Четверг , 3 июля 2025

ХАЛҚЫ ҚАДІРЛЕГЕН ҚОНАЕВ

Дана­лы­қтан дән тер­ген кісілер «көр­геніңді айт, есті­геніңді айтпа.

Есті­ген ауы­здан ауы­зға өте­ді ғой. Сөз қоса­ды», – деп бекер айт­па­са керек.

Дін­мұ­ха­мед Қона­ев – елі­міз­де елу жылға жуық лау­а­зым­ды қыз­мет­тер атқарған алып тұлға, бай­сал­ды бас­шы болған адам. Сол дәуір­де бүкіл Совет­тер Одағы бой­ын­ша Соци­а­ли­стік Еңбек Ері атағын үш рет алған бесе­удің бірі (Е. Слав­ский – СССР Атом өнер­кәсібі мини­стрі, Д. Усти­нов – Қорға­ныс мини­стрі, А. Алек­сан­дров – Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті, А.Сахаров – Нобель сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, академик).

Ұлт­тық кіта­п­ха­на­да «Қаза­қтың Қона­е­вы», «Отыз жыл­дың ой-толға­уы» атты кітап­тар­ды таны­сты­ру рәсі­мі өтті. Естелік қана емес, ел басқа­ру­дың қыр-сырын шер­тетін шығар­ма­ның авто­ры – елі­міз­ге таны­мал тұлға, баян­далған көп оқиға­лар­дың басы-қасын­да өзі жүріп, куә­гер болған мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Қуа­ныш Сұл­танұ­лы. Ол алғы­сөзін­де «Кей­бір оқиға­лар өзім көзім жетіп, көңілі­ме түй­генім сол дәуір­дің айна­сын­дай оқыр­ман наза­ры­на ұсы­ны­ла­ды» – деп жаза­ды. Жаңа туынды­да өмір­де орын алған көп­те­ген нақты мысал­дар мен дәлел­дер келтірілген.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің жоға­ры саты­ла­ры­на дей­ін абы­рой­мен көтеріл­ген Қуа­ныш Сұл­танұ­лы сон­да не дей­ді? «Ел басқа­ру да ардың ісі. Оның өз талап­та­ры бар. Мем­ле­кет басқарған, ел тағ­ды­ры­на қаты­сты шешім қабыл­да­уға жау­ап­ты адам, әрине, пері­ш­те емес».

Орын­ды ой, сал­мақты тұжы­рым осы­лай жалға­са береді.

Ол дәуір тура­лы сөз қозғаған­да, сол заман­ның оқиға­ла­рын, сол қоғам­ның көзқа­ра­сы тұрғы­сы­нан қабыл­дау да әділ­дік болар еді.

Сон­дай-ақ автор бұған дей­ін жазы­лған шығар­ма­лар мен жарық көр­ген туын­ды­лар­ды лай­ы­қты баға­лаған. Кез­дескен, сөй­лес­кен, дидар­ласқан заман­даста­ры­ның ол тура­лы айтуға да, жазуға да құқы бар екен­ді­гін атап өтеді.

Соны­мен бір­ге 1986 жылғы тари­хи оқиға­ны айна­лып өтпей, сабақ ала­тын тұста­рын еске сала­ды: «Г.Колбин Диме­кеңе жапқан жала­сы­мен бүкіл қаза­қты шата­сты­рып, аран­да­тып қой­ды. …Адам­дар ара­сын­да бір томы­рық-тұй­ы­қтық пай­да бол­ды. Ешкім үнде­мей­ді. Тіп­ті күбір­леп аман­да­са­тын бол­дық. Сенім­сіздік. Күдік. Енді бірер күн­дер­ден кей­ін сыздап тұрған ашы­тқы­ның қақ­пағы аты­лған­дай бар­лық жер­де «ұлт­шыл­дар­ды әшке­ре­леу және тәр­би­е­леу» жина­лы­ста­ры ешкім­нің нұсқа­уын­сыз-ақ бұрқыл­дап, қай­нап, біреу жұмыстан кетіп, біреу оқу­дан қуы­лып, абыр-сабыр болып жатты…».

Иә, өкініш­ке қарай, елді «бөліп алып, билей берудің» түр­лі тәсіл­дері әлі күн­ге жалға­су­да. Соның ішін­де аты озған аза­мат­тың аяғы­нан шалу, өрке­ни­ет­ті елдер­де аты­мен жоқ «дома­лақ арыз ұйым­да­сты­ру», жала жабу үрдісі де жегі құрт­тай жан-жағын жал­мап келеді.

«Отыз жыл­дың ой-толға­уы» кіта­бын­да Қуа­ныш Сұл­танұ­лы: «Біз қоғам­дық сана­ның меше­улі­гін айтқы­мыз кел­мей­ді. Әрбір ұлт­тың – өз ана тілін­де сөй­ле­уі, сөй­ле­ме­уі адам­ның да, ұлт­тың да сапа­сын көрсетеді.

Мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесінің Ата заң­да анық айшы­қталға­нын, көп нәр­се өзі­міз­ге бай­ла­ны­сты екен­ді­гін еске сала­ды. Енжар­лық. Сыл­та­у­лар айты­ла­ды. Ата-ана жау­ап­кер­шілі­гі үшін үкі­мет қаулы­сын қабыл­дай­мыз ба? Шын­ды­ғын­да, оны біт­пей­тін про­бле­маға айнал­ды­ра беру кім­ге тиімді?

«Ондай­лар елін, жерін, Ота­нын қорға­уға да енжар­лы­қ­пен қарай­ды-ау» деген қау­пін де жасырмайды.

Жал­пы, ірі тұлға­лар тура­лы есті­генін айта салу, жалған сөй­леу, қосып айту ешкім­ге абы­рой әкел­мей­ді. Олар­дың өтірі­гін бетіне басып, тарих­тың өзі әшкерелейді.

Қуа­ныш Сұл­танұ­лы сөзі­мен айт­сақ, «тұлға­та­ну – ұлт­тық сана­мы­здың сапа­сын көр­се­тетін іс екен­ді­гін түсі­нетін де, түй­сі­нетін де кез кел­ді». Бүгін­гі және келер ұрпақ осы ойды бас­шы­лы­ққа алар деп үміттенеміз.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн