Жұмекең өзі басшылық жасап коммиссия құрды.

Комиссия «Бостандық пен Мақтаарал жері мал өсіруге суы мол, жайылымы ыңғайлы және машина жасау, қорғасын мен көмір шығару өндірістеріне дем алуға шипажай жасаймыз.

Сондықтан бұл жерлерді Өзбекстанға беру бізге қолайсыз» деген шешім шығарып, Қазақстан компартия Орталық комитетінің бірінші хатшысы

Л.Брежневке жіберді. Ол комиссия шешімінің қортындысына қарсы келмей, «Бостандық пен Мақтаарал Өзбекстанға берілмесін» деп қаулы қабылдады.

1960-шы жылдары КОКП генсек Н.Хрущев Қазақстанның Маңқыстау аймағың Түрікмкенстанға беріп, бес облысы (Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген жерді біріктіріп

 «Тың өлкесі» деп атап, жаңа әкімшілік- территориялық әкімшілік құрып,  қазақ жерін бөлшектеуге кірісті.

Тіпті, «Тың өлексі» деген аймақ құрып, Ресейге қосып, өлке басшылығына

Мәскеуден Т.Соколовты жіберді.

Ол қазақ басшылығына бағынбай, 1960 жылға жасалған жылдық бюджет мәліметін бермегендігі үшін 24 сағатта Қазақстаннан қуып жіберді. «Тың өлкесі» Ресейге берілмейді деп Қазақстан басшылығы Хрущевке қарсы тұрды.

Бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқылау үшін Қаз. Компартиясы ОК-нің бюро мүшелерің Мәскеуге шақырып, талқыға салғанда

Жұмакең:

— Мен Ақмолада тудым, ата- бабамыздың зираты бар, сіз соны Ресейге берем дейсіз, оны қазақтар қалай қабылдайды? — деп төтесінен сұрақ қойып, өз ойының дұрыстығың дәлелдеді. Ол КСРО-ның Конституциясына Хрущев пен одақтық шешіміне қарсы шағым жасап, Қазақстанның  аумақтық тұтастығын сақтап қалды.

Сөйтіп, Хрущевтың дауырықпа саясаты іске аспады.

Н.Хрущев Жұмекенді іштей мойындап, құрметтеген.

1959 жылы Қытай компартиясының 10 жылдық мерекесіне Хрущев бастаған делегация барады.

Мао Цзе дун әңгіме үстінде «Кеңес Одағы, сөз жоқ, ұлы ел, ал біз Ұлы Қытаймыз. Сіздерге қарағанда бізде коммунистер көп, —  дегенде, Н.Хрущев тосылып қалды. Сонда  Жұмекең:

— Революцияны Кеңес компартиясы жасады емес пе?

Олар кейін сіздерге көмек берген жоқ па? — деп тығырықтан шығарды.

Кейін риза болған Никита:

— Сен өзің марксист екенсің ғой… — деп күлген екен.

Келесі күні қонақасыда Хрущев орынсыз сөйлеп, тоқтамай қояды, Жұмекең шынтағымен түртсе де, сөзің жалғастыра береді.

Аудармашы Маомен сөйлесіп,

Жұмкеңе:

— Сіз ұялмай-ақ қойыңыз, — десе керек.

Қайтар жолда Хрущев:

— Мао саған не деді? —  деп сұрағанда, ашуы келген Жұмекең:

— Мынауына айт көп ойлап, аз сөйлесін деді…

Осы сөзінің өзінен Жұмекенің бойынан қазақтың даналық қаситінің лебі есіп тұрғандай.

Бірақ, «ұлтшыл» деп айыпталып

Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатып, Шымкентке жіберді, сонда зейнетке шығып, 1986 жылы 18 қарашада 71 жасында халқым деп соққан жүрегі тоқтады.

Қазақтың бағы үшін туған Жұмекеңнің халқына жасаған еңбегін ұмыту мүмкін емес.

Жұмекең қазақ даласында ядролық жарылысты жасау сынағына қарсы шығып, халқың қырылудан сақтағысы келді.

Ол өзіне қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, қорқыныш пен жасқануды білмейтін.

Саясатқа байланысты сотталып кете жаздаған

украин ғалымына араша түсті.

Шығармашылық одақтар өкіліне үй салдыртып, пәтер бергені үшін Алматының ортасында «қазақ ауылын» құрды. Сол үшін ұлтшыл  деп айыпталды.

Мағжан Жұмабаевтің жалғыз басты жары Зылихаға берген үйіне дейін тексерді. Екі бөлмелі пәтер берген деген әңгіме болмас үшін «Екі бөлмені бөліп тұратын қабырғаны алып тастап, бір бөлме етіп көрсетіңдер» деген сөзі асыл азаматтың аналарға көрсеткен құрметі, ұрпағымызға үлгі боларлықтай шаруа. Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаевқа

Кеңестер Одағының Батыры атағын алып беруге әрекет жасады.

Сәкен Сейфуллин,

Бейімбет Малиннің шығармаларының жарыққа  шығуына мұрындық болды.

Түкістанның өркендеуіне көп көңіл бөлді.

«Қазақ әдебиеті» газетін жабылуынан аман алып қалды.

Москвадан «Социалистік Қазақстанды» «Казахстанская правданың» аудармасы етіп шығару идеясы келгенде, үзілді-кесілді қарсы болды.

Ол кісінің басты қасиеті шындықты сүйіп, жалған жағымпаздықты, өтірік айтқан өресіздікті, екіжүзділікті жек көрді.

Өктемдік пен озбырлыққа жол берген жоқ.

Ерен еңбегінің арқасында халық көсеміне айналды.

Ол қариялар сөзін тыңдап, солармен кеңесіп, мәселе шешетіні жөніңде көптеген естіліктер бар.

Қарапайымдылығы мен кісілігің жоғалтпаған, ұлтының ар- намысың биік

қойған Жұмекең сайқал

саясатқа қарсы келді.

Жұмекенің қарапайымдылық қасиеті туралы жиі естідім

1973 жылы менің нағашым Хамзе  Мыңбайұлы  осы күні белгілі ғалым, беделді  журналист болған

Нұрханды ертіп,

Шымкентке арнайы іздеп барады. Онда Жұмекең Мәскеудің пәрменімен Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының көп орынбасарларының бірі екен. 

Хатшысы Жұмекеңе:

— Мыңбаев Хамзе келді, —  деп хабарлағанда, өзі шығып, Хамзе нағашымды құшақтап:

— Жәй, жүрсіз бе?- деп, сұрауы, оның ел адамына деген  құрметі. Келген шаруасын сұрауы — көмекке қол ұшын беруге дайын тұрғанының айғағындай.  Ел ағасының кішіпейілдік қасиеті өз алдына бір төбе.

Хамзе нағашым:

— Сенің бет- жүзіңді көріп, ел амандығын айта келдім, — дегеніне риза, болып балаша қуаныпты.

Нұрхан аға олардың әңгімесінің басы-қасында аяғына дейін отырмағанына, рұқсат сұрап шығып кетіп балалық жасағанына әлі өкінеді…

Ол енді басқа әңгіме…

Жұмекеңді Оңтүстік халқы қарапайымдылығы мен әділдігі, тазалығы үшін  құрмет тұтты. Қазақтың асыл ұлын арулап жер бесікке бөлегенде ел күңіреніп кетті.

Қазір Шымкент шаһарының орталық бір көшесі Жұмабек Тәшенов атында!

Жаны асқақ, рухы биік қара басына  қауіп төнседе

халқы үшін бәріне баруға даяр болды.

Қазақтың асыл перзенті,

елі үшін, жері үшін айдауға түскен,  Жұмкекнің рухы мәңгілік!  Ел есіңде!

РАЙХАН МАТАЙ

Республиканский еженедельник онлайн