Понедельник , 19 мая 2025

Адамгершілікке жатпайтын әрекет

2023 жылы жер қаты­на­ста­ры жөнін­де­гі заң­гер Бақыт­жан Базар­бек Алма­ты­дағы № 1 Бала­лар үйі мен оның аумағы Әлия Назар­ба­е­ва­ның жақын адам­да­ры­на саты­лға­нын, ал тәр­би­е­ле­ну­шілер­дің қала сыр­ты­на көшірілетінін мәлім­деді. 2024 жылы науры­зда Бала­лар үйінің түлек­тері бұл шешім­ге қар­сы шығып, жаңа ғима­рат­тың түр­ме маңын­дағы бат­пақты жер­де салы­нып жатқа­нын айт­ты. Orda.kz тіл­шісі жағ­дай­ды аны­қтау үшін Қона­ев қаласы­на барып, құры­лыс бары­сын тексерді.

Қона­ев қала­сы Алма­ты­дан 65 шақы­рым жер­де орна­ласқан. Жолға кететін уақыт шама­мен бір жарым сағат. Бала­лар үйінің құры­лы­сы 2024 жыл­дың үшін­ші тоқ­са­нын­да баста­лып, 2025 жыл­дың екін­ші тоқ­са­нын­да, яғни мау­сым айын­да аяқтау жоспарланған.

Құры­лыс бары­сы­на назар аудар­сақ, ғима­рат үш қабат­ты, моно­лит­ті кар­кас құры­лы­мы­м­ен тұрғы­зы­лып, қап­та­ма­сы кір­пі­шпен тол­ты­ры­лған. Моно­лит­ті жұмыстар аяқта­луға жақын, қас­бет­ті жылу жабын­ды­лар­мен жабу басталған, кей жер­лер­ге тере­зе­лер орна­ты­лған. Деген­мен, сыр­тқы және ішкі әрлеу жұмыста­ры, сон­дай-ақ шатыр жұмыста­ры әлі аяқтал­маған. Бұл кем деген­де тағы жар­ты жыл­дық жұмысты қажет етеді.

Құры­лыс алаңы тура­лы көбірек ақпа­рат алу үшін ішке кіру­ге тыры­стық, алай­да күзет­ші бас­шы­лы­қтың рұқ­са­ты жоқ деп, бізді кір­гіз­беді. Деген­мен, сырт­тан бақы­лаға­ны­мы­зда құры­лыс мате­ри­ал­да­ры тиел­ген 4–5 КамАЗ­дың алаңға кіріп жатқа­нын көр­дік. Бұл жұмыс қарқын­ды жүріп жатқа­нын көрсетеді.

Істе­летін жұмыс көле­мін ескер­сек, ғима­рат­ты мау­сы­мға дей­ін тап­сы­рып үлге­ре ме, жоқ па – бел­гісіз. Бұл сұраққа жау­ап алу үшін жау­ап­ты орган­дарға сау­ал жолдадық.

 Ғима­рат­тың орна­ласқан жерін жан-жақты зерт­теу үшін дрон­мен түсірілім жаса­дық. Интер­нат тәр­би­е­ле­ну­шілерінің айтқан саз­ды сулар­дың расы­мен бар екенін көр­дік. Түсірілім кезін­де буль­до­зер­лер­дің бұл жер­ге құм төгіп жатқа­нын байқадық.

Сәу­лет, қала құры­лы­сы және құры­лыс сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік нор­ма­тив­тер Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ере­же­лер жинағы­на сәй­кес, интер­нат­тар­ды ортақ қол­да­ны­стағы жасыл аймақтар­дың, яғни саябақтар­дың, бақ­ша­лар­дың, буль­вар­лар­дың, сквер­лер­дің қасы­на орна­ла­сты­ру ұсы­ны­ла­ды. Алай­да жаңа ғима­рат­тың маңын­да бат­пақтан басқа бала­ларға қажет­ті ойын-сауық орта­лы­қта­ры да жоқ.

«Онда ешқан­дай ком­му­ни­ка­ция мен инфрақұры­лым жоқ, бірақ жақын жер­де төрт түзеу меке­месі бар. Бала­лар меке­месінің түр­ме­мен көр­ші салы­нуы қан­ша­лы­қты дұрыс? Деген­мен біздің шене­унік­тер осын­дай шешім қабыл­даған болар. Бірақ сурет­тер­ге қараған­да, ол жер­ге қоны­ста­ну әлі ерте сияқты», – дей­ді заң­гер Анна Чер­но­ва.

Бала­лар үйінің бат­пақты аймаққа салы­нуы қан­ша­лы­қты қауіп­сіз екенін архи­тек­тор Вла­ди­слав Фила­то­втан сұра­дық. Оның айтуын­ша, егер су дұрыс құрға­тыл­са, ешқан­дай қауіп жоқ.

«Осын­дай учас­ке­лер­дің шетін тал­дар­мен көм­ке­ру­ге бола­ды. Бірін­ші­ден, бұл әде­мі көрі­неді. Екін­ші­ден, тал­дар ылғал сүй­гіш, олар жаға­ла­уды бекі­те­ді. Соны­мен қатар тал­дар арқы­лы табиғи жол­мен сулар­ды құрға­тып, құры­лыс учас­кесіне әсерін азай­туға бола­ды», – дей­ді Фила­тов. Оның айтуын­ша, Қона­ев қала­сын­да Қап­шағай су қой­ма­сы барын еске­ру керек. Үлкен су қой­ма­сы бар аймақта жер асты сула­ры­ның жоға­ры көтерілуі – қалып­ты құбылыс.

«Бұл сулар уақыт өте келе тар­ты­ла­ды, сон­ды­қтан бұрын Қап­шағай суы жай­ы­лған жер­де Бала­лар үйінің салы­нуы таңға­лар­лық жағ­дай емес. Бар­лық қала­лар осын­дай аймақтар­да дами­ды, бұл – алға­шқы нысан­дар­дың бірі ғана», – деп түсін­дір­ді Филатов.

Бірақ бұл пікір­мен бар­лы­ғы келі­се бер­мей­ді. Архи­тек­тор, Қазақ бас сәу­лет-құры­лыс ака­де­ми­я­сы­ның (ҚазБСҚА) про­фес­со­ры Павел Сав­ран­чук бала­лар­ды қала­ның сыр­ты­на көшіруді гено­цид­ке теңеді.

«Гума­ни­тар­лық тұрғы­дан бұл мәсе­ле бар­шаға түсінік­ті деп ойлай­мын. Бұл – ашкөздік. Бала­лар­дың тағ­ды­ры­на жау­ап­ты адам­дар­дың мұн­дай шеші­мі – адам­гер­шілік­ке жат­пай­тын әре­кет. Ресур­ста­ры бар тұлға­лар ең әлсіз­дер­ге қол сұғып отыр. Бала­лар үйін осын­дай жер­де салуға бола ма деген сұраққа жау­а­бым – жоқ! Бұл – жұм­сар­тып айтқан­ның өзін­де гено­цид­ке тең. Қазір­гі нысан­ды жаңар­тып, жақ­сар­ту, дамы­ту қажет, ал бала­лар­ды ешқа­шан қала­дан қууға бол­май­ды! Олар мем­ле­кет тара­пы­нан ең жоға­ры дең­гей­де қамқор­лы­ққа алы­нуы тиіс», – деді профессор.

Ал Баға­на­шыл­дағы бала­лар әлі көшіріл­ме­се де, олар өсір­ген аға­штар кесіліп, аумақтан шыға­ры­лған. Бала­лар­дың көзін­ше кесіл­ген шыр­ша­лар не үшін және кім­нің рұқ­са­ты­мен оталға­ны бел­гісіз. Бел­сен­ділер бұл мәсе­ле­ге алаңдаулы.

«Аға­штар мем­ле­кет­тік мен­шік болған­ды­қтан, сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет тек­серіс жүр­гі­зуі керек. Осы­ған бай­ла­ны­сты мен № 1 Бала­лар үйінің аумағын­да аға­штар­ды кес­кен және шыр­ша­лар­ды заң­сыз әкет­кен адам­дар­ды жау­а­пқа тар­ту­ды сұрай­мын. Әкім­шілік неме­се қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік мәсе­лесін тиісті орган­дар шешуі тиіс», – деп жаз­ды Анна Чернова.

 Алма­ты­дағы Бала­лар үйінің тәр­би­е­ле­ну­шілері жаңа ғима­рат түр­менің жаны­на салы­нып жатыр деп даб­ыл қаққан. Orda.kz жур­на­ли­стері бұл ақпа­рат­ты тек­се­ру үшін Қона­ев қала­сын­дағы түр­ме­лер­ді ізде­стір­ді. Алай­да қала аумағын­да түр­ме жоқ болып шықты. Бар­лық коло­ни­я­лар Зареч­ный ауы­лын­да орналасқан.

Бұл ақпа­рат­ты нақты­лау үшін Зареч­ный­ға бар­дық. Ауыл Қона­ев қала­сы­нан 20 шақы­рым жер­де, Алма­ты – Қона­ев тас жолы­ның бой­ын­да орна­ласқан. Мұн­да төрт коло­ния бар: еке­уі қатаң режим­де, біре­уі жал­пы режим­де, тағы біре­уі – коло­ния-қоныс. Соңғы лагерь­де­гі тұтқын­дар дема­лыс күн­дері сыр­тқа шығуға құқылы.

Еске сала кетей­ік, жур­на­ли­стер­мен кез­дескен­нен кей­ін тәр­би­е­ле­ну­шілер Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Марат Сұл­танға­зи­ев­пен кез­дескен. Оның айтуын­ша, Алма­ты­да оқып жүр­ген № 1 Бала­лар үйінің тәр­би­е­ле­ну­шілері сол жер­де қала­ды, ал жаңа­дан қабыл­да­на­тын бала­лар Қона­ев қала­сын­дағы жаңа кешен­ге жіберіледі.

Айша АЛДИЯР

Республиканский еженедельник онлайн