Понедельник , 7 июля 2025

Гендерлік саясат ЕРКЕКТІҢ ҚҰНЫН көк тиын етеді…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Рах­ман ОМАР:

Ген­дер­лік саясат

ЕРКЕКТІҢ ҚҰНЫН

көк тиын етеді…

 

«Әлем­де­гі ең сұлу әйел өзім деп біліңіз», – деп, маңғаз да мән­ді мәнер­мен «Сен сұлу» бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы талай-талай қыз-келін­шек­тер­ге сыр ақтар­тып, олар­дың жан дүни­есіне үңілу­ге тыры­сқан бел­гілі актер әрі теле­жүр­гі­зу­ші Рах­ман Омар­дан көп­шілік қауым соңғы кез­де көз жазып қалған еді. Бұл жағ­дай­ға ол не дей­ді? – «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның кезек­ті сұх­ба­ты­на зей­ін қойыңыз.

 

–Рах­ман мыр­за, сіздің бұры­нғы­дай емес, теле­ар­на­лар­дан көрін­бей кетуіңіздің қан­дай себебі бар? Біре­улер айта­ды: тама­да­лық кәсіп­тің түсі­мі мол болған соң, той-тома­лақтан шыға алмай жүр деп…

– Жал­пы, өзім кез кел­ген жоба­лар­ды жүр­гі­зе бер­гім кел­мей­ді. Жасы­ра­ты­ны жоқ, шақы­ру­лар көп, жылы­на 3–4 жоба­ны жүр­гізу­ге ұсы­ныс түседі. Өкіні­штісі – мұн­дай жоба­лар­да тың жаңа­лық жоқ: Ресей мен Батыс бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның қай­та­ланған көшір­месі. Әзір­ге көңілім­нен шығып жатқан ұсы­ны­стар жоқ. Бір жағы­нан, ырду-дыр­ду ток-шоулар­ды жүр­гі­зе­мін деп, тәп-тәуір дәре­жем­ді түсір­гім кел­мей­ді. Өйт­кені «Мың бір мақал, жүз бір жұм­бақ», «Сен сұлу» секіл­ді сүбелі бағ­дар­ла­ма­лар­ды жүр­гіз­генім елдің есін­де. Алла бұй­ырт­са, алдағы уақыт­та өзім­нің автор ретін­де басым­да піс­кен бағ­дар­ла­мам­ның бірін шыға­ру жос­пар­да бар. Жас та кел­ді, тәжіри­бе де мол… Ал аса­ба­лық деген бұл қосалқы табыс. Бүгін­де мүй­ізі қарағай­дай аға-әпке­лері­міз­ден бастап, елге таны­мал жұл­ды­здар аса­ба­лы­қтың арқа­сын­да күн көріп жүр ғой.

– Айт­пақ­шы, той десе қу басы дома­лай­тын, той өткі­зу үшін қары­зға бел­ше­сі­нен батқан қаза­қтың бүгін­гі жай-күйі сізді қан­ша­лы­қты алаң­да­та­ды? Мәсе­лен, біз қай­та­дан айна­лып, Еура­зи­я­лық одақ деген импе­ри­яға еніп кеттік…

– Қазір біреу той­ып, біреу тоңып секіретін заман­ның кері. Бір жақты пікір­де қалуға бол­май­ды. Біздің қазақ «Құдай» сөзі­нен кей­ін туған-туы­ста­ры­ның ара­сын­да «құда» деген кате­го­ри­я­ны жоға­ры қояды ғой. Қолы­мы­здағы соңғы мал­ды қонаққа сой­ып бер­ме­сек, қазақ бола­мыз ба? Қатар­ла­ста­ры­нан қал­ма­сын деп, бала­сы­ның абы­рой­ын ойлап, құда­ла­ры­ның алдын­да таба болғы­сы кел­мей, амал­сыз несие алып, той жасай­тын отба­сы­лар бар.

Бір жағы­нан, бұл ел-жұрт­тың тра­ге­ди­я­сы десек, екін­ші­ден – еншісі бөлін­бе­ген дастар­хан дәстүрі. Мен талай той­ды көр­дім: жігіт жақтың той­ын құда­ла­ры жасап бер­ген кез де болған. Жағ­дайы жоқ па, әлде жетім бе, біл­медім, шара­сыздан қыздың ата-ана­сы көніп, үйлі-баран­ды етіп, бар жағ­дай­ла­рын жасап бер­ген. Алай­да мұны «күшік күй­еу» деп айтуға бола ма, бол­май ма, білмедім.

– Одақ мәсе­лесін сұрап оты­рған себебім – той той­лап жүр­ген қазақ қан­дай «қораға» еніп кет­кенін де аңғар­маған сияқты. Біздің халық өзінің бола­шақ мем­ле­кет­тік тағ­ды­ры­на неге сон­ша­лы­қты салғырт қарай­ды деп ойлай­сыз? Әлде қаза­қтың елдік мәсе­лесін тек мем­ле­кет­ті басқарған билік қана шеш­кені дұрыс па?

– Айна­лып келіп, қай­та­дан сая­сатқа тірел­дік пе? (Күліп). Ол бір ұзақ әңгі­ме. Көп нәр­сені қаз­ба­лап айтқың да кел­мей­ді. «Сен сая­сат­пен айна­лы­спа­саң, сая­сат сені­мен айна­лы­са­ды» дей­ді ғой. Қалай десе де, мен сая­сат­пен айна­лы­сқым кел­мей­ді. Сая­сат­тың да мені­мен айна­лы­сқа­нын қала­май­мын. Ашы­ғын айту керек, қазір қоға­мы­м­ыз бай және кедей деп іштей жік­ке бөлін­ді. Бірақ екі қолға бір күрек деген пысық адам­ның өлмей­тінін анық біле­мін. Еңбек еткен адам жер­де қал­май­ды. Ақша мәсе­лесіне кел­сек, сол ақша­ны бала­ларға, бола­шақ ұрпақтың білі­міне салу керек. Талай отба­сын көр­ген­мін: қан­ша жер­ден қина­лып, соңғы нанын жесе де, ақша­сын бала­сы­ның білі­міне аударған ата-ана­лар қазір боз кілем­нің үстін­де отыр. Бұл – дәлел­ден­ген факт.

– Жуыр­да «Нұр­лы жол» деген жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың есі­гін аштық. Осы­дан жолы­мыз оңып, елі­міздің жағ­дайы нұр­ла­нып кете­ді деген кезек­ті ерте­гі­ге сенесіз бе?

– «Нұр­лы жол» жол­да­уы­ның жақ­сы-жаман тұста­ры бар. Жол­да­удың маған ұнаған дүни­есі – келер жылы Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­ның той­ла­нуы. Бұл ара­да сая­сат­тың да қаты­сы бар шығар: алпа­уыт елдер­де, тіп­ті көр­ші Ресей­дің пре­зи­ден­ті Путин «Қаза­қтың бірін­ші ханы – Назар­ба­ев» деп отыр ғой. Бірақ біздің қазақ ханда­ры­ның тарихы терең­де жатыр ғой. Келер жылғы іс-шара «қазақ» деп жүре­гі соққан аза­мат­тар­дың баста­ма­сы жастарға, әсіре­се өске­лең ұрпаққа үлкен ой қал­ды­ра­ды деп білем.

– Деген­мен, сіз сая­сат­тан бұрын, өнер­дің ада­мысыз. Ал сіздің тама­да­лы­қтан, теле­жүр­гі­зу­шілік­тен бұрын баға­на­лар өнеріңіз – театр ғой, солай ма?

– Әрине. Маған рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі үлкен билік­тік қыз­мет те ұсы­ныл­ды, пар­ти­яға мүшелік­ке де шақы­рып, депу­тат­ты­ққа ұсы­на­мыз деген­дер бол­ды. Теле­ви­зия сала­сын­дағы­лар да өздеріне қарай түбе­гей­лі бет бұруым­ды сұра­ды. Бірақ мен театр өнерін еш нәр­се­ге айыр­ба­ста­май­мын. Өйт­кені театр – менің руха­ни қазы­нам. Киелі шаңы­рақты атақты театр арда­гер­лері біз­ге ама­нат етіп қал­ды­рған. Бір жағы­нан, өнер­дің иісі мұрын­да­ры­на бар­май­тын аннан-мұн­нан кел­ген­дер­ге театр сахна­сы тап­та­у­рын бол­ма­сын дей­мін. Қазір театр­дың оты­мен кіріп, күлі­мен шығып жүр­ген жай­ым бар. Құдай­ға шүкір, театр жан­да­ну үстінде.

– Сіз «7 арна­да» «Super әже­лер» реа­ли­ти-шоуын жүр­гіздіңіз. Соған қаты­са­тын 50–60 жас ара­лы­ғын­дағы әже­лер­дің 1 млн тең­ге үшін сай­ы­сқа түсуін оғаш санай­тын көре­рмен қауым бар. Осы орай­дағы сіздің пікіріңіз қандай?

– Бұл сұрақты « «Super әже­лер» реа­ли­ти-шоуын жүр­гіздіңіз деп емес, неге оны дәл бел орта­сы­нан тастап кет­тіңіз?» деп қой­ға­ны­ңыз дұрыс болар. Мен жоба­ның дәл орта­сын­да бағ­дар­ла­ма­ны жүр­гіз­бей кетіп қал­дым ғой. Бұл жобаға әже­лер қаты­са­ды, оларға руха­ни жағы­нан мән бере­міз деген соң, келісім бер­ген едім. Бірақ жоба баста­пқы тақы­ры­бы­нан ауы­тқып кет­ті. Көбіне баты­сқа елік­теп, әже­лері­мізді әуре-сар­саңға сал­ды. Әже деген – ана, ал ана біздің ұғы­мы­м­ы­зда секең­де­ген келін­шек емес қой. Сол үшін жоба жетек­шілері­мен көзқа­ра­сы­мыз сәй­кес кел­мей, сөз­ге келіп, түсірілі­мінің орта­сы­нан тастап кет­тім. Себебі жоба иелері әже­лері­мізді сай­қы­ма­зақ еткісі кел­ді. Алғаш мені хабарға шақы­ру бары­сын­да, менің ойым­мен сана­са­тын­ды­қта­рын айтқан еді, бірақ уақыт өте әже­лер­дің емес, жас қыздар­дың сай­ы­сы болып кет­ті. Бұл жоба­ның о баста діт­те­гені, мақ­са­ты мен мәні басқа­ша еді. Ал кей­ін­гі жағ­дай­ы­на кере­мет баға бере алмаймын.

– Айт­пақ­шы, бір интер­нет желісі­нен сізді «әйел жаны­ның пси­хо­ло­гі» деген пікір­ді оқы­ға­ным бар. Осы қысқа­ша жаз­ба­ның тігісін жаза кетіңізші…

– Әйел жаны­ның пси­хо­ло­гі дей­тіні – қыз-келін­шек­тер­ге арналған бағ­дар­ла­ма­ны жүр­гіз­генім болар. «Қаза­қстан» ұлт­тық арна­сын­да алғаш «Сырға» бағ­дар­ла­ма­сын Гүл­ми­ра Дай­ра­ба­е­ва еке­уміз бір­ге жүр­гіз­ген­біз. Қазір­гі Ұлт­тық арна­дағы Ләй­лә Сұл­танқы­зы­ның «Әйел бақы­ты» бағ­дар­ла­ма­сы секіл­ді әйел­дер мәсе­лесін терең­нен қозғаған едік. Кей­ін «Сен сұлу» бағ­дар­ла­ма­сы­нан ұсы­ныс түсті. Бағ­дар­ла­ма­ның мән-мақ­са­ты – әйел­дің өз түр-тұлға­сы­на, талға­мы­на өзгеріс енгізіп, пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­да өзіне сенім туғы­зу бола­тын. «Әйел жаны­ның пси­хо­ло­гі» деген­ді менің әріп­те­стерім­нің, көре­рмен­дер­дің маған бер­ген баға­сы деп біле­мін. Өзім әйел­дің ғана емес, жал­пы адам­ның ішкі дүни­есіне, жанын түсі­ну­ге бей­ім адам­дар­дың қатарындамын.

– «Оппо­зи­ция деген – мәде­ни­ет­тің ең жоғарғы түрі. Егер баяғы­дай бір пар­ти­я­лық бол­са, оның кем­шілі­гін ешкім айт­па­са, сон­да ел қалай түзе­леді? Ол – әйелің­нен баста­ла­ды. Ол – сенің жана­шы­рың», – деген еді Қадыр ақын. Қазір­гі таң­да қазақ әйел­дері бұл «оппо­зи­ци­я­лық» мін­дет­ті атқа­ра алып жүр деп ойлай­сыз ба?

– Мен ген­дер­лік сая­сат­ты аса қол­да­май­мын. Жал­пы, бұл ата-баба­мы­здан бері бол­маған дүние ғой. Бірақ Баты­сқа елік­те­ушілік­ті, сол мәде­ни­ет­тің дүние жүзіне кең таралға­нын мой­ын­да­уы­мыз керек. Егер ген­дер­лік сая­сат­тағы әйел­дер­дің пікіріне құлақ аса бер­сек, еркек­тің құны көк тиын болып қала­ды. Сая­сат­пен әйел­дің айна­лы­сқа­ны дұрыс шығар, бірақ сол әйел заты еркек­тің қабы­рға­сы­нан жара­ты­лға­нын ұмыт­пай, өз орнын біл­се дей­мін. Олар­дың қоға­мға өзін­дік пай­да­сы тиетін үлесі бол­сын, бірақ билік­ке ұмтыл­мауы керек.

–Туған жерім Ала­көл­ден жер телі­мін алған­мын, жаз­да ол жақ Лас-Вега­сқа айна­ла­ды. Өйт­кені сол жер­де дема­лыс орнын ашсам деген екен­сіз. Жос­па­ры­ңы­зды жүзе­ге асыр­ды­ңыз ба?

– «Ала­көл­ге келер жылы мән беруі­міз керек, суы­на шомы­лып, содан кей­ін өз бағам­ды бере­мін», – деп айтқан бір депу­тат аға­мы­здың сөзі бар. Иә, суы­ның құра­мы жағы­нан тең­десі жоқ Ала­көл­дің бола­шағы зор. Рас, жер телі­мін алып қой­дым, биз­несім­ді ертелі-кеш бастаймын.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн