Пятница , 4 июля 2025

ШЕКАРАЛЫҚ АУДАНДАР заңмен де қорғалуы қажет

  • Ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Бура­бай­да өткен Ұлт­тық құры­л­тай­да Үкі­мет­ке депу­тат­тар­мен бір­ге «AMANAT» пар­ти­я­сы ұсы­нған шека­ра маңын­дағы аудан­дар­ды дамы­туға қаты­сты жаңа заң қабыл­дау баста­ма­сын жан-жақты қарас­ты­ру­ды тап­сыр­ды. Бұл – өте маңы­зды міндет. 

Өйткені мем­ле­кет­тік шека­ра – ел тәу­ел­сізді­гі мен еге­мен­ді­гінің басты бел­гісі. Оны көздің қара­шы­ғын­дай қорғау, баба­дан қалған ұлан бай­тақ жері­мізді басы бүтін келер ұрпаққа ама­нат­тау – ортақ пары­зы­мыз. Бұл рет­те Қаза­қстан­ның аумақтық тұта­сты­ғын сақта­уда шека­ра­лық аудан­дар­дың стра­те­ги­я­лық маңы­зы зор.

Қазір­гі таң­да Қаза­қстан­ның 14 облы­сы көр­шілес 5 елмен (Ресей, Қытай, Өзбек­стан, Қырғыз­стан және Түр­кі­мен­стан) шек­те­седі. Шека­ра­лық аймақтар­да 65 аудан бар. Онда 3,5 млн адам тұра­ды. Ал шека­ра­ның түбін­де, яғни шека­ра­дан 50 шақы­рым­дық ара­лы­қта 1,7 млн халық тұра­тын 1 283 елді мекен орналасқан. 

Алай­да кезін­де жүр­гізіл­ген аудан­дар­ды бірік­ті­ру, кли­мат­тың қолай­сызды­ғы, жұмыс­сыздық, көлік қаты­на­сы­ның нашар­лы­ғы, әле­умет­тік және инже­нер­лік инфрақұры­лым­ның тозуы, Кеңес Одағы кезін­де шека­ра­лық аудан­дар­да халық санын тұрақтан­ды­ру үшін қол­да­ны­лған жеңіл­дік­тер­дің жой­ы­луы секіл­ді көп­те­ген себеп­тен бүгін­де 65 шека­ра маңын­дағы аудан­ның 40-ында халық саны азай­ып кет­кен. Әсіре­се бұл ауа райы қатаң Сол­түстік Қаза­қстан, Қоста­най, Пав­ло­дар, Шығыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да анық бай­қа­лу­да. Осы­ған бай­ла­ны­сты мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тіке­лей баста­ма­сы­мен Шығыс Қаза­қстан, Абай облы­ста­рын­да Қатон-Қарағай, Марқа­көл, Тар­баға­тай, Мақан­шы аудан­да­ры­ның ашы­луы өте орын­ды іс болға­нын атап өткен жөн. Бұл сол аудан­дар­дың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы­на оң әсер етті.

Соны­мен бір­ге, Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес, осы кез­ге дей­ін дай­ын­далған өңір­лер­ді дамы­туға бағыт­талған бірқа­тар мем­ле­кет­тік стра­те­ги­я­лық құжат­тар мен бағ­дар­ла­ма­лар­да да шека­ра­лық аумақтарға қол­дау көр­се­ту шара­ла­ры қамтылған. 

Деген­мен, осы құжат­тар­да қарас­ты­ры­лған шека­ра­лық елді мекен­дер­ге берілуі тиіс жеңіл­дік­тер әлі де іс жүзіне аспа­ды. Бұл шека­ра­лық аудан­дарға қаты­сты көз­дел­ген мем­ле­кет­тік қол­дау тетік­терінің түр­лі нор­ма­тив­тік актілер­де шашы­рап кетуіне, олар­ды үйле­стіретін жау­ап­ты уәкілет­ті орган­ның бекітіл­ме­уіне, мем­ле­кет­тік суб­си­ди­я­лар­ды бөлу­де және ұлт­тық жоба­лар­ды іске асы­ру­да бел­гілі бір санат­тарға нақты басым­ды­қтар­дың бел­гі­лен­бе­уіне бай­ла­ны­сты болып отыр. Соның сал­да­ры­нан шека­ра­лық аудан­дар­дағы бірқа­тар елді мекен­дер­ден тұрғын­дар­дың жап­пай көшуі тола­ста­май тұр. Бұл өз кезе­гін­де шека­ра маңын­дағы аумақтар­дың бос қалып, ұлт­тық, аумақтық қауіп­сіздік­тің әлсіре­уіне алып келуде. 

«Бос жатқан жер жау шақы­ра­ды» деген. Сон­ды­қтан бұл маңы­зды мәсе­ле­ге жіті назар ауда­рып, оны тиім­ді шешу жол­да­рын шұғыл қарас­ты­рға­ны­мыз жөн. Мәсе­лен, аумағы үлкен және халқы аз елдер­дің (Кана­да, Нор­ве­гия және Австра­лия) тәжіри­бесі шалғай­дағы және шека­ра маңын­дағы аумақтар­ды дамы­ту үшін жер­гілік­ті тұрғын­дарға түр­лі жеңіл­дік­тер беру тиім­ді (салы­қтық, әле­умет­тік, неси­елік, энер­ге­ти­ка­лық және т.б.) екенін көр­се­те­ді. Сон­ды­қтан елі­міздің шека­ра­лық қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету, шека­ра­лық аудан­дар­да халы­қтың тұрақта­уын ынта­лан­ды­ру, ішкі көші-қон­ды рет­теу және еңбек ресур­ста­рын тиім­ді пай­да­ла­ну үшін, шека­ра­лық аудан­дарға арнайы мәр­те­бе беруді көз­дей­тін «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шека­ра­лық аумақта­рын дамы­ту тура­лы» арнайы заң қабыл­дау өте маңызды. 

Бұл заң қабыл­дан­са, ел аумағын тиім­ді пай­да­ла­нуға, шека­ра­лық аудан­дар­ды мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын бір жүй­е­ге түсіру­ге, халы­қтың шека­ра­лық аумақтар­да тұрақта­нуы­на, өңір­дің дамуы­на және аумақтық қауіп­сізді­гі­мізді қам­та­ма­сыз ету­ге зор сер­пін береді деп есептейміз. 

Осы рет­те «AMANAT» пар­ти­я­сы жақын ара­да мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес аталған заң жоба­сын дай­ын­дап, ұсы­на­ты­нын мәлімдейміз. 

Ерлан САЙЫРОВ,ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн