Суббота , 7 июня 2025

САЛЫҚ КОДЕКСІ Парламентте қалай ТАЛҚЫЛАНУДА?

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да Салық кодексінің жоба­сы және «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне салық салу мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Заңы­ның жоба­сы талқы­лан­ды. Осы орай­да төмен­де маңы­зды мәсе­ле­лер қозғаған екі баян­да­ма­ны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Қара­лып оты­рған заң жоба­ла­ры Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тінің Мәжілісіне 2024 жылғы 29 тамы­зда енгізіл­ді. Заң жоба­ла­ры­ның негіз­гі мақ­сат­та­ры, мін­дет­тері мен тұжы­рым­да­ма­лық тұста­ры тура­лы Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры – Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Серік Жұманға­рин өз баян­да­ма­сын­да егжей-тег­жей­лі баян­дап берді.

Мен Мәжіліс қабы­рға­сын­да осы заң жоба­ла­ры бой­ын­ша атқа­ры­лған жұмыстарға қысқа­ша тоқта­лып өтейін.

2024 жылғы қыр­күй­ек айын­да Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің депу­тат­та­ры, заң жоба­ла­ры­ның баста­ма­шы­ла­ры, мем­ле­кет­тік орган­дар, «Ата­ме­кен» Ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы, қоғам­дық бір­ле­стік­тер, ұйым­дар, сарап­шы­лар мен маман­дар өкіл­дері­нен тұра­тын жұмыс тобын құр­ды. 350-ден астам адам оты­ры­сқа қаты­са­ты­ны тура­лы ынта біл­діріп, қазір­гі уақыт­та әр жұмыс тобы­ның оты­ры­ста­ры­на қаты­су­шы­лар­дың саны 150–230 адам­ды құрайды.

Жұмыс тобы­ның 35 оты­ры­сы, оның ішін­де 8 тақы­рып­тық оты­рыс өтті. Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетін­де бір көшпе­лі оты­рыс бол­ды. Мүд­делі мем­ле­кет­тік орган­дар­дың, Қаза­қстан­ның «Ата­ме­кен» Ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның және сала­лық қауым­да­сты­қтар­дың, сон­дай-ақ сарап­шы­лар­дың қаты­суы­мен Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің кеңей­тіл­ген оты­ры­сы өткізілді.

Бүгін­гі таң­да жұмыс тобы­ның қара­уы­на екі жоба бой­ын­ша 850-ден астам түзе­ту келіп түсті. Олар­дың ішін­де депу­тат­тар­дың түзе­ту­лерінің жар­ты­сы­на жуы­ғы Үкі­мет­ке жіберіл­ді, өйт­кені олар тұжы­рым­да­ма­лық сипатқа ие және шығын талап ете­ді. Бар­лық түзе­ту­лер жұмыс тобы­ның оты­ры­ста­рын­да бел­сен­ді талқыланды.

Оларға жеке тоқталған артық болар, бүгін депу­тат­тар­дың сұрақта­рын­да және мем­ле­кет орган­да­ры­ның өкіл­дерінің жау­ап­та­рын­да олар жай­лы толық айтылды.

2025 жылғы 20 ақпан­да Үкі­мет Мәжілістің қара­уы­на Қосы­лған құн салы­ғы (НДС) бой­ын­ша мін­дет­ті тір­кеу есебіне қою үшін шек­ті төмен­де­туді, жеке­ле­ген сала­лар үшін төмен­детіл­ген мөл­шер­ле­ме­лер­ді бел­гілей оты­рып, Қосы­лған құн салы­ғы­ның мөл­шер­ле­месін 12-ден 16%-ға дей­ін арт­ты­ру­ды көз­дей­тін жаңа ұсы­ны­стар енгізді.

Ағым­дағы жылғы 27 ақпан­да аталған жаңа баста­ма­лар Мәжіліс депу­тат­та­ры­ның, сала­лық мем­ле­кет­тік орган­дар мен биз­нес-қоғам­да­стық өкіл­дерінің, сон­дай-ақ сарап­шы эко­но­ми­стер­дің қаты­суы­мен өткен дөң­ге­лек үстел шең­берін­де Қар­жы және бюд­жет коми­тетін­де талқыланды. 

Жұмыс тобы­ның бар­лық мүше­лері­мен бір­лес­кен жұмыстың нәти­же­сін­де сарап­шы­лар, биз­нес өкіл­дері және заң жоба­ла­ры­ның баста­ма­шы­ла­ры­мен бір­лесіп, біз қоғам­да ең қызу пікір­та­лас туды­ра­тын келесі мәсе­ле­лер бой­ын­ша ортақ шешім­дер­ге қол жет­кіздік. Олар:

Бірін­ші­ден – Қосым­ша құн салы­ғы 16 %-ға тең болады.

Екін­ші – Қосым­ша құн салы­ғы­ның шегі 40 мил­ли­он тең­ге болып белгіленді.

Үшін­ші­ден, әле­умет­тік маңы­зы бар азық-түлік өнім­дері, кітап басып шыға­ру, архео­ло­гия Қосым­ша құн салы­ғы­нан толы­ғы­мен босатылды.

Төр­тін­ші­ден, Үкі­мет Қосым­ша құн салы­ғы­нан боса­ты­ла­тын дәрілік заттар­дың әле­умет­тік тізі­мін аны­қтай­ды. Тек ақы­лы меди­ци­на­лық қыз­мет­тер­ге Қосым­ша құн салы­ғы салы­на­ды. Қосым­ша құн салы­ғы мөл­шер­ле­месі 10 % бола­ды. Әле­умет­тік сала­дағы кор­по­ра­тив­тік салық кезең-кезеңі­мен бір­не­ше жыл­да енгізіледі.

Бесін­ші­ден, арна­у­лы салық режи­мін­де рұқ­сат емес, тый­ым салу­лар тіз­бесі енгізіледі.

Тый­ым салын­баған­ның бар­лы­ғы­на рұқ­сат етіледі.

Алтын­шы­дан, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тау­а­рын өндіру­шілер үшін қол­да­ны­стағы салық режи­мі сақта­ла­ды. Яғни, минус 70 % жәр­де­мақы қалады.

Жетін­ші­ден, өңдеу өнер­кәсібіне қазір­гі режим­де­гі­дей 20 пай­ы­здық Кор­по­ра­тив­тік табыс салы­ғы мөл­шер­ле­месі бой­ын­ша салық салы­на­ды. Ешқан­дай салық жеңіл­ді­гі болмайды.

Айта кету керек, біз­де жұмыс тобын­да депу­тат­тар­дың әлі де бел­сен­ді түр­де талқы­ла­нып жатқан біраз ұсы­ны­ста­ры бар, екін­ші оқы­лы­мға дей­ін олар бой­ын­ша да келісіл­ген шешім­дер таба­мыз деп үміт­те­не­міз. Қазір­гі уақыт­та депу­тат­тар­дың бар­лық ұсы­ны­ста­рын пысы­қтау жалғасуда. 

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, Салық кодексін талқы­лау жөнін­де­гі жұмыс тобы­ның жетекшісі

Республиканский еженедельник онлайн