Четверг , 3 июля 2025

БАСЫНАН ДАУ АРЫЛМАҒАН ҚОРҒАС

Елі­міз­де соңғы ширек ғасыр­да болған ең ірі қыл­мыстық іс – «Қорғас ісіне» биыл 15 жыл тола­ды. Өтті-кет­ті, бола­ры болып, боя­уы сіңді деген­мен де, әлі ашыл­маған жайт­тар бар екен. Аты­шу­лы қыл­мыстық істің боя­уы әлі кеп­пеп­ті, іс басын­дағы көзір­лер қыз­мет­тен кет­кені­мен, «көңіл­ден» кет­пеп­ті. Жаңа Қаза­қстан­да да солар­дың соны ізі, даңғыл жолы әлі жой­ыл­маға­нын бай­қап отыр­мыз. Тари­хи кон­тра­бан­да­ның түбіне су құй­дық дегені­міз­бен, 2024 жылдың құжат­тарындағы кіріс-шығыс айыр­ма­шы­лы­ғы жер мен көк­тей. Анау-мынау емес, рекорд­тық 14 мил­ли­ард дол­ларға жет­кен. Ulysmedia.kz бұл қыл­мыстық істің түп-тұқи­я­нын, сол кез­де іске кім­дер қаты­сқа­нын түген­деп, кіріс пен шығы­сты есеп­те­у­ге тырысты. 

ЕСІМІН ТАСҚА ҚАШАҒАН ҚОЖАМЖАРОВ

Жуыр­да бұл тари­хи іске деген қызы­ғу­шы­лы­қты Бас про­ку­ра­ту­ра қай­та оят­ты, олар «Қорғас ісіне» қаты­сы бар адам­дарға қаты­сты азаптау тура­лы айтқан­да, Қаза­қстан қар­жы поли­ци­я­сы­ның бұры­нғы бас­шы­сы Қай­рат Қожам­жа­ро­втың есі­мін атады.

Бұл шу қай­та көтеріл­мей тұрып, Қай­рат Пер­не­шұ­лы өзінің заң фир­ма­сын тыныш қана басқа­рып, өткен-кет­кен­ді еске алып, естелік­тер жазып жатқан еді. Алай­да наурыз айы­ның соңын­да ол Қаза­қстан­нан аяқа­сты кетіп қал­ды. Мүм­кін, бұл жай ғана сәй­кест­ік шығар. «Қорғас» арқы­лы жүк тасы­мал­дау көле­мі артқан сай­ын, кеден­дік ста­ти­сти­ка­дағы алшақтық та арта түс­кені дәл сол сияқты кез­дей­соқтық болуы мүмкін.

ЖҰМБАҒЫ КӨП «ҚОРҒАС» ЖОЛДАРЫ

2014 жылғы «Қорғас» ісі бой­ын­ша заң алдын­да жау­а­пқа тар­ты­лған­дар­ды сана­уға бір адам­ның сау­сағы жет­пей­тін. Себебі 45 айып­та­лушы, 1576 том іс, 600 куә­гер, 48 адво­кат және 70 том­нан тұра­тын айып­тау қор­тындысы аз дүние емес. Бұл үкім нәти­же­сін­де кеден мен ұлт­тық қауіп­сіздік қыз­метінің бұры­нғы қыз­мет­кер­лері жеңіл деген­де шар­тты жаза алып, ауыр қыл­мысқа барған­да­ры 17 жылға дей­ін бас бостан­ды­ғы­нан айырылды.

Оған дей­ін үш жыл бойы қар­жы поли­ци­я­сы Қытай­дан Қаза­қстанға бағыт­талған күр­делі кон­тра­бан­да схе­ма­сын тер­геп-тек­сер­ді. Бұл схе­ма­да мил­ли­ард­таған қар­жы айна­лып қана қой­май, адам­дар да бел­гісіз жағ­дай­да қаза тап­ты. Бұл тер­геу 2011 жылы бастал­ды, дәл сол кез­де Қожам­жа­ров Эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­мен күрес агент­ті­гінің бас­шы­сы болатын.

Енді, міне, ол 2014 жылы сот­талған­дар­дың азаптау арқы­лы бер­ген куәлік­теріне бай­ла­ны­сты жаңа қыл­мыстық істің фигу­ран­ты ата­нып отыр.

2016 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де «Қорғас» шека­ра өткі­зу бекеті тағы бір дауға ілік­ті – оның пре­зи­ден­ті Васи­лий Ни 1 мил­ли­он дол­лар пара алып жатқан жері­нен ұстал­ды. Сол кез­де бір­ден Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы ұлт­тық бюро мәлім­де­ме жасап, Васи­лий Нидің өз қара­мағын­дағы инве­сти­ци­я­лар­мен жұмыс бөлі­мінің бас­шы­сы Сай­дул­ла­ев арқы­лы «Хор­гос Тюль­пан» ЖШС өкілі­нен 1 мил­ли­он дол­лар пара­ны бопса­лау арқы­лы алға­нын хабарлады.

Васи­лий Ниге тағы­лған айып 2017 жылғы сәуір­де алы­нып тастал­ды және ол қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен босатылды.

– Васи­лий Ни мен Махаб­бат Сай­дул­ла­е­ваға қаты­сты іс жабыл­ды, өйт­кені олар­дың әре­кеті қыл­мыс деп емес, қыл­мысқа оқта­лу ретін­де қарал­ды. Негіз­гі айып­та­лушы өз кінәсін мой­ын­дап, өкі­нетінін біл­дір­ді. Зиян кел­тіріл­ме­ген. ҚР ҚК-нің 65-бабы­на сәй­кес, егер айып­та­лушы жасаған ісіне шын өкін­се, ешқан­дай зиян кел­тір­ме­се және істі ашуға көмек­тес­се, ол қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен боса­ты­ла­ды. Заң­да солай жазы­лған, – деп түсін­дір­ді сол кез­де­гі Алма­ты қала­лық соты­ның төраға­сы Ақжан Ештай.

2018 жылы Бас про­ку­ра­ту­ра­ның арнайы про­ку­рор­лар қыз­меті «Базис Ала­тау» ЖШС-нің екі бас­шы­сы Бай­мұ­ха­нов пен Нәби­е­ва­ның Қытай­дың үш аза­ма­тын 1 мил­ли­ард тең­ге­ге сан соқты­рып кет­кенін хабарлады.

Олар «Қорғас» ХШСО аумағын­да инве­сти­ци­я­лық нысан­дар салу және жер телім­дерін жалға алу жөнін­де келісім­шар­ттар жаса­суға көмек­те­су­ге уәде беріп, бірақ уәдесін­де тұр­маған. Бұл қыл­мыстық істің немен аяқталға­ны бел­гісіз, өйт­кені үкім тура­лы дерек жоқ.

2020 жылы бүкіл әлем ковид­тен оқша­у­ланған кез­де «Қорғас» та тыныш жат­па­ды. Қытай мен Қаза­қстан ара­сын­дағы шека­ра фор­маль­ды түр­де жабық бол­са да, сауда-сат­тық тоқта­ма­ды. Пан­де­ми­я­ның бір­не­ше айын­да екі ел ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы күрт төмен­деп, тұты­ну тау­ар­ла­ры­ның жап­пай тап­шы­лы­ғы­на алып кел­ді. Сол себеп­ті 2020 жыл­дың шіл­десін­де сол кез­де­гі пре­мьер-мини­стр­дің бірін­ші орын­ба­са­ры Әли­хан Смай­ы­лов Аста­на­да өткен арнайы жиын­да Қар­жы мини­стр­лі­гіне және уәкілет­ті орган­дарға ҚХР-дан Қаза­қстанға келетін тау­ар­лар­ды шека­ра маңын­дағы көлік-логи­сти­ка­лық орта­лы­қтар­да ауы­сты­рып тиеу арқы­лы тау­ар айна­лы­мын арт­ты­ру бой­ын­ша кешен­ді шара­лар қабыл­да­уды тапсырды.

Бұл тап­сыр­ма ҰҚК Шека­ра қыз­метінің дирек­то­ры Дар­хан Діл­ма­но­втың ман­са­бы­ның аяқта­луы­на түрт­кі бол­ды. Ол ұсы­нған уақыт­ша схе­ма бой­ын­ша «Нұр жолы» өткі­зу пунк­тін­де көлік қозға­лы­сын ұйым­да­сты­ру бастал­ды. Бұл нүк­те­де Д.Назарбаеваның отба­сы­на тиесілі Eurotransit Group хол­дин­гіне кіретін «Eurotransit Cargo» ЖШС бел­сен­ді жұмыс істе­ді. Нәти­же­сін­де 8 күдік­ті сотқа тар­тыл­ды: олар­дың жар­ты­сы – қыз­мет бабын асы­ра пай­да­ланған шека­ра қыз­метінің офи­цер­лері, қалға­ны – моно­по­ли­я­лық тасы­мал схе­ма­сын ұйым­да­сты­рып, 4,3 мил­ли­ард тең­ге табыс тапқан кәсіпкерлер.

2025 жыл­дың ақпа­ны. Анти­мо­но­по­ли­я­лық орган «Қорғас» халы­қа­ра­лық шека­ра маңы ынты­мақ­та­сты­ғы орта­лы­ғы­ның еншілес ком­па­ни­я­ла­ры­ның заң­сыз қыз­метін тоқта­туға қол жет­кізді. «Хор­гос-Ком­мерц», «Хор­гос-Энер­го» және «Хор­гос-Сер­вис» ЖШС-тері моно­по­лист ретін­де таны­лып, сот шеші­мі­мен бұры­нғы фор­мат­тағы қыз­метін тоқтатты.

КІРГЕН ІЗ БАР, ШЫҚҚАН ІЗ ЖОҚ

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев кеден­дік ста­ти­сти­ка­лар­дағы сәй­кес­сіздік­тер­ге алғаш рет 2022 жылы назар аудар­ды. Ол Қаза­қстан мен Қытай­дың есеп­тері ара­сын­дағы айыр­ма­ны «кон­тра­бан­да» деп атаған еді.

– Ол жақта болып жатқан нағыз бей­бе­ре­кет тір­лік бар­шаға бел­гілі. Көлік­тер дұрыс тек­серіл­мей­ді, салы­қтар мен баж­дар төлен­бей­ді, Қытай кеден орган­да­ры­мен салы­сты­рған­да нақты ста­ти­сти­ка­дағы айыр­ма­шы­лық мил­ли­ард­таған дол­лар­ды құрай­ды. Бел­гілі бір «уәкілет­ті опе­ра­тор­лар» бар, олар қол сұғыл­май­тын мәр­те­бе­ге ие. Ел салық түрін­де ондаған мил­ли­ард тең­ге­ден қағы­лып жатыр. Бұл жағ­дай­мен келі­се алмай­мын. Бас про­ку­ра­ту­раға, Қар­жы мини­стр­лі­гіне, Қар­жы­лық мони­то­ринг агент­ті­гіне және өзге де мүд­делі орган­дарға кеден­де тәр­тіп орна­ту үшін кешен­ді тек­се­ру жүр­гі­зуді тап­сы­ра­мын, – деді мем­ле­кет бас­шы­сы 2022 жыл­дың 11 қаңтарында.

Осы­дан кей­ін Қар­жы мини­стр­лі­гінің Мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті аталған айыр­ма­шы­лы­қтың себебін кеден­дік ста­ти­сти­ка­ны қалып­та­сты­ру­дағы әдісте­мелік ерекшелік­тер­мен түсін­дір­ді. Айта кетей­ік, осы әдісте­мелік ерекшелік­тер әлі күн­ге дей­ін жетіс­пе­ушілік­ті ақта­удың ресми уәжі ретін­де қол­да­ны­лып келеді.

2021 жылғы деректер бой­ын­ша, Қытай­дан Қаза­қстанға импорт – 8,3 млрд дол­лар, ал Қытай­дың Қаза­қстанға экс­пор­ты жөнін­де­гі ресми ста­ти­сти­ка­сы – 14 млрд дол­лар. Айыр­ма – 5,7 млрд дол­лар. Тоқа­ев осы айыр­ма­шы­лы­қты «кон­тра­бан­да» деп атаған. Сол жылы Қаза­қстан­нан Қытай­ға экс­порт – 9,9 млрд дол­лар, ал Қытай­дың ста­ти­сти­ка­сын­да – 11,3 млрд дол­лар. Мұн­дағы айыр­ма­шы­лық – 1,4 млрд доллар.

2021 жыл бой­ын­ша, жал­пы тау­ар айна­лы­мы Қаза­қстан ста­ти­сти­ка­сын­да – 18,2 млрд дол­лар, Қытай­да – 25,3 млрд дол­лар. Яғни, айыр­ма­шы­лық – 7,1 млрд дол­лар. Мұн­дай деректер­ден қан­дай қор­тын­ды жасал­ды? Түр­лі­ше. Бірақ 2024 жыл­дың қор­тындысы бой­ын­ша бұл айыр­ма рекорд­тық 14 млрд дол­ларға жетті.

Алай­да «Қазақстан–Қытай шека­ра­сын­да кон­тра­бан­да­мен шұғыл күре­су қажет» деген мәлім­де­ме­лер жасал­ма­ды. Керісін­ше, біз бұл мәсе­лені ашық айт­пай, сауда қарым-қаты­на­сын дамы­тып отыр­мыз. Ал екі­жақты ынты­мақ­та­сты­қтың артуы ста­ти­сти­ка­дағы айыр­ма­шы­лы­қтың да өсуіне ықпал етуі мүмкін.

ЖҮК АҒЫНЫ ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

2025 жыл­дың 28 қаңта­рын­да ҚР пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов Қытай­дың Қаза­қстан­дағы Төтен­ше және өкілет­ті елшісі Хань Чунь­лин­мен кез­де­сті. Қытай дипло­ма­ты 2024 жыл­дың қор­тындысы бой­ын­ша екі­жақты тау­ар айна­лы­мы 9%-ға өсіп, 43,8 млрд дол­ларға жет­кенін мәлімдеді.

Осы кез­де­су­ден сәл бұрын «ҚТЖ» 2024 жылғы «Қорғас» арқы­лы жүк тасы­мал­дау ста­ти­сти­ка­сын ұсын­ды. Бұл сауда қақ­па­сы арқы­лы 8730 жүк пой­ы­зы өткен, бұл был­тыр­мен салы­сты­рған­да 12,5%-ға көп.

– Орта есеп­пен тәулі­гіне 22 пой­ыз өткізіліп оты­рған, ал өңдеу уақы­ты 12 сағат­тан 6–8 сағатқа қысқар­ды. Жал­пы жүк көле­мі 12 млн тон­на­дан асып, жыл ішін­де шама­мен 11 %-ға арт­ты. 2016 жылы «Қытай–Еуропа» бағы­ты іске қосы­лған­нан бері «Қорғас» арқы­лы 85 бағыт бой­ын­ша 18 елге 40 мың­нан астам пой­ыз өткен. «Ала­шань­коу» өткі­зу пунк­ті­мен бір­ге бұл өткел Қытай­дың Еуро­паға бағыт­талған бүкіл темір­жол жүк ағы­ны­ның 40 %-ын қам­та­ма­сыз етіп отыр, – деп хабар­ла­ды «ҚТЖ» ұлт­тық компаниясы.

Жал­пы, бұл ста­ти­сти­ка­лар­ды негіз­ге ала оты­рып, жүк ағы­ны­ның өсуі кеден­дік есеп­те­гі алшақты­қты да арт­ты­ра­ды деу­ге бола­ды. Алай­да бұл айыр­ма­шы­лы­қты Пре­зи­дент Тоқа­ев секіл­ді «кон­тра­бан­да» деп ашық айтуға бүгін­де ешкім­нің баты­лы жет­пей отыр. Сырым ҚАРЖАС

Республиканский еженедельник онлайн