Понедельник , 7 июля 2025

«Қорқыттың көрін» КӨРДІҢІЗ БЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

Пре­мье­ра

 

«Қорқыт­тың көрін»

КӨРДІҢІЗ БЕ?

Өткен апта­ның соңын ала соқ­пағы соны кеш бол­ды. Кеш болған­да да Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­рын­да бел­гілі ақын, дра­ма­тург Иран-Ғай­ып­тың «Қорқыт­тың көрі» пье­са­сы көре­рмен­ге жол тарт­ты. Сөй­тіп, қазақ теат­рын­да «Қорқыт көрін» тағы бір рет өз көзі­міз­бен көрдік.

 

Бүй­ре­гі бітеу бүгін­гі әңгі­ме де осы «тағы бір рет» деген тұла бойы тусы­ған сөз­ден шыға­ды. Себебі осы­дан ширек ғасыр бұрын жазы­лған Ирағаң­ның «Қорқыт баба» тура­лы пье­са­сы 2000 жыл­дар­дың басын­да Ға­бит Мүсіре­пов атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік бала­лар және жас­өспірімдер теат­рын­да сахна­ланған бола­тын. Ол спек­такль Қазан­да өткен түр­кі тіл­дес ел­дердің фести­валін­де жоға­ры баға­ла­нып, Қорқыт рөлін сом­даған ҚР еңбек сіңір­ген қай­раткер Бал­та­бай Сейтмамыт­ұлы бас жүл­дені иелен­ген еді.

Сөйт­се де, бұл қой­ы­лым бұры­нғы қой­ы­лым­нан өзге­ше деседі. Оның ала­бө­тен себебі де жоқ емес. «Бітер істің басы­на, жақ­сы келер қасы­на» де­мек­ші, айту­лы қой­ы­лым литва­лық режис­сер Йонас Вайткус­тың жетек­шілі­гі­мен ерекше­лен­ген. Олай дей­тіні­міз – ке­зінде КСРО мен Лит­ва­ның сый­лықтарына лау­ре­ат болған Вайт­кустың «Қорқыт­тың көрін» қоюы – қазақ сахна­сын­дағы тұңғыш жұмысы көрі­неді (КСРО Мем­ле­кет­тік, Лит­ва Ұлт­тық сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты – Қ.Қ.).

Хош, соны­мен абыз аты­мен әйдік­тен­ген спек­такль­ды көр­ген соң, жур­на­ли­стік сал­ты­мы­з­бен қой­ы­лым тура­лы көп­ке де бір бәтуә айтуы­мыз керек бол­ды. Қонаға­сы­ның жар­ты тары­сы­на дей­ін жар­ты күн мақтап жей­тін қаза­қтың мұн­дай­да ашы­лып айта­ры қай­сы? Көр­ген біздің көсіліп көр­се­тер тұсы­мыз қай­сы? Міне, осы сау­ал­дар сары­нын­да сана­мыз жет­кенін­ше сал­мақтап, сара­лап қайттық.

Әуелі жұрт­тың сөзіне жіті үңіл­сек, «Қорқыт­тың көрі» – Қор­қыт баба­мы­здың запы­ран­дай ащы аңыз-өміріне арнап қой­ы­лған сахна­лық тұжы­рым екенін айта­ды. Тағы бірінің пай­ы­мы – қой­ы­лым алма-кезек дүн­ие­дегі дін­дер аста­суын­дағы киелі руха­ни ұғым­ның жана­за-рек­ви­е­мі деген­ге келіңкірейді.

Ол – рас! Қат-қабат филосо­фиялық иірім­нен тұра­тын, өл­генді тіріл­тетін өмір­шең туын­ды әуел­де лит­ва­лық Йона­сқаға да опы­рып тұрып алар оңай олжа бол­маған. Мұны өзі де рас­таған. Ал осы тұстағы Әкем­театрдың дирек­то­ры, бел­гілі дра­ма­тург Еркін Жуа­с­бе­ко­втің: «Әрине, сюжет­тік жағы­нан кей­бір көре­рмен­ге ауырт­па­лық тү­сіруі мүм­кін. Бірақ бұл ойға, санаға арналған көре­рмен­ді ойлан­ды­ру үшін түсі­ну­ге сал­мақ түсіретін қой­ы­лым болып от­ыр. Шын мәнін­де әлем­дік театр тен­ден­ци­я­сын­да мұн­дай бағыт бар. Біз де осын­дай қой­ы­лым­ның өмір­ге кел­геніне қуаныш­ты­мыз. Себебі мұн­да жал­пы адам­затқа ортақ – өмір мен өл­ім және сол ара­лы­қтағы адам­ның руха­ни бол­мысы қам­тыл­ған», – деуі біздің­ше бекер айтылмаған.

Оның бер жағын­да Қорқыт-абы­здың қат­пар-қат­пар құпия­сына қал-қадірін­ше бой­лаған Дуы­лға Ақмол­да­ның рөлі әлі көз алды­мы­зда жыр тілін­де ұз­ақ-ұзақ күбір­лей­ді. Руха­ни құн­дылықтың ұшар басы­на ақша­ны қоюға қам-қаре­кет еткен қо­ғам үшін бұл қой­ы­лым қан­дай­лық қажет бол­са, сол қо­ғам­ның құлақ кесті құлы – біз пақыр үшін де тым-тым терең. Бәл­кім, ол тереңдік­ті бой­лай бі­лу үшін, Иран-Ғай­ып­тың ішкі әле­міне «кіріп-шығу» керек пе екен?

Бір аны­ғы – күбір­лесіп, күл­ім­десіп, іңір кешіп кел­ген топ-топ адам аталған қой­ы­лым­нан шығып бара жатып: «Қиын…» дескенін естідік. Әзір­ге сол «қи­ынның» несі­мен қиын екенін бір рет қана бай­қаған біз бен сіз үшін жұм­бағы жұтыл­май қалған фәл­сә­фа­ны тағы бір рет пай­ым­дау керек шығар… Мүм­кін, сол жұм­бақты шешу үшін, дәл осы қой­ы­лым­ның қой­ы­нын тағы бір ара­лап шығу керек пе екен, кім біледі?!

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

 

Өне­ге Алты бала­ның анасы

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ БОЛДЫ

Алты бала­ның ана­сы, «Мисс Қазақ­стан 2011» жоба­сын­да жеңім­паз атанған Ақнұр Жұмабе­кова Маль­та­да өткен «Queen of the Рlanet-2014» бай­қа­уы­ның гран-при иегері атанды.

Жуыр­да Еуро­па­ның төрін­де өткен әйдік әсем­дік сай­ыс арнайы ана­лар күніне орай ұйым­да­сты­ры­лған бола­тын. Оған Қаза­қстан­нан, Ресей­ден, Маль­та­дан – бар­лы­ғы 23 елден үміт­кер­лер қаты­сқан көрінеді.

Соны­мен қатар, үміт­кер­лер бұл жолы да өзге бай­қа­у­лар­дай «біс­сі­міл­ләсін» өза­ра арнайы қай­ы­рым­ды­лық іс-шара ұйымдас­ты­румен бастап, сол шара­дан түс­кен ақша­ны жетім­дер үйіне аударған.

Айта кетер­лі­гі, аталған бай­қа­удың жеңім­пазы атанған Ақнұр-ана­сы­ның арқа­сын­да үлкен ұлы енді Маль­та­дағы «RBSM» мек­тебін­де жаз­дық мау­сым­ды өткізу­ге мүм­кін­дік алған екен.

Осын­дай­да ана болу­ды «асқақ-асқақ» арма­нын ақса­та­ды деп біліп, өмір­ге ұрпақ әке­лу­ден безін­ген қызда­ры­мы­зға алты құр­сақ көтер­ген Ақнұр­дың ерлі­гі өне­ге бол­са дей­міз. Әрі бұл жеңісті нағыз қазақ қызы­ның жеңісі деп біле­міз! Жарай­сың, Ақнұр!

Республиканский еженедельник онлайн