Четверг , 3 июля 2025

Электрондық мектеп

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Мини­стрінің орын­ба­са­ры Ермек Көшербаевқа.

Елі­міз­де білім беру сапа­сын арт­ты­руға бағыт­талған ауқым­ды рефор­ма­лар жүзе­ге асы­ры­лға­ны­мен, әлі де мек­теп жүй­есін­де бірқа­тар шеші­мін тап­паған мәсе­ле­лер бар. Бұл білім сапа­сы­ның төмен­де­уіне тіке­лей әсер ететіні анық.

Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің мәлі­меті бой­ын­ша, 2023 жыл­дың басы­нан бері білім беру сала­сын­да 303 қыл­мыстық іс тір­келіп, ол жал­пы шығын 17,5 млрд тең­гені құраған.

Көп қар­жы жымқы­ру фак­тісі Жеті­су, Түр­кістан, Қызы­лор­да, Алма­ты облы­сын­да және Алма­ты қала­сын­да аны­қтал­ды. Бұл аймақтар­да қар­жы­лық бақы­ла­удың әлсізді­гі байқалады.

Деректі терең тал­дай­тын бол­сақ, 249 адам жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған. Олар­дың ара­сын­да 10 білім бөлі­мінің бас­шы­сы, 2 кол­ледж дирек­то­ры, 28 мек­теп дирек­то­ры, 21 бала­бақ­ша бас­шы­сы және 136 есеп­ші бар.

Педа­го­ги­ка­лық кадр­ды ірік­те­удің жаңа ере­же­сі енгізіл­геніне қара­ма­стан, бұры­нғы заң­сызды­қтар­ды айна­лып өту және жемқор­лық тәу­е­келін туды­ру мүм­кін­ді­гі сақталуда.

Халық ара­сын­да мек­теп­ке жұмысқа орна­ла­су үшін дирек­торға неме­се басқар­ма қыз­мет­керіне «заң­сыз сый­ақы» беру қажет деген қау­е­сет жел­дей есіп жүр.

Өйт­кені, оңтүстік өңір­де жұмыс­сыздық ста­ти­сти­ка­да көр­сетіл­ген­нен әлде қай­да жоға­ры. Ауыл­дық жер­лер­де мек­теп, бала­бақ­ша, клуб үйі­нен басқа жұмыс көзі тап­шы. Сон­ды­қтан мұғалім болуға тал­пы­на­тын­дар тым көп. Тіп­ті лабо­рант неме­се тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер болу үшін де заң­сыз ақша беру жағ­дай­ла­ры кез­де­седі. Соны­мен қатар, қыз­мет­кер­лер­дің жұмыстан шық­пау үшін жалақы­сы­ның бір бөлі­гін беру фак­тілері тура­лы да айтылуда.

Шын­ту­ай­тын­да, мұғалім – тек білім беру­ші ғана емес, бола­шақ ұрпақтың адам­гер­шілік құн­ды­лы­ғын қалып­та­сты­ру­шы тұлға. Ал, кәсі­би білік­тілі­гі төмен маман­дар­дың, тіп­ті заң­сыз жол­мен жұмысқа орна­ласқан­дар­дың сабақ беруі білім жүй­есін­де­гі адал­дық пен кәсі­би эти­ка­ның бұзы­луы­на әке­летіні анық.

Алаш ардақ­­тысы Әли­хан Бөкей­ханов «Ұлтқа қыз­мет ету білім­нен емес, міне­з­ден» деген еді.  Енде­ше, білім сала­сын­дағы былы­қтар­ды жою үшін  «мінез» таны­та­тын кез келді.

Сон­ды­қтан жоға­ры­да айты­лған­дар­ды еске­ре оты­рып, Үкі­мет­ке келесі шара­лар­ды қабыл­да­уды ұсынамын:

1) «Элек­трон­дық мек­теп» сын­ды элек­трон­дық жүй­е­лер­ді енгізіп, білім беру сала­сын­дағы кадр­лар­ды басқа­ру­дың біры­ңғай элек­трон­дық база­сын құру­ды тездету;

2) Жұмысқа орна­ла­су про­цесінің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз етіп, педа­го­ги­ка­лық кадр­лар­ды ірік­те­удің ашық және әділ жүй­есін қам­та­ма­сыз ету; 

3) Қоғам­дық бақы­ла­уды күшей­ту. Яғни, ата-ана­лар коми­теті және басқа қоғам­дық ұйым­дар­дың білім беру про­цесіне және қар­жы­лық қыз­мет­ке қаты­суын кеңейту.

ҚЫРЫҚБАЕВ Темір Базарбайұлы

Республиканский еженедельник онлайн