Понедельник , 7 июля 2025

ӘДІЛЕТСІЗ ЕЛДІ берекесіздік пен қылмыс ЖАЙЛАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

 Қарар­да қоғам зары бар

 

ӘДІЛЕТСІЗ ЕЛДІ

бере­кесіздік пен қылмыс

ЖАЙЛАЙДЫ

 

Бұр­нағы күні Алма­ты­да Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы атын­дағы қор­дың ұйым­да­сты­руы­мен «Әділет­тілік және мем­ле­кет жау­ап­кер­шілі­гі» деген тақы­рып­та қоғам­дық тың­дау өткен еді. Оған елге бел­гілі бірқа­тар қоғам белсенді­лері – Төле­ген Жүке­ев, Серік­бол­сын Әбділ­дин, Ғаб­бас Қабыш­ұлы, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Евге­ний Жовтис, Әмір­жан Қоса­нов, Сер­гей Дува­нов, Айдос Сарым және басқа да таны­мал аза­мат­тар қаты­сып, тақы­рып аясын­да егжей-тег­жей­лі сөз сөй­леді. Біз төмен­де сол қоғам­дық тың­да­уда қабыл­данған қарар­ды жари­я­лап отыр­мыз. Бұл қарар тың­да­уға қаты­су­шы заң­гер­лер­лер, құқық қорға­у­шы­лар, сая­сат­та­ну­шы­лар, БАҚ және зия­лы қауым, жұрт­шы­лық өкіл­дері біра­уы­здан мақұлдады.

 

Қаза­қстан азамат­та­ры­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ның қан­ша­лы­қты қорғала­тынын, әр дең­гей­де­гі соттар­дың әділет­тілік­ті қалай орнық­тыратындығын біз бәрі­міз де жақ­сы біле­міз. Бүгін­гі қоғам­дық тың­дау бары­сын­да талқылан­ған мысал­дар сот жүй­есінің әбден былы­ққа батқан­ды­ғын ашық көр­сет­ті. Ата заңы­мы­зда «Сот билі­гі Қаза­қстан Респуб­ликасының аты­нан жүзе­ге асы­ры­ла­ты­ны және аза­мат­тар мен ұйым­дар­дың құқы­қта­рын, бос­тандықтары мен заң­ды мүд­делерін қорға­уды, рес­пуб­ли­ка Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның, заңдары­ның, өзге де нор­ма­тив­тік құ­қық­тық актілерінің, халықара­лық шар­тта­ры­ның орын­да­луын қам­та­ма­сыз етуді мақ­сат етіп қоя­ты­ны» анық жазылған.

Бұл талап көп жағ­дай­да ор­ындалып жатқан жоқ. Әсіре­се аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бос­тандықтарын қорғау жөнін­де. Жоғарғы билік тара­пы­нан бола­тын сая­си тап­сы­ры­стар­ды қалай­да орын­дау қажет­тілі­гі сот жүй­есінің жазыл­маған заң­ына айнал­ды. Судья­лар сот тө­релігін іске асы­ру кезін­де тәу­елсіздігінен айы­рыл­ды, Кон­сти­ту­ция мен заңға бағы­ну­дың орны­на бір адам­ның төңіре­гіндегілерден түсетін тапсыр­ма­ларға жіп­сіз бай­ла­нып қалды.

Мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәрсенбай­ұлына және оның қасын­дағы серік­тері – Бауы­р­жан Бай­бо­сын мен Васи­лий Журавлевқа жауы­зды­қ­пен жасалған қастан­дықты сая­си тер­рор­лық әре­кет ретін­де баға­лай­мыз. Қазір­гі және бұры­нғы қоғам­дық тың­дау­ларда, бұл іске қаты­сты өт­кен сот про­це­стерінің бәрін­де бұл тұжы­рым­ның шүбәсіз дұ­рыстығы айқын көрін­ді. Дәлел­дердің жет­кілік­тілі­гіне, заң­дық негіз­дер­дің сәй­кест­і­гіне қара­мастан, құқық қорғау орган­да­ры Қаза­қстан Қыл­мыстық істер кодексінің 233-бабы­ның 4‑бө­лігі бой­ын­ша іс жүр­гі­зу­ден бас тарт­ты, жәбір­ле­ну­ші жақтың тала­бын қабыл­да­ма­ды. Мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керінің (Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы – дәл сон­дай тұлға) сая­си қыз­метін тоқта­ту, не осын­дай қыз­меті үш­ін кек алу мақ­са­тын­да, қо­ғам­дық қауіп­сіздік­ті бұзу, ха­лықты үрей­лен­ді­ру мақ­са­тын­да адам өміріне қастан­дық жасал­ғанын жұрт­шы­лық көріп отыр.

ҚР сена­ты­ның бұры­нғы аппа­рат жетек­шісі Е. Өтемб­а­ев­ты алды­мен қыл­мыс жаса­уға тап­сы­рыс беру­ші ретін­де айып­та­ды. Кей­ін­нен жаңа­дан ашы­лған жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты оны қыл­мысқа итер­ме­ле­уші ретін­де қай­та сот­та­ды. Қоғам бұған да үлкен күмән­мен қара­ды. Енді жеті жылы қысқар­ты­лған жаза­дан оны мерзі­мі­нен бұрын шарт­ты түр­де боса­ту мәселе­сінің қара­луы өте ауыр қыл­мыс­тың аста­рын аша түсті. Барын­ша бүр­ке­ме­лен­ген, біржақ­ты жүр­гізіл­ген істің шикілік­тері шығып жатыр. Мұның бәрі сая­си тап­сы­ры­спен жасалған тер­рорлық әре­кет екен­ді­гінің айғағы.

2006 жылғы 11 ақпан­дағы қасірет­ті оқиғаға қаты­сты Тал­дықорғанда, Қас­ке­лең­де өткен сот про­це­стерін­де, Жоғарғы сот­та істі қараған судья­лар сот төрелі­гін іске асы­ру кезін­де тәу­елсіз бол­ды, Кон­сти­ту­ция мен заңға ғана бағын­ды деп айту қиын.

2006 жылғы Шаңы­рақтағы оқиғаға, 2011 жылғы Жаңаө­зен мен Шет­пе­де­гі қырғы­нға қа­тыс­ты сот­тар­дың жоғарғы би­ліктің ықпа­лы­мен өткен­ді­гі бар­шаға аян. Мем­ле­кет­тік басқа­рудағы жөн­сіздік­тер­ге бай­ла­ны­сты туын­даған кез-кел­ген нара­зы­лы­қтар­ды, қарсылық­тарды, аза­мат­тар­дың келіспеу­шілігін аяу­сыз басып-жаны­штау сая­са­тын ұстанған елде әділет­тілік бол­май­ды. Құқық­тық мем­ле­кет­піз деп жари­я­лау жет­кіліксіз. Пре­зи­дент­тен бастап қара­пай­ым адам­дарға дей­ін заң алдын­да бір­дей жау­аптылықта болуы тиіс. Қағаз жү­зінде қал­дыр­май, оны іске асы­ру – мем­ле­кет бас­шы­сы­ның төл мін­деті. Онсыз пре­зи­дент­ті аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­ры­ның кепілі санау қисынсыз.

Тәу­ел­сіз, еркін ақпа­рат құр­ал­дарын, оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дарды, қозға­лы­стар мен бір­лестіктерді, қай­рат­кер­лер­ді, қо­ғам бел­сен­ділерін қуда­лау құра­лы­на айналған сот­тар­ды сая­си тап­сы­ры­сты орын­да­у­шы­лар қата­ры­на қосуға тура келеді. Сая­си қар­сы­ла­ста­ры­на қар­сы бұза­қы­лар­ды да пай­да­ла­на­тын елде қол­дағы, бағы­нышты әрі тәу­ел­ді заң сала­сы қыз­мет­кер­лерін жұм­сау әлде­қайда өрке­ни­ет­ті көрі­нер. Бірақ оның үне­мі көрініс табуы, үй­рен­шікті әдет­ке айна­луы өте қау­іпті. Ең алды­мен мемле­кеттің өзіне қатер­лі. Билік пен бай­лық үшін бір-бірі­мен қы­рықпышақтасатындар құқық қорға­у­шы­лар­ды қол­шоқ­пар жасай­ды. Жоға­ры шен­ділер ара­сын­дағы шай­қастар онсыз да халы­қтың сені­мі­нен айырыл­ған сот жүй­есін, про­ку­ра­ту­ра­ны, ұлт­тық қауіп­сіздік, жем­қор­лықпен, қыл­мыспен күрес ме­ке­мелерін талқан­дап тынады.

Біз­дер, қоғам­дық талқы­лау­ға қаты­су­шы­лар, жоға­ры­дағы мы­салға кел­тіріл­ген істер­де, сон­­дай-ақ «Адам бол», «Жұл­дыз­дар отба­сы – Аңыз адам» жур­нал­да­ры­на, «Три­бу­на» га­зе­тіне қаты­сты шыға­ры­лған сот ше­шімдерінде жап­пай заңсыз­дық­тардың орын алған­ды­ғын, әділет­сіздік­ке жол беріл­ген­ді­гін атап айта­мыз. Мұн­дай­ға еш­қа­шан да төзу­ге бол­май­ды! Аза­маттардың заңға, заң орын­да­ры­на, мем­ле­кет­тік билік­ке деген сені­міне орас­ан нұқ­сан кел­тірген теріс құбы­лы­сқа бүгін тосқа­уыл қой­ыл­ма­са, ертең кеш бола­ды. Қателік­тер­ді тү­зетуді, сая­си аста­ры бар себеп­тер­мен адам өмірі қиы­лған қыл­мыстар­дың – Заман­бек Нұр­қаділовке, Алтын­бек Сәр­сен­байұлы мен Бауы­р­жан Бай­босынға, Васи­лий Жу­равлевқа жасалған қастан­ды­қтың ақи­қатын ашу­ды талап ете­міз! Бұл істер­ді әуел бастан бұр­ма­лаған, жауып тастаған, қыл­мыс жа­сау­шылар қата­рын­дағы күдікті­лерді, мәсе­лен, Р.Әлиев пен Ә.Мұсаевты және басқа­лар­ды қорға­штаған тер­ге­ушілер, про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері мен судья­лар қыл­мыстық жаза­ға тар­ты­луы тиіс! Олар­дың көп­шілігі әлі де жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­тер­ді атқа­ру­да. Мұн­дай масқа­ра­лы­ққа нелік­тен жол бе­рілгендігін пре­зи­дент халы­ққа түсін­дір­сін! Басты тап­сы­рыс бе­рушілер мен орындау­шы­лар­дың жаза­сын тар­тар сәт туа­ры­на сенеміз.

Сая­си тұтқын­дарға бай­ла­ны­сты халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың өтіні­шін ескеріп, олар­ды боса­ту қажет­ті­гін еске сала­мыз!  Тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер мен ақпа­рат құрал­да­рын сот ар­қылы қуда­ла­удың соңы мем­лекеттің ақпа­рат­тық қауіпсіз­дігіне орас­ан нұқ­сан келтіре­тіндігін, оның сөз бостан­ды­ғын шек­теу, демо­кра­ти­я­лық мүдде­лер­ден бас тар­ту болып шыға­тын­дығын қапер­ге саламыз.

Әділет­сіздік орны­ққан мем­лекетті бере­кесіздік, қыл­мыс жай­лай­ды. Ере­уіл­дер мен тол­қулар үдей­ді. Әділет­тің ту ті­гетін жері – сот. Сай­қы­ма­за­ққа айналған қаза­қстан­дық сот жүй­есін өрке­ни­ет­ті елдер­дің үрдісі­мен ғана түзе­ту­ге бола­ды. Оның жолы – сот билі­гін дер­бес ету, шын мәнін­де­гі тәу­елсіздігін орны­қты­ру. Бар би­лікті өз қолы­на алған бір адам­ның қыз­мет­ке тағай­ын­да­уы­на тәу­ел­ді судья­лар­дан әділетті­лікті күту – аспан­дағы айға қол созған­мен тең.

Біз судья­лар­ды жалпыха­лық­тық сай­ла­удан өткі­зуді қа­лаймыз! Елі­міздің бүгіні мен бола­шағы, әділет­ті қоғам үшін осын­дай қадам жаса­уға міндеттіміз!

Алма­ты қаласы,

2014 жылғы 9 желтоқсан

 

 

Бұл екі арада

Нақты қыл­мыс­кер түбінде

ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Аста­на­ның апел­ля­ци­я­лық сот кол­ле­ги­я­сы ҚР сенат аппа­ра­ты­ның экс-жетек­шісі Ержан Өтемб­а­ев­ты мез­гілі­нен бұрын шар­тты түр­де еркін­дік­ке шыға­ру тура­лы бірін­ші саты­дағы сот қаулы­сын өзгеріс­сіз қал­дыр­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

Соны­мен бір­ге апел­ля­ци­я­лық сот кол­ле­ги­я­сы­ның судья­сы Алма Есі­мо­ва «зардап шегу­шілер­дің жеке шағы­мы қанағаттан­дырылмасын» деген шешім шығар­ды. «Зардап шегу­ші тарап­тың шағы­мын­да көр­сетіл­ген уәж­дері бірін­ші саты­дағы сот­тың зерт­теп және баға­ла­у­ы­нан өтті. Зардап шегу­шілер­дің ұста­ны­мы Өтем­баевты шар­тты түр­де мез­гілі­нен бұрын боса­ту­дан бас тар­туға сөз­сіз негіз бола алмай­ды», – деді ол.

Ал сотқа зардап шегу­шілер тара­пы­нан қаты­сқан Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы: «Өтемб­а­ев­тың түр­ме­ден боса­ты­луы­на біздің ізгі ниеті­міз қар­сы емес, оның үстіне ол бұл қан­ды қыл­мыстың нақты фигу­ран­ты бол­маға­нын біз Тал­ды­қорған­дағы сот­та мәлім еткен­біз, – дей­ді. – Ал Алты­кен мен оның серік­терін атуға тап­сы­рыс бер­ген қані­шер­ді біз түбін­де бәрібір табамыз!».

«

 

Республиканский еженедельник онлайн