Четверг , 3 июля 2025

РЕСЕЙГЕ ЖҰТЫЛЫП БАРАМЫЗ

Отан­дық БАҚ 1 сәуір­ден бастап Ресей өз аумағын­да жүр­ген қаза­қстан­ды­қтарға шек­теу енгіз­генін жары­са жазып жатыр. «Ком­мер­сантъ» желілік басы­лы­мы бұл елде кей­бір жүр­гі­зу­шілер үшін Қаза­қстан­да беріл­ген жүр­гі­зу­ші куәлік­тері жарам­сыз екенін жари­я­ла­ды. Басы­лым­ның жазуын­ша, енді Ресей­де тұрақты тұруға кел­ген неме­се аза­мат­тық алған шетел­дік­тер көлік басқа­ру үшін мін­дет­ті түр­де ресей­лік жүр­гі­зу­ші куәлі­гін алуы тиіс.

Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның «Жол қозға­лы­сы қауіп­сізді­гі тура­лы» заңы­на сәй­кес, бұл талап 2024 жыл­дың 1 сәуіріне дей­ін Ресей аза­мат­ты­ғын неме­се тұрақты тұруға рұқ­сат алған­дарға, сон­дай-ақ осы күн­ге дей­ін шетел­дік жүр­гі­зу­ші куәлі­гі­мен елге кір­ген ресей­лік­тер­ге қаты­сты көрі­неді. Егер олар 1 сәуір­ден кей­ін көлік тіз­гініне қаза­қстан­дық неме­се басқа шетел­дік куәлік­пен оты­ра­тын бол­са, бұл – жүр­гі­зу­ші куәлі­гін­сіз көлік басқа­ру ретін­де қара­лып, 15 мың рубль­ге дей­ін (90 мың тең­ге­ден аса) айып­пұл салынады.

 Түсініксіз жері – бұл талап Бела­русь аза­мат­та­ры­на және осы елдің жүр­гі­зу­ші куәлі­гі бар ресей­лік­тер­ге қол­да­ныл­май­ды екен. Оның үстіне бұрын шетел­дік жүр­гі­зу­ші куәлі­гін ресей­лік куәлік­ке емти­хан­сыз ауы­сты­ру мүм­кін бол­са, 1 сәуір­ден бастап бұл жеңіл­детіл­ген мерзім де тоқтаған. Деректер­ге сәй­кес, бір жыл ішін­де 500 мың адам жүр­гі­зу­ші куәлі­гін ауы­сты­рған. Енді М, А, В санат­та­ры үшін тео­ри­я­лық емти­хан тап­сы­ру қажет бол­са, С және D санат­та­ры бой­ын­ша авто­мек­теп­тен өтіп, содан кей­ін тео­рия мен прак­ти­ка­дан емти­хан тап­сы­ру қажет.

Түсініксіз дей­тіні­міз, Қаза­қстан – Бела­русь елі сияқты Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа мүше мем­ле­кет. Бұл одақтың негіз­гі мақ­са­ты – мүше мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­ла­рын тұрақты дамы­ту үшін жағ­дай­лар жасау, одақ шең­берін­де тау­ар­лар­дың, қыз­мет­тер­дің, капи­тал мен еңбек ресур­ста­ры­ның біры­ңғай нары­ғын қалып­та­сты­руға және еркін қозға­лы­сын қам­та­ма­сыз ету­ге ұмтылу.

Осы тұрғы­дан алған­да, Ресей – мүше мем­ле­кет­тер бір­ге қабыл­дап, бір­дей орын­да­уға мін­дет­ті талап­тар­ды бұзып отыр! Есесіне 2022 жылы ақпан­да бұл ел Укра­и­наға соғыс ашқа­лы, қан­ша­ма ресей­лік аза­мат біздің елі­міз­де емін-еркін жүр. Біз оларға жеке сәй­кестен­ді­ру нөмірін де, банк кар­точ­ка­сын да, тіп­ті Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын да беріп жатыр­мыз. Бұған Ресей аза­мат­та­ры­ның елі­міздің актив­терін бел­сен­ді түр­де көп­теп сатып алып жатқа­нын қосы­ңыз! Тек бір жыл­дың өзін­де, яғни 2022–2023 жыл­да­ры Қаза­қстан­дағы ресей­лік капи­та­лы бар ком­па­ни­я­лар­дың саны 70 %-ға өскен. Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның мәлі­метін­ше, сол кез­де­гі олар­дың саны 19 735-ке жет­кен, сон­дай-ақ 3 935 бір­лес­кен ком­па­ни­яда ресей­лік капи­тал болған. Қазір қан­ша екенін бір Құдай білсін!

         Ресей­лік бай-бағлан­дар­дың әре­кеті түсінік­ті шығар, бұған олар­ды соғыс пен қатаң санк­ци­я­лар итер­ме­леп оты­рға­ны сөз­сіз. Мүм­кін, бұл бір жағы­нан бүкіл маңы­зды нысан­дар мен ең қым­бат қаза­қстан­дық актив­тер­ді көп­теп сатып алу арқы­лы біздің елі­міз­ге үстем­ді­гін жүр­гізу­ге бағыт­талған Ресей бас­шы­лы­ғы­ның құпия түр­де жүр­гізіп жатқан жымысқы сая­са­ты да шығар, кім біл­сін! Әйт­пе­се соғыс баста­лып, моби­ли­за­ция жари­я­ланған кез­де Қаза­қстанға мың­дап емес, жүз мың­дап ағы­лған аза­мат­та­ры­на тоқтау салуға толық мүм­кін­ді­гі бар еді ғой. Жоқ, керісін­ше, кете бер­сін, барып қажет­ті нысан­дар мен актив­тер­ді иелей бер­сін деп, әдейі ынта­лан­ды­руы да бек мүмкін!

         Ал біз­де оны елеп-ескеріп, бетіне күле қара­саң – көй­ле­гіне жамау тілеп, балақтағы бит­тің басқа шыға­ты­нын ойлап жатқан ешкім жоқ! Осы тұрғы­дан алған­да, қит етсе қаз­ба бай­лық көзі мол кен орын­да­рын, стра­те­ги­я­лық нысан­дар­ды және өз үле­стері мен бүкіл биз­несін ресей­лік­тер­ге сата­тын қазақ билі­гі мен қаза­қстан­дық мен­шік иелерінің әре­кеті тіп­ті түсініксіз!

         Қазір қарап отыр­сақ, соңғы бір­не­ше жыл­да қаза­қстан­дық қан­ша­ма ірі кәсі­по­рын ресей­лік­тер­дің иелі­гіне өткен. Соның бірі – «Қаз­фос­фат» ком­па­ни­я­сы. Ол ТМД мен Еуро­па аумағын­дағы құра­мын­да фос­фор бар тыңай­тқы­штар өндіретін ірі ком­па­ния. Оның актив­тері – «Мине­рал­дық тыңай­тқы­штар» зауы­ты, «Қаз­фос­фат» және «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешен­дері, темір­жол-көлік кешені, Степ­но­горск химия зауы­ты, сон­дай-ақ Қаза­қстан, Өзбек­стан, Түр­кия және Лит­ва­дағы сауда үйлері.

         Мит­тал кетіп, «Қар­мет­ке» иелік еткен Андрей Лав­рен­тьев­тің де артын­да оре­кең­дер­дің құлағы қылтияды.

Ал «Буде­нов­ское» алпа­уыт уран кен орны­ның 49 % үлесі «Роса­то­мға» сатыл­ды. Артын­ша «Роса­том» бас­шы­лы­ғы Қаза­қстан­дағы ірі уран актив­терін бақы­лау Ресей­ге уран қоры бой­ын­ша әлем­де 2‑орынға шығуға мүм­кін­дік беретінін мәлім­деді. Болжам бой­ын­ша, «Буде­нов­ское» кен орнын­да уран өнді­ру 2026 жылы шама­мен 6 мың тон­на­ны құрай­ды. Ол уран қоры бой­ын­ша әлем­де­гі ең бай кен орын­да­ры­ның бірі болып саналады.

         Бұл тұрғы­да сая­сат­та­ну­шы Димаш Әлжа­нов: «Уран актив­терін беру арқы­лы Қаза­қстан Крем­ль­ге одан да тәу­ел­ді жағ­дай­ға тап бол­ды. Бұл ресур­стар үшін күре­сте Қаза­қстан жеңіліп қал­ды және елде ресми Мәс­ке­у­ге «жоқ» деп айта ала­тын сая­сат­кер­лер табыл­ма­ды», – деп мәлім­деді. Осы­ған қарап-ақ, біздің нені жоғал­тқа­ны­ны­мы­зды бағам­дай беріңіз!

 Ресей­лік оли­гарх Васи­лий Ани­си­мов пен қаза­қстан­дық мен­шік иесі – Алек­сандр Кле­ба­нов бір­лесіп иелік еткен «Степ­но­горск тау-химия ком­би­на­ты» толы­ғы­мен ресей­лік бақы­ла­у­ға алын­ды. Сон­дай-ақ Көк­ше­тау, Семей және Өске­мен­де үш жаңа ЖЭО салу жос­пар­ла­нып отыр. Тап­сы­ры­сты, неге екені бел­гісіз, ресей­лік «Интер РАО-Экс­порт» және «Фир­ма ОРГРЭС» ком­па­ни­я­ла­ры орын­дай­ты­ны айты­лып жатыр.

Қаза­қстан­да келе­шек­те салы­нуы мүм­кін үш атом стан­ци­я­сы­ның құры­лы­сын да «Роса­том» жүр­гі­зуі мүм­кін деген күдік басым. Әлі қамал алар 40 жасқа тол­маған, тегі ресей­лік Тимур Тур­ло­втың бір өзі қан­ша­ма қаза­қстан­дық актив­ті уысын­да ұстап отыр!

Ұзын сөздің қысқа­сы, Қаза­қстан – тәу­ел­сіз мем­ле­кет, ЕАЭО-ның тең құқы­қты мүше­сі болға­ны­мен, бұл одақ тек Ресей мүд­десі үшін ғана пай­да­лы болып тұр. Ресей­лік жүр­гі­зу­ші куәлі­гін алу тура­лы мына талап та Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның құқын шек­теу, одақ қыз­метінің талап­та­рын өктем­дік­пен өрес­кел бұзу­дан басқа ештеңе емес! Қаза­қстан­ның қазір­гі жағ­дай­ы­на қара­сақ, бір­те-бір­те Ресей­ге жұты­лып бара жатқан­дай. Тіп­ті ЕАЭО-ның өзі тіз­гін­ді бір қол­да ұстай оты­рып, өзге рес­пуб­ли­ка­лар­ды бір­тін­деп бағын­ды­руға бағытталғандай!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн